55
Жоғары оқу орындарында маман даярлауда әрбір ЖОО ӛзі білім беру
бағдарламалары үлгісін әзірлейді (Ахмет Ясауи университеті әзірлейтін ББ
формуляры: Ф-ОБ-001/187). 5В011400 – Тарих мамандығы бойынша білім беру
бағдарламасының педагогикалық стратегиясы МОӘК негізгі құжатының бірі.
Олардың мазмұны тӛмендегідей болады:
Анықтамалар мен қысқартулар.
1. Құзыреттіліктерге негізделген білім беру бағдарламалары.
2. Бағдарламаның мақсаты.
3. Білім беру бағдарламаларына түсушілерге қойылатын талаптар.
4. Бітірушілерге қойылатын жалпы талаптар.
5. Білім алушылардың меңгеретін құзыреттері.
6. Құзыреттерге негізделген оқытудың соңғы нәтижелері (5В011400 –
Тарих).
7. Қалыптастыратын құзыреттердің БББ модульдеріне және пәндеріне
сәйкестік матрицасы.
8. Құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы
оқыту әдістері мен технологиялары.
9. Бақылау формалары мен әдістері.
10. Білім алушылардың оқыту нәтижелерін меңгеру деңгейі.
2013-2014 оқу жылына бекітілген 5В011400 – Тарих мамандығы үшін
педагогикалық стратегия (білім беру бағдарламасы) құжатында [169] болашақ
тарих пәні мұғалімі «Мәңгілік Ел» құндылықтарымен астасатын тӛмендегідей
жалпы құзыреттерді меңгеруі кӛрсетілген:
- ұжымда
жұмыс істей алу икемі;
- шет тілінде қарым-қатынас
жасай алу қабілеті;
- қоғамның әр қилы және мультимәдениетті екенін түсінуі және сыйлауы;
- қоғамдық жауапкершілік және азаматтық сана тұрғыларынан әрекет ету
қабілеті;
- этикалық норма
тұрғысынан әрекет ету қабілеті;
- қоршаған ортаны қорғау идеясына
беріктігі;
- атқаратын жұмысының сапасын бағалай алу және қамтамасыз ете алу
қабілеті;
- қауіпсіздік мәселелеріне
жауапкершілікпен қарау;
- тұлғааралық
қарым-қатынас икемі;
- қақтығыс (шиеленіс) жағдайларды шеше білуі және келіссӛздер жүргізе
алу қабілеті;
- сапаға және нәтижеге
қол жеткізуге ұмтылысы;
- инновациялық әрекеттерге қабілеті.
Осы
құзыреттерді
қалыптастыру
үшін
ЖОО
оқу
пәндері
бағдарламаларында нақты оқыту бағдары қарастырылғандығын кӛруге болады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
білім алып жатқан білім алушылардың 5В011400 – Тарих мамандығы бойынша
оқу жоспарына сәйкес (
2014 жылы қабылданғандар үшін – М.И.) тӛмендегідей
модульдер және оларға бӛлінген уақыт мӛлшері анықталған (Гуманитарлық
57
- тарихнама және деректану модулі: деректану (3 кр.), тарихнама (3 кр.),
тарих ғылымының методологиясы (2 кр.);
- әдістеме модулі: тарихты оқыту әдістемесі (3 кр.), түркі халықтарының
тарихы (3 кр.), Түркия Республикасының тарихы (3 кр.);
- түркі ӛркениеті модулі: Османлы тарихы (3 кр.), адамзаттың тарихқа
дейінгі эволюциясы (2 кр.), Ұлы Жібек жолы бойындағы орта
ғасырлық қалалар
(2 кр.);
- қазіргі заман тарихы модулі: қазақстанның қазіргі заман тарихы (3 кр.),
Еуропа мен Американың қазіргі заман тарихы (3 кр.), Азия және Африка
елдерінің қазіргі заман тарихы (3 кр.), Қазақстан әлемдік қауымдастықта (3 кр.);
Сондай-ақ, білім алушының жеке білім траекториясы бойынша модульдер
анықталған, олар:
- жақын шетел модулі (ЖБТ1-Шетел тарихы): Орта Азия елдерінің тарихы
(3 кр.), Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы (3 кр.), Шетелдегі қазақтар
тарихы (3 кр.);
- халықаралық қатынастар модулі (ЖБТ1): Халықаралық ұйымдар тарихы
(3 кр.), әлемдегі қайраткерлер ӛмірі мен саяси қызметі (3 кр.), әлемдегі
ӛркениеттер тарихы (3 кр.);
- тарихи білім беру модулі (ЖБТ2-Отан тарихы): Қазақстандағы халық
ағарту ісінің дамуы (3 кр.), Қазақстан тарихы пәнін оқытудың инновациялық
әдістері (3 кр.), мектептегі менеджмент және іс-қағаздарын жүргізу (3 кр.);
- ӛлкетану модулі (ЖБТ2): орта Азия мен Қазақстанның сәулет ӛнері (3
кр.), Қазақстанның ортағасырлық қалалары (3кр.), Отандық тарихтағы хандық
кезең (3 кр.).
Болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда педагогикалық іс-тәжірибелердің
орны ерекше. Олардың реті тӛмендегідей: оқу, педагогикалық, ӛндірістік және
диплом алды. Тәжірибелерге 17-20 кредит шамасында уақыт мӛлшері бӛлінген.
Оқу жоспарлары мен пәндері мазмұнын талдау «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
болашақ тарих пәні мұғалімдеріне оқытуға мол мүмкіндігінің барын кӛруге
болады (қосымша А1 - кесте). Олар:
- «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы» құндылығын саясаттану,
әлеуметтану, Қазақстан тарихы, құқықтану, т.б. пәндерде;
- «қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығын
қазақ, шетел тілдері, құқықтану, саясаттану, педагогика, тәрбие жұмысының
теориясы мен әдістемесі, т.б. пәндерде;
- «зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығын құқықтану,
әлеуметтану, саясаттану, философия, педагогика, Қазақстан тарихы т.б.
пәндерде;
- «индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық ӛсім»
құндылығын экономиканың теориялық
негіздері, Қазақстан тарихы, т.б.
пәндерде;
- «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» құндылығын құқықтану, әлеуметтану,
экономиканың теориялық негіздері, Қазақстан тарихы, т.б. пәндерде;