Е.Әмірбекұлы «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы



жүктеу 268,69 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата24.12.2019
өлшемі268,69 Kb.
#24843
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«БЕКІТЕМІН»

ТарМПУ ректоры, 

э.ғ.д., профессор

_________________  

Е.Әмірбекұлы 

«Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» 

білім беру бағдарламасы

Тараз – 2019


1. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы «Қазақ филологиясы  және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасында

әзірленіп ұсынылған.

                    2.  Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   мұғалімдерін   даярлау  білім   бағдарламасы   университеттің  2018   жылғы     Әдістемелік   кеңесінің   №

хаттамасымен оқу процесінде пайдаланылуға ұсынылды.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасы ТарМПУ-дың 2019 жылғы №   Ғылыми кеңесінде бекітілді. 

4. Бағдарламаны дайындағандар: 

Әбдіқадырова Тұрсынай Рыстайқызы – кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор   __________  (қолы)

Мейірманова Гүлнұр Советқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент   __________ (қолы)



   «Келісілген»:   сарапшылар, жұмыс берушілер

Аты-жөні

Ғылыми атағы,

қызметі


Жұмыс орны

Қолы

Байтелиев Алтай Әшенұлы 

Ф.ғ.д., профессор, кафедра

меңгерушісі 

Тараз мемлекеттік 

педагогикалық  университеті

Құлбарақов Сәмен Оразғалиұлы

Ф.ғ.д., профессор

М.Х.Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік 

университеті

Жылымбетова Калнур 

Оразалиевна 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі-модератор

    НЗМ, Тараз қ.

Абумәліков Ерлан 

Мектеп директоры

Тараз қаласы №36 мектеп 

2



БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   бойынша   бакалавр   мамандарын   дайындау:   жоғары   әлеуметтік   және

азаматтық жауапкершілігі бар жоғары білікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімін дайындау.



Білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау бағытының картасы

Білім саласының атауы мен коды

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Дайындық бағытының атауы мен 

коды

6В017 Тіл мен әдебиет бойынша мұғалім даярлау



Білім беру бағдарламасының атауы 

мен коды


 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламасының түрі

қолданыстағы

ҰБШ  бойынша деңгейі

6  

СБШ бойынша деңгейі



6

Бітірушінің  біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже

Білім бакалавры

Маманның атқаратын қызметтерінің 

тізбесі 

Бітіруші   маман   өзінің   кәсіби   қызметін   мына   бағыттарда   жүргізе   алады:   әртүрлі   білім   беру

мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және орта арнайы оқу орындарында т.б.) қазақ тілі мен

әдебиетінің   мұғалімі;ғылыми-әдістемелік   әдебиеттермен   жұмыс   жасаушы;   ғылыми-зерттеу

мекемелерінде   кіші   ғылыми   қызметкер;   әдеби,   мәдени   мекемелерде,   баспа   орындарында   қызметкер,

әдеби кеңесші; мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы және т.б. 

Кәсіби қызмет саласы

Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры білім беру саласындағы өзінің кәсіби қызметін іске асырады.

Кәсіби қызметінің нысандары

меншік   түріне   және   ведомстволық   бағыныштылығына   қатыссыз   орта   білім   беру   ұйымдарының

барлық типтері мен түрлерінде; 



техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында;

ғылыми-зерттеу және жобалау-сынақтау мекемелерінде, 

әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында; 

мектептен тыс білім беру-тәрбиелеу мекемелері және басқару салаларында қызмет ете алады.

Кәсіби қызметінің пәні



қазақ   тілі   мен   әдебиетін   оқыту   және   инновациялық   психологиялық   және   педагогикалық   әдіс-

тәсілдерді пайдалана отырып оқыту; 



жаңа зерттеу әдістері, құрал-жабдық, материалдар және сынып бөлмесі мен аудиториялар, құрал-

жабдық пен көрнекті құралдар, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар, әртүрлі қосымша материалдар

және т.б.

Кәсіби қызметінің түрлері

Кәсіби   қызмет   түрлеріне   сәйкес   күтілетін   нәтижелерге   бағытталған   жаңартылған   орта   білім   беру

мазмұнын ескре отырып оқытатын Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім бакалаврының бағдарламасы

3



мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: 

білім мен тәрбие беру саласында: 

білім алушыларды «Мәңгілік ел» құндылықтары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі

бағыттарын ескере отырып оқыту және тәрбиелеу; жаңартылған білім беру мазмұнының аясында әртүрлі

білім   беру   ұйымдарында   оқыту   мен   тәрбие   беру,   педагогикалық   үрдісті   жобалау   және   басқару,

педагогикалық қызметтің нәтижелерін коррекциялау, жобалау, диагностика жасау; 



жалпы білім беру, техникалық және кәсіби орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды оқыту

мен   дамыту,   оқыту   және   тәрбиелеу   үрдісін   ұйымдастыру;   нақты   жағдайларда,   оның   ішінде   online

режимде де әдістемелік білімдері мен танымдық дағдыларын іске асыру; 

сыни-ойлау  қабілеті   дамыған,   үш   (қазақ,   орыс,   ағылшын)   тілді   меңгерген,   өзгерімді   әлеуметтік

және  экономикалық жағдайда  өмір сүруге бейімделген,  нақты  мәселелерді шешуе алатын, жағдайды

жақсы   жағына   өзгертуге   қабілетті,     танымдық   және   рухани   жағынан   дамыған   еліміздің   мықты

азаматтарын қалыптастыру; 



қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар жүргізуде білім мен тәрбие берудің

әртүрлі әдіс-тәсілдерін таңдап қолдана білу; 



  ерекше білім алу қажеттігі бар білім берушілерге оқу-тәрбие беруде инклюзивті және саралап

оқытуды қолдану;  



 оқушылармен, ұжымдастарымен және ата-аналармен сыпайы қарым-қатынаста болу.

оқу-технологиялық қызмет саласында: 

Блумның   когнитивті   теориясының   және   дескрипторлар   құрастыру   негізінде   оқушылардың

күтілетін нәтижелерін критериалды бағалау технологияларын пайдалану; 



жарамдылық,   жүйелілік,   жалғастық,   объективтілік,   анықтық,   ұсынымдылық,   сенімділік

принциптерінің негізінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау; 



сабақтарды ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді жоспарлау негіздерін меңгеру;

оқушылардың   мета-танымдық   қабілеттерін   дамытуға   септігін   тигізетін   оқытудың   белсенді

әдістерін қолдану. 



әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында: 

білім   алушылардың   толыққанды   өмір   сүруіне,   тәрбиеленуі   мен   дамуына   қолайлы   жағдайларды

туғызу және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;



  ерекше білім алу қажеттігі бар білім берушілерді оқыту мен тәрбиелеу үшін жағымды жағдай

туғызу және оларға педагогикалық қолдау көрсету. 

 тәжірибелік-зерттеу қызметі саласында: 

қазақ   тілі   мен   әдебиеті,   педагогика,   психология   және   оқыту   әдістемесі   саласындағы   ғылыми-

зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

4



жүктеу 268,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау