160
құқықтық бастамалардың, формалды тендіктің жалпы құқықтық принципінің
сыртқы көрінісі мен нақтылануының əртүрлі формасын ғана білдіретін
нормативті-реттегіш, институционалды-биліктік жəне тəртіптік сипаттағы
шынайы құқықтық құбылыстардың бейнесі болып табылады. Сөйтіп, құқықтық
құбылыстарға формалдық теңдік принципіне сəйкес келетін жəне осы
принциптің талаптарының жүзеге асуы мен сыртқы көрінісінің формасы болып
табылатын барлық шынайы (ресми орныққан заң, дəйекті нақты мемлекет,
əлеуметтік өмірдегі əртүрлі субъекттердің тəртіптік актілері мен олардың
арақатынасы жəне т.б.) құбылыстар жатады.
Құқық философиясы пəніне өзге құқықтық құбылыстармен бірге ерекше
құқықтық құбылыс ретінде мемлекет те кіреді, дəлірек айтсақ, ол жалпылық
жəне бірыңғай құқықтық мəнділіктің көрінісі мен əрекеті тұрғысындағы
институционалды билікті білдіретін форма.
Кез келген құқық философиясы құқықты философиялық зерделеу мен
негіздеу ғана емес, сонымен бірге барлық теориялық жəне практикалық
көріністеріндегі антиқұқықты философиялық əшкерелеу, яғни сынау жəне
терістеу, яғни антиқұқықтық заң, антиқұқықтық билік, антиқұқықтық
қатынастар формасы түрінде көрсету.
Барлық құқық философиясы үшін (оның қағидалары, бағыттары,
ағымдары жəне нұсқалары үшін) пəн құрайтын мағынаға ие болатын жалпы
момент, құқықты мəн тұрғысында жəне құбылыс тұрғысында біртұтас түсіну
болып табылады, яғни құқықтағы объективтік сипатқа ие ерекше құқықтық мəн
(заң шығарушының ерігіне, жалпы субъективтік себептерге тəуелсіз құқық
мəні) мен субъективтік себептерге тəуелді (заң шығарушының ерігі мен
пікіріне, ресми биліктің қарары мен қалауына жəне т.б.) құқықтық
құбылыстардың теориялық ажыратылуы.
Объективтік құқықтық мəн (мəн тұрғысындағы құқық) мен субъективтік
құқықтық құбылыстың (құбылыс тұрғысындағы құқық) осындай теориялық
ажыратылуы құқық философиясының барлық қағидаларына тəн. Жалпылық
түрде алғандағы осы теориялық ажыратылу құқық (ерекше мəн тұрғысындағы
құқық) пен заңның (ерекше құбылыс тұрғысындағы, ресми-биліктік орнығу
тұрғысындағы) ажыратылуы мен олардың арақатынасы (сəйкестігі немесе
сəйкессіздігі) болып табылады. Құқық пен заңның осылай ажыратылуы мен
арақатынасының
неғұрлым
нақты
мағынасы
құқық
философиясы
қағидаларының ерекшеліктеріне сай құқықты дəл солай нақтылы түсінуге,
ұғынуға байланысты, тəуелді.
Мəселен, құқық философиясының табиғи құқықтық қағидаларында құқық
философиясының пəндік ауқымы табиғи құқық пен позитивтік құқықтың («ius
positivium» - «позитивтік құқық» термині римдік юриспруденцияда пайда
болып, ортағасырлық юриспруденцияда орнықты) ажыратылуымен жəне
арақатынасымен анықталады. Ал юснатурализмді (лат. ius naturale - табиғи
құқық) жақтаушылар үшін табиғи құқық - бірде-бір шынайы құқық, өз
мəніндегі нағыз құқық, ал мемлекет бекіткен жəне əрекеттегі ресми құқық (яғни
позитивтік құқық) - болымсыз, бейтабиғи, кездейсоқ, жасанды құқық.
Сондықтан, юснатуралистердің ұғынуынша құқық философиясы шын мəнінде
161
табиғи құқық философиясы болып табылады.
Легизм (лат. lех - заң) өкілдері мүлде қарама-қарсы көзқарасты ұстайды.
Олар өздерінің позитивтік жəне неопозитивтік құқық туралы ілімдерінде табиғи
құқықты терістеу былай тұрсын, тіпті заң шығарушы, ресми биліктің ерігіне
тəуелсіз құқықтың объективтік мəні болуын мойындамайды. Легистер үшін
құқық - заң (позитивтік құқық), өзінің ресми-биліктік, мəжбүрлеу - міндеттік
сипатындағы нағыз құқық. Сондықтан легизм үшін құқықтың заңмен
ажыратылуы жəне арақатынасының мəні туралы кез келген теориялық ілім,
құқық философиясы - болымсыз (бейпозитивтік) нысан туралы метафизикалық
ілім. Кейбір легизм (позитивизм жəне неопозитивизм) өкілдері легизм мен
позитивистік заңнаманы философиялық зерделейтін позитивтік құқық
философиясын ғана əзер мойындайды. Құқықтық түсінуде жəне құқық
философиясына қатысты алғанда легизм мен юснатурализм ымырасыз, бір-
біріне қайшылықты бағыттар. Құқықтық түсінудегі осы сыңаржақтылық
либертарлық-юридикалық құқық түсінуде өзінің шешімін табады.
Əдетте, құқықтық тақырып, оның пəні позитивтік (оң) құқық деп
аталатын барлық юридикалық (заңи) ғылымдарда қарастырылады. Сонда
дəстүрлі юридикалық пəндер (мемлекет пен құқық теориясынан салалық
ғылымдарға дейін) үшін позитивтік құқықтың ресми-биліктік болмысы ең
жоғарғы тұғырда көрінеді. Əрекеттегі, қолданылудағы құқықтың ресми-
биліктік тұжырнамалары жəне оларды юриспруденция (құкықтану) əдістері
жəне құралдарымен (нормативтік материалды юридикалық-аналитикалык
талдау, оған түсінік беру, жүйеге түсіру жəне топтастыру, заңнамалар мен
құқықты қолдану мəселелерін қарастыру жəне т.б.) зерттеудің қажеттілігі мен
маңыздылығы баршаға айқын, əрі қашаннан да мəлім. Бұлар практикалық жəне
ғылыми маңызға ие.
Позитивтік кұқықты (оны дəстүр бойынша «юридикалық догматика» деп
те атайды) юридикалық аналитикалық тұрғыдан қарастырудан өзге, құқық
философиясы пəніне кіретін жалпы теориялық, философиялық көптеген
мəселелерде жеткілікті.
Позитивтік құқықтың негізгі арқауы ресми-биліктік бедел екенін тек
юридикалық догматика ғана емес, сонымен бірге құқық философиясы да
келіседі. Бірақ қарапайым, əдеттегі сана деңгейінде заң шығарушылардың
беделі бір басқа, ал адам өмірінің түпкілікті жақтарын, оның құқығы мен
міндеттерін реттейтін заңдардың парасаттылығы, дұрыстығы, əділеттілігі бір
басқа.
Адамның өмір сүру əдісі, болмысы, осы болмысты ұғыну, өзінің
дүниедегі жəне өзге дүниенің өзіндегі мəнін түсіну болып табылады. Адамның
құқықтық дүниемен қатынасы да осы негізге сүйенген. Ол қарапайым,
теориялық, философиялық көзқарас тұрғысында барлық құқықтық, соның
ішінде позитивтік құқықтың ресми-биліктік анықтауларын, болмысын
қарастырады, оған күмəнданады, тексереді, оның тұжырымдарын сарапқа
салады.
Жалпы парасаттың, ақыл-ойдың мақсаты - ақиқатқа жету, ал құқық
философиясының мақсаты - құқық туралы ақиқатты іздеу, оны зерделеу.
Достарыңызбен бөлісу: |