65
Білім берудің басты мақсаты - оқушыны жеке тұлғалық дамыту. Қазіргі
уақытта, білім беру деп, үдерісті, сонымен қоса тиімді құрылған оқыту мен
тәрбие арқылы адамның даму нәтижесін түсіну қабылданған.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдың білім беру саласы негізгі үш ерекшеліктен
тұратынын байқауға болады. Олар:
- біріншіден, адамдар ӛмір бойы алған білімдерін жаңғыртып, дамытып
отырады;
- екіншіден, оқушының жас, ой, мүмкіндік ерекшеліктеріне қарай білім
беріледі;
- үшіншіден, бүкіл білім беру жұмысы халықаралық деңгейде басқалармен
қатар, қат-қабат іске асырылады. Білім бәсекеге сәйкес, қазіргі кезеңнің
талабына сай жұмыс істеуге бағытталады. Бұл ерекшеліктер қазірдің ӛзінде
байқалып келеді [179]. Ал, ресейлік ғалым Б.С.Гершунский [31, с. 23] білімді
кем дегенде тӛрт аспектіде анықтау мүмкін деп біледі:
- білім – құндылық;
- білім – ол жүйе;
- білім – бұл үдеріс;
- білім – бұл нәтиже.
Білім сияқты, құндылықтардың қалыптасу үдерісі, қоғам дамуының
экономикалық, технологиялық, мәдени, әлеуметтік үдерістерімен ӛзара
байланысты.
Білім беруде оқушыларға құндылықтарды оқыту педагогикалық жүйемен
жүзеге асырылатыны белгілі. Педагогикалық жүйе – бұл элементтердің ӛте
сенімді және берік байланыстарының бірлігі. «Педагогикалық жүйе
құрылымдық-функционалдық талдау деңгейінде ӛзара байланысты құраушылар
жиынтығы ретінде ұсынылуы мүмкін: педагогикалық үдерістің субъектілері,
білім беру мазмұны (жалпы, базалық және кәсіби мәдениет) және материалдық
база (құрал)» [180, с. 43] деген тұжырымның да әдістемелік маңыз жоғары.
Тарих пәні мұғалімің кәсіби іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену біртұтас
педагогикалық жүйе мен үдерістің мәнін зерделеуді қажет етеді.
Педагогикалық жүйені күрделі жүйеге жатқыза отырып Ф.Ф.Королев олардың:
тұтастық, сыртқы ортамен ӛзара байланысы, кӛпдеңгейлік сипаты болатынын
атап кӛрсетеді [181]. Ғалымның пікірінше педагогикалық жүйенің барлық
деңгейде қалыпты жұмыс жасауы үшін басқаруды ғылыми негіздеу талап
етіледі деген тұжырым жасайды.
Педагогикалық үдеріс педагогикалық жүйе құраушылары кӛмегімен
жүзеге асырылады. Педагогикалық үдеріс Н.Д.Хмельдің анықтауы бойынша:
«бұл ұстаздардың белсенді қатысуымен және басшылығымен барлық мәдени
құндылықтарды, еңбекке дайындықты меңгеруге бағытталған оқушылардың
ӛзара бірлескен әрекеті» [182, с. 8]. Ғалымның пікірі бойынша, педагогикалық
үдеріс мазмұны қоғамдық қызығушылық пен қажеттіліктен туындайтынын айта
келіп, оған қатысатындар: педагог пен оқушы және оның: мақсаты, міндеттері,
мазмұны, құралдары, формалары, әдістері мен тәсілдері, оқушыларға берілетін
тапсырма сияқты құраушылары болатынын дәйектеген.
66
Педагогикалық үдерістің жүзеге асырылуы үшін жүйе құраушы ретінде
бірқатар белгілері анықталған [183, б. 89-90]. Олардың ішінен негізгілерін
атауға болады: педагогикалық үдерісте мұғалімнің басқару объектісі
оқушылардың іс-әрекеті болып табылады; іс-әрекеттің барлық элементтері
(мақсат, міндеттер, мазмұны және т.б.) жүйелі ӛзара байланысты болады.
Педагогикалық үдеріске берілген анықтамалардан олардың бірқатар
қасиеттерін
атап
кӛрсетуге
болады:
педагогикалық
үдеріс
оған
қатысушылардың
арасындағы
іс-әрекеттер
алмасуымен
анықталады;
ынтымақтастықтың орын алуы іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарты
болады; «ұстаз-оқушылар» педагогикалық үдерістегі ішкі жүйені анықтайды;
педагогикалық үдеріс барысында әртүрлі деңгейлі кіріктіру жүзеге асырылады
[183, б. 90]. Сонымен қатар, педагогикалық үдерісте «ұстаз-оқушылар»,
«оқушы-оқушылар» жүйесі мектепте басты мәнге ие болып табылады.
Мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын педагогикалық үдеріс моделін
тӛмендегідей елестетеміз (сурет 2).
Сурет 2 – Оқушыларға құндылықтарды оқыту үдерісінің үлгісі
2-суретке сәйкес оқушыларға құндылықтарды оқытудағы педагогикалық
үдерістің құраушыларын тӛмендегідей сипаттауға болады:
1. Оқытудың мақсаты: оқушыларға құндылықтарды оқыту.
2. Мұғалім іс-әрекеті: оқушыларға құндылықтарды оқытудағы мұғалімнің
оқу жұмыстарын ұйымдастырудағы педагогикалық қызметі.
3. Оқыту мазмұны: құндылықтарды оқытуда басшылыққа алынатын: ҚР
«Білім туралы» заңы, тұжырымдамалар, білім беру стандарты, «Қазақстан
Оқыту
мақсаты
Мұғалім іс-
әрекеті
Оқыту
құралдары
Оқыту
әдістері
Оқыту
мазмұны
Оқытуды ұйымдастыру
формалары
Оқушының оқу
іс-әрекеттері
Нәтиже
67
тарихы» пәнінің типтік, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік әдебиеттер,
тәрбие жұмысының бағдарламалары, т.б. құжаттарын басшылыққа алады.
4. Оқыту әдістері: құндылықтарды оқытудағы мұғалімнің оқыту әдістері,
екіншіден, оқушының құндылықтарды (ұлттық, рухани) меңгерудегі оқу
әдістері, білімді және іскерлік, дағдыны игерудегі әдістер; логикалық және
техникалық тәсілдер.
5. Оқытуды ұйымдастыру формалары: оқу жұмыс түрлері және олардағы
оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру түрлері.
6. Оқыту құралдары: оқу, ойын, қарым-қатынас, оқытудың техникалық
құралдары, т.б. алынады.
7. Оқушылардың оқу іс-әрекеттері: оқушылардың құндылықтарды
зерделеудегі, меңгерудегі оқу жұмыс түрлерін орындауы.
8. Нәтиже: оқушылардың құндылықтарды (ұлттық, рухани) меңгеруі.
Сонымен
біздер,
педагогикалық
жүйе
құраушыларына
сәйкес
құндылықтарды оқыту құраушыларының негізгілерін тӛменде сипаттайтын
боламыз. Себебі, олар болашақ тарих мұғалімдерін даярлауға бағдар болып
табылады.
Оқыту мақсаты. Педагогикалық үдерістің бастапқы буыны – оқыту және
тәрбие мақсаты. Қазіргі талапқа сәйкес оқыту мақсаты қол жетімді болуы тиіс.
Біздің жағдайымызда педагогикалық, оның ішінде оқыту үдерісінің мақсаты:
пән тақырыптарына сәйкес әрбір сабақтың мазмұнында «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқытуды жүзеге асыру.
Оқыту мақсаты «Білім туралы» заңның білім беру жүйесінің басты
міндетінен туындайды. Аталған міндеттер «Білім туралы» заңда: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар
жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты ӛмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-ӛрісін
байыту» - деп атап кӛрсетілген [1]. Кӛрсетілген міндеттерді жүзеге асыру
бірқатар шарттардың орындалуына байланысты болып табылатындығын
кӛрсетеді, оның ішінде оқыту технологиясын жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін
гуманистік негізде ұйымдастыру, т.б.
Аталған заңда кӛрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін мектептегі оқу-
тәрбиенің негізгі міндеттері ретінде: әрбір оқушыны ұлт алдында тұрған
мәселелерді кӛруге және шешуге даярлау; ғасырлар бойына ӛз халқының қол
жеткізген жетістіктерін бағалауға үйрету; ата-баба салтын, дәстүрін, әдет-
ғұрпын оқу-тәрбие үдерісіне ӛзек ету; мектептің тәрбие жүйесін ұлттық
тұрғыдан ұйымдастыруды негіздеу және жүзеге асыру.
«Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде оқушыны оқыту мен тәрбиелеу
ұлттық тәрбиеге басымдық беру мен ұлттық тәрбие негізінде іс-әрекеттерді
ұйымдастыруды қарастырады. Зерттеулер мен тұжырымдауларға сәйкес ұлттық
тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін,
Достарыңызбен бөлісу: |