Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары



жүктеу 1,06 Mb.
бет1/4
Дата21.11.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1252
  1   2   3   4

Ф-ОБ-001/033

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................5

1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары

    1. Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы...............................8

    2. Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................. 9

    3. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................10

2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы

2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері......................................................................................................................13

2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................19

2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................20



3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,

субъективті заңды құқығы мен міндеттері.

3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................23

3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................26

3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік ................................................ 28

3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және

оқиғалы себептер .......................................................................................29



Қорытынды............................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................62


Кіріспе.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.



Тақырыптың өзектілігі. Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы өрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді ендіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.

Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Құқықтық нормалар арқылы реттелетін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйелігінде.

Ғылыми жаңалығы. Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтың болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әртүрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық құбылыстар обьективті түрде заңды бола алмайды. Дипломдық жұмыста құқықтық қатынастар мен нормалардың құндылығы, мазмұны, түсінігі, түрлері, субъектілері, объектілері мен субъективті заңды құқығы мен міндеттері толық айқындалған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын зандылықтарды ашу ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады. Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді.

Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдықэкономикалық формацияда болады.

Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер кұқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен кұқықтың ең жауапты қызметіне айналады –деп заңгер - ғалымдар тұжырымдайды.

Жұмыстың методологиялық негізі. Құқықтық қатынастар адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. себептермен бір-бірімен қарым қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сөйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

Тақырыптың зерттеу объектісі. Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.



Зерттеу жұымысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Теориялық және практикалық маңыздылығы. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Оның теориялық негіздерін заңгер ғалымдар ғылыми тұжырымдамаларымен практикалық мәні бар еңбектері құрайды.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, он параграфтан, қорытнды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі алпыс үш беттен тұрады.

1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары

1.1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.

Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада қолданылатын құқық Констетуцияның, соған сай келетін заңдардың, өзгеде нормативтік – құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері – делінген Констетуцияда, ол – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін эканомикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешіледі.

Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол

реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.


- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;

- құқықтың нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;

- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;

- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты және тағы басқа демократиялық қағидаларды қалыптастырады;

- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудығ құралы;

Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:

Біріншісі – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);

Екіншісі - өз мүдде – мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).

Қоғамдағы барлық прцесс, барлық қарым – қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.


1.2 Құқықтық норманың негізгі сипаттары:

1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым – қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген.


2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс – тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісінә»жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.

3. нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.

4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады. Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым – қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

1. норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.

3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.

4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
1.3 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.
Құқықтық нормалардың елементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың дінгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі – моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:



  • айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;

  • сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 7 – ші бабы). Гипотезаның үш түрі болады:

  • егерде норманың іс - әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;

  • егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;

  • егер де норманың, іс - әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса, мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:

  • абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу және тағы басқалар:

  • салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);

альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз ролін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егер де нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық болмайды. Констетуцияның баптарында тек гипотеза мен диспозицияға ғана болады. Қылмыстық Кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.

Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.

1. Тікелей норманың үш элементін (гипотез, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.

2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.

3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға қаулыға сілтеме жасау.

Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптарында элементтердің толық болмауы мүмкін.

Оларды міндетті түрде іздестіріп табу қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл – шаруашылық құрылыс, мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.

2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық – пролцессуалдық, қылмыстық – процессуалдық тағы басқа салалардағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.

4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші нормалар.

5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді: нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.

6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.

7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым – қатынасын реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер бағыттағы нормалар.

Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікеірлер мен көз қарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістері мен қатар әкімшіліә немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.



2 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

2.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.

Құқықтық қатынас –тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет.

Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субьективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.

Құқық субьективтік жағынан алғанда, жекелеген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арасына көшіреді.

Құқықтық қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.

Біріншіден, құқықтық қатынас құқық нормаларының негізінде құрылатын қоғамдық қатынастардың нысаны. Адамдар өздерінің өмір сүру процесінде бір-бірімен әр түрлі қатынастардың болады. Оларға еңбек, отбасы, мүліктік, достық, сүйіспеншілік қатынастар жатады және қоғамдық ұйымдарға мүше болуына байланысты қатынастарға жатқызуға болады. Дегенмен, өмірлік қатынастардың барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі моральдік, қоғамдық ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар.

Құқық нормаларымен құқықтық қатынастардың қарым-қатынасы не десек? Құқық нормаларында адамдардың жалпы заңды құқықтары мен міндеттері бекісе, құқықтың ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса іске асады, яғни құқықтық қатынастарға кірсе. Құқықтық қатынастардың жақтары белгілі заңдылық құқықтарымен және міндеттерімен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады .

Екіншіден, құқықтық қатынастардың, қатынасушылары өзара заңды құқықтармен және міндеттермен қамтамасыз етілген. Егер, құқықтық қатынастың бір субьектісінің құқығы болса, екіншісіне заңды міндеттер жүктеледі. Мысалы, сатып алушы, сатушыдан сапалы затты беруді талап етуге құқығы бар. Осы ойды К. Маркс «құқық міндетсіз болмайды , міндет те құқықсыз болмайды»- деп тұжырымдаған.

Үшіншіден, құқықтық қатынас сапалы ерікті сипатта болады. Жеке адамдардың еркінен тәуелсіз обьективті пайда болатын эканомикалық қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта болады. Сапалы – еріктегі құқықтық қатынастың мазмұны, бір-біріне аралас екі бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда болған сапалы еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық творчестводағы органдар). Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субьектілері құықтық нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті, саналы қимылдарымен іске асырады.

Төртіншіден, құқықтық қатынас мемлекет кепілдігіне алынады және қажет болған кездерде оның күшімен қорғалады. Мемлекет құқық нормаларын толық іске асыру үшін, қажетті экономикалық, әлеуметтік және басқа да жағдайларды жасайды.

Құқықтық қатынас әр түрлі негіздерге байланысты бөлінеді. Сол негіздерге байланысты мемлекет құқық , әкімшілік құқық, азаматтық-құқық, отбасы-құқығы, қылмыстық құқық және басқа да салалық құқықтық қатынастарға бөлінеді.

Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты смес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материялдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материялдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олрдың табиғатқа қатынасы болоды, өндіріс орын алады.

Идиологиялық қатынастар адамнның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысы, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғалымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым – қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.

Қоғамдық қатынас антагонистік және антогонистік емес болып екіге бөлінеді.Антогонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық – экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болкға тиіс деп түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде – мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтық ең жауапты қызметіне айналады.

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік, байланысы, қарым – қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір – бірімен қарым – қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым – қатынастар да ескеріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс - әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым – қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экалогиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде – мақсатары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым – қатынастарға шектеу қойылады.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б байланыстар. Бұл байланыс -қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық қатынас дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:

Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым – қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершілік түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асырылады.

Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі . Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде – мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатысуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе – саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық – процессуалдық, азаматтық – процессуалдық, т.б. құқықтар.

2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалао қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым – қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуы қамтамасыз етеді.

3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басаталады. Мысалы, сауда – сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсалюттік және салыстырмалы. Абсалюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке

қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады. Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

2.Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері.

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негіздегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез – құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас - бұл субъективтік құқықтыр мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындығы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

1. Құқықтық қатынастың субъектісі – жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай - ақ азаматығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабіліт және әрекеттілігі қалыптасу керек.

Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық еодексі азаматардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдің валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті;шаруашылық құруға, қарым–қатынас жасауға т.б.құқықтары бар. Әрекеттілік – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және

Оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекетіктің басты шарт кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

Құқықтық субъектіліктің адамның тәртәп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық

мүмкіндігі деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңды бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.

Құқықтық субъктіліктің шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады.

Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата – аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды.

Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмаиды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:

- кәмелеттік жасқа толмаған адмадрдың, үйленуге (жанұяа құруға), қылмыстық жауапкершіліке тартылуына, жұмысқа орналасуына, әскер қатарына шақыруылына шектеулер бар. Оларды бұзуға тиым салынған (шектеудің түрлері):

- адамдардың денсаулығының нашар болуы;

- туысқандық – қандас болу;

- егерде азамат сотталған болса;

- діни нормаларға шектеу.

Шет елдің азамататры толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырлыуға құқығы жоқ.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат – мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамадық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. «Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады». (АК – 33б.).

Құқықтық қатынастың объектісі - қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым – қатынастар. Материялдық дүние – заттар, рухани – шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқыцқтыцқ субъектілердің іс - әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері – құқық қатынастарың объектілері.

Құқық қатынастың объектісі – тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдд е – мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым – қөатынастарды қамтиды. Оны мүдде – мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс - әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады.

Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде – мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.

Субъективтік құқықтық алдындағы негізгі мүдде – мақсаттар: бірінші – қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші – көрсетілген іс - әрекетті дұрыс орындау; үшінші – көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса, сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс – тәсілдері:

1) құқықтық алдында қойылатын өз мүдде – мақсатын анықтау;

2) құқықтық норманы дұрыс пайдалану;

3) құқықтық тәртіпті қатаң орындау.

Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір – бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс - әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады.

Құқықтық қатынастың заңды міндеттерінің орындылуының екі түрі болады: бірінші – қатынастағы бір субъект басқа субъектілердің мүдде-мақсаты үшінміндетті түрде іс - әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға тиіс; екінші - оның іс - әрекетіне шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып, нәтижелі болады.

Заңды себептер. Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды себептері мен негіздері бар. Бұл объективтік процесс. Заңды себептері құқықтық қатынастардың, пайда болуы өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс - әрекеттер.

Оқиғалы себептер – табиғаттың объективтік даму процесінен пайда болатын жзағдайлар (өрт, жер сілкіну, су тасқыны т.б.). Оқиға құқықта - азаматтық құқықтыр мен міндеттің пайда болу негіздерінің бір турі. Оқиға деп – адамның тууын, өлуін, стихиялық апатты, уақыттың өтуін т.б. табиғиқұбылыстар аталады. Азаматтық құқық пен міндеттемелерге оқиға заңда көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Мысалы, қауыпсіздендіруші ұйым (госстрах) қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген оқиғадан (жер сілкіну, өрт) апатқа ұшыраса ғана төлауге міндетті. Азаматтың немесе заңды ұйымның кінәсінсіз пайда болатын кейбір оқиғаларға арнаулы мән беріледі. Мысалы, жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауіп туғызатын ұйымдар мен заттар (транспорт ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, автомобил иелері т.б.) егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс - әрекеттен болғаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бүліну тәуекелін (риск) тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс - әрекеттері арқылы қалыптасқан себептер - адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз іс - әрекеттер болыпекіге бөлінеді. Заңсыз іс - әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс.

Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің , өзгеруінің, ескеруінің, жаңаруың, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау