Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет30/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70

 
68 
 
терең  тарихын,  тӛл  мәдениетін  және  ұлттық  салт-дәстүрлерді  меңгеруін 
түсінеміз. 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарына  сәйкес  тәрбие  мазмұнын,  әдіс-тәсілдерін 
іріктеп,  оқушылардың  жас  және  дара  ерекшеліктеріне  байланысты  оқыту 
үдерісіне  енгізу  арқылы  ұлттың  тұнып  тұрған  асыл  мұралық  рухани 
байлығынан  болашақта  ел  билейтін  ұрпақтарды  ұлтжандылылық  пен 
отаншылдыққа  баулып,  ӛз  халқын,  ӛз  мемлекетін  кӛздің  қарашығындай 
қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. 
Әрбір халықтың ӛзінің тарихи, рухани және мәдени тӛлтума қасиеттеріне 
бойлауы  арта  түсуде.  Бірақ  осындай  ұмтылыстар  басқа  халықтардың 
мүдделеріне  нұқсан  келтірмеуі  тиіс.  Сондықтан  Қазақстанның  ӛркениет  ӛріне 
бастар  бағыты  –  адамгершілік-ізгілік  қасиеттерге  негізделген  ұлттық  тәрбиеге 
табан тірейді [184]. 
Жоғарыдағы мазмұндаулар білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие мақсаты мен 
бүгінгі күнгі міндеттерін анықтайды және жүзеге асырылуына бағдар береді. 
Оқыту мазмҧны. Тарих пәнінің мазмұны және оны оқыту жӛнінде әртүрлі 
пікірлер,  кӛзқарастар  бар.  Оқушылардың  білім,  іскерлік  (дағды)  және  жеке 
тұлғалық  сапасына  қойылатын  талаптар  білім  беру  (оқыту)  мазмұнында 
анықталған. Олар негізінен: «білуі тиіс», «орындауы тиіс», «меңгеруі тиіс» деп 
кӛрсетіледі. Сондай-ақ, олар теориялық мағлұматтарды меңгеруде сӛз-талаптар 
кӛмегімен  толықтырылады:  «біледі»,  «ашып  кӛрсетеді»,  «түсіндіреді», 
«сипаттайды»,  «баяндайды».  Сол  сияқты  ҚР  Үкіметінің  №1080  қаулысында 
мектеп  оқушылары  пәндік  құзыреттерді  меңгеру  тиіс  екендігі  және  білімді 
меңгеруге  қойылатын  талаптар  анықталған  [185].  Сол  талаптар  біздің  зерттеу 
жұмысымызға бағдар болып табылады. 
Мектеп  тарих  курсының  мазмұнын  анықтау  және  нақтылау  бойынша  да 
зерттеу  жұмыстары  жүргізілген.  Елімізде  мектеп  тарих  пәнінің  мазмұны 
бойынша зерттеу жүргізген Б.К.Абдугулованың «Жалпы білім беретін мектепте 
Қазақстан  тарихын  оқытудың  дидактикалық  негіздері»  тақырыбындағы 
ғылыми-зерттеу  жұмысы  [80].  Ізденуші  зерттеу  жұмысы  бойынша  «Қазақстан 
тарихынан тарихи білім беру» тұжырымдамасын әзірлеген, жалпы білім беретін 
мектепте тарихи білім берудің мазмұндық үлгісін жасаған және пәнді оқытудың 
дидактикалық жүйесін айқындаған. 
А.Ш.Журасова  ӛзінің  «Тарихты  оқыту  әдістемесі»  оқу  құралында  тарихи 
білім  берудің  мазмұнын  құрайтын  негізгі  оқу  элементтерін,  материалдарын 
түсінікті  баяндай  білген  [66].  Сонымен,  тарихи  білім  берудің  мазмұнының 
басты элементі – білім. Себебі тарихи білім – дүниетанымды қалыптастырудың 
басты  құралы.  Тарихты  оқи  отырып  оқушы  әртүрлі  даму  кезеңдеріндегі 
адамдармен,  заттармен,  оқиғалармен  танысады.  Қоғамдық-тарихи  үдеріс 
кеңістік  пен  уақыт  аралығында  жүзеге  асатын  болғандықтан,  уақыт  бойынша 
фактілерді анықтау – хронология білімін, ал кеңістік арқылы анықтау – тарихи 
география білімін талап етеді. 
А.Ш.Журасованың  жазуы  бойынша  жалпы  тарих  білімінің  бірнеше 
компоненттері болады, олар [66, б. 38]: 


 
69 
 
1.  Тарихи  түсінік  (нақты  образдар  арқылы  оқиға,  хронологияның 
танылуы); 
2.  Тарихи  ұғым.  Тарихи  фактілер  туралы  образдар  қалыптасқаннан  кейін 
барып оқушы оның мәнін, олардың арасындағы байланысты анықтауға, тануға 
кӛмектеседі;  
3.  Тарихи  үдерістің  заңдылық  ұғымы  тарихи  фактілерді,  тарихи  үдерісті 
ұғым, заңдылық жүйесі арқылы беру. 
Тарих  ғылымындағы  фактілер  мен  ұғымдар,  категориялар  мен 
заңдылықтар жүйесі мектептегі тарих курсында ғылымилық ұстанымы ретінде 
мазмұндалады. Тарих бағдарламаларының негізгі компоненттері болып тарихи 
білімнің тақырып, курс, бӛлім бойынша баяндалуы қарастырылады. 
И.Я.Лернер «Развитие мышления учащихся в процессе обучения истории» 
деген  еңбегінде  тарихи  ұғымның  тӛмендегідей  жіктелуін  және  оқытуды 
анықтаған: 
- факті, есім, атау, даталарды (фактологиялық білім) білу; 
- теория, идея және ұғымдарды (теориялық білімдерді) білу; 
- әрекет құралы мен біліктерді білу
- бағалау ұстанымдарын білу (білімнің құндылығы) [186, с. 35-36]. 
Мектеп  тарих  пәні  мазмұнын  оқу  материалдары  және  оларды  тарихи 
ұғымдар түзеді. Ұғым тарихи материал мазмұнына сәйкес оларды тӛмендегіше 
топтастыруға болады (3 - кесте). 
 
3 – кесте – Тарихи материалдарға байланысты ұғым түрлері 
 
Ұғымдар 
Сипаттамалары 
Экономикалық 
әртүрлі тарихи кезеңдегі еңбек құралы мен шаруашылық ӛмір туралы 
түсініктер, экономикалық үдерістер мәнін қамтиды. 
Әлеуметтік-саяси 
мемлекеттің  саяси  құрылымы  мен  әлеуметтік  қатынастар,  мемлекет 
формалары т.б. білдіреді. 
Шартты-
жағдаяттық 
әлеуметтік  топ  күресінің  дамуы  мен  оның  қалыптасу  жағдайларын 
ашатын ұғымдар болып табылады. 
Тарихи-мәдени 
ӛркендеу  мәдениеті,  материалдық  және  рухани  мәдениет  түрлерін 
сипаттайды. 
Идеологиялық 
дін, утопия, фашизм т.б. мәнін ашады. 
 
3-кестеге сәйкес ұғымдар тарихи кезеңдердегі болмысты сипаттауда негізгі 
құраушы элементтер болып табылады. 
Ұғымдарды  қамту  деңгейін  үш  топқа  бӛлуге  болады,  олар:  жеке  тарихи, 
жалпы  тарихи  және  әлеуметттік  ұғымдар.  Сондай-ақ,  қалыптасқан  ұғымдар 
терминдерде бейнеленеді. Ұғымды игеру үшін қарастырылған терминнің ұғым 
белгісін ашып тұруын назарда ұстау керек. Сол себепті де тарих және басқа да 
пәндердің  мазмұнын  түзуде  және  зерделеуде  осындай  ішкі  бірліктерге  баса 
басымдық беріледі.  
Егемендік  алғаннан  кейін  елімізде  1992/1993  оқу  жылынан  бастап 
Қазақстан  тарихынан  орта  мектепке  арналған  тӛл  оқулықтар  жазылып,  жарық 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау