Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет58/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70

 
131 
 
 
Құрастырушылық  іс-әрекетті  қалыптастыру  үшін  білім  алушыларға 
жағдаятты талдау үшін дайын алгоритм ұсынылды: 
1.  Тарих  пәні  сабақтарындағы  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  түрлері 
бойынша  оқу  материалдарының  және  оқу  мазмұнын,  құрылымын 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  анықтауын,  тұрғызуын  талдап 
шығыңыз; 
2.  Ақпаратты  материалдарды  оқу-тәрбие  жұмыстары  үшін  іріктеуін  және 
дидактикалық тұрғыдан қайта ӛңдеуін нақтылаңыз; 
3.  Оқу-тәрбие  жұмыстарын  қамтамасыз  ететін  ұйымдастыру  формалары 
мен әдістерін, тәсілдерін жоспарлауына және пайдалануына ұсыныс беріңіз; 
4.  «Мәңгілік  Ел»  құндылық  түрлері  (Тәуелсіз  Қазақстан  және  Астана) 
бойынша 
оқушылардың 
интеллектуалдық 
іс-әрекеттері 
құрылымын 
жоспарлауын мазмұндаңыз; 
5.  Оқушылар  үшін  «Мәңгілік  Ел»  құндылылық  түрлері  бойынша 
пәнаралық байланыс бағытында тапсырмаларды әзірлеуді кӛрсетіңіз; 
6. «Мәңгілік Ел» құндылық түрлеріне сәйкес қосымша оқу материалдарын 
таңдауына және пайдалануына, оның педагогикалық тиімділігіне баға беріңіз; 
7.  Қорытынды  шығарыңыз  және  «Мәңгілік  Ел»  құндылық  түрлері 
бойынша  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру  бойынша  құрастырудағы 
тарихшы мұғалім үшін типті жағдаятты бағалаңыз. 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту  бойынша  студенттерге  сабақ 
түрлеріне  сәйкес  жоспар,  конспект  әзірлеу  ұсынылды.  Сабақтың  негізгі 
мынадай түрлері атап кӛрсетілетін: 
1. Кіріспе. 
2. Жаңа білімді хабарлау сабағы. 
3. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағы. 
4. Жаттығу және практикалық сабақтар. 
5. Лабораториялық сабақ 
6. Қайталау-қорыту сабағы 
7. Оқушылардың  білімдерін,  іскерліктері  мен  дағдыларын  тексеру  және 
бағалау сабағы. 
8. Аралас сабақ 
 
Қазіргі  кезде  мектептерде  тарих  пәні  сабақтарының  дәстүрлі  түрлерімен 
қатар  лекция  сабағы,  семинар  сабағы,  конференция  сабағы,  пікірталас  сабағы, 
панорамалық  сабақ,  сынақ  сабақтар,  т.б.  түрлері  шығармашылықпен  жұмыс 
жасайтын мұғалімдердің ізденістерінің нәтижесінде мектеп тәжірибесінен орын 
алып отыр. 
Берілген  тапсырма  бойынша  студенттер  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқыту  бойынша  схемалар  құрастыра  білді  және  тапсырманы  орындады. 
Солардың бірі тӛмендегідей келтірілді. 
5-сыныптар  үшін  Қазақстан  тарихынан  әңгімелер  оқулығында  «Мәңгілік 
Ел»  құндылығын  оқыту,  оның  ішінде  «Қазақстанның  тәуелсіздігі  және 
Астанасы» бойынша оқу материалдарын қамту қарастырылған [74, б. 66-71]. «§ 
17.  Сақ  патшалары.  Сақтардың  тәуелсіздік  үшін  күресі»  тақырыбында  тарихи 


 
132 
 
 
кезеңдегі  тәуелсіздік  жӛніндегі  күрес  айтылған.  Аталған  тақырыпты  оқыту 
үшін  тӛмендегідей  тақырыпшалар  қарастырылған:  сақтардың  басқару  ісі,  сақ 
патшалары, парсылармен соғыс, Шырақтың ерлігі. 
Кӛрсетілген  тақырыптағы  оқу  материалдарын  суреттеу  үшін  әдістемелік 
талдау  арқылы  дидактикалық  құрылымдарды  анықтап  схемамен  беруге 
ұмтылыс жасадық және құрастырдық (сурет 5). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 5 – Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 
 
5-суреттегі схемаға сәйкес тӛмендегідей сұраққа жауап беріңіз. 
1. Басқару ісі дегенді түсіндіріңіз; 
2.  Сақтардың  Тұңғыш  патшасының  ерекшелігі  неде  және  ол  қандай  іс-
әрекеттен кӛрініс тапты? 
3.  Сақ  патшалары  жақын,  алыс  кӛршілерімен  жүргізген  қарым-қатынас 
түрлерін сипаттаңыз. 
Сақ патшалары. 
Сақтардың 
тәуелсіздік ҥшін 
кҥресі 
Б.з.б. І 
мыңжы
л-дық 
Тарихтағы 
қамтылған 
кезеңдер, 
жылдар 
Мазмұн-
дық 
сипаты 
(түсінік-
тер) 
1. Халық 
жиналысы; 
2. Ер 
адамдардың 
орнының 
анықталуы; 
3. Үш 
билеуші 
әулет; 
4. Тұңғыш 
патша әулеті 
1. Қарым-
қатынаста 
болуы; 
2.  Жорықтар 
жасауы; 
3. Парсылар-
мен  болған 
соғыстағы 
жеңуі және 
жеңілуі; 
4. Ӛз жерін 
қорғап қалуы 
1. Парсы-
лардың кек 
алуы; 
2. Парсы-
лардың сақ 
жерін тастап 
кетуіне негіз 
болған 
жұмбақ 
1. Ержүрек, 
қайсар сақ 
қойшысы 
Шырақтың 
айла-
амалмен 
барып, ерлік 
жасауы 
Сақтардың 
басқару ісі 
Сақ 
патшалары 
Парсылар-
мен соғыс 
Шырақтың 
ерлігі 
Негізгі 
мәселе-
лер 
Б.з.б. 
VІІІ-ІV 
ғғ. 
Б.з.б. 
VІ (518-
519ж 
ж.) 
Б.з.б. 
519-
518жж. 


 
133 
 
 
4.  Қазіргі  кезде  біздің  еліміздің  кӛрші  елдермен  қарым-қатынасында 
ұқсастықтардың сақ дәуірінде де орын алғандығын кӛрсетіңіз. 
5. Парсылардың кек алу үшін жасаған соғысының себебін түсіндіріңіз. 
6. Ержүрек Шырақтың Отанына деген құштарлығы жӛнінде эссе жазыңыз. 
7.  Сіздер  Шырақтың  ерлігіндей  жасалған  оқиғаларды  оқушылармен  және 
мұғаліммен бірге талқылаңыздар. 
Оқушылардың  ұғыну  деңгейі  үшін  адами  құндылықтар  жүйесін  сипаттау 
ұсынылды. Олар: ержүректік, отанын сүю, басқарушылық. 
Қалыптастыру эксперименті барысында әдістеме пәнін оқыған Серік деген 
білім  алушы  Ұлы  Отан  соғысы  туралы  тақырыпты  оқыту  бойынша  сабақ 
жоспарын  алғашқы  орындаған  тапсырмасына  қарағанда  жоғары  деңгейде 
орындай білді (үлгі тӛменде қысқаша берілді). 
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер (5-сынып) 
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рӛлі 
Сабақтың мақсаты. 
Білімділік:  оқушылар  Ұлы  отан  соғысы  дегенді  түсінеді/түсіндіреді,  осы 
соғысқа  Қазақтардың  қосқан  үлесі  туралы  сипаттайды,  «фашизм»,  «агрессия» 
ұғымдарына мағлұмат береді. 
Дамытушылық:  оқушылардың  отан  жӛніндегі  болған  күрес  бойынша 
түсінігі дамиды. 
Тәрбиелік:  Оқушылардың  Отанға,  ӛз  еліне,  туған  жеріне  деген 
сүйіспеншілігі, Соғыс ардагерлеріне деген құрметі қалыптасады. 
Сабақтың тҥрі:Компьютерлік сабақ 
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс 
Сабақтың кӛрнекілігі: Интерактивті тақта, буклет. 
Сабақтың  пән  аралық  байланысы:  дүниежүзі  тарихы,  математика, 
әдебиет, география. 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылардың 
сабаққа 
зейінін 
аударып, 
сабаққа 
даярлығын, 
қызығушылығын арттыру. 
ІІ Үй тапсырмасын тексеру 
Біздер ӛткен сабақта қандай тақырыпты қарастырған едік? 
Қазақстан  1920-1930  жж.  деген  тақырыпты  жан-жақты  талқылаған  едік. 
Қысқаша ӛткен тақырыпты тағы еске түсірейік. 
ІІ. Пысықтау сҧрақтары (Тапқыр болсаң, тауып кӛр). 
1.  1920-1930жж.  Қазақтың  қолындағы  малдың  азаюының  себебін 
түсіндіріңіз. 
2. 
Қазақстанда  Азамат  соғысы  алдында  болған  шағын  зауыт, 
фабрикалардың бұзылуының (қирауының) себебін ӛз сӛзіңізбен айтыңыз. 
3. 
Қазақстанның  жекелеген  облыстарында  адамдардың  аштыққа 
ұшырауының себеп-салдарын сипаттаңыз. 
4. 1927 жылы Кеңес елінде қабылданған бағытты еске түсіріңіз. 
Басқа да сұрақтар қойылады.  
Пән мұғалімінің толықтыру сӛзі жүзеге асырылады. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау