86
Бұл қажеттілік болашақ мұғалімдерден педагогика, психология, пән
әдістемесі ғылымдары бойынша арнайы кәсіби даярлықты талап етеді. Әлемдік
білім беру жүйесінде озық тәжірибеге қол жеткізу үшін түрлі кәсіптік білім
беру бағдарламаларының жоғары деңгейін қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Ерекшелік ретінде еліміздің білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқыту талап етіледі. Бұл мәселе тарих пәні мұғаліміне және
оларды даярлау үдерісіне тікелей қатысы бар. Сол себепті де, бұл мәселені
болашақ
мұғалімдерді даярлауда жобалап, дұрыс жүзеге асыру қажет.
Ұстаз жӛнінде ұлы ойшыл Әбу Насыр әл Фарабидің [211] «Ұстаз
тумысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, кӛрген, естіген және
аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын,
алғыр да зерек ақыл иесі, ӛте шешен, ӛнер–білімге құштар, аса қанағатшыл,
жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі кӛрсететін, қорқу мен
жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деген пікірінің білім
сапасын кӛтерудің негізгі тетігі – ұстазға, оның теориялық білімі мен кәсіби
шеберлігіне және ғылыми, педагогикалық шығармашылық қызметіне де
қатысты.
Студент – болашақ мұғалім, таным мен іс-әрекеттің субъектісі ретінде
ондай дәрежеге педагогикалық үдеріс барысында қол жеткізеді, іс-әрекет
тәсілдерін меңгере отырып, мамандығына қажетті білімдерді әлеуметтік
тәжірибе
жиынтығы ретінде меңгеріп, қаруланады.
Қазақстандық ғалым Н.Д.Хмель ӛзінің монографиялық еңбегінде
мұғалімнің кәсіпқойлығы мен оның іс-әрекет объектісінің ерекшеліктері білімі
арасындағы байланысын негіздеген және тұтас педагогикалық үдерістің мәні,
оның кіріктірілген сапасы мен қасиеттері ашып жазылған. Сондай-ақ еңбекте
болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың негіздері кеңінен қарастырылған [45].
Бұл ғылыми жұмыс мұғалім даярлауда басшылыққа алынатын басты еңбектің
бірі ретінде қарастырылады.
Белгілі психолог-ғалым А.Н.Леонтьевтің «Жеке тұлғаның жетістіктері мен
кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен кӛрінетін тек ӛзіне ғана тән
даралық белгілері оның ӛзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы,
мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің кӛрінуіне
де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, ӛмірдің
алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын
арттыра түседі» [212] деген тұжырымы тарих пәнінің мұғалімінің қызметіне де
тән. Ӛйткені, жеке тұлға ӛзіне тән ерекшеліктерімен дараланады. Тұлғаның
ондай
ерекшеліктеріне
сенімі,
дүниетанымы,
мұраты,
бейімділігі,
қызығушылығы, қабілеті, талғамы мен кӛзқарасы сияқты қасиеттер жатады.
Ал, психолог Б.Г.Ананьевтің «Адам – физиологиялық, психологиялық
жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде
жануарлар дүниесінен бӛлініп шығып, бір-бірімен тілдің кӛмегімен қарым-
қатынас жасайтын, дүниені танып білетін, оны ӛзгертетін және еңбек
құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның ӛмірдегі кӛрінісі
физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық