Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет50/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70

 
113 
 
 
Проблемалық  лекция.  Бұл  лекцияда  жаңа  білім  проблемалық  жағдай, 
проблемалық  сұрақтар,  проблемалық  мәселелер  арқылы  беріледі.  Мұндай 
жағдайда студенттің «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша танымдық үдерісі 
оқытушымен бірлесіп жұмыс істегендіктен, зерттеу жұмысына ұқсайды. 
Мәселенің мазмұны оның шешімін табу жолдарын ойластырумен, дәстүрлі 
және қазіргі жаңа кӛзқарасты жинақтаумен ашылады[223, б. 243]. 
Визуальдық  лекция.  ОТҚ  (интербелсенді  тақта)  және  аудио-
видеотехника  кӛмегімен  лекция  материалдары  визуальды  формада  беріледі. 
Мысалыға,  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарының  бірі  –  «Тәуелсіз  Қазақстан» 
тақырыбы  бойынша  жасалған  тарихи  материалдарды  теледидар  жүйесінен 
жинақтап,  студенттердің  назарына  ұсынады.  Солардың  бірі  ретінде  –  1986 
жылғы  желтоқсанда  түсірілген  тарихи  деректі  фильмдерді  айтуға  болады. 
Аталған  лекцияны  мазмұнды,  әсерлі  ету  үшін  ЖОО  оқытушысының 
қорытынды  пікірінің  алатын  орны  бар.  Мұндай  лекцияны  оқу,  қарастырылған 
визуальдық  материалды  кеңейтілген  түрде  немесе  қысқаша  шолу  жасап  ӛту 
үшін керек. 
Бинарлық  лекция.  Бұл  лекция  екі  оқытушының  арасындағы  диалог 
формасында оқылатын түрі (екі ғылыми мектеп ӛкілдерінің арасындағы әңгіме 
немесе  ғалым  мен  практикант,  оқытушы  мен  студент,  т.б.)  [223,  б.  247]. 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуда  «Тәуелсіз  Қазақстан»  тақырыбын 
оқуда тарихшы оқытушы мен педагогика саласы бойынша оқытушы-профессор 
құрамының  бірлесіп,  лекция  оқуын  айтуға  болады.  Тарихшы  оқытушы 
тәуелсіздік  жӛніндегі  оқу  материалдарын  қарастырса,  педагог  сол  оқу 
материалының  астарында  жатқан  адами  құндылықтарды  студенттерге  айтып 
береді.  Сондай-ақ,  «Индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген 
экономикалық  ӛсім»  құндылығын  оқыту  үшін  экономикалық  пәндердің 
оқытушыларын лекция оқуға қатыстыруға болатынын тәжірибе кӛрсетуде. 
Алдын  ала  қателерімен  жоспарланған  лекция.  Ұсынылған  ақпаратты 
студент үнемі қадағалап отыруға (қателерді іздеуге мазмұнынан, әдістемесінен, 
орфографиялық  т.б.)  арналған.  Лекция  соңында  жіберілген  қателерге  талдау 
жасалады. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту үшін оқу материалдары сабақ 
түріне байланысты конспекті құрылымында қателікпен түзіліп ұсынылады. Сол 
қателікті  студенттер  анықтап  түзетулер  ұсынылады.  Қорытынды  сабақ  пен 
білім мен іскерлікті бақылау сабақ түрлерін студенттердің қаншалықты дұрыс 
ажыратынын кӛруге болады. 
Конференция  лекциясы.  «Тәуелсіз  Қазақстан»  (немесе  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарының  басқа  түрлерін)  тақырыбын  оқыту  бойынша  алдын  ала 
қойылған  мәселе  және  ұзақтығы  5-10  минут  баяндамалар  жүйесі  бар  ғылыми 
практикалық  сабақ  ретінде  ұйымдастырылады.  Әрбір  сӛйлеуші  логикалық 
аяқталған ойды айтады (сабақтың құрылымы бойынша). Олар оқытушы алдын 
ала  ұсынған  бағдарламаға  сәйкес  болады.  Лекция  соңында  оқытушы 
студенттердің ӛз бетінше атқарған жұмысы мен сӛйлеген сӛздеріне баға береді, 
ұсынған  хабарламаға  анықтамалар  бере  отырып,  негізгі  қорытындысын 
жасайды.  Ол  сабақтың  құрылымына,  әдістемелік  талдауға  сәйкес  сабақтың 


 
114 
 
 
дидактикалық құрылымы анықталған сабақ жобасының дұрыс, толық шығуына 
септігін тигізеді [223, б. 246]. 
Кеңес  беру  лекциясы.  Әртүрлі  сценарий  бойынша  ӛткізуге  болады. 
Біріншісі – «сұрақ-жауап» түрі. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын мектепте оқыту 
бойынша  лекция  барысында  лектор  бүкіл  курс  бойынша  немесе  әрбір 
құндылықты оқыту бойынша студенттердің сұрақтарына жауап береді [223, б. 
245-246].  Мұндай  лекцияның  екінші  түрі  ―сұрақ-жауап-сайыс‖  болып  келеді. 
Лектор әрбір жаңа ақпармен, оның ішінде құндылық түрлерімен таныстыруды 
сұрақ қою және қойылған сұраққа жауап іздеу мақсатында сайыс ұйымдастыру 
арқылы іске асырады.  
“Ми  шабуылы”  лекциясы.  Лекцияда  оқытушы  студенттердің  алдына 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  нәтижелі  оқыту  үшін  шешімі  табылуға  тиісті 
мәселені  қояды.  Олар  әрбір  құндылықты  оқу  пәні  мазмұны  бойынша  оқыту 
үшін  дидактикалық  құрылымдарды  қалай  анықтауға  болады?  Студенттер  бұл 
мәселені  шешу  үшін  ӛз  пікірлерін  білдіріп  жатады.  Мұнан  соң  студенттердің 
айтқан  ойларын  оқытушының  кӛмегімен  сарапшылар  тобы  талқылайды. 
Студенттердің  жауаптары  ретінде  тіркелетіні  [223,  б.  246-247]:  әрбір 
тақырыптың  аясындағы  тақырыпшаларды  негізгі  дидактикалық  құрылым 
ретінде  алу  немесе  жылдар  бойынша  ӛзгерістерді  назарға  алу,  фактілерді, 
оқиғаларды, т.с.с. оқу элементтерін басшылыққа алу ұсынылуы мүмкін. 
Аталған  лекцияның  негізгі  ережесі  -  кез  келген  идеяны  айтуға  рұқсат 
етіледі.  Ми  шабуылы  кезінде  идеяларды  айтуды  тоқтатуға,  сын-пікір  айтуға 
болмайды.  Барлық  идеяларды  жүргізуші  жазып  алады  және  қатысып 
отырғандарға ұсынады. Шолу және қорытынды лекцияларда, жаңа материалды 
проблемалық жолмен баяндауда аталған әдіс кеңінен қолданылды. 
Кез  келген  лекцияның  жалпы  құрылымдық  тірекшесі  -  тақырыпты  дұрыс 
қоюды  ойластыру,  лекция  жоспарын  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуге  арналған 
әдебиеттерді  ұсыну,  содан  кейін  берілген  жоспарды  лекция  барысында  қатаң 
сақтау. 
Болашақ  тарих  мұғалімін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға 
даярлауда  лекцияның  нысаны  тарих  ғылымы  тарихында  әлемдік  тарихи 
жағдайлардың  себеп-салдарлық  сипатын,  әлеуметтік-саяси  факторларын, 
қоғамдық  ӛмірдегі  мәдени  құндылықтардың,  дәстүрлердің,  әдет-ғұрып, 
нормаларды,  тарихи  кезеңнің,  оқиға  мен  құбылыстың  адамзат  ӛмірімен  халық 
тарихындағы  мән-мағынасын  ашып  кӛрсету  болады.  Осылайша,  лекциялар 
тарих 
ғылымының 
пәндік 
саласындағы 
мазмұн 
туралы 
түсінікті 
қалыптастырушы негізгі әдіс қызметін атқарады. 
Лекцияның тиімділік шарттары: 
1) оқытушының лекция жоспарын бӛлшекті қарастыруы; 
2)  оқушыларды  лекция  тақырыбымен,  мақсатымен,  міндеттерімен 
таныстыруы; 
3) ақпаратты логикалық жүйелі және сабақтастықта жеткізуі; 
4) лекция құрамындағы әрбір мәселеден кейін қысқаша түрде жалпылама 
қорытынды жасап отыруы; 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау