Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек автокөлік иелері санының да тұрақты көбеюі байқалады. Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсеті орталықтарында – арнайы ХҚКО ашылды. Мұндай ХҚКО-ның ерекшелігі – мұнда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмірлік белгіні беру бойынша қызметті ұсынатындығында. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба көптеген бұлтартпас артықшылықтарға ие.
Аталмыш орталықтарда төмендегідей қызмет түрлері көрсетіледі:
тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу;
жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау;
жүргізуші куәлігін дайындау және беру.
Қалаларда арнайы ХҚКО мына қалаларда қызмет етеді:
Астана 2013 жылғы 2 қазаннан бастап.
Алматы 2013 жылғы 10 қаңтардан бастап.
Ақтау 2013 жылғы 31 мамырдан бастап.
Қарағанды 2012 жылғы 10 желтоқсаннан бастап.
Тараз
Мұндай орналасу аймақтық автотұрақтың үлкендігі мен тиісті алаңдардың болуымен шарттастырылған. Әдететгі ХҚКО секілді арнайы ХҚКО да «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді, осылайша қазақстандық жүгізушілер қажетті құжаттарды кешенді түрде ала алады.
Қазақстандықтарға көрсетілетін қызметті арнайы ХҚКО енгізу үшін, оны орындау үрдісі барынша автоматтандырылды. Осылайша жүргізуші куәлігін алу уақыты 6 сағаттан 2 сағатқа қысқартылды, ал нөмір мен техникалық құжатты арнайы ХҚКО 1 сағат ішінде алуға болады. Автокөлікті арнайы ХҚКО тіркеу барысында жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтыру, үй кітапшасының көшірмесін әкелу, анықтама қағаздарын жинау қажет болмайды, оның орнына орталық операторлары жүргізуші жөніндегі тиісті мәліметтерді дерекқордан өздері таба алады.
Арнайы ХҚКО жұмысында адами фактор толығымен жоққа шығарылады, себебі бағаны орталық компьютер береді. Қандай да бір жолмен көмектесуге, күн ілгері белгілі болған нұсқаны енгізуге болмайды, өйткені бірнеше камералардан ұдайы бейнебақылау жүргізіліп отырады.
Техникалық жабдықтау жағына келер болсақ, мәселен, арнайы ХҚКО алматылық кешенінің аумағында мыналар орналасқан:
Біруақытта 14 машинаға дейін сыйатын агрегаттарды тексеру тармағы;
практикалық емтихандар өтетін 1 га ауданды автодром;
500 автомашинаға есептелген арнайы ХҚКО келушілерге арналған тегін автотұрақ.
Кезекті болдырмау үшін сенімді электрондық жүйе көзделген. Қызметтерді төлеуді банк арқылы тікелей құжаттау рәсімі кезінде немесе әдеттегідей банк кассаларын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Автокөлікті шетелде сатып алғандар үшін тиісті рәсімдерден өту үшін кедендік бақылау бекеті бар. Орталықтарда маман-кеңесшілер, сондай-ақ, жол полициясы қызметкерлері жұмыс істейді. Арнайы ХҚКО мүлде транспарентті және жемқорлықтың кез келген көрінісін жоққа шығарады.
Арнайы ХҚКО байланыстары:
Астана қаласы, Астрахан тас жолы (Тілендиев даңғылы) Атбасарға барар жолда. Атбасар - Көкшетау түйінінде оңға бұрылғанда (Көкшетау жаққа), 200 метрден соң оң жақта Астана қаласының арнайы ХҚКО орналасқан
Тел: +7 (7172) 57 07 82, +7 (7172) 57 07 71
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы, Ақ қайнар көшесі, 1
Тел: +7 (727) 338 29 89
Ақтау қаласы, КОС - 2 ауданы, (Ақтау – әуежай тасжолы)
Тел: + 7 (7292) 30 35 12, + 7 (7292) 30 35 07
Қарағанды қаласы, Оңтүстік шығыс ауданы, Мұқанов көшесі, 5
Тел: + 7 (721) 277 24 40, + 7 (721) 277 26 63
Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 198 А
Жұмыс кестесі: дүйсенбі, сенбі 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Барлық сұрақтарыңызды, шағымдарыңыз бен тілектеріңізді әдеттегідей www.1414.kz ресурсына Қазақстан аумағындағы кез - келген мобильдік құрылғыдан 1414 қысқа нөміріне хабарласып қалдыруыңызға болады.
Төменде жүргізуші куәлігін алу рәсімін автоматтандырудағы елеулі артықшылықтардың кестесі көрсетілген.
Арнайы ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу
Дәстүрлі түрде
|
Арнайы ХҚКО-нда
|
1. Өтініш.
|
Электронды өтініш.
|
2. Жеке басты куәландыратын құжат.
|
Мәліметтер ҚР Әділет министрлігінің дерекқорынан алынады.
Құжаттар талап етілмейді.
|
3. Оқу курсын аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі.
|
Құжаттар талап етілмейді.
Мәліметтер ҚР Ішкі Істер министрлігінің «Автомектеп» ақпараттар жүйесінен алынады.
|
4. Медициналық анықтама.
|
1. Медициналық анықтама.
|
5. Жүргізуші картасы.
|
Құжаттар талап етілмейді.
Мәліметтер «Жүргізуші» ақпараттар жүйесінен алынады.
|
6. Мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі.
|
2. Мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі.
|
Бұдан былай автокөлігіңізді арнайы ХҚКО тіркеу үшін, дәстүрлі 11 құжаттың орнына бар болғаны 6 құжат өткізсеңіз жеткілікті. Барша тіркеу рәсімі тікелей арнайы ХҚКО аумағында жүргізіледі. Ыңғайлы әрі жылдам тіркеу рәсімі үшін барлық жағдай қарастырылған.
Дәстүрлі түрде
|
Арнайы ХҚКО-нда
|
Бланкіде толтырылған өтініш.
|
Электронды өтініш.
|
Заңды тұлғаның ұйым мөрі қойылған көлік құралын тіркеу жөніндегі бланкіде толтырылған өтініші.
|
1. Заңды тұлғаның ұйым мөрі қойылған көлік құралын тіркеу жөніндегі бланкіде толтырылған өтініші.
|
Жеке басты куәландыратын құжат.
|
Құжаттар талап етілмейді.
Мәліметтер ҚР Әділет министрлігінің дерекқорынан алынады.
|
Мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі.
|
2. Мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі.
|
Көлік құралына салық төленгенін растайтын құжаттар.
|
3. Көлік құралына салық төленгенін растайтын құжаттар.
|
Салық төлеуден босау құқығын растайтын құжаттар.
|
Құжаттар талап етілмейді.
Мәліметтер ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігің дерекқорынан алынады.
|
Шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу куәлігі және оның көшірмесі.
|
Құжаттар талап етілмейді.
Мәліметтер ҚР Әділет министрлігінің дерекқорынан алынады.
|
Көлік құралын тіркеу құжаты.
|
Құжаттар талап етілмейді.
Мәліметтер «Автомобиль» ақпараттар жүйесінен алынады.
|
Қабылдау-беру актілері, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдықтарды орнатқан өндіруші-зауыттардың немесе кәсіпорындардың сертификаттары, не болмаса соған сәйкес сырттан әкелінген жабдықтарға кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты.
|
4. Қабылдау-беру актілері, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдықтарды орнатқан өндіруші-зауыттардың немесе кәсіпорындардың сертификаттары, не болмаса соған сәйкес сырттан әкелінген жабдықтарға кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты.
|
МТНБ, "Транзит" белгілері және Қазақстан Республикасына қайта шығару туралы міндеттеме бойынша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
|
5. МТНБ, "Транзит" белгілері және Қазақстан Республикасына қайта шығару туралы міндеттеме бойынша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
|
Көлік құралына жеке меншік құқығын растайтын құжат, номерлік агрегат:
кедендік рәсімдеуден өткендігін растайтын құжаттар, (жүктік кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда қайта шығару туралы міндеттеме);
тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдары берген құжаттар; сот бекіткен сот шешімінің, қаулысының көшірмесі , сот атқарушысының мемлекеттік органдардың атқарылуға тиісті іс-әрекеттері жөніндегі хабарламасы қоса берілген атқару қағазы;
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес нотариалды түрде толтырылған мүлікке мұрагерлік ету құқығы жөніндегі келісім-шарттар, куәліктер, құжаттар;
заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғаға бөлу және беру жөніндегі мөрмен бекітілген бұйрығы (өкімі).
|
6. Көлік құралына жеке меншік құқығын растайтын құжат, номерлік агрегат:
кедендік рәсімдеуден өткендігін растайтын құжаттар, (жүктік кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда қайта шығару туралы міндеттеме);
тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдары берген құжаттар; сот бекіткен сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, сот атқарушысының мемлекеттік органдардың атқарылуға тиісті іс-әрекеттері жөніндегі хабарламасы қоса берілген атқару қағазы;
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес нотариалды түрде толтырылған мүлікке мұрагерлік ету құқығы жөніндегі келісім-шарттар, куәліктер, құжаттар;
заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғаға бөлу және беру жөніндегі мөрмен бекітілген бұйрығы (өкімі).
|
Достарыңызбен бөлісу: |