62
2
БОЛАШАҚ
ТАРИХ
МҦҒАЛІМДЕРІН
«МӘҢГІЛІК
ЕЛ»
ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫН
ОҚЫТУҒА
ДАЯРЛАУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқыту – болашақ тарих
мҧғалімдері кәсіби іс-әрекетінің нысаны
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан зайырлы
мемлекет болып табылады. Еліміздегі білім беру жүйесі де зайырлы сипатқа ие.
Зайырлы демократиялық мемлекет ретінде халықаралық стандарт деңгейінде
адам құқықтары туралы Конвенцияға қол қойып, әлемдік білім кеңістігіне
енуіміз, жалпыадамзаттық білім кеңістігінде мәдениетті тұлға тәрбиелеуді
қажет етеді. Мәдениет ауқымы кең, күрделi, кӛпқырлы құбылыс. Оны кең
мағынада құндылықтар жүйесi деп түсiнуге болады [123, б. 74-77]. Сонымен
қатар, оқушы тұлғасы мектеп қабырғасынан бастап оқыту үдерісінде,
құндылықтар жүйесінде пәндік, жалпы құзыреттерді меңгеру тиіс.
Мәдениет – материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы болып
табылады. Мәдениет – қоғамдық құндылық, ол үнемі сараланып, кӛпшіліктің
санасында тұрақталып, ұзақ уақыт тәжірибе сынынан ӛтіп түйінделетін мұра.
Заман талабына сай бүгінгі педагогика ғылымының алдындағы басты
міндеттердің бірі – педагогиканы жалпы әлемдік құндылық деңгейіне (адамды
сүю және оның бостандығын сақтау) кӛтеруге әрекет жасау және адамзаттық
мұратты құру болып отыр. Бұл міндетті іске асыру үшін баланы табиғат және
мәдениетпен үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін:
- ақиқат;
- сүйіспеншілік;
- дұрыс
әрекет ету;
- жүзеге
асырылған тыныштық;
- қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды білім
беру үдерісінде ескеру керек.
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы әлеуметтік-
экономикалық ӛзгерістер, ғаламдану үдерісінің бірқатар мәселелерді
туындатқандығын анықтаған және ол аталған министрлік бекіткен құжатта
кӛрініс тапқан [172].
Білім беру жүйесінде орын алған кемшіліктерді жою мақсатында тәрбие
тұжырымдамасында, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаттары мен
міндеттерін іске асыруда тәрбие жұмысының басым бағыттары анықталған
[172, б. 10]:
- жаңа қазақстандық патриотизм
және азаматтық тәрбие;
- рухани-адамгершілік тәрбие;
- ұлттық тәрбие;
- зияткерлік тәрбие;
- еңбек тәрбиесі және кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау;
- дене
және психологиялық тәрбие, саламатты ӛмір салты;
- экологиялық тәрбие;
63
- кӛпмәдениетті тәрбие;
- кӛркем-эстетикалық тәрбие;
- кӛшбасшылық
қасиеттерді дамыту;
- отбасы тәрбиесі.
Аталған тәрбие тұжырымдамасының тұжырымдамалық негіздері ретінде
тӛмендегілер алынған [172, б. 2]:
– Қазақстанда тұлға мінез-құлқының дұрыс
мотивациялық-құндылық аясы;
– оқушы жастарда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы,
толеранттылықты және кӛшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың ӛсіп
отырған деңгейін;
– жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін,
ана тілі мен мемлекеттік тілге
және этномәдениетке құрметті;
– рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда
отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
– ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде
қатысуды, табысты әлеуметтенуді, ӛз бетінше білім алуды және ӛзін жүзеге
асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Атап ӛткендей, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы бағыты
білімді, адамгершілікті, жігерлі, кӛшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау
жағдайында ӛздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және
мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі
бар, «Мәңгілік Ел» - Қазақстан-2050 Стратегиясының басты мақсатына қол
жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталғандығын
кӛруге болады.
Мемлекет басшысы оқу үдерісінің практикалық жағына жеткілікті кӛңіл
бӛлінбейтінін, оқушылардың жеке ерекшеліктері нашар ескерілетінін, оқу-
тәрбие үдерісі ескірген әдістемелерге негізделгенін, оқу-тәрбие үдерісінің
тарихи білім сынды маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың
қалыптасуы міндеттерін шешуге бейімделмегенін, сондықтан, оқу-тәрбие
үдерісін түбірінен ӛзгерту арқылы қазіргі заманғы әдістемелер мен техноло-
гияларды енгізудің, педагогтар құрамының сапасын арттырудың, алған білімін
ӛмірлік тәжірибелерінде, әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білудің,
оқыту үдерісінің тәрбиелік жағын күшейтудің қажеттігіне баса назар аударды
[173].
«Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу
құралдарын талдаудан ӛткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың
мазмұны мен пішінін ӛзгерту жӛнінде іс-шараларды жүзеге асырсын», - деген
маңызды тапсырмалар берді [173]. Осындай маңызды тапсырмаларды тарихи
білім беру жағдайында ойдағыдай іске асыру бүгінгі күннің басты
мәселелерінің бірі болып саналады.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарына сәйкес теориялық мағлұматтарды
талдау негізінде болашақ тарих пәні мұғалімдерін құндылықтарды оқытуға
даярлауда оқытудың дидактикалық, практикалық бағыттылығын күшейтудің
әдістері мен тәсілдерін іздеу және оны келешекте қолдануға дағдыландыру