84
субъект ретінде ұйымдастырсақ, онда оқыту нәтижелі болады. Білім мазмұнын
оқушы тек қана ішкі қажеттілігі мен оны игеру үшін оң белсенді мотив
болғанда меңгереді [180, с. 47].
Б.А.Душков іс-әрекетті «…саналы мақсатты басқарылатын, қоғамдық
мәнді сипаты бар адамның ішкі (психикалық) және сыртқы (физикалық)
белсенділігі» [206, с. 28] деп сипаттаса, А.Н.Леонтьевтің пікірінен де осы
айтылған тұжырымдар қолдау табады. Ол әрекет объектінің пәнімен (мотивпен)
сәйкес келмесе, онда оны әрекет деп, ал, әрекет объекті пәнімен (мотивпен)
сәйкес келсе, онда оны іс-әрекет деп түсінуді ұсынады. Сондықтан да, біздер,
айтып жүрген пайдалы еңбектің негізін саналы іс-әрекеттер түзеді және ол кез
келген адамды руханилық, дене бітімі әрекеттері тұрғысынан қанағаттандыруы
қажет.
Іс-әрекеттің құрылымын В.И.Смирнов мынадай жүйеде қарастыруды
ұсынады: «іс-әрекет – мұқтаждық – мотив – мақсат – шарттар – міндет – әрекет-
операция». Адам іс-әрекетінің құрылымын В.Г.Крысько: «іс-әрекет – мотив –
әрекет – мақсат – интериоризация – экстериоризация – операция» деген тізбек
түрінде зерттеуді дұрыс деп санайды. Бұл жүйелердің қателігін М.Құдайқұлов
іс-әрекеттен бастауы таным философиясына сәйкес келмейтіндігі, себебі
қажеттілік тумай одан ешуақытта да әрекет жасалмайтынын айтады [207,б. 48-
49]. Педагог ғалым В.И.Смирновтың қателігі ретінде міндет іс-әрекеттің
орындалу шартының алдында болуы керек деп біледі.
М.Құдайқұловтың таным үдерісінің психологиялық формалары мен оның
түрлері мен кезеңдері бойынша құрылымын тӛмендегіше кӛрсетуге болады
[207, б. 23]:
І. Сезімдік формалары: 1.Түйсік; 2. Қабылдау; 3. Елестету
ІІ. Логикалық формалары: 4. Ұғым (Білім); 5.Пікір (Білім); 6.Ойлау (Білім)
ІІІ. Практикалық формалары: 7. Қарекет (білім, ептілік-іскерлік); 8. Дағды,
Жаттығу.
Психологиялық іс-әрекеттің күрделі түрлерін құрайтын қарапайым
психологиялық құбылыс - психикалық үдерістерге - түйсіну, қабылдау, ойлау
(талдау, жинақтау, индукция және дедукция, т.б. арқылы), ес, елестету, зейін
және т.б. қатысты болып табылады.
Психологтардың
ғылыми-зерттеу
еңбектерінде
оқушыларға
құндылықтарды
оқытуда
қалыптастырылатын
іскерлік
пен
дағды
қарастырылған [208; 209].
Адамның психологиялық жағдайы (жұмыс қабілеттілігі, сергектік немесе
шаршаңқы, жақсы немесе нашар кӛңіл-күй және т.б.) күрделілігімен және
салыстырмалы ұзақтығымен сипатталады
[178, б.180]. Олар сағатқа (оқу сабақ-
тары), күнге, кейбіреуі бірнеше күнге немесе аптаға созылуы мүмкін. Мұғалім
бақылау жолымен оқушының психикалық жағдайын анықтауы қажет және бұл
олармен оқу-тәрбие жұмысында (әсіресе жеке дара) түзетуге байланысты.
Мұғалімдерге «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушыларға оқытуда:
85
1. Зерттеліп отырған «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізін қалайтын,
қалыптастыратын бағдарламалық оқу материалдары мен іскерліктерді
(дидактикалық құрылымдарды);
2. Оқушылардың танымдық әрекеттерін және ұғымдарды, оқу іс-
әрекеттерін қалыптастырудың психологиялық негіздерін;
3. Тақырыпқа байланысты оқу материалдары мен элементтерін оқытуға
байланысты логикалық тұрғыдан құрылымдауды;
4. Оқушылардың мәдени, рухани құндылықтар жӛніндегі теориялық
мағлұматтарға танымдық қызығушылықтарын ескере отырып, оқыту мен
тәрбие үдерісін технологиялық карта тұрғысынан жобалау және әдістемелік
тұрғыдан жүзеге асыруды білуі және жүзеге асыруы тиіс.
Болашақ тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби қызмет пәні: оқу/оқыту үдерісін
жоспарлау, білім қызметін ұйымдастыру, ұжымға басшылық, оқушылардың
қызығушылығын арттыру, кеңес беру, әдістемелік және тәрбие жұмыстары,
білім беру саласындағы инновациялық іс-әрекеттер екендігі белгілі.
Сонымен, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы құндылықтарын оқыту – болашақ
тарих мұғалімдерін даярлауда кәсіби қызмет нысанындағы іс-әрекет пәні болып
табылады және мұғалімдерді даярлауда бағдар қызметін атқарады деген
тұжырымға тоқталамыз.
Келесі тарауда біздер болашақ тарих мұғалімдерінің «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқытуға даярлаудың педагогикалық шарттары кеңінен ашып
жазылады.
2.2 Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын
оқытуға даярлаудың педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында» атты Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық» - дей отырып, еліміздегі білім беруді
тәжірибесі жоғары елдердің білім беру деңгейіне жеткізу үшін жаңа форматты
педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттілігін атап ӛткен болатын [210, б.
84-85]. Осы қажеттілікке сай «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын
басшылыққа алып, мектепте, ЖОО сапалы білім мен тәрбие беруді жүзеге
асыратын басты тұлға педагогқа жоғары талаптар қойылуда.
Осыған сәйкес заманауи білім беру жүйесінсіз, әрі болашақты барлап кең
ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз жаңа әлеуметтік-
экономикалық ахуал құра алмайтынымыз белгілі. Білім берудегі алдыға
қойылған басты міндет, қандай сала болмасын кәсіби тұлға қалыптастыру. Осы
міндетті жүзеге асыру - педагогикалық білім беру жүйесінде рухани–
адамгершілігі мол, рефлексияға қабілетті, ақпараттық коммуникативтік,
әлеуметтік–тұлғалық кәсіби маңызды сапалары қалыптасқан, әдіснамалық
мәдениеті, әдістемелік деңгейі жоғары мұғалімдерді даярлау қажеттілігін
туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |