Ботагариев Т. А


Гентикалық өзара байланыс



жүктеу 3,44 Mb.
бет4/18
Дата30.05.2018
өлшемі3,44 Mb.
#18494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Гентикалық өзара байланыс.

Генетикалық жағынан қазақ халқы біртұтастанған екені белгілі. Дәстүрлі қоғам кезеңінде шартты түрде үш жүзге бөлінген қазақ халқы қожа, төре, сунақ, төлеңгіт және т.б. сол сияқты шағын этникалық топтарды құрылымына кіргізгенмен өзінің этникалық келбетін ХХІ ғасырға дейін бірыңғай күйде сақтап келгені белгілі. Дәстүрлік, тілдік, антропологиялық, мәдени өзара алшақтық онша көп байқалмайды. Қытай мен Моңғолиядағы, кейін Үндістан, Ауғанстан, Иран, Түркия, содан кейін Еуропаға ауысқан қазақтар негізінен «Найман», «Керей» руларынан болса, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстандағы қазақтар Кіші жүздің «Тама», «Табын», «Адай», «Алшын», «Керейт» және т.б. руларының өкілдерін құрайды. Сондықтан қазақ диаспорасының Қазақстан Республикасындағы қандастарымен генетикалық байланыс, ұқсастық өте тереңде жатыр. Тек оған кейбір түзетпе енгізетін құбылыс некелердің көбеюі мен ұлттық нигилизмнің, ассимиляцияның көрініс беруі жатады.



Құрылымдық өзара байланыс.

Бұл байланыс этникалық «Менді» негізгі компоненттері болатын құрылымдық салалар мен бағыт-бағдарлардың ұқсастығы мен айырмашылығы арқылы анықталады. Этникалық «Менге»-тілдік, діндік, ділдік, мәдени, саяси жүйелік, дәстүрлік, дүниетанымдық қатынастарды жатқызуға болады.

Міне, сондықтан құрылымдық байланысты нығайту дегеніміз – тілді, мәдениетті, руханилықты, діни негіздерді, тұлға еркіндігін қоғамда үйлесімді дамыту болып табылады.

Қызметтік өзара байланыс.

Бұл өзара қатынастар негізінен социумдық деңгейдегі адамдардың күнделікті қажеттілігінен туындайтын мүдделерінен туындайды. Олардың экономикалық, шаруашылық, саяси, мәдени, ақпараттық, тұрмыстық сипаттары басым. Қазіргі нарықтық қатынастар адамдардың әрбір байланыстан прагматистік тиімділікті іздете бастады. Қазақ диаспорасының өкілдерімен байланыстың нығая түсуі екі жаққа бірдей тиімді пайдалы экономикалық қатынастарды өрбіту үстінде. Шет елдерде өмір сүріп, әр түрлі кәсіптің басын ұстап жүрген қандастарымыз туған жермен арадағы қатынасты экономикалық тиімділік деңгейіне дейін көтеру мақсатын қоюда.

Ерекше иаңыздылығы бар нәрсе әр түрлі мамандықты игерген, жоғарғы деңгейдегі біліктілігі бар мамандардың елімізге қоныс аударып келгеннен кейін өз қабілетін халық игілігіне жұмсауы болып табылады.

Факторлы өзара байланыс.

Бұл қатынастар көбінесе қоғамдағы кенеттен болатын өзгерістердің нәтижесінде пайда болды және құрылымдық байланыстардың алдын алатын құбылыс. Мемлекеттің геосаяси бағдары өзгеруіне байланысты құндылықтық бағдарларға өзгеріс еніп, бұрынғы деректер мен процестерге жаңаша баға беріледі. Мәселен, Кеңес Одағы кезеңінде Мұстафа Шоқай тұлғасы ұлтшылдық айдарына ілініп, Еуррпадағы қазақтарға деген көзқарас та теріс болған болатын. Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізуі арқасында бұл стереотиптік түсініктер бұзылып, олардың объективті түрде бағалануына мүмкіндіктер пайда болады. Оған қозғаушы күш болған қоғамның демократиялана түсуі, тоталитаризмнің күйреуі еді.


3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.

Қазақстан Республикасы өзі алғаш құрылған күннен бастап, қандай қиын жағдайға тап болғанына қарамастан сырттағы қандастарымызға қамқорлық жасауды назардан тыс қалдырған емес. Қазақ жеріне кезінде әр түрлі себептермен көшіп кеткен қандастарымыз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыстың өзектіліг арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Көші-қон мен демография агенттігің мәліметтері бойынша, 1991 мен 2000 жылдың аралығында тәуелсіз Қазақстан жеріне 42387 қазақ отбасы немесе 183652 адам көшіп келген. Осы қоныс аударып келгендердің 60%-і ТМД елдерінен: Өзбекстаннан-62737, Түркіменстаннан-22055, Тәжікстаннан-10476, Ресейден-8490 болса, алыс шет елдерден: Монғолиядан-65202, Ираннан-5030, Түркиядан-3780, Ауғанстаннан-1719, Қытайдан-2214, Пәкістаннан-1102 және т.б.

Елімізде «Халықтың көші-қон туралы» Заңға сәйкес шет елден көшіп келетін қандастарымыз квотамен орналастырылады. Дегенмен, жоғарыда аталған Агенттіктің мәліметтері бойынша бұл квотаның орындалуы да ойдағыдай емес. Мәселен, 1993 жылы оның орындалуы да 76,5% болса, 1994 жылы – 51,5%, 1995 – 66,6%, 1996 – 63,6%, 1997 - 56%, 1998 – 53,4%. Ал 1999 және 2000 жылдары бұл көрсеткіш Ресей мен Өзбекстаннан көшіп келушілер арқылы орындалған.

Қазақ диаспорасы бұрынғы тоталитарлық жүйеде жабық тақырып болды. Мемлекеттік тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстан үшін қазақ диаспорасы ғылыми проблема ретінде 1991 жылдан бастап Философия институтында «Қазақ диаспорасы:бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми бағдарлама шеңберінде жүйелі түрде зерттеле бастады. Бірнеше ғылыми конференциялар мен ғылыми талқылаулар осы мәселеге арналып, көптеген мақалалар мен кітаптар шыға бастады.

Қазақ диаспорасы туралы соңғы он бес жылда швед ғалымдары Линда Бенсон мен Ингвар Сванбергтің «Түркиядағы қазақ босқындары» мен «Қытай қазақтары» дейтін мақалалары «Қазақ диаспорасы. Этникалық өмір сүру мәселелері» деген атпен 1997 жылы жарық көрді. Моңғолиядағы қазақ ғалымдары Ислам Қабышұлының «Моңғолия қазақтарының тарихы», Биқұмар Кәмашұлының «Моңғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлері», қазіргі кезеңде Қазақстан азаматы, белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлының «Моңғолиядағы қазақтар», Америка ғалымы Марта Бриль Олкоттың «Қазақтар» еңбектері және тағы басқа монографиялар жарық көрді. Осылардың барлығын қазақ диаспорасының тарихи, әлеуметтік, этнодемографиялық, саяси, рухани, экономикалық, экологиялық және этномәдени мәселелерін зерттеуге үлес деп бағалаймыз.

Қазіргі нарықтық экономикасы қалыптасқан тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ диаспорасы мен оралмандар мәселесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары белсенді қызметтер атқаруда. Әсіресе, «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан-1» телеарналары бұл мәселелерге үлкен мән беріп отыр.

Газеттердің ішінде бұл тақырыпқа «Қазақстан-Заман», «Жас Алаш», «егемен Қазақстан» жиі мақалалар, сұхбаттар жариялайды.



Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-5-42 беттер

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Диаспора» ұғымын грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

  2. «Этникалық кеңістік» дегеніміз не?

  3. Менталитет дегеніміз не?

  4. Менталитет түрлері?

  5. Генетикалық байланыс дегеніміз не?

  6. Құрылымдық байланыс дегеніміз не?

  7. Қызметтік және факторлық байланыстарға түсінік бер.

  8. 1991-2000 жылдар аралығында ҚР жеріне ТМД елдерінен қанша қазақ отбасы көшіп келді?

  9. 1991-2000 жылдар аралығында ҚР жеріне алыс шет елдерден қанша қазақ отбасы көшіп келді?

7, 8, 9 дәріс

Тақырып:Қазақ диаспорасының этнодемографиясы және егемен Қазақстан.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге қазақтардың елде, егеменді республикалар бойынша, ұлттық автономиялардағы, шет елдердегі санының өсу-кемуін, алып жатқан территориясын, диаспора ретінде орнын, қазақтардың тарихи отанына орлау туралы тұжырымдамасының мақсат-міндеттерін, нәтижелерін, жетістіктері мен кемшіліктерін түсіндіру.

Тірек сөздер:Демография, этнографиялық, концепция-тұжырымдама т.б.

Негізгі мазмұны мен сұрақтар тізбесі: 1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері. 2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы. 3. Қазақтардыңі тарихи отанына қайта оралу туралы концепция-тұжырымдамасы.
1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.

І. Қазақстаннның өзінде (1991 жыл, шілде-2003 жыл, ортасы)



Облыстары

Саны

Мың адаммен (өсім %)

1

Шымкент

1 млн. 85 мың

1.430 (31%)

2

Қызылорда

540 мың

620 (15%)

3

Жамбыл

535 мың

700 (30%)

4

Семей

450 мың

490 (9%)

5

Алматы

440 мың

525 (20%)

6

Ақтөбе

430 мың

505 (17%)

7

Атырау

385 мың

425 (11%)

8

Талдықорған

380 мың

440 (16%)

9

Орал

375 мың

420 (12%)

10

Кереку

290 мың

320 (10%)

11

Алматы қаласы

285 мың

500 (70%)

12

Шығыс Қазақстан

265 мың

290 (9%)

13

Қарағанды

250 мың

280 (12%)

14

Жезқазған

240 мың

265 (10%)

15

Ақмола

205 мың

300 (46%)

16

Қостанай

200 мың

215 (7%)

17

Көкшетау

195 мың

205 (5%)

18

Маңғыстау

170 мың

250 (47%)

19

Торғай

130 мың

120 (-7%)

20

Солтүстік қазақстан

120 мың

125 (4%)

21

Республика бойынша, барлығы

6 млн. 970 мың

8 млн. 415 мың (21%)


ІІ.Егеменді республикалар бойынша (1991-2003 жылдар арасы)



Республикалар

Саны

Мың адаммен (өсім %)

1

Өзбекстан

870 мың

100+ өскен

2

Ресей

660 мың

730+

3

Түркіменстан

90 мың

100+

4

Қырғызстан

40 мың

50+

5

Украина

15 мың

12-кеміген

6

Тәжікістан

12 мың

7-

7

Беларусь

5 мың

3-

8

Гүржістан

3 мың

2-

9

Әзірбайжан

3 мың

2-

10

Молдова

3 мың

1-

11

Литва

2 мың

1-

12

Латвия

2 мың

1-

13

Айастан

1 мың

0,5-

14

Эстония

1 мың

0,5-

15

Барлығы:

1 млн. 707 мың

1.910 мың (12%)


ІІІ. Ұлттық автономияларда (барлығы кемушілік)



Ұлттық автономиялар

Саны

Мың адаммен кемуі

1

Қарақалпақстан

319 мың

300

2

Таулы Алтай

11 мың

10

3

Қалмақ елі

6,5 мың

5

4

Башқұрстан

3,7 мың

3,2

5

Татарстан

2,2 мың

2,0

6

Коми елі

2 мың

1,1

7

Саха елі

1,9 мың

1,5

8

Бурятия

1,4 мың

1,0

9

Дағыстан

0,9 мың

0,6

10

Шешен-Ингуш

0,6 мың

0,3

11

Карелия

0,5 мың

0,2

12

Қарашай-Малқар

0,2 мың

0,1

13

Тува-Хакас елі

0,1 мың

0,0

14

Барлығы

350 мың

325,0 (-7%)


ІҮ.Шет елдерде.



Елдер

Саны




1

Қытай

1 млн. 296 мың

1.500 (16%)

2

Монғолия

157 мың

150 (-5%)

3

Ауғанстан

45 мың

16-

4

Түркия

30 мың

10-

5

Иран

15 мың

8-

6

АҚШ

10 мың

7-

7

Германия

7 мың

6-

8

Канада

5 мың

4-

9

Франция

4 мың

3-

10

Пакистан

3 мың

2-

11

Англия

2 мың

1,5-

12

Швеция

1 мың

1

13

Австралия

0,9 мың

0,8-

14

Арабстан

0,8 мың

0,7-

15

Австрия

0,6 мың

0,5-

16

Аргентина

0,4 мың

0,3-

17

Үндістан

0,3 мың

0,2-

18

Барлығы

1 млн. 578 мың

1.700 (14%)

90-жылдары мен 2000-2003 жылдары қазақ халқының орташа жылдық табиғи өсімі Қазақстан бойынша 120-125 мың, бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде 140-150 мың, ал Әлемдегі барлық жиынтық санымен 165-180 мың адамға өсіп келе жатыр. Қазақтардың өз республикасы – Қазақстан ұлысында алдағы жыл өткен сайын 0,6-0,7 процентке үлес салмағы үнемі артып отыратын болады. 2002 жылдың ортасында қазақ халқының юарша саны, яғни Әлемдегі исі қазатардың толық саны 13 миллион 500 мыңға жетті.

1988 бен 1999 жылдар арасында Қазақстанда олардың табиғи өсімі 2,7 проценттен 1,1 процентке дейін азайған.

Соғыстан соңғы 55 жыл ішінде қазақтар саны демографиялық дүмпудің арқасында 1945-2000 жылы айтарлықтай 4 есе өскен болса, ендігі алда, яғни ХХІ ғасыр бойы ұдайы оның саны екі есе ғана өсе алады.

Шет елдердегі қазақ диаспорасы мен ирреденттерінің жартысы өз елі – Қазақстанға оралатын болса, онда қазақтар саны республикада 20 миллионға дейін өсіп, ал барлық тұрғындар арасында олар 75-80% құрамақшы. Бұл деген Қазақстанды біртекті унитарлық мемлекет ретінде сақтап тұруға септігін тигізеді.
2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.

Қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, әр түрлі күрделі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санының жан-жақты шоғыры мен шашырағаны жайлы, яғни Қазақстаннан тыс жердегі қазақ диаспорасы туралы айтпай кете алмаймыз.



Дисапора грек сөзі, шашыранды өсу деген мағынаны білідіреді. Басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарын репатрианттар немесе оралмандар деп атайды.Ал екі халықтың ортасында отырып, ұлтаралық өтпелі жағдайда қалған дүбараларды маргиналдар деп атайды. Екі ұлттың арасындағы некеден туған шатыстарды метистер деп атайды. Басқа жапсарлас жатқан мемлекетте болса да, бірақ өз атақонысында баяғыдан тұрып келе жатқандарды ирредент деп атайды.

Қазақ диаспорасының кең ауқымды екенін мына салыстырулар дәлелдей түседі. Айталық, өз республикасынан тыс жердегі процентінің жоғарлылығы жағынан армян мен тәжіктерден кейінгі үшінші, ал алыс шетелдегілердің жалпы саны жағынан бұрынғы Кеңес Одағында саны көп украиндардан кейінгі екінші орын қазақтарға тиді. Шетелде болса да, ирредент ретінде өз атамекенінде тұрып жатқандардың ішінде тек азербайжандарды (Ирандағы) алға жіберіп, тағы алдыңғы екінші орынға шығып отырған да қазақтар (Қытайдағы).

Қазіргі Қазақстанның территориясы бүкіл қазақтың атамекенінің немесе қазақ топырағының тек үштен екісін ғана қамтиды. Демек, қазақтың ежелгі атамекеіні 4 миллион шаршы километрге жайылып жатыр. Оның 1,2 мың шаршы шақырымының 600 мың шаршы шақырымы Ресейде, 200 мың шаршы шақырымы Орта Азияда және 400 мың шаршы шақырымы Қытайда қалды. Екі жарым көлемдегі Түркіменстандай немесе жеті Қырығзстандай болатын осындай кең жерді қазақтың өзі бөтен мемлекеттегі аз санымен меңгеріп отыра алмайды... Олар ол жерде екінші (Ресейде) немесе үшінші (Қытайда), тіптен төртінші ұлтқа айналып отыр.

Қазақ демографиясы мен диаспорасы бүгін ғана зерттеліп жатқан жоқ.... Атақты этнограф Мұхаметжан Тынышпаевтың дерегі бойынша 1915 жылы Қазақстанның қазіргі шекарасынан тыс жерлерде, атап айтқанда ішкі ресейде, қытайда, көрші Бұхар әмірлігі мен Хиуа хандығында және алыс жырақтағы Ауғанстанмен бірге ұзын саны сол кезде 700 мың болып қалатын қазақ саны бар екен.

М.Б.Тәтімовтың «Цифрлар шежіресі» атты 1988 жылы жарық көрген еңбегінде 1959 жылғы санақ бойынша қазіргі алыс-жақын он шетелдері бойынша қазақтың барлық саны 4.260 мың, соның 1.485 мың сол кездегі Қазақ КСР-ының сыртында тұратыны туралы ғылыми қорытынды жасалған. Сонда 1915-1959 жылдар аралығында іштегі қазақтар саны 1,5 есе кемісе, ал сырттағылары айтарлықтай 2 есе өскен.

Қысқаша болса да, енді қазақ халқының саны өзінің негізгі орналасқан кең аумағынан сыртқа қалай ығыса шығып кеткені туралы айтайық. Бұл тарихи ұзақ ағым алғашқыда «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі күшті жаугершілікпен басталды. Солтүстік-шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан 1723 жылы шегінен көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай шегіне, сөйтіп қазіргі Орта Азия жеріне көп санымен тереңдеп енуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы жеңіліс тауып, біржола жоқ болғаннан кейін қазақтар өзінің ежелгі шығыстағы жеріне 50 жылдан соң қайта орала бастады. Бұл ірге кеңейтіп көшу 1754 жылдан бастап, дүркін-дүркін әр қилы тарихи оқиғалармен бірнеше рет жалғаса отыра, екі ғасырға дейін созылып, тек 1934 жылы ғана, 30 жыл ойраннан соң ғана аяқталды.

Қазақ диаспорасының әрі қарай кең етек жаюына жаугершіліктен басқа отаршылдық та тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертістің өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді бабабаларымыз Солтүстік-батыстан Оңтүстік-шығысқа қарай, бұл жолы қырылмаса да, жөңкеле көшкен.

1916-1921 ж.ж. алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен әлеуметтік төңкеріс және Азамат соғысы жылдарында аштықтан қырылғандары мен оққа ұшқандары (900 мың), атамекенінен біржола көшіп кеткендері бар (200 мың), яғни барлық кемушілік миллион адамнан мол асып кеткен.

1931-1933 жылғы тікелей «қызыл қырғыннан» барлық шығын 2 млн 300 мың адам мен қызылдардың қысымынан 1.900 мыңы шетке қарай біржола үдере ауак көшкен. Қазақта «қызыл» деген сөз тек түсті ғана білдірмейді, ол «тым күшті» деген мағынаны білдіреді.

Қазақтардың 2005 жылдың басындағы барлық саны:

Қазақстанның өзінде – 8 млн. 990 мыңға тақалмақшы.

Бұрынғы Одақтас, қазіргі дербес республикаларда – 3 млн. 837мың бар.

Шалғай шетелдерде – 2 млн. 263 мың. Ал 2002 жылдың аяғы мен метистерін қосқанда исі қазақ саны 15 миллионға толады. Соның 12 миллионы «таза» қазақтар.


жүктеу 3,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау