Ботагариев Т. А


Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы



жүктеу 3,44 Mb.
бет5/18
Дата30.05.2018
өлшемі3,44 Mb.
#18494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.

Тұжырымдамада ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын іске асыру мақсатында және тұрғындардың санын 2030 жылға дейін 25 миллионға жеткізу үшін жасалынып отырған мемлекеттік саясатты іс жүзінде орындауға бағытталып қарастырылды.

Қр-нан тысқары жерде 5,1 млн. қазақ тұрады. Қазір Республикада 8,4 млн. қазақ бар. Ал дүние жүзінде 13,5 млн. қазақ болса, демек қазақтардың үштен бірінен астамы шет елде тұрады деген сөз.

Мақсаттары мен күтетін нәтижелер.

ҚР-ның оралман қазақтарды өздерінің тарихи отанына қайтару саясаты негізінде басым приоритетті мақсатттардың бірі болмақ. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты қазақтарды тарихи отанына оралтып, ұйымдасқан түрде орналастырып, тұрғылықты жерінде тиісті жағдай туғызу болып табылады.



Қазақтардың оралмандар ретіндегі жетістіктері. Мемлекеттік көші-қон қоры туралы.

Мемлекеттік көші-қон қоры жыл сайын белгілейтін ҚР Президентінің квотасына сәйкес жасалынған шараларды орындау мақсатында қаржыландыруды іске асырады.

Қор республикалық және жергілікті бюджет есебінен, ерікті түрде ақша аударатын мекемелер, оның ішінде шетелдік және жеке адамдардың қаражаттарынан құралады.

Қордың қаражатын жұмсау:

оралмандардың жол қаражатына, үй мүліктерін орналасқан жерлеріне дейін жеткізуге және малдарын өткізуге;

тұрғын үйлер сатып алу немесе салуға, құрылыс материалдарын тауып, өздері ұйымдастырып, тұрғын үй салған оралмандарды ынталандыруға көмектесу;

оралмандарға қазақ және орыс тілдерін үйретуге, бейімдеу бекеттерін, оларды тұрақты орындары белгілегенше уақытша жайлы жағдайда ұстау.

Шет елдердегі қазақ диаспорасымен жұмыс.

Шет елдердегі қазақ диаспорасының көші-қон жағдайларын зерттеу. Қазақ диаспоралары туралы, олардың қандай жерге орналасуы, тұрмысы, оқуы, жұмысы сияқты т.б. өзекті мәселелері жайлы мәліметтер толықтыру. Бұл тұрғыда қазақ диаспорасы өз өкілін жіберіп, көші-қон және демография жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып шешуге тиіс.

Қазақ диаспорасымен жүргізілетін жұмыс шет елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері арқылы немесе тікелей атқарылады.

Оралмандардың репатриациялық оралуына дайындық жұмыстары.

Қазақ ұлтының өкілі мемлекеттің қаржылай жәрдемінсіз отанына келе алмайтын болса, онда Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленген квотасына сәйкес жасалатын көмек жылма-жыл анықтаулармен 5 жылға бекітіледі.

Қазақтардың қоныс аударуы барысын квотаға сәйкес қарағанда, оларды саяси жағдайы қолайсыз елдерден (Ауғанстан, Тәжікістан) және экологиялық апат аймағынан (Өзбекстан республикасының құрамындағы Қарқалпақстан) шығаруды бірінші қарастырған жөн.

Квотаға сәйкес шет елдерден қазақ диаспорасының талантты балаларын мектептерге, арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытуға қабылдау қарастырылуы тиіс.

Малдарын өткізу (айдау, жайғастыру, малдәрігерлік бақылау) мәселелері қаралады.
Оралмандармен еліміздің ішінде жүргізілетін жұмыстар.


  1. ҚР азаматтығын алу мәселесі.

  2. Оралмандарды тұратын жзеріне дейін көлікпен жеткізу туралы іс-шаралар мемлекеттік көші-қон арқылы жүзеге асады.

  3. Баспанамен қамтамасыз ету.

  4. Оралмандарды еңбекке орналастыру.

  5. Оралмандардың әлеуметтік жағдайы.

  6. Оралмандарға арнайы оқу.

  7. Әлеуметтік ортаға сіңіп, кіру мүмкіндігін қалыптастыру.

  8. Еліміздің ішіндегі оралмандарға байланысты басқа да жұмыстар:

Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасының еңбектерін ғылыми еңбектерін қорғауы үшін тиісті қаражат қараудың жолдарын іздестіру. Көші-қон агенттігі жанынан оралмандармен жұмыс ұйымдастыратын үлкен және кіші Кеңес құрылады. Демографиялық және көші-қон ретін қадағалайтын ғылыми-зерттеу орталығын құру көзделеді.

Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-44-75 беттер

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Репатрианттар немесе оралмандар деп кімдерді атайды?

  2. «Ирредент» деген терминге анықтама беріңіз?

  3. Шет елдердегі қазақ диаспорасы мен ирреденттерінің жартысы өз елі – Қазақстанға оралатын болса, онда қазақтар саны республикада қаншаға дейін өсіп, ал барлық тұрғындар арасында олар қанша процент құрамақшы?

  4. 2005 жылдың дерегі бойынша Қазақстан территориясындағы қазақтар саны?

  5. 2005 жылы бұрынғы Одақтас, қазіргі дербес республикалардағы қазақтар саны?

  6. 2005 жылы шалғай шетелдердегіқазақтар саны?

  7. 2002 жылдың аяғы мен метистерін қосқанда исі қазақ саны қаншаға толады?

  8. Соның қаншасы «таза» қазақтар?

  9. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасының мақсаты?

  10. Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленген квотасына сәйкес жасалатын көмек жылма-жыл анықтаулармен неше жылға бекітіледі?

  11. Қор қандай қаражаттардан құралады?


Дәріс №10, 11, 12

Тақырып: Еуразия елдеріндегі қазақ диаспорасының мәселелері.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге Ресейдегі, Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақтардың саны, алып жатқан территориясы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, саяси өміріне қатынасы туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Ресей қазақтары. 2. Моңғолия қазақтары. 3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.

1. Ресей қазақтары.

Ресей – жүзден астам ұлттар мекендеген мемлекет: 93% байырғы халықтар, оның 80% - орыстар, 6% - жақын шетел диаспорлары, 1%-алыс шетелдердегі диаспоралар.

1897 жылдан бастап жүз жылдан астам уақыт аралығында Ресейде (КСРО) тоғыз халық санағы жүргізілген. Ең соңғысы 1989 жылы өткен. Кезекті санақ 1999 ж. белгіленіп, кейін ол 2002 жылға қалдырылды.

1989 жылғы санақ бойынша, РСФСР – да 635900 қазақ тұрған, 1989-1998 жылдар аралығында қазақтардың өсімі 68800 болған, бірақ Ресейден 13500 қазақтың қоныс аударғанын ескерсек, өсім 55300 санын құрайды. ҚР Сатистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, 1993 пен 2001 жылдар аралығында Қазақстанға Ресейден 47811 қазақ келсе, Қазақстаннан Ресейге 61589 қазақ қоныс аударған. Ресейдің тегін де сапалы білімі, зейнетке шығу жасының төмендігі, басқа да жағдайлар негізінен Ресеймен шекаралас тоғыз облыстағы қазақтарды қоныс аударуға итермелейді. Әсіресе Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазқстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1994-1997 жылдары қазақтар сегіз-он мыңдап Ресейге көшіп отырған. 1998 жылдан қоныс аудару толастай бастаған. 2001 жылы 4613 қазақ Ресейге көшіп кеткен. Сонымен, қазақ диаспорасының саны 13778 адамға өсіп, бүгін шамамен 700 000 құрайды деуге болады.

Қазақтар – Ресейдегі ірі диаспораларының бірі. Олар сан жағынан мари, аварлармен тең, ұлттық республика статусы бар еврей, бурят, осетин, кабардин, якуттардан басым. Ресей ғалымдарының салыстырмалы зерттеулері бойынша, қазақтар орыс, тува, қалмақ және Сібірдің ұсақ халықтарымен қатар өлім-жітімі көп, адамдары аз өмір сүретін этностар тобына жатады.

Қазақтар негізінен Ресеймен шекаралас облыстарда шоғырланған: Астрахан облысында – 140 мың, Омбы – 86 мың, Орынбор – 111 мың, Волгоград – 41 мың, Саратов – 74 мың, Түмен – 30 мың, Челябі – 34 мың, Кемерова – 4 мың, Алтай өлкесінде – 11 мың, Башқұрстанда – 7 мың, Мәскеуде – 9 мыңға жуық.

Ресейде ұлт саясатының құқық негіздерін қалайтын маңызды құжаттар қабылданды. РФ Конститутциясы, РФ-дағы ұлттық саясат концепциясы, «Ұлттық-мәдени автономия туралы» және басқа да ресейлік азаматтардың конститутциялық құқын қамтамсыз ететін заңдар қабылданды.Бұл құжаттар диаспорлардың әлеуметтік және ұлттық-мәдени дамуының басты принциптеріне негізделген.

Соңғы жылдары Ресейде қазақтардың ондаған қоғамдық бірлестіктері жұмыс жасауда. Мәскеуде «Қазақ тілі» қоғамы, «Қазақ диаспорасы» қоры, қазақ жастарының «Мұрагер» қоғамы, қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы, Санкт-Петербургте «Атамекен» қоғамы; Қазан қаласында «Қазақстан қоғамы»; Орынбор облысында қазақтардың ұлттық мәдени автономиясы, Астрахань қаласында қазақтардың «Жолдастық» мәдени қоғамы, Омбы облысында аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы, Түмен облысында «Достық» қоғамдық ұйымы, Саратов облысында қазақ мәдениетінің «Қазақстан» орталығы, Волгоград облысында аймақтық «Қазақстан» ұйымы т.б.

Жалпы ресейлік қазақтардың бүгінгі білім деңгейі туралы сөз ету қиын. Башқұртстанда тұратын қазақтардың 38% жуығының жоғары білім бар екен. Ал Алтай өлкесі қазақтарының білім деңгейі басқа ұлттармен салыстырғанда төмен. Орталау, орта, орта арнаулы, жоғары білімділер олардың арасында 80% жуық. Волгоград облысында қазақтардың -77%, Челябинск облысында - 73%, Саратов облысында - 82%, Омбы облысында - 58% және басқа да Ресей субъектілерінде олдардың басым көпшілігі селолық жерде тұратынын ескерсек, олардың білім деңгейі басқалармен салыстырғанда жоғары еместігі белгілі.

Тағдырын Ресеймен байланыстырған қазақ интеллигенциясы оның ғылыми, білімі және мәдениетіне өз үлесін қосып келеді. Мәселен филология ғылымдарының докторы, Ресей Академиясының тіл білімі институтының бас қызметкері, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің профессоры К.Мусаев, тарих ғылымдарының докторы Нәйля Бекмаханова, техника ғылымдарының докторы, Ресей Академиясының ядролық физика институтының ғылыми қызметкері Ниғматбек Қамбаров, моңғолтанушы Шакен Назиров, ақын Тұрсынай Оразбаева, Алтай университетіндегі археолгоия, этнография кафедрасының жас ғалымы, түріктанушы Ержан Әділбекұлы және тағы басқалар.

Ресейдің көптеген облыстарында қазақ тілі ана тілі ретінде оқытылады. Асрахан облысында 64, Омбы 20, Орынбор 18 мектепте қазақ тілі жүргізілуде. Түмен облысында қазақ тілін 200 қазақ баласы өз еркімен оқуда. Қазақ тілін, мәдениетін, тарихын насихаттауда Омбы облысында 16 клуб, «Мөлдір», «Достар», «Аманат» ансамбілі мен мәдени бірлестіктер ат салысуда. Сондай-ақ қазақ диаспорасы өз басылымдарын шығаруда. Орынбор қазақтары «Айқап», Саратов қазақтары «Хабар», Астрахань қазақтары «Ақ арна» газеттерін шығарып жатыр.

2. Монғолия қазақтары.

Моңғолия Алтай, Хангай жотасынан шығыс Моңғол құмына дейінгі Орталық Азияның шығыс бойын мекен еткен шағын мемелекет. Жер көлемі 1566500 шаршы километр, адам саны 2,2 миллион. Халқының 93 % моңғолдар. 1994 жылдың аяғында Моңғолияның Қазақстандағы елшілігі жүргізген ресми емес сан тізімі бойынша Қазақстанда Монғолиядан көшіп келген 12 мыңға жуық түтін, 60 мыңға жуық жан өмір сүріп жатты. Монғолиядан қоныс аударған қазақтар әрбір облысқа келген түтін, жан санына қарай: Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар, Көкшетау, Жезқазған, Талдықорған, Ақмола, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына орналасқан.

Батыс моңғолдармен көршілес жатқан Керейлердің Моңғол жеріне қарай жылжу процесі ХІХ ғасырдың соңғы жартысынан басталды. Бұл оқиғаның өзіндік себептері бар еді. Жоңғар хандығының ыдырауы және 1860 жылдардағы Тайпин және дүнген көтерілісі қатарлы саяси оқиғалармен байланысты еді.

1758 жылы Моңғол жерінде Мәнжу Чин билігі тұрақтанғаннан кейін батыс Моңғолияда қалған Моңғол әулеттерін Моңғол өлкелеріне ішкерілетіп көшіріп Улиастайдағы Шүршіт билігіндегі Қобда шебіне қарасты болдырды. Осыған байланысты 1762 жылы Қобда шебінің әкімшілігі құрылды. Әкімшілік Шығыс Түркістан, Алтай өлкесін ауа қоныстануына ықпал жасады. Сөйтіп Жоңғар хандығы тұсында Моңғолдар мекендеген елдің батысындағы өзен сулы, күрең белдер қаңырап бос қалды.

Академик И.М.Майскийдің мәліметіндегі 1918-1919 жылдары Моңғол жеріндегі есебі бойынша моңғолдардың саны 542 мыңнан аспайтынын ескерсек, Моңғолия үшін осынау ұлан ғайыр мекенді игеріп кететін жан мүмкіндігі болмағаны белгілі. Бұл мүмкіндікті жерден тарлық көріп бір белдің арғы жағында отырған қазақтар босқа жіберу мүмкін емес еді және сол кезде екі тарап та бір империяның (Чин) билігінде тұрғандықтан айшықты шеп шекара болмағанын атап өткен жөн.

Қытайда 1850 жылдары басталған шаруалардың Тайпин көтерілісі саябырси бергенде 1862 жылы батыс Қытайдан Дүңген (Хуйху) көтерілісі басталды.

Чин үкіметі 1878 жылы Дүңген көтерілісіне қатысушыларды аяусыз жазалаумен қатар Тайпин көтерілісіне қатысқан шаруаларды «Жаңа жер игеру» науқанымен батыс шеткері аймақтарға қоныс аударта бастайды. Өйткені «Жер бөліп беру» Тайпин көтерілісіне қатысушылардың негізгі талабы болатын. «Жаңадан игеретін жер» тізіміне ең алдымен Алтайдағы Қазақ жайылымдары ілікті.

Моңғолия ғалымы Цэвэн Жамсрано «Дархад... Хасаг, Хамнигандардың шығу тегі туралы» атты еңбегінде «Қазақтар алғаш Алтайдың арғы жағына сиыспағандықтан бергі беттен малына жайылым жер іздеп келген екен» деп жазса, Г.Е.Грумм-Гржимайло «Өткен ғасырда қара Ертістің бойында басталған жер дауы Керейлерді мұнда (Қобда бетіне) қоныс аудармасқа шарасыз болдырды» деп жазады.

Және көшпенділер үшін жер тарлық еткеннен әзер ауыр құбылыс ол – жұт жұтымшылығы.

Көнекөз қариялардың 1869 қоян жылы Алтай өлкесінде естен қалғысыз қатты жұт болып, тәмам мал қырылып халық аштыққа ұшырағаны белгілі. «Осы қоян жылғы жұт бір бөлім елдің мал жағдайымен күн көріс тұрмысы үшін бір қырқаны асып Алтай тауының арғы бетіне қоныс аударуының бірден бір басты себебі деуге болады» деп жазады 1994 жылы Шыңжанда басылған «Абақ керей» тарихын құрастырушылар.

1936 жылы «Төрт би төре» деп аталатын әкімшілік жүйесі құрылды. Басқару жүйесі әрі қарай ұсақталғанның үстіне ұсақтала түсті.

Алтайда барлық қазақты билеп тұрған Ши Хун өкілдігі қазақтарды әуелі «Гар» немесе «Қанатқа» бөлді. Сөйтіп Уаң, Тәйжі, Үкірдай, Залан, Зәңгі делінетін бес сатылы рулық жүйе дүниеге келді. Әр жүз сайын үй сайын жүз басылары белгіленді.

Әкімшілік басқару жүйесі өте ұсақ болғандықтан ауыл, ел арасында әлсін-әлсін сайлау, белгілеу, бекіту жүріліп, әр сайлау, әр белгілеу сайын халық ру-руымен, ауыл-ауылымен дау-жанжалдары жиі көрініс тапты. «Басқа рудың ел басыларына «қол бала» болғысы келмеген кейбір кіші рудың атқа мінелері, - деп жазады «Абақ керей» тарихын құрастырушылар, - руластарын, ауылдастарын бастап басқа өңірлерге ауып барып өзін-өзі басқаруды мақсат етті».

Кейбір мәліметтерде қоныс аударудың үшінші бір себебін үстем тап өкілдерінің озбырлығы, алым-салық қысымшылығына байланысты деп көрсетеді. Қазақтар Мәнжу Чин үкіметінің қаржысына 1000 жылқы бажды төлейтін. Оның үстіне белгілі адамдардың асына сауын айту, жоғары лауазымдылар үшін тарту-таралғы жинау, руынан адам құнға жығылса құн төлесу, тоғыз жасақтау, дін жолына қайыр зекет беру сияқты ру аралық, ауыл аралық көмескі салықтар болған. Бірақ жоғарыда аталған алым-салықтардың денін ру ішіндегі ауқатылар мойына алып отырған. Ал қоныс аударуға келсек олар бір белгілі адамның басшылығында кедей, бай демей ру-руымен, ауыл-ауылымен асқан.

Ал қоныс аудару мерзімі төңірегіндегі деректерді бізге Г.Е.Грумм-Гржимайло, Г.Н.Потанин, А.М.Позднеев, В.В.Сапожников, А.В.Бурдуков және Ц.Жамсрано қатарлы көптеген ғалымдар жазып қалдырды. Деректерге қарағанда аталмыш процесс 1860 жылдардан басталады.

Алтайдағы арғы бетінен келген Абақ керей ұрпағы Моңғолиядағы қазақтардың негізгі бөлімін құрайды. Мұндағы Қазақ тобының екінші бөлімін 1914-1917 жылдары Щуй арқылы Марқакөл, Зайсаннан асып келген наймандар құрайды. Аталмыш процесс негізінен 1930 жылдардың басында аяқталды.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Қобда бетіндегі қазақтардың ахуал тіршілігінің тірегі басқа мекендердегі қазақтардікіндей көшпенді мал шаруашылығы болды. Г.Е.Грумм-Гржимайлоның белгілеуі бойынша 1900 жылдары Абақ керейдің бір түтіні орталай есеппен 13 қой, 2,5 сиыр, 4,5 жылқы, бір түйелі болған.

Керей малының көпшілігі – қой түлігі. Керей қойының генфонд (тұқым қоры) жағынан дүниеде теңдесі жоқ жануар. Қобда қазағында түйе, ешкі малының саны аз болды.

ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап қазақ арасында да диханшылық қонып, жатақтар пайда бола бастайды. «Қыран ертістің бойы қырғыз (қазақ) ауылдарына толып кетіпті, деп жазады Г.Н.Потанин, - олар да Өлеттердей арпа, бидай егеді екен». Ол кезде қазақтар бидайды қазіргі өлшеммен 5-6 кг. сыйымдылығы бар қазаншамен өлшеген. Бір тоқтысын бес қазан бидайға сатады да бидайын Шарсүмдегі қытай диірменіне айдатып ұн болдырып алдырып отырған. «Қыран ертісте 10 шақты ұн диірмені бар екен, бұл диірмендер тек Алтайдың оңтүстік баурайындағы қазақтарды ғана қанымдап қоймайды, ұн тиеген көліктер Алтайдың теріскейіндегі Қобда өлкесіне дейін жөнелтіліп жатады» деп жазған бұл өлкені 1876 жылы басып өткен Г.Н.Потанин.

Қолөнер, ұсталық, аңшылық және балық аулау деген қазақ шаруашылығының қосалқы түрлері болған. «Абақ керейлердің ең бір кедейлері балық аулаумен күнелтетін» деп жазды Г.Е.Грумм-Гржимайло.

Қазақ ежелден сауданы кәсібі етпегенмен сауда-саттық қазақ ахуалында болған еді. Қобда Керейі үшін сауданың екі түрлі жолы болды. Бірі Қыран Ертіс арқылы Қашқарлық Ұйғыр, Қытаймен жасайтын сауда жолы да, екіншісі Қосағаш, Қызылжар арқылы жүретін Ресей сауда жолы еді. Г.Н.Потанин 1876 жылы Дэлүүн түбегінде қонақтап жатқан жолында Қашқардан қазақ ауылдарын басып Қобдаға бара жатқан сарттардың сауда керуеніне кездессе, ертеңінде Тұлба көлінің маңында Қашқарға бара жатқан Қазақ тобына жолығады.

Қобда керейі қаншама саны аз, көшпенді өмір сүргенімен әрқашанда өнерден кенже қалған емес. Ақын Қ.Тауданбек, Б.Төлебай, Қ.Жолды, Б.Отарбай, Қ.Мешел, Ш.Жеңсікбай, Т.Бұрқасын, күйші М.Бердібай, А.Исабай, Сағынбай, С.Сағынған, Доланбай, Тоғай, Аққожа, сыбызғышы Ш.Құмақайлар ХІХ-ХХ ғасыр алмасу дәуірінде Қобда қазағының ішінде өмір сүріп, сол халықтың мұң-мұқтажын жырлаған. Моңғолия қазақтарының арасында айтылатын халық әндері көп-ақ. Сазгер күйші Қабыкей Ақмерұлы, ақын Имашхан Байбатырұлы, сазгер Мүсәйіп Құсайынұлының жинақтап басқаруымен 1965, 1972, 1983 жылдары Баян-Өлгийде жарық көрген «Моңғолия қазақтарының халық әндері» атты жинақта 400-ге жуық ән кірген.

1930 жылдарға дейін мұсылман діні Моңғолиядағы қазақтар арасында, олардың рухани өмірінде елеулі әсер етіп келді. 1910-1920 жылдары Қобдадағы ұйғыр мешітін айтпағанда көшпенді қазақтар арасында екі мешіт (Аққол, Соғақтағы) жұмыс істеді. Атақты Күдері, Жәлел, Дөңтай, Тілеуберді, Қылыш молдалардың өз қолынан балалар тағылым алған.

1931 жылы бұрынғы төрт аймақ, екі шептік жүйенің орынан 13 аймақтық құрылым орнықты. Қазақтардың екі хошуны жаңадан құрылған Қобда аймағына қарасты болды. Қазақтар Қобда қарамағында болған осы бір тоғыз жылда (1931-1940) аймақ әкімшілігі онда тұратын қазақ сияқты ұлт өкілдерінің ахуал, тұрмыс, әлеуметтік күн көрісін жақсарту және ұлттық салт-сана, мәдениет үрдісін жетілдіре түсуге бағытталған бірер шаралар қолданады. Елді мекендерде қазақ тілінде оқитын бастауыш мектептер құрылды. Адам және мал дәрігерлік, сауда нүктелерін құрып, әлеуметтік даяшылықты кеңейту төңірегінде көптеген істер атқарылды.

1940 жылы 5 шілдеде шақырылған мемлекеттің ҮІІІ құрылтайы Қазақ, Урианхай қауымының пікір талабын еске ала отырып, Қобда аймағынан жекешелеп, қазақ, Урианхайлардың жеке аймағын құруды мемлекеттік Кіші хурал басқармасына тапсырды. Кешікпей үкіметтік кіші құрылтайдың 1940 жылғы 17 шілдедегі №37 қаулысымен Қазақ, Урианхайлардың жеке аймағын ұйымдастыру, құруға байланысты дайындық жұмысын ретке келтіру ісі тапсырылған комиссия құрылып, бастығына Бежеұлы Қаби, мүшелеріне Орынұлы Қалқабай және Майынтыұлы Тоқтамыстарды тағайындап комиссияның алдында тұрған кезекті мәселелерді белгілеп берді. Және бұл істі тікелей ұйымдастыру ісін мойынына алған үкіметтің сол кездегі бірінші орынбасары Ч.Сурэнжав басқарған төтенше комиссия құрылды. Қазақ аймағын құруға байланысты қыруар дайындық жұмыстарынан кейін 1940 жылы 19-20 тамызда аймақ еңбекшілерінің алғашқы құрылтайы өткізіледі Қазақ аймағы «Баян-Өлгий» (Бақыт бесігі) деп аталды. Қазақ аймағының алғашқы төрағасы болып елдің белгілі азаматы Бежеұлы Қаби тағайындалады. Аймақ алғаш құрылғанда 10 сұмын (Тұлба көл, Ащылы, Аққол, Ақкөл, Улаанхус (Қызылқайың), Дэлүүн, Алтанцөгц, Сагсай) 56 бақ, 7063 жанұя, 32301 жан, 920480 басты малы бар еді.

1959 жылы үкіметтік комиссия құрылып, жер ұйымдастыру науқаны жүрді. Осы комиссияның жұмыс қорытындысы негізінде 1960 жылы 30 шілдеде Халық ұлы хуралы басқармасының №192 жарлығымен барлық аймақ, сұмын, хороонға тиісті жер шебі белгіленді. Қазіргі Баян-Өлгий аймағына қарасты жер шеңбері өмірге осылай келген еді. Ол Бесбоғда, Мөст (Мұзтау), Цэнгэл хайрхан, Хөх сэрх, Цамбагарав сынды мұз құрсанған шыңдары бар Моңғол Алтай қырқасының орта тұсы, мөлшері 45,8 мың шаршы шақырым жер. 1991 жылғы сан тізімі бойынша Моңғолиядағы жалпы қазақтың саны 120500 жан еді, олардың 82750 Баян-Өлгий Қазақ аймағында тұрып жатты.

Тарихи отанына бет бұрған Моңғолиядағы қазақтардың көші 1991 жылы наурыз айында басталды. Моңғолияның ресми ұйымдарының 1993 жылы дайындаған статистикасы бойынша еңбек шартымен 1991-1993 жылдары Моңғолиядан Қазақстанға 10461 түтін, 54201 жан қоныс аударды.

3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.

Қазақ халқының бір бөлігі ҚХР-да тұрады. Әдетте оларды «Қытайдағы қазақтар» немесе «Қытай қазақтары» деп атаймыз. Олардың жалпы саны 1.111.718. (1990 ж.). Олар негізінен ҚХР Шыңжан Ұйғыр автономиялы ауданы Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарында өмір сүреді. Бұдан басқа қазақтардың біраз бөлігі Үрімжі, Шықызы, Күйтін қалаларында, Санжы Хэйзу (Дүнген) автономиялы облысының Мори Қазақ автономиялы ауданында, Құмыл (Хами) аймағының Баркөл Қазақ автономиялы ауданында және Аратүрік (Ийуы шян) аудандарында тұрады.

Іле Қазақ автономиялы облысының жері 350 мың шаршы шақырым болып, Шыңжанның жалпы көлемінің 1/5 құрайды.

Қытайдың Чин патшалығы ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап, Тянь-Шань тауы өлкесіне өз билігін орнату барысында қазақтармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Бұл кезде Қазақ хандығы қайта түлеу үрдісінде еді. Ол кезде Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бірақ сол кездегі жағдай оның іргесін өзіне таяп келген Чин патшалығымен тікелей байланыс жасауға мәжбүр етті. Ол Орта жүз ханы ретінде 1757 жылы, 1758 жылы Ұлы жүз ханы ретінде Әбілмәмбет Чин патшалығымен ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Содан соң қазақ-қытай арасында өзара байланыстар басталып, екі жақтылы экономикалық сауда-саттық істері қанат жайды. Қытай Чин патшалығы 1758 жылы Үрімжіден, 1760 жылы Іледен, 1763 жылы Тарбағатайдан қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті.

Ол кезде қазақ ханы Абылай Алтай Тарбағатай және Іле аймақтарын қазақтардың атамекені, жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек деген танымда болды. Алайда Абылай ханның қазақтың этнотерриториясының көлеміне болған танымын және оны қалпына келтіруге тырысқан дипломатиялық талпынысы сәтсіз аяқталды.

Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Чин патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң, ол сол жерлерге шаруаларды біртіндеп сіңіру арқылы иелену әдісін қолданды. Бірақ Чин патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекара қорғаныс әскерлері көктем шығып қар кеткен соң қарауылдарды байқауға барғанда, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларды қуып кері қайтарып тұрған.

Патшалық Ресей үкіметінің Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни ХІХ ғасырдың орта шенінде орыстың отарына айналудан қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере көшіп, Чин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап барып жатты. Сөйтіп ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар, ХІХ ғасырдың орта шенінде Чин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепкен.

Паташалық Ресей отаршылдары ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Чин патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен патшалық Ресей үкіметі мен Қытайдың Чин патшалығы арасында шекара мәселесі туындап, екі империяның қазақ даласына таласу дау-дамайы басталды. Сонымен екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Шәуешек қаласында «Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны белгілеу келісіміне» қол қойды. Аталмыш келісім он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында: «Қазір шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңында өңірде отырған малшыларға таласпау үшін, осы келісімшарт бір-біріне тапсырғаннан күннен бастап, ол адамдар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса, және де сол орындарда мал бағып отыра берулері керек. Олар сол бұрыннан бері отырып келген қоныстарында орнығып отырып, бұрынғы шаруашылықтарымен шұғылдана берулері үшін, жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады» - деп белгіленген. Демек, 1864 жылғы Қытай-Ресейдің Шәуешек келісімі, іс жүзінде біртұтас қазақ халқының және оның жерінің екі мемлекетке – Қытай мен Ресей тәуелді болғандығын құжат жүзінде заңдастырды. Содан кейінгі жылдарда Чин патшалығы өзінің қарамағындағы қазақтарды шын мәнінде қытайдың азаматы деп санады. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қытайда қазақ қауымы, яғни «Қытай қазақтары» деген қоғамдық құбылыс пайда болған.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Ресейдегі қазақ диаспоралары сан жағынан кімдермен тең?

  2. Ресейдегі қазақ диаспоралары ұлттық республика статусы бар кімдерден басым?

  3. ХІХ ғасырдың соңындағы керейлердің Монғолия жерлеріне қоныс аударудың саяси себептері?

  4. Чин үкіметіндегі тайпиндардың көтерілісі қашан болды?

  5. Батыс Қытайдағы дүнгендердің көтерілісі қашан болды?

Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-77-149 беттер
Дәріс №13, 14, 15

Тақырып: Қытайдағы қазақтардың қоғамдық өмірі (1949-2000 жж.)

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Қытайдағы қазақтардың 1949-2000 жж. қоғамдық өмірі туралы мәліметтер беру.

Тірек сөздер: Гоминьдан үкіметі, «Салқын соғыс», компартия т.б.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Қытай Компартиясының аз санды ұлттарға қолданған саясаты және қазақтар өміріндегі елеулі өзгерістер. 2. Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік шаруашылығы. 3. Қытай қазақтарының мәдени дамуы. 4. Қазақтардың тарихи Отанына оралу мәселесі.

Дәрісте Қытайдағы ұлттар саясаты туралы «Ортақ бағдарлама», ҚКП 1949 жылы қазаннан басталған Гоминьдан күштерін толық жою, «ҚХР-ның жер реформасы заңы» негізінде 1952 жыл қарашадан 1953 жыл тамызға дейін жүрген Шыңжандағы жер меншік жүйесі, 1952 жылы тамызда ҚХР Орталық Халық үкіметі жариялаған «ҚХР-ның ұлттар қоныстанған өңірлерде автономияны жүзеге асыру бағдарламасы», 1958 жылы жаздан бастау алған «Үлкен секіріс» қозғалысы, ҚХР 1950 жылдан басталған Қытайдың саяси-әкімшілік құрылымдары, Қытай қазақтарының мәдени дамуы жағдайы, олардың Отанға оралу мәселесі туралы мәліметтер беріледі.



жүктеу 3,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау