Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет70/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92

153
барысында, ғұмыр көшіндегі адамзат перзентінің рухани, мəдени жəне өндіргіш
күштер ықпалы арқылы қалыптасқан тəжірибелермен тығыз байланысты.
Интернет - ағылш. Internet — International Network) - компьютерлік
серверлердің бүкілəлемдік желісі.
Интернетке  қосылу  мүмкіндігі  болған  жағдайда, білім  беру  мекемелері,
мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кəсіпорындар жəне жеке адамдар сияқты
миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.
Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес,
Дүниежүзілік желі жəне ондағы ақпаратты айтамыз.
Егер  бұл  терминді  енгізген  ағылшын  тіліндегі RFC  құжатына  сүйенсек,
онда бұл термин екі түрде жазылып, сəйкесінше екі мағынаға ие болады.
Егер Интернет  сөзі  кішкентай  əріптен  басталса, онда  бұл  термин
мəліметтер  пакетін  маршрутизациялау  арқылы  желілерді  байланыстыру
ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды.
Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.
Интернет - кез  келген  компьютерлермен  бүкіл  əлем  бойынша  ақпарат
алмасу  мен  беру  мүмкіндігі, желілер  жүйесі. Интернет - байланыс  араларын
өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Əрбір  топтарда  көбінесе UNIX  операциялық  жүйесін  басқару  арқылы
жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай
торапты кейде хост деп атайды.
Торапты  оның  иесі - провайдер  деп  аталатын  ұйым  немесе  Интернет
қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет  əр  түрлі  ережемен  жұмыс  істейтін  желілерді  біріктіреді. Бұл
ережелерді  үйлестіру  үшін  шлюз  құрылғысы  қызмет  етеді. Шлюз - басқаша
тəсілмен  үйлеспейтін  желілерді  қосатын  құрылғы. Шлюз  əртүрлі  желілердің
бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мəліметтерді өзгертпейді.
Интернет  желісіне  əр  түрлі  операциялық  жүйелерді  басқару  арқылы
жұмыс  істейтін компьютерлер  кіреді . Алайда, ақпарат  алмасу кезінде барлық
ЭЕМ хабар беру тəсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда
ЭЕМ-ның қай-қайсысыда  басқа  кез келген ЭЕМ-нан алынған  ақпарат  түсінуге
қабілетті болады.
Электронды  почта  немесе  е-mail (electronic mail - электронды  почта),
адамдар  арасындағы  байланыс  тəсілдерінің  бірі  болып  табылады. Электронды
почтаның  Интернеттегі  негізгі  функциясы - планетаның  қай  нүктесінде  болса
да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен
- мəтіндік  хабарламамен  оперативті  жəне  өте  тез  алмасуды  жүзеге  асыру.
Электронды  почтаның  қосымша  мүмкіндіктеріне  мыналарды  жатқызуға
болады: дыбыстық 
хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді,
бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету
жəне  əр  түрлі  тауарларды  жолдау  немесе  сату; сонымен  қатар, ұжымдық  іс-
əрекеттерді  программалық  қамтамасыз  ету; мекемелер  мен  ұйымдарда  құжат
қолдану; ұжымдық  жұмысты  жоспарлау. EFT  хаттамалары  бойынша
электронды  почтаның  жаңаша  пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай
қаражатты  электронды  аудару) жəне EDI (Electonic Funds Data Interchange -


154
мəліметтермен  электронды  алмасу) желі  бойынша  іс  жүзінде  қамтамасыз
етілетін ақша, шоттар жəне басқа қаржылық құжаттарды аудару.
Қазіргі  уақытта  кез  келген  информациялық  технологияның  жаппай
техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.
Компьютерлік 
телекоммуникацияны 
пайдалану - алыстағы
компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс
істеуді  ұйымдастыруды  қамтамасыз  етеді. Сондай-ақ, электрондық  почта  өте
қолайлы жəне аса қымбат емес.
1957 жылы  Кеңес  Одағы  Жердің  жасанды  серігін  ұшырғаннан  кейін,
АҚШ  Қорғаныс  министрлігі  ақпаратты  тасымалдаудың  сенімді  жүйесі  қажет
деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы
мақсатта  компьютерлік  желі  құруды  ұсынды. Бұл  желіні  құру  Лос-
Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта
штатының  университетіне  жəне  Санта-Барбара  қаласындағы  Калифорния
штатының  университетіне  тапсырылды. Компьютерлік  желі ARPANET деп
аталып, 1969 жылы  аталған  төрт  ғылым  орталықтарын  біріктірді, барлық
жұмыстарды  АҚШ  Қорғаныс  министрлігі  қаржыландырып  отырды. Одан  соң,
ARPANET  желісі  жылдам  дамып, оны  ғылымның  əр  түрлі  салаларындағы
ғалымдар қолдана бастады.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде  Лос-
Анджелестегі  Калифорния  университетінде  орнатылды. «Honeywell 516»
компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.
1971 жылы  желі  арқылы  электронды  почта  жіберуге  мүмкіндік  беретін
алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы  бұл  желіге  трансатлантикалық  телефон  сымы  көмегімен
Ұлыбритания жəне Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат
алды.
1970-жылдары  интернет  желісі  негізінен  электронды  почтаны  жіберу
үшін  пайдаланылды. Бірақ, интернет  желісі  басқа  техникалық  стандарттар
негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мəліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен
тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1
қыркүйегінде ARPANET  желісі  NCP  протоколынан TCP/IP  протоколына
көшірілді, бұл  протокол  қазіргі  кезге  дейін  желілерді  біріктіру  үшін
қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты
айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне  бəсекелес  пайда  болды. АҚШ  Ұлттық
ғылыми  қоры (NSF) университетаралық  ауқымды NSFNet (|National Science
Foundation Network) желісін  құрып, оған  көптеген  шағын  желілерді (сол
уақыттарда-ақ  танымал  болған Usenet жəне Bitnet желілерін  қоса) біріктірді,
бұл  желінің  ақпарат  тасымалдау  қабілеті ARPANET желісіне  қарағанда,
біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы  Интернет Relay Chat (IRC) протоколы  жасалып, Интернетте
нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау