Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет165/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   361
file20200121044531 (1)

Ключевые слова: 
содержание, мотив, форма, марсия, новха, диван, хазрет 
МРНТИ 17.09.91 
 
Ж.А. Ахметова

1
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
Түркістан қ., Қазақстан 
 
АЛАШОРДА ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ТАШКЕНТТЕГІ ӘДЕБИ ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМИ ІСТЕРІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада өткен ғасыр, яғни ХХ ғасыр басындағы Қазақ елінде бой көтерген Алаш ұлт-азаттық 
қозғалысының, Алашорда үкіметінің жалпы сипаты, Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 
кешірім жариялауынан кейінгі қазақ оқыған зиялыларының өз халқына аянбай еңбек ете бастауы сөз болады. 
Сондай-ақ Алаш қайраткерлерінің сол тұстағы Түркістан автономиялық республикасының астанасы Ташкент 
қаласына шоғырлану алғышарттары қарастырылады. Олар Ташкенттегі саяси ахуалдың елдегіге қарағанда 
дұрыстығы және ондағы саяси билік басындағы элита өкілдерінің Алаш қайраткерлерін қызметке шақыруы 
болатын. Алаш қайраткерлерінің Түркістан өлкесінде оқу-ағарту, мәдени істерге ат салысуы, ресми билік 
органы болып табылатын «Ақ жол» газеті, «Шолпан» мен «Сана» журналдарындағы редакторлық, тілшілік 
қызметтері сөз болады. Жалпы Алаш қайраткерлерінің ХХ ғасырдың басында, Кеңес үкіметінің алғашқы 
жылдарындағы Ташкенттегі қызметтері арқылы көптеген ғылым салаларын қалыптастырғаны, Ташкент 
қаласының жалпы ұлт зиялыларының қалыптасуындағы рөлі бейнеленеді.
Түйін сөздер: 
Алаш ұлт-азаттық қозғалысы, Алашорда үкіметі, Түркістан республикасы, «Ақ жол» газеті, 
«Шолпан» журналы, Алаш қайраткерлері 
 
Өткен ғасыр қазақ халқын тағдырдың тезіне салған түгел дәуір десе де болғандай. Кейде қатқыл, 
кейде жұмсақ келіп, «бір жаманы мен бір жақсысын» алма-кезек ұсынған ғасыр басында басталған 
ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрес ғасыр аяғында баянды болды [1, 3], – деп ғалым Ө.Әбдиманұлы 
көрсеткендей, шынында да тәуелсіздікті аңсап, сол жолда қарымды еңбек еткен ғасыр басындағы ұлт 
зиялылары, оның ішінде қаламгерлерінің арманына ғасыр соңында қол жеткізілді. Ғасырлар бойы 
қазақ халқының біртуар перзенттерінің қаны мен тері сіңген қазақ жерінің бостандығы арман-


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
141
қиялдан ақиқатқа айналды. Тәуелсіздікке, ойлап қарасақ, ғасыр басында-ақ қол жеткізіп, ХХ 
ғасырдың өн бойында қазақ халқының басынан кешірген зұлматтарды болдырмауға болар еді-ау... 
Алайда орыс отаршылдары қазақ халқына ондай мүмкіндік бермеді. Төңкерістен кейін құрылған 
кеңес өкіметі шындығында патша отаршылығының тек өңін айналдырған түрі болатын. 
«ХХ ғасырдың басы ғасырлар бойы халқымыздың ой-арманына айналған еркіндік, азат сана мен 
тәуелсіз өмірді аңсаған қасиетті идеяның мейлінше айқын бой көрсеткен дәуірі болды. Болашақ 
бұғаудың әлсіреп, көбесі сөгілер тұсын болжаған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси, әлеуметтік 
қызметінен де, ұлттық әдебиет пен мәдениет майданындағы жаңа қадамдары мен тың туынды-
ларынан да сезіліп жатқан бұл идея қасиетті Алаш идеясы еді» [2, 73]. 
ХХ ғасырдың алғашқы ширегі отарлық езгідегі қазақ халқы үшін ой-сананың ояну дәуірі, рухани 
жаңару дәуірі болғаны белгілі. Бұл ояну мен жаңғыру қазақ қоғамында ескі интеллигенцияның тарих 
сахнасына шығуымен тікелей байланысты болды. Ұлтжанды оқығандар өз халқының мүшкіл халі 
мен өзге елдердегі тарихи-қоғамдық ағымдар мен оқиғаларды, олардың сипатын таразылай келе сол 
тұстағы тарихи кезең өздерінің ең асқаралы арманы – ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге орайлы сәт деп 
ұқты. Әлеуметтік-тарихи дамудың табиғи нәтижесінде қазақтың зиялы қайраткерлерінің Алаш ұлт-
азаттық қозғалысы туды.
Алаш құбылысы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының барлық саласын қамтыған сапалы 
да саралы құбылыс. Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясының отарлық езгісіне 
қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Бағдарламасы айқын, мақсаты зор қозғалыс. Оның негізгі 
мақсаты – түптің түбінде дербес ұлттық демократиялық принциптерді қадір тұтатын мемлекет құру 
болатын. Алаш қозғалысының нәтижесінде Алашорда үкіметі құрылды. Бұл саяси құрылым 
төңкерісшілер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық идея жақтаушыларының саяси 
күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қоймады. Алаш зиялылары күн тәртібіне қойған 
мемлекеттік тәуелсіздік, жер секілді басқа да қоғамдық-саяси мәселелерді басты мақсат еткен ұлт-
азаттық қозғалыс кеңес өкіметі тұсында жаңа сипатта дамыды.
1919 жылы А.Байтұрсыновтың Алашорда қозғалысының мүшелеріне кешірім жасауды сұрап, 
кеңес үкіметіне өтініш білдіруінің нәтижесінде Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1919 жылғы 4 
сәуірдегі қаулысы бойынша Алашорда үкіметінің бұрынғы мүшелеріне кеңес жұмыстарына қатысуға 
рұқсат етіліп, оларды бұрынғы қызметтері үшін қудалауға тыйым салынады.
Бұл Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің алашордалықтардың қызметіне кешірім 
жариялауы, Лениннің тікелей нұсқауымен ұлттық интеллигенция, егер социалистік қоғам 
құрылысына қатысуға ерік білдірсе, оларды мүмкіндігінше пайдалануға болады деген шешім 
қабылдауы оларды саяси билікке араластырмай, кеңестік биліктің мәдени-ағарту, шаруашылық 
салаларына қызметке тартуға мүмкіндік жасады.
Кеңес өкіметінің бұндай ымырагершілік саясаты ел ішіндегі алаш қайраткерлерінің орасан зор 
беделін және интеллектуалдық күш-қуатын жаңа қоғамдық құрылысқа пайдалану еді. Осы әрекет 
арқылы қазақ қоғамындағы тәуелсіздікке ұмтылған ұлт-азаттық күрестің күшін ауыздықтап, оны 
таптық арнаға бұру үшін қозғалыстың алдыңғы қатарлы тобын саяси күрестен бейтараптандырды, – 
деп атап көрсетеді тарихшы Л.Рсымбетова [3, 99]. 
Сонымен, Алаш қайраткерлері саясаттан шеттетіліп саналы ғұмырларын ғылымға, оқытуға 
арнады. Осы кезде Қырғыз (қазақ) Кеңестік социалистік автономиялық республикасының астанасы 
болған Орынбор қаласында «Өзімді қазақ тілі турасындағы еңбекке икемдірек және пайдалырақпын 
деп ойлаймын. Бұл саладағы менің қызметім партиялық жиналыстардағы отырыстармен салыс-
тырғанда анағұрлым нәтижелірек болатындығына еш шүбәм жоқ, [4, 62]» – деген А.Байтұрсынов 
бастаған Алашорда қайраткерлері жаңа өмірге белсене араласып, мәдени-ағарту мекемелерінде туған 
халқының жарқын болашағы үшін барынша ат салысып белсенді қызметке кірісті.
Бұл жөнінде Амантай Кәкен «...біз большевиктер бір жағынан зиялы қауымның интеллектуалдық 
мүмкіндігін пайдаланды, екінші жағынан оған басып-жаншу құралын негізгі саясат есебінде 
қолданды деп тұжырымдауымызға әбден болады... Сөйтіп, буржуазиялық интеллигенция деп аталған 
революцияға дейінгі оқыған азаматтарға жаңа өкімет сенімсіздік көрсетті, жау деп есептеді. Алайда, 
кадр тапшылығына байланысты оларға қызмет беріп, уақытша пайдалануға мәжбүр болды», [5, 167] – 
деген пікірін білдіреді. 
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басы «қазақтар бір орталыққа бағынбаған, тұтас 
губерниялар әр түрлі республикаға қарайтын бөлшек-бөлшек еді. Атап айтқанда: Сырдария мен 
Жетісу губерниясы Түркістан республикасына қарайтын, ал қазігі Солтүстік Қазақстанның тұтас 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау