117
іс-әрекетін түзетуде, жаңа материалды меңгеруде, оқу ақпараттарының жеке
бӛліктерін талдауда, бақылау тапсырмаларын орындауда талап етілетін білімді
қалыптастыру.
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінде болашақ мұғалімдерге орта мектептегі
«Қазақстан тарихы» пәні мазмұнындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары
бойынша тақырыптарды зерделеу және іріктеп жазып шығу тапсырылды.
Нәтижесінде студенттер 5-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің
мазмұнын талдауды жүзеге асырды. «Қазақстанның тәуелсіздігі және
Астанасы» құндылығына қатысты 5-сынып «Қазақстан тарихы» пәні
мазмұнындағы тӛмендегідей оқу материалдарын болашақ тарих мұғалімдері
анықтады: сақтардың тәуелсіздік үшін күрестері, парсылармен соғысы,
Шырақтың ерлігі; Қазақстан территориясындағы кӛне түркілер («түркі»
түсінігі); Керей мен Жәнібек сұлтандардың бӛлінуі және ӛздерінің руларымен
Моғолстан территориясына қоныстануы, қазақ хандығының құрылуы,
жүздердің қалыптасуы, Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі;
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары; «Тәуелсіз
Қазақстан» (3 cағат): Қазақстан – егеменді мемлекет, КСРО-ның құлауы,
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы, Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз
Қазақстанның тұңғыш президенті; Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері (мемлекеттік рәміздер туралы түсінік, қазақ халқының мемлекеттік
рәміздері тарихынан, Қазақстан Республикасының рәміздері), Ата заң –
болашақ кепілі, Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы;
Астана – Қазақстанның жаңа астанасы (біздің еліміздің бас қаласы),
Қазақстан астаналары (Орынбор, Қызылорда, Алматы), 1997 жыл – Астана
қаласының еліміздің елордасы болып жариялануы. Осылайша басқа да
«Мәңгілік Ел» құндылықтарының түрлері бойынша оқу материалдарын
зерделеу мен талдау бойынша болашақ тарих пәні мұғалімдері ӛзіндік жұмыс
жасады.
Бұл әдістің тиімділігін анықтайтын факторлар арасында: мәтінді еркін
оқып түсіну; оқылатын ақпараттың негізгісін ажырата алу; жазба жұмысын
жасап, құрылымдық, логикалық схемалар құру; зерттелетін мәселе бойынша
әдебиеттерді іріктеу сынды дағдыларды атауға болады.
4. Практикалық әдіс. Бұл әдіс студенттердің тәжірибелік іс-әректетіне
негізделген. Оқу процесінде оның кӛмегімен тәжірибелік дағды және қабілет
қалыптасады (Пидкасистый П.И., 1998). Тәжірибелік әдістерге жаттығу,
лабораториялық және практикалық жұмыстарды жатқызуға болады.
Бірінші кезекте, студенттердің теорияны практикада қолдану дағдысы
тұрады. Аталған әдіс білім мен дағдыны тереңдете түсуге бағытталған,
сонымен қатар, студенттің танымдық белсенділігін ынталандыруға,
тапсырманың шешімін бақылау мен түзетуге мүмкіндік береді. Практикалық
сабақта оқушылардың танымдық іс-әректі бес кезеңнен ӛтеді:
1) оқытушының түсіндіруі. Жұмысты теориялық пайымдау кезеңі.
2) кӛрсетілім. Таныстыру кезеңі.
118
3) сынақ. Бұл кезеңде екі үш студент жұмысты орындайды, ал басқалары
бақылап отырады және егер жұмыста қателіктер кетсе, оқытушы
басшылығымен ескертулер жасайды.
4) жұмысты орындау. Бұл кезеңде әркім ӛз бетінше тапсырманы
орындайды. Оқытушы тапсырманы орындауға қиналатын студенттерге кӛбірек
назар аударады.
5) Бақылау. Бұл кезеңде оқушылардың жұмысы қабылданып, бағаланады.
Орындалған жұмыстың сапалылығы, уақытты, материалды ұтымды
пайдалануы және дұрыс, жылдам орындауы есепке алынады.
Осы жұмыстың шеңберінде практикалық әдістің: 1) жаттығу; 2)
практикалық жұмыс сынды түрлері қолданылады. Практикалық әдістің ішінде
жаттығу жоғары тиімділігімен ерекшеленеді. Жаттығу – сапаны меңгеру немесе
дамыту мақсатында жоспарлы ұйымдастырылған, қайталамалы іс-әрекетті
орындауды білдіретін оқыту әдісі (Подласый. И.П., 2000). Бұл әдістің тиімділігі
дағды мен қабілетті қалыптастыру мен еркешеленеді. Жаттығуды оқу әдісі
ретінде қазіргі заманғы жіктеуде арнайы, туынды және түсіндірмелі деп бӛледі.
Арнайы жаттығу деп оқу және еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған
бірнеше рет қайталанатын жаттығуды атайды. Егер арнайы жаттығуға бұрын
қолданылған іс-әрекет енгізілсе, онда оны туынды жаттығу деп атаймыз.
Туынды жаттығу бұрын қалыптасқан дағдыны қайталауға және нығайтуға
мүмкіндік береді. Түсіндірмелі жаттығу оқу процесі белсенділігі мен сабақ
тапсырмасының саналы түрде орындалуына жағдай жасайды. Бұл әдістің мәні
оқытушы мен оқушы орындаған іс-әрекетін түсіндіруінде және соның
нәтижесінде олар қажетті білімді меңгереді, саналы түрде түсінеді.
Оқу процесінде жаттығуды тиімді жүзеге асыру мақсатында бірнеше
талаптар қойылады. Оған: 1) оқушының оқу іс-әрекетінің сапасын кӛтеруге
саналы түрде бағытталуы; 2) оқушылардың іс-әрекетті орындау ережелерін
білуі; 3) іс-әрекет орындалуы керек жағдайда бақылау және ӛзіндік есеп беру;
4) қол жеткізілген нәтижелерді ойша пайымдау; 5) іс-әрекетті және қайталауды
уақыт бойынша ретпен қою.
Тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтарына
бағдарлау мен әдістемелік пәндерінің ерекшелігіне сәйкес жаттығудың
келесідей түрлерін қолдануға болады:
1. Жазбаша жаттығу, студент білімінің нағаюы мен дағдының қолданылуы
үшін пайдаланылады. Бұл жаттығу логикалық ойлаудың дамуына, жазу
мәдениетінің ӛзіндік жұмыс жүргізу қабілетінің қалыптасуына мүмкіндік
береді.
2. Графикалық жаттығу негізінде студент схема, кесте, график құрастыру
дағдысын меңгереді, сонымен қатар бұл жаттығу жазбаша түрде жасалып, оқу
ақпаратының жақсы қабылдануына пайымдау және есте сақтаудың жетілуіне
жағдай жасайды.
3. Оқу еңбек жаттығуы еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік беріп,
ӛндірістік еңбекке баулиды; Бұл жаттығудың мақсаты оқушылардың кәсіби іс-
Достарыңызбен бөлісу: |