Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет48/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70

 
107 
 
 
деңгейде қамтамасыз  етеді деп  білеміз  және біз  осы  кӛзқарас  тұрғысынан  оқу 
үдерісін ұйымдастыруды қолданамыз. 
ЖОО  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярдауда,  әдістемелік 
дайындықты  қамтамасыз  ететін  негізгі  пән  -  «Тарихты  оқыту  әдістемесі». 
5В011400  -  Тарих  мамандығы  студенттеріне  арналған  «Тарихты  оқыту 
әдістемесі»  пәні  бойынша  оқыту  бағдарламасының  (Syllabus)  ӛзіндік  мазмұны 
бар. 
Тарихшы  мұғалімдердің  базалық  дайындық  жүйесінде  тарихты  оқыту 
әдістемесі  пәні  маңызды  роль  атқарады.  Дидактикалық  мақсаты  –  болашақ 
тарих пәні  мұғалімдерінің  оқушылардың  тарихи  танымын  қалыптастыру  және 
әдіс негізін кӛрсету. 
Пәннің  мақсаты  -  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерінің  жалпы  орта  білім 
беретін және арнайы мектептерде тарих пәнін оқыту бойынша теориялық және 
практикалық даярлығын жүзеге асыру. 
Пәннің міндеттері: 
- тарихи білім беру мен тәрбиелік міндеттерімен таныстыру; 
-  тарихты  оқыту  әдістемесінің  теориялық  негізін  болашақ  мамандарға 
меңгерту; 
- білім берудің инновациялық түрлері туралы түсінік беру; 
- тәжірибелік іскерлікті дамыту; 
-  білім  алушылардың  қабілетін  қалыптастыру,  оларға  білім  беру  мен 
тәрбиелеу үдерісіндегі қорытындылар шығаруын қамтамасыз ету [168, б. 522]. 
Оқу  пәні  бойынша  білім,  іскерлік,  дағдылар  және  құзыретіне  қойылатын 
талаптар тӛмендегідей: 
Тарихты  оқыту  әдістемесінде  негізгі  идеологиялық  бағыттардың  тарихи 
дамуы,  ежелгі  заманнан  бастап  қазіргі  күнге  дейінгі  тарихты  оқыту  әдістемесінің 
негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері қамтылуы тиіс. 
Болашақ тарихшы мҧғалім: 

тарихты  оқытудың  әдісін  түсіну  үшін  тарихи  білімді  қолдану 
қажеттілігін; 

оқушылардың жас ерекшеліктерін; 

әдебиеттердегі жаңа мәліметтерді пайдалану керектігін; 

қазіргі заманғы оқытудың жаңашыл тәсілдерін; 

тарихи білімді оқытудың ерекшеліктерін білуі тиіс. 
Сабақ барысында игерген теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдануды, 
дәрістерді  конспектілеуді,  семинар  сабақтарына  дайындалуды,  ғылыми 
жұмыстың  алғашқы  сатыларын  және  тарихилық,  ғылымилылық  принциптерін 
жүзеге асыруды орындауы тиіс. 
Сондай-ақ,  пән  бойынша  білімдерін  есте  сақтауды  және  тереңдетуді, 
тарихи  фактілер  кешенінде  негізгісін  табуды,  дәлелденген  қортындыларды 
жүйелеуді,  талдап  қорытуды,  оқу  материалын  ӛздігінен  жинауды  және 
жалпылауды,  «Тарихты  оқыту  әдістемесі»  курсы  бойынша  білімдерді 
қолдануды,  сонымен  қатар,  тарихи  құбылыстарды  талдау  дағдыларын 
меңгеруді жүзеге асыру керек. 


 
108 
 
 
Басқа  пәндерге  қарағанда  тарихи  құбылыстардың  болжамдарын  жасау, 
әлемнің  басқа  халықтарының  дәстүрлеріне,  мәдениеттеріне  құрмет  кӛрсету 
құзыреттіліктерін жалпы мәдени және кәсіби құзыреттермен бірге игеруі тиіс. 
«Тарихты  оқыту  әдістемесі»  пәні  бойынша  негізінен  тӛмендегідей 
тақырыптар қарастырылады: 
1. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаттары 
2. Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы және тарихы 
3. Тарихты оқытудың әдістері, құралдары, тәсілдері 
4. Тарихи білім берудің құрылымы 
5. Тарих сабағындағы жоспарлау 
6. Тарих сабағы: классификациясы, түрлері, формасы 
7. Тарихты оқытудың инновациялық әдістері 
8. Сын тұрғысынан жазу және ойлау технологиясы 
9. Жоба әдісі 
10. Кейс технологиясы 
11. Модульды-блоктық оқыту технологиясы 
12. Тарих сабағында Интернет-технологияларын қолдану ерекшеліктері 
13. Тарих сабағында оқушылардың білімдерін бағалау 
14. Сыныптан тыс тарихты оқыту түрлері 
15. Тарих кабинетін рәсімдеу ерекшеліктері [168, б. 523]. 
Кӛрсетілген тақырыптар болашақ тарих мұғалімдерінің жалпы әдістемелік 
дайындығын  жүзеге  асыруға  бағытталған  деп  білеміз.  Оның  ішінде  «Мәңгілік 
Ел»  құндылықтарын  оқыту  бойынша  болашақ  тарих  пәні  мұғалімінің 
дайындығын жекелеген тақырыптарды қосу арқылы күшейтуге болады. 
Тарихты  оқыту  тәжірибесінде  оқытушылардың  ӛткен  уақыттың  барлық 
жақтарын,  атап  айтқанда,  рухани  ӛмір,  тұрмыс,  салт-дәстүр,  дін  және  әртүрлі 
халықтардың  ӛркениетке  қосқан  үлесі  сынды  салаларын  түсініп,  жеткізуге 
деген  талпыныстары  байқалады.  Сондықтан,  тарихты  оқыту  «адам  мен  қоғам 
туралы  жалпы  білім  жүйесін  құруға,  социологиялық,  географиялық  және 
психологиялық тәсілді қамтыған тарихи білім синтезін пайдалануға бағытталуы 
қажет. 
Түрлі әдіснамалық, теориялық, болжамдық ӛзгерістерді ӛзіндік ой-елегінен 
ӛткізген  кәсіби  маманның  тұлғасы  мен  білімін  дамытуға  сәйкесінше  пәндік 
білім  салаларын  оқу  міндеті  қойылуда.  Сондай-ақ,  тарих  пәні  мұғалімдерінің 
«тарихты»  оқумен  біргі  мәдениеттану,  философия,  әдебиет  сынды  ғылым 
салаларын  оқуға  ынталарының  арту  себебін  жалпы  алғанда  тарихи  үдерісті 
түсіну кӛпжақты білімді қажет етуінен деп түсіндіреді [177, с. 39-51]. 
Мектеп  қабырғасындағы  пәндерде  оқытылатын  құндылықтар  бір  пән 
мазмұнында  жүзеге  асырылып  қоймайды.  Білімді  жүйелі  қалыптастыру, 
дүниетанымдық  идеяларды  түсіну  үшін  пәнаралық  байланыстарды  орнату 
маңызды.  Пәнаралық  және  пәнішілік  байланыстарды  пайдалану  жалпы  тарих 
курсының  біртұтастығын  және  маңызды  түсініктер  мен  дүниетанымдық 
идеяларды меңгеруді қамтамасыз етеді  [229, б.3-4]. 


 
109 
 
 
Білім беруде пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ фактілер, түсініктер, 
идеялар, іскерліктер мен дағдыларға орай қалыптастырылуы қажет. Сондай-ақ, 
пәнаралық байланыстар әмбебаптық сипатта болады. Ӛйткені олардың қызметі 
мен ықпалы барлық пәндерге жалпы, ортақ болып келеді. 
Болашақ  тарих  мұғалімдерін  даярлау  мазмұнын  талдау  негізінде  біздер 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуды  жетілдіру  үшін  тӛмендегідей  курсты 
ендіруге  ұсыныс  жасадық:  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлау». 
Кӛрсетілген сағаттар дәрістерге бӛлінген уақыт мӛлшерін білдіреді. 
Кіріспе. 
І Қҧндылықтардың теориялық негіздері 
1. Құндылықтар және олардың түрлері (1 сағат). 
2.  Құндылықтардың  құзыреттілік  деңгейінде  сипатталуы.  Құндылықтар  - 
пәнаралық байланыстар мазмұнында (1 сағат). 
3. Құндылықтар – білімдік салада (1 сағат). 
4. Құндылықтар – іс-әрекет саласында (1 сағат). 
5.  Құндылықтар  –  эмоциональды-құндылық  қатынастар  саласында  (1 
сағат). 
ІІ  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтары  және  оларды  Қазақстан  тарихында 
оқыту 
6. «Мәңгілік Ел» құндылықтары және олардың тарих пәнінде қамтылуы (1 
сағат). 
7. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытудағы дидактикалық құрылымдар (1 
сағат). 
8.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуда  тарихи  оқу  материалдарын 
әдістемелік талдау (1 сағат). 
9.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытудағы  педагогикалық  жүйенің 
мазмұндық  сипаттамасы:  1)  мақсат  қою;  2)  оқыту  мазмұны;  3)  оқыту 
технологиялары (2 сағат). 
ІІІ  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтарын  оқытуға  болашақ  тарих 
мҧғалімдерінің даярлығы 
10. Болашақ мұғалімдердің «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту бойынша 
білім сфералары (1 сағат). 
11.  Болашақ  тарих  мұғалімдерінің  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту 
бойынша педагогикалық іскерліктері (3 сағат). 
12. Оқыту нәтижелерін бағалау (1 сағат). 
Ұсынылған таңдау компоненті пәні үшін дәрістерге 15 сағат, семинарға 30 
сағат  және  сәйкесінше  ОБСӚЖ  бен  СӚЖ  оқу  жұмыстарына  45  сағат 
қарастырылған.  Болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуға 
даярлау 
үшін 
оқытушылармен 
ұйымдастырылған 
семинар 
тақырыптарында басымдық берілді: 
1) Құндылықтарды оқытудағы оқу жұмыстарының түрлеріне; 
2)  Лекция  және  құндылықтарды  оқытудағы  олардың  мазмұндық 
ерекшеліктеріне; 
3) Семинар – құндылықтарды меңгерту құралына; 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау