75
немесе құндылық мағынасының дұрыстығы туралы дәлелдеуге болатын
фактілерді жинақтаумен ынталандырылады [39; 193].
Оқыту мазмұны мен әдістеріне қатысты М.И.Махмудов ««Мазмұн-
әдістер» жүйесінде бірінші элемент жетекші болып табылғандықтан, сабақтарға
ғылыми негізделген дайындық оқып үйренуге жататын білімдер жүйесі терең
және жан-жақты талдаудан (мұғалім бір сабақты немесе сабақтар жүйесін
жоспарлауға кіріскен, кіріспегеніне байланысты емес) басталуы керек екенін
тәжірибе кӛрсетіп отыр» - деп атап кӛрсете келіп, оқу материалын талдауды
тӛмендегі схема бойынша жүргізген жӛн екендігін айтады [194]: а) ұғымдық
талдау; ә) логикалық; б) психологиялық; в) оқу материалының тәрбиелік
маңыздылығын талдау және г) дидактикалық талдау. Бұл ӛз кезегінде оқыту
әдістерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
К.Д.Ушинский тарихи білім беруде, тарихты оқытуда оқиғаның тууы мен
фактілерді, атаулар мен мерзімдерді айтып қоймай оларды адам ретінде танып,
олардың адамгершілігі мен ақыл-ойын жетілдіруді де кӛздеу керектігін атап
кӛрсетеді [195, с. 244].
Ғалымдардың тұжырымдауынша тарихи және логикалық ойлау тығыз
байланыста қарастырылады (М.И.Кругляк, И.Я.Лернер, т.б.). Оқушылардың
ойын дамытудың негізгі түрі – логикалық тәсілдерді игеруге негізделген
шәкірттердің тәжірибелік, ӛзіндік әрекеті саналады. Ондай әдістер:
- талдау – белгілі зерделейтін құбылысты бӛлшектеу, бӛліктеу арқылы
оқып үйрену;
- жинақтау – бӛлшектерді, пәндерді біртұтас бірлікте, олардың арасындағы
ӛзара байланыста оқып үйрену, себеп-салдарлық
байланысты орнату;
- салыстыру – пәннің, құбылыстың ұқсастығы мен ерекшелігін анықтау.
Ф.П.Коровкин «Вопросы научно-методического обоснования учебника
истории древнего мира в средней школе» еңбегінде мектепте тарих
курстарында оқу материалын іріктеуде оқушылардың білім меңгеру
ерекшелігін жаңаша шешті [196].
И.Я.Лернер тарихи ойлаудың дамуында логика маңызды рӛл атқарады,
бірақ тарихи ойлау логикалыққа алып келмейді дей келе, «Оқушылардың
тарихи ойлауын қалыптастыру қажет» - деп біледі [186, с. 163].
Кез келген пәннің оқу материалдарын ұғындыру ұғымды меңгертумен
байланысты. Ұғымдарды тиімді қалыптастыру үшін мынадай әдіснамалық
талаптарды сақтау қажет [66, б. 49]:
1. Ұғымды қалыптастыру үдерісінде нақты түсініктер мен образдардың
ролін ескеру;
2. Терминдерді алдын ала енгізу мүмкіндігі мен оны кейін жүйелі түрде
ашу белгілерін ойластыру;
3. Фактілерді жүйелі және ӛзара
байланыста игеру, оны теориялық тұрғыда
қорыту;
4. Теориялық ұғымдарды жекелей емес бұрыннан бар белгілермен
байланыста оқыту.