Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 қарашада №4241 болып енгізілді «Бизнестiң жол картасы 2020»



Дата23.11.2018
өлшемі53 Kb.
#23836
түріБағдарламасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «21» қазандағы

№ 280 қаулысымен

бекітілген


Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 қарашада № 4241 болып енгізілді
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут;

2-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексеруі, жобаны алдын ала қарауы, көрсетілетін қызметті алушының басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысуын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні;

5-іс-қимыл – ӨҮК отырысын өткізу. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні;

6-іс-қимыл – ӨҮК хатшысының ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдеуі, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО-на жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.



  1. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хат болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын келісу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысын өткізу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету/көрсетпеу себептері көрсетілген ӨҮК-ның ресімделген хаттамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК хаттамасынан көшірме болып табылады.





  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:

1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі;

2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;

5) ӨҮК хатшысы.

8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні;

5) ӨҮК отырысы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

6) ӨҮК хатшысы ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдейді, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені, ілеспе хатты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға береді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;



7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО-на жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау