«Ғажайып микроәлем» элективті курс. Түсінік хат. 7- сыныпқа арналған «Ғажайып микроәлем»



жүктеу 95,22 Kb.
Дата07.02.2018
өлшемі95,22 Kb.
#8998

«Ғажайып микроәлем» элективті курс.
Түсінік хат.
7- сыныпқа арналған «Ғажайып микроәлем» атты элективті курс 34 сағатқа арналған.

Мектеп курсында өте ұсақ тірі ағзалар әлемі – бактериялар, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, қарапайым жануарлар тарауларын оқуға сағат аз берілген, осыған байланысты элективті курста оқушылардың білімін тереңдету барысында микроорганиздер бөлімі қамтылды.

Микроорганиздерді бақылау кезінде микроскопты қолдану оқушылардың қызығушылығын оятады. Сабақта тірі обьектіні зерттеу, тәжірибе жүргізу оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттырады,практикалық білімдерін жетілдіреді және теория мен практиканың байланысын нығайтады.
Курс мақсаты: Қағылез әлемнің ұсақ өкілдері туралыоқушылардың ой- өрісін дамыту, танымдылық белсенділіктерін арттыру, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Курстің міндеттері:


  • микробиология ғылымының тарихи даму кезеңдері

  • әртүрлі патшалықтардың бір жасушалы өкілдерінің құрылысын салыстыру

  • лабораториялық құрал-жабдықтармен және микроскоппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

  • шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқушы нені білу қажет.

  • Микробиология ғылымының даму тарихы электрондық микроскопты пайдалану арқылы зерттелгені туралы білу.

  • Ұсақ ағзалар әлемінің өкілдерінің құрылыс ерекшеліктері туралы білу.

Оқушылар істей білуі керек:

  • микропрепараттарды дайындау.

  • әртүрлі бактериялар мен көгерген саңырауқұлақтарды өсіру.

  • әртүрлі патшалықтардың өкілдерін суреттеу.

  • Биологиялық тәжірибе нәтижелерін бақылау және қорытынды жасау.

Оқытудың әдістері мен түрлері:

  • әңгіме, дәріс

  • қосымша әдебиетпен жұмыс

  • практикалық, лабораториялық жұмыс

  • зерттеу әдісін практикалық жұмыста қолдану

  • өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

  • өзекті мәселелерді шешу , жоба жасау, қорғау.



«Ғажайып микроәлем» элективті курсының мазмұны мен құрылымы.
I . Кіріспе. Микробиология ғылымының даму кезеңдері

Микроскоптың ашылу тарихы. Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан зерттеуші ғалымдар. Француз микробиологі Луи Пастер( 1822- 1895) және неміс ғалымы Роберт Кох микробиология ғылымының негізін қалаушылар.Қазіргі микробиологияның негізгі бағыттары: генетикалық және жасушалық инженерия, тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылық, медицина, денсаулық сақтау, ластанған ауаны,суды топырақты тазарту, пластмасса жасау, металл және мұнай өндіру, топырақтың құрылымын жақсарту.

Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі. Зертханалық құрал- жабдықтарды қолдану ережесі.

Зертханалық жұмыс

№ 1 Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі.
II Бактериялар

Бактериялардың қолайлы ортада өмір сүруі. Бактерия жасушасының құрылысы мен пішіні. Сыртқы және ішкі құрылымы.Қоректену тәсілі. Бактериялардың таралу жолы және маңызы.

Бактериялардың биосферадағы рөлі: шіріту бактериялары – органикалық заттардың минерализациясы; топырақ бактериясы – топырақтың құрылымын түзуші; азот түзуші бактериялар - топырақты азотты қосылыстармен байытушы; цианобактериялар; мұнай түзуші бактериялар.

Бактериялардың адам өміріндегі маңызы және шаруашылық қызметіндегі оң рөлі: сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау, сүт қышқылын алу.

Теріс рөлі: азық- түлік тағамдарын шіріту, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын патогенді бактериялар.

Бактериялармен күресу әдістері. Пастеризациялау, стерилдеу, залалсыздандыру.

Зертханалық жұмыстар

№ 2 «Тіс бактериясы»

№3 «Картоп таяқшасының және шіріту таяқшасының құрылысын қарау»

Уақытша микропрепарат дайындау тәсілі.


Тәжірибелік жұмыс «Картоп таяқшасының және шіріту бактериясына қоректік орта әзірлеу және бактериялардың өсіру мәдениетін қарастыру»
III Микроскопиялық саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтар дүниесі. Саңырауқұлақтардың белгілері. Саңырауқұлақтар классификациясы( фикомицеттер, базидиалды т.б). Зең саңырауқұлақтарының ерекшеліктері. Зең саңырауқұлақтарының маңызы. Ашытқы. Ашытқы саңырауқұлағының адам өміріндегі маңызы және оның құрылысы.

Зертханалық жұмыстар

№4 «Зең саңырауқұлақтарын микроскоп арқылы қарау»

№5 «Ашытқы мәдениетін бақылау»
Тәжірибелік жұмыс «Температураның көгерген саңырауқұлақтардың өсуіне және дамуына ықпалы».

IY Балдырлар

Микроскопиялық балдырлар- төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Біржасушалы, көпжасушалы, шоғырлы балдырлар. Құрылымы және тіршілік әрекетінің ерекшеліктері. Балдырлардың табиғат және адам өміріндегі маңызы.

Зертханалық жұмыстар.

№ 6 «Біржасушалы балдырлардың құрылысын қарау»

№7 «Аквариумда тіршілік ететін жіп тәрізді балдырларды қарау».
Y Қына

Қына – селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қынаның құрылысы және классификациясы. Көбею ерекшелігі. Қынаның табиғаттағы маңызы және рөлі. Қына қоршаған ортаның биоиндикаторы.

Зертханалық жұмыс.

№8 Қынаның сыртқы және микроскопиялық құрылысын қарау.


YI Біржасушалы жануарлар

Жануарлар дүниесінің өкілдері қарапайым жәндіктер. Классификациясы.Қарапайымдылардың тіршілігі және құрылыс ерекшелігі. Қозғалу тәсілі және тітіркенгіштігі. Біржасушалы қарапайым жәндіктер – адам мен жануар ауруларынң қоздырғышы. Қарапайымдылар- симбионттылар

Зертханалық жұмыстар

№9 «Пішен тұнбасындағы қарапайым біржасушалы ағзаларды бақылау»

№10 «Қарапайымдылардың әртүрлі реакцияға тітіркенгіштік әрекеті»

№11 «Жұтқыншаққа қоректің өтуі және асқорыту вакоулінің пайда болуы»


Тәжірибелік жұмыс «Пішендік тұнбаның құрамындағы қарапайымдылардың түр-тұқымы»

YII Микроскопиялық көпжасушалы ағзалар

Нематодтар – топырақта және сулы ортада тіршілік ететін ағзалар.Топтың рөлі. Микроскопиялық қышыма кене. Адам өміріне келтіретін зияны. Өсімдік паразиты - өрмек кене, тля.қалқан. Өсімдіктердің зиянкестерімен күресу және қорғау.

Зертханалық жұмыстар.

№12 «Нематодтардың немесе өрмеккененің ішкі құрылысын зерттеу».


Қорытынды.

Жобалау- зерттеу тақырыбына дайындық. Қеңес беру. Жобаны қорғау.



Күнтізбелік – тақырыптық жоспар.




Тақырыбы

Сағат саны

Өткізілетін мерзімі.

1

Микробиология ғылымының даму тарихы.Л.Пастер мен Р.Кохтың өмірбаяны мен еңбекттері

2




2

Микроскоптың құрылысы. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері

1




3

Бактериялар. Бактерияның құрылысы және тіршілік әрекеті.

3




4

Бактерияның таралу жолдары және табиғат,халық шаруашылығындағы маңызы.

2




5

Тәжірибелік жұмыс «Бактерияларды қоректік ортада өсіру және бақылау»

Зертханалық жұмыстар №2 «Тіс бактериясы», №3 «Картоп таяқшасы мен топырақ шіріту бактерияларының құрылысын қарау»



1




6

Зең саңырауқұлақтары. Құрылысы мен тіршілігі

2




7

Зең саңырауқұлақтарының маңызы.

1




8

Тәжірибелік жұмыс «Зең және ашытқы саңырауқұлақтарының өсуіне температураның әсерін бақылау»

Зертханалық жұмыс№4 «Көгерген және ашытқы саңырауқұлақтарының құрылысын қарау»№5



1




9

Микроскопиялық балдырлар. Құрылысы мен тіршілігі


1




10

Балдырлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1




11

Зерханалық жұмыстар

№6 «Біржасушалы балдырларды зерттеу»

№7«Аквариумда өмір сүретін- жіп тәрізді балдыр»


1




12

Қына – симбиозды организм

1




13

Тәжірбиелік жұмыс «Қыналардың өсуін бақылау»

Зертханалық жұмыс №8«Қынаның көлденең кесіндісін микроскоп арқылы қарау»



1




14

Біржасушалыжануарлар.Қарапайымдылар классификациясы.Қантышқақ амебасы.

2




15

Адам мен жануар үшін қауіпті ауру туғызатын қарапайым жәндіктер(лямблия,трипаносома, лейшмания опалина,қантұрғын )


3




16

Біржасушалы жануарлардың тіршілігін бақылау. Зертханалық жұмыс№ 9,10,11

1




17

Зооплдантон және фитоплантон.

Тәжірибелік жұмыс «Пішен тұнбасының құрамындағы түр- тұқымды бақылау».



1




18

Микроскопиялық жануарлар –

үй өсімдіктерінің зиянкестіктері.

Қышыма кенесі – адам өміріне қауіпті.Өрмек кене,тля, қалқан,өсімдік биті,сымыр,трипстер,аққанат,щитовкалар,аяққұрықтылар, подурлар,ақұнтақ, бозшірік.


4




19

Зертханалық жұмыс № 12 «Бөлме өсімдіктеріне зиян келтіретін өрмеккене, қалқанның т.б құрылысын қарау»

1




20

Шағын жоба дайындау

2




21

Шағын жобаны қорғау

2





Пайдаланған әдебиеттер
1. Энциклопедия для детей том 2. Москва 1995г.

2. Семенов А.М., Логинова Л.Г. Микроорганизмы. Особенности строение и жизнедеятельности. Биология в школе 1991г.№ 6.

3. Семенов А.М., Логинова Л.Г. Селекция микроорганизмов и использование их в биотехнологии. Биология в школе 1993г №1

4. Л. Н. Дорохина, А.С.Нехлюдова Руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии. Москва.1990г.

5. Н.М.Антипова, М.П.Травкин. Бактерии как объект изучения.

6. А.А.Гуревич. Пресноводные водоросли (определитель). Из –во «Просвещение»

7. М. И. Бухар. Популярно о микробиологии. Издательство «Знание» 1989г.

8. А.А.Яхонтов Зоология для учителя. Москва «Просвещение» 1982г.

9. Л.В.Янушкевич Многообразие простейших Биология в школе №4 2003г.

10. А.В.Бинас, Р.Д. Маш, А.И.Никишов Биологический эксперимент в школе. Москва «Просвещение» 1990г.



11. Биология в школе 2005 №7 Лабораторные опыты по экологии
жүктеу 95,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау