120
сәйкес); ұжым ішінде жобаны алдын-ала қорғау; комиссия алдында жобаны
қорғау.
Жобалау әдісі зерттеу әдістеріне жатады. Оның негізіне студенттердің ӛз
бетімен алған білімдерін құрастыруға, ақпараттық аймақта жол таба білуге,
сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай
жасайды. Жобалау әдісі студенттердің белгілі бір уақыт аралығында ӛз
бетінше, жұптасып, шағын топ болып жұмыс жасауларына мүмкіндік жасайды.
Келесі кезекте, болашақ тарих мұғалімдерінің «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
оқыту бойынша даярлығын қалыптастыруда кейс әдісінің рӛлі ерекше. Сase-
study әдісі немесе нақты жағдаят әдісі (ағыл.тілінен case – оқиға, жағдаят) –
оқытуға негізделген нақты жағдаятты (кейсті) шешу әдісі.
Нақты оқу жағдаяттарын талдау (case study) – мәселені айқындау, іріктеу
және шешу; ақпаратпен жұмыс – жағдаятта сипатталған бӛлшектердің мәнін
ұғыну; ақпараттар мен аргументтерді талдау және жинақтау; ұсыныстармен
және қорытындылармен жұмыс жасау; альтернативті бағалау; шешім қабылдау;
басқа адамдарды тыңдау және түсіну – топтық жұмыс дағдылары салаларында
дағдыны жетілдіруге және тәжірибе алуға арналған оқыту әдісі [243]. Бұл
оқыту әдістемесінің дайындық құраушыларын және ӛтілген сабаққа сәйкес
мәселені студенттер арасына салу және оны талдауға таптырмайтын әдіс болып
табылады. Себебі, мұнда студент берілген проблемалық жағдаятты нақты
шешуге әр түрлі балама ұсыну үшін білім алушы шынайылыққа жақындалған
уақиға
мен жағдаят жинағын зерттеп, талдап бағалау керек.
Әдістің негізгі мақсаты: білім алушыларды нақты мәселені шешуге
дайындау. Білім алушылар дұрыс шешімді ұсыну ғана емес, сонымен қатар
топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, шынайлықты, жеке тәжірибені
түсіну, талдау қабілеттілігі және қатер тудыратын шешімдерді ұсынуға
тырыспау қажет.
Студенттер – болашақ тарих мұғалімдері «Мәңгілік Ел» құндылықтары
бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Соның барысында
оларда
интеллектуалдық
іскерліктер
қалыптастырылады.
Зерттеуші
ғалымдардың пікірлеріне сәйкес [244] оларға тӛмендегідей компоненттерді
жатқызуға болады:
1. «Мәңгілік Ел» құндылықтарына қатысты ақпараттардың ең бастысын,
мәні барын бӛліп қарау;
2. Әрбір құндылықты сипаттайтын оқу материалын жүйелеп, оны схемада
кӛрсету;
3. Құндылықтар бойынша ӛзінің жауабында не сӛйлеу керектігін таңдау;
жауап беру кезінде салыстырулар мен қорытындылар жасау;
4. «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша алғашқы дерек кӛздерін
пайдалану және олардағы оқу материалдарын жауап беру кезінде қамту;
5. Құндылықтарды түсіну, ұғыну үшін анықтамалық әдебиеттерді
пайдалану;
6. Құндылықтарды қамтыған оқу мәтінін графикалық бейнелеу үшін
схемаларды таңдау;