МАХАМБЕТ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада Махамбет шығармаларының текстологиялық мәселелері зерделенеді. Атап айтқанда, ақынның
«Мұнар күн», «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым», «Әрәйна», «Жәңгірге айтқаны» өлеңдеріне
текстологиялық талдау жасалды. Махамбеттің бірнеше басылымындағы «Мұнар күн» деген көлемді толғауын
жүйелі түрде салыстыра келе, өлең жолдарының қалып кету мен қысқартылуы, өзгеріске ұшыраған жекелеген
сөздер мен сөз тіркестері сияқты көптеген өзара айырмашылықтарға көз жеткізілді. Әр жинақта өлең
жолдарының әр түрлі берілуінің қателігі баса айтылды. Сондай-ақ жекелеген сөздердің редакциялануы, сөз
тіркестерінің орынсыз өзгеріске ұшырауы, сөздердің түсіп қалуы сияқты айырмашылықтардың дүрыс-
бұрыстығы қарастырылды. Теруден кеткен қаталерге баса назар аударылды. Қателердің түрлері бойынша
мәтіндік айырымдар жүйелі сараланды. Жинақтық нұсқаларды нұсқаларымен салыстыру нәтижесінде ақын
шығармаларының тұрақты мәтінін жасау қажеттілігі ұсынылды.
Түйін сөздер:
мәтін, замана, жинақ, қолжазба, редакция, мәтіндік айырымдар, нұсқа, қателер, ақын, ой-толғам
Махамбет Өтемісұлы мұраларының текстологиялық мәселелері жалпы филология ғылымы
бойынша дәстүрлі ақындық поэзия өкілдерінің ішінде арнайы қолға алынып, кеңінен зерттелгені
бәрімізге белгілі. Ол бір жағынан ақын мұрасының ұлы Абай шығармаларынан кейінгі көп жарық
көрген, яғни, ғылыми басылымға әзірлеуде текстологиялық жұмыстардың мол жүргізілуінен болар.
Расында да, Махамбет шығармалары сонау Қазан басылымынан (1908) бастап бір ғасырдан астам
мерзімде әлденеше басылымда (1925, 1939, 1948, 1950, 1951, 1962, 1965, 1974, 1985, 1989, 1991, 2002,
т.б.) жарияланды. 2003 жылы «Ғылым» ғылыми баспа орталығынан» шыққан «Шығармаларының
төрт томдық академиялық жинағын» даярлауда да зерттеушілердің ақынның әрбір сөзіне мән беріп,
оқылуы қиын сөздерді қайта өңдеуде аса жауапкершілікпен қарағанын жоққа шығара алмаймыз.
Махамбеттің ең алдымен «Мұнар күн» өлеңін «Жазушы» баспасынан шыққан «Ерулі атқа ер сал-
май» (1974), «Ереуіл атқа ер салмай» (1989), «Ереуіл атқа ер салмай» (2002), «Бес ғасыр жырлайды»
(1984, 1989), «Жеті ғасыр жырлайды» (2004), «Жалын» баспасынан жарық көрген «Тарланым»
(1985), «Шығармаларының төрт томдық академиялық жинағы» (2003), тағы басқа жинақтардағы
нұсқаларымен өзара салыстырып, мәтіндік айырымдардың бар-жоғына назар аударайық.
Өлеңдегі мәтіндік айырымдар біріншіден, өлең жолдарының қосылып, мәтіннің толықтыры-
луымен көзге түседі. Мәселен, «Бес ғасыр жырлайды» жинағында [1] кездеспейтін өлеңнің:
Сағағы болат қылыштың,
Балдағынан сынған күн, – деген 32, 33-жолдары 1985, 2002, 2003, 2004 жылғы жинақтарда,
«Жақындағы достының» деген 37-жолы 2002, 2003, 2004 жылғы жинақтарда берілген. Сондай-ақ
1985 жылғы жинақта түсіп қалған өлеңнің «Бура атанға шөккен күн» деген 3-жолы, «Алма мойын
аруды», «Ат көтіне салған күн» деген 9, 10-жолдары кейінгі барлық жинақтарда басылып келеді.
Екіншіден, өлең жолдарындағы сөздердің өзгеріске ұшырауы мен артық сөздердің алынып қалуы.
Мәселен, 1974, 1989 /«Бес ғасыр жырлайды»/, 1991 жылғы жинақтардағы өлеңнің «Бұрынғы
Достарыңызбен бөлісу: |