1- семестр: 20 тамыз (Дипл. Бағдарлама) -14 желтоқсан 2018 жыл



жүктеу 1,27 Mb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі1,27 Mb.
#20663


 

MIRAS

 

INTERNATIONAL SCHOOL IN 



ALMATY

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ 

МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ




 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 


 

 

 



1- семестр:

 

 



20 тамыз (Дипл. Бағдарлама) -14 желтоқсан 2018 жыл

 

 



Сейсенбі, 21 тамыз  

 

Құрбан Айт  



 Дүйсенбі, 3 қыркүйек 

1-семестрдің басталуы 

 

Жұма, 19 қазан 



 

1-тоқсанның  аяқталуы 

Дүйсенбі, 29 қазан 

2-тоқсанның  басталуы 

 Жұма, 14 желтоқсан 

2-тоқсанның  /1-семестрдің аяқталуы 

 

Қысқы каникул 



 

17 желтоқсаннан 7 қаңтарды қоса есептегенге дейін 

 

2-семестр:

 

8 қаңтар- 6 маусым  2019 жыл,

 

IB Дипломдық Бағдарлама студенттері үшін 7 маусымға 

дейін

 

 



Сейсенбі, 8 қаңтар 

 

2-семестрдің/ 3-тоқсанның  басталуы 



 

Жұма, 8 наурыз 

 

Халықаралық Әйелдер күні (демалыс күні) 



 

Жұма, 15  наурыз 

 

3-тоқсанның  аяқталуы 



 

Дүйсенбі, 25 наурыз 

4-тоқсанның  басталуы 

 

Сәрсенбі, 1 мамыр 



 

Қазақстан халықтарының  Бірлігі күні (демалыс күні) 

 

Сейсенбі, 7 мамыр 



 

Отан қорғаушылар Күні 

Бейсенбі, 9 мамыр 

 

Жеңіс күні (демалыс күні) 



 

Бейсенбі, 6 маусым 

 

Соңғы қоңырау 



Жұма, 7 маусым 

IB Дипломдық Бағдарламасы үшін оқу жылының аяқталуы 

 

 

Барлығы (күн) 



Студенттерге арналған 168 оқу күні 

IB Дипломдық Бағдарламасына арналған 176 оқу күні 

*Оқу жылы 2 семестрден, әр семестр  2 тоқсаннан тұрады.

 



Білім беру процесі 

Мектептегі  білім  беру  процесі  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары  мен 

Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын кіріктіру негізінде құрылған. 

Баланың  мүддесін,  қажеттілігін  және  қабілетін  ескере  отырып,  саралана  берілетін  білім,  оқу 

процесіндегі  алуан  түрлі  оқыту  стратегиялары  мен  технологиялары  оқушының  шығармашылдық 

әлеуетін  ашуға,  олардың  дербес  өсуіне  жағдай  жасайды,  тәуелсіз  және  өзіндік  ойлау  қабілетін 

дамытады. 

Мектепке  кіріктірілген  оқу  бағдарламаларын  меңгере  алатын  лайықты   оқушылар  қабылданады. 

Студенттерді  қабылдау  және  студент  қатарына  алу  Мектепке  қабылдау  саясатына  сәйкес  жүзеге 

асырылады. 

 

Оқуға қабылдау төмендегі әрекеттердің негізінде жүзеге асырылады: 

· 

Сәйкес сыныпта бос орынның болуы (балабақша тобындағы/сыныптағы бала саны 20/22 



адамнан артпауы тиіс); 

· 

Түсу тестілерінің нәтижелері; 



· 

Студентпен жүргізілетін сұхбат; 

· 

Психологпен әңгімелесу (тек балабақша, мектепалды және 1-сынып оқушылары үшін). 



 

Мектепке түсу үшін қажетті құжаттар: 

1.  Ата-ананың/қамқоршының қолы қойылған мектепке қабылдау туралы өтініші және 

Келісімшарт  екі  дана  (біріншісі  –  оқушының  мектептегі  жеке  ісіне  тіркеледі,  екіншісі  –  ата-анаға 

беріледі) 

2. Баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі) 

3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын балалар үшін қосымша: 

 

Баланың төлқұжатының көшірмесі (барлық толтырылған беті) 



 

Ата-ананың екеуінің де төлқұжатының көшірмесі (барлық беті) 



 

Көші-қон карточкасының көшірмесі  



4. Ата-ананың екеуінің де жеке куәлігі (көшірмесі) 

5. Баланың фотосуреті (3х4) – екі дана  (фамилиясын, тобын астына жазу керек) 

6. Денсаулық төлқұжаты (төлнұсқа) және егу парағы, эпид.қоршам туралы анықтама 

7. Ата-ананың жұмыс орнынан алған анықтамасы   

8. Мекенжай анықтамасы (ХҚО-да (ЦОН-да) беріледі). Алматы қ. және Алматы облысынан тыс жерде 

тіркелген  жағдайда  мекенжайдан  басқа  Алматы  қ.  тұрғынүйді    жалға  алу  туралы  Келісімшарттың 

көшірмесін беру қажет.  

9. Төлемақы туралы банк түбіртегінің 2 көшірмесі (баланың фамилиясына, атына):  

 

Түсу жарнасы  (400 000тг) 



 

Көрсетілген қызметке ақы төлеудің бірінші траншы  (балабақша үшін тоқсан сайын; мектепке 50 



-100%) 

Мектепке түсу үшін: 

10. Бұрынғы мектептен алған кету талоны  

11. Бұрынғы жылдардың бәріне үлгерімі туралы құжаттары (табельдердің төлқұжаты) 

12. Негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік (10-11сыныптарға түсу үшін.) 

 

Мектепке қабылдау ережесі 

Мектепке студент  қабылдау шарасы  әр  оқу жылының  15-тамызынан 10-маусымына дейінгі 

аралықта жүзеге асырылады

.

 



Ереже бойынша жаңадан келген оқушылардың көпшілігі 1-тоқсан басталысымен сабақтарға 

кіріседі.  Оқу  жылы  барысында  бос  орын  болған  жағдайда   сәйкес  сыныптарға  оқушы  қабылдана 

алады. 

Студенттерді  қабылдау жұмыстарын оқушыларды қабылдау офисінің жетекшісі, 



бастауыш/орта мектеп директорларының орынбасарлары жүзеге асырады. 

Оқушыны қабылдау туралы соңғы шешімді Мектепке қабылдау саясатына сәйкес мектеп 

директоры қабылдайды. 



 

Әрекеттер тәртібі

 

Жауаптылар

 



Ата-ана мектеп және бағдарламалар, оқыту 

тарифтері туралы ақпарат алады 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі 

Ата-ана мектепке келу уақытын алдын ала 



келістіреді 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі 

Ата-ана ақпараттық үлгілерді толтырады. 



Тестілеу болатын күн алдын-ала келістіріледі 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі 

Ата-ана мен оқушы мектеп директорымен, 



директордың бастауыш/орта мектеп жөніндегі 

орынбасарларымен кездеседі 

Мектеп директоры, директордың 

бастауыш/орта мектеп жөніндегі 

орынбасарлары (қажеттілігіне 

қарай) 

Оқушы тестілеуден өтеді (мектеп 



бухгалтериясына тестілеудің төлемақысы 

төленген соң) 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі, бастауыш/орта мектеп 

директорының орынбасары 

Тестілеу нәтижесі мен үміткер туралы 



құжаттарды офис жетекшісі мен директордың 

орынбасары қарастырады. 

Мектепке қабылдау офисінің 

Жетекшісі, мектеп директорының 

бастауыш/орта мектеп жөніндегі 

орынбасарлары 

Қажеттілігіне қарай үміткер психолог 



маманымен қосымша тестілеуден өтеді. 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі, мектептің  психологі 

Үміткерді мектепке қабылдау немесе 



қабылдамау туралы шешім қабылданады 

Мектеп директорының 

бастауыш/орта мектеп жөніндегі 

орынбасарлары.  



Мектеп директорының  

шешімі 

 

 



 

Мектьеп 


Ата-ана тестілеуден кейін 5 күн ішінде 

қабылданған шешім туралы хабардар етіледі 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі 

10 


Егер бала мектепке қабылданса, ата-ана тізімге 

сәйкес барлық қажетті құжаттарды алып келеді 

(медициналық картаны қоса), осы мектепте 

оқитын ниетін растайтын сәйкес үлгіні 

толтырады 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі, мектеп дәрігері 

11 


Ата-ана мектеп саясаты және тәртібімен 

танысады 

Мектепке қабылдау офисінің 

Жетекшісі (веб-сайт, ата-аналарға) 

12 

Ата-ана білім/тәрбие беруге жасалған 



келісімшартқа қол қояды, түсу жарнасы мен 

баланың оқу  ақысын төлейді. 

Мектепке қабылдау офисінің 

жетекшісі 




Бастауыш мектепке қабылдау 

(балабақша, мектепалды, 1 – 5 сыныптар) 

 

Оқуға  қабылдау  баланың  жасын  ескере  отырып,  түсу  тестілеуі   нәтижелері  негізінде  жүзеге 



асырылады. 

Балабақша және мектепалды 

Балабақша  немесе  мектепалдыға  қабылдау  үшін  психолог,  тәрбиеші/мұғалім  және  үйлестіруші 

баламен әңгімелеседі. 

Мектепалдыға  түсу  кезінде  баламен  математика  және  қазақ/орыс/ағылшын  тілдері  бойынша 

(оқыту тіліне сәйкес) әңгімелесу жүргізіледі. 

Балабақша немесе мектепалдыға қабылдау туралы соңғы шешімді мектеп директоры қабылдайды. 

3,5-4 жасар балаларға арналған толық емес күнге келетін топ  (Алматы қ.) жұмыс істейді. 

 

1-5 сыныптар 

Түсу тестілеуі: 

·Математика 

(«Мирас» мектебіндегі оқу жүргізілетін тілдердің бірінде: қазақ, орыс және ағылшын 

тілдерінде)

;

 

· 



Қазақ, ағылшын және орыс тілі (оқу жүргізілетін тілге сәйкес); 

· 

Ағылшын тілі (ағылшын тілі ана тілі болып саналмайтын шетелдік студенттер үшін); 



· 

Психологпен әңгімелесу (1-2 сынып үшін). 

Мектепке қабылдану үшін білімін 60%-дан  кем түспейтін деңгейде көрсету қажет

.

 



 

Орта мектепке (6-10 сыныптар) және Қазақстан бағдарламасы (орта мектеп) бойынша 11 

сыныпқа  қабылдау 

Түсу тестілеуі (жазбаша, 2 сағ) 

 Ағылшын тілі  және математика (ағылшын тілді оқу бағдарламасы үшін); 



 Орыс, ағылшын тілі және математика (орыс тілді оқу бағдарламасы үшін); 

 Қазақ, ағылшын тілдері және математика (қазақ тілді оқу бағдарламасы үшін). 



Мектепке  түсу  үшін  әр  пән  бойынша  аз  дегенде  60%-дан  кем  түспейтін  білім  деңгейін 

көрсету қажет. 

50-59 % жинақтаған студенттер мектеп директорымен табысты сұхбаттан соң сынақ мерзімімен 

оқуға қабылдануы мүмкін (Мектепке қабылдау Саясатын қараңыз). 




МЕКТЕПКЕ 

ҚАБЫЛДАУ 

ШАРТЫ

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

IB Дипломдық бағдарламаға (11-12 сыныптар) 



қабылдау 

Дипломдық    бағдарламаға    түсу    үшін    студенттер    қажетті    құжаттарды    әкелуі    және  

барлық емтихандарды жақсы тапсыруы тиіс (Мектепке қабылдау саясатын қараңыз). 

Дипломдық  бағдарлама  бойынша  Білім  беру  қорының  Астана  қ./Алматы  қ.  мектептеріне 

түскісі келетін студенттер  мына тәртіпті басшылыққа алуы тиіс: 

 

1.   Құжаттарды көрсетуі 

«Мирас»  мектептерінде  оқитын  студенттер  өздерінің  ары  қарай  оқуын  Дипломдық 

бағдарлама  бойынша  жоспарлайтындығын  орта  мектеп  директорының  орынбасарына 

жазбаша  түрде  хабарлауы тиіс. 

Басқа мектептерден келген студенттерге: 

· 

бұрынғы оқыған мектебінің директорынан кепілдеме хат, оқушының негізгі мектепті және 



10-сыныпты жақсы аяқтағанын растаушы есепті әкелуі тиіс

;

 



· 

мектепте оқуға арналған қажетті құжаттарды толтыруы тиіс

.

 

 



2. 

Түсу емтихандарын тапсыру 

Барлық үміткерлер келесі пәндер бойынша міндетті тестілеуден өтуі тиіс

:

 

Ана тілі (Ағылшын, орыс тілі) 



1-бөлім: әдеби шығармаларды талдау 

2-бөлім: эссе 



Ағылшын  тілі екінші тіл ретінде (ESL) 

1-бөлім: мәтінді оқу және түсіну 

2-бөлім: эссе 

Математика

 

 

Дипломдық бағдарламадағы  емтихан қабылдау уақыты мен орны 

Білім  беру  қорының 

Астана  немесе  Алматы  қ.  мектептеріндегі  түсу  тестілеуі  сәуірдің  немесе 

тамыздың екінші жартысында жүргізіледі.   Сәуір  айында емтихандарды сәтті тапсыра алмаған 

студенттер тамыз айында қайта тапсыра алды. 

Түсу емтихандарын ұйымдастырудың барлық ережелері сақталған жағдайда үміткерлер оқитын 

мектеп қабырғасында түсу емтихандары жүргізіле алады. 

Емтихан  жұмыстарының  сканерленген  нәтижелері  Дипломдық  бағдарлама  үйлестірушісінің 

электрондық  поштасына  жіберіледі,  жұмыстың  түпнұсқасы  Астана  немесе  Алматы  қ.   

«Мирас» мектебіне пошта арқылы жеткізіледі. 

 

3. 

Сұхбат 

Егер емтихан  нәтижелері  күмән  туғызатын  болса,  директордың  орта  мектеп 

бойынша орынбасарымен  және  Дипломдық  бағдарлама  үйлестірушісімен  қосымша  сұхбат  

ұйымдастырылуы мүмкін. 




Бейімделу кезеңі 

Жаңа   келген   оқушыларға   4-6   апта   барысында   бейімделу   кезеңі   орнықтырылады.   Осы  

кезең барысында  сынып  жетекшісі,  мектеп  психологі,  пән  мұғалімдері  және  әкімшілік  жаңа 

оқушылардың оқудағы жетістіктерін қадағалап бақылайды, қажетті жағдайда қолдау көрсетеді. 

 

Сынақ мерзімі 

Кіру    тестілеуінде    50-59%    жинақтаған    студент    мектеп    директорының    орынбасарымен   

табысты  сұхбаттан  соң  сынақ  мерзімімен  оқуға  қабылдануы  мүмкін.  Сынақ  мерзімінің 

максималды ұзақтығы 3 айды құрайды. Осы мерзім аяқталған соң оқушының үлгерімі талданады 

және оның мектепте ары қарай оқуы туралы шешім қабылданады. 

 

 



Тәртіп ережесі 

Мектеп  қауымдастығының  барлық  мүшелері  (оқушылар,  мұғалімдер,  ата-аналар,  техникалық 

және  қосалқы  қызметкерлер  құрамы)  мектептің  Тәртіп  Ережелерін  біледі  және  оны  қатаң 

сақтайды. Жаңа  келген  студенттің  ата-анасы  осы  құжаттармен  сынып  жетекшісімен  өткізілетін 

алғашқы  ата-аналар жиналысында танысады және мектептің Тәртіп Ережелерін өз бетінше оқып 

біледі. Ата-ана баласының мектептің барлық ережелерін қатаң сақтауға және мектептен себепсіз 

қалмауына  кепілдік  беруге  міндеттенеді.  Оқушы    ата-анаға,    немесе    олардың    орнын  

алмастыратын   тұлғаларға   арналған   барлық   мектеп құжаттарын (үлгерім туралы есеп, хаттар, 

т.б)  жеткізіп берулері тиіс. 

 

Мектептен шығару 

Мектеп  тәртіп  бұзғаны  үшін  оқушыны  сабақтардан  уақытша  шеттетуге  немесе  мектеп 

ережелерін дөрекілікпен бұзған жағдайда мектептен шығаруға құқылы (Тәртіп саясатын қараңыз). 

 

Ата-аналардың рөлі 

Ата-ана  өз  баласының  мектеп  Ережелері  мен  Тәртібін  сақтауына  жауап  береді.  Ата-ана 

баласының мұқияттылығын,  тәртібін,  мектепке    кешікпеуін,    мектеп    киім    үлгісін    сақтауын  

қадағалай    отырып    оған  ықпал  көрсете  алады.  Ата-ананың  сынып  жетекшісімен,  пән 

мұғалімдерімен  орнықтырылған  қарым-қатынасы  баланың  оқу  үлгерімі  мен  баланың  мектептегі 

проблемалары  туралы  біліп  отыруын  қамтамасыз  етеді.  Қажет  болған  жағдайда,  ата-ана  мектеп 

әкімшілігіне жолыға алады. 

 

Денсаулық сақтау 

Ата-ана  баласы  мектепке  түскеннен  кейін  оның  денсаулығы  жағдайы  туралы  медициналық 

картаны  (баланың      бұрын      ауырған      аурулары      және      қайталамалы      ауруы,      аллергиясы,   

қандай   тағам   жеуге болмайтыны, т.б.) және егу парағын мектепке әкеп беруге міндетті. 

ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  бұйрығына  сәйкес  жыл  сайынғы  медициналық  тексеру 

және  егу  кестесі  құрастырылады.  Мектеп  дәрігері  алда  болатын  егу  шаралары    және 

медициналық  тексеріс  туралы  ата-аналарды  дер  кезінде  хабардар  етіп  отырады.  Қажеттілігіне 

қарай  мектеп  ішінде  балаға  алғашқы  медициналық  көмек  көрсетіледі.  Ата-ана  бала  жұқпалы 

аурумен  ауырған  жағдайда  бұл  жөнінде  мектепке  дер  кезінде  хабарлауы тиіс, кері жағдайда 

басқа балалар мен мектеп қызметкерлеріне залал тигізу жағдайы орын алуы мүмкін. 

 

 



Қауіпсіздік 

Білім   Қоры   мектептері   студенттердің   қауіпсіздігі   мен   мектеп   мүлкінің   сақталуын   тәулік  

бойы  қамтамасыз  етеді.  Мектеп  ғимараты  мен  мектеп  аумағында  бейнебақылау  камералары 

орнатылған. 

 

 

Ақпараттық қауіпсіздік  



Мектеп  оқушылардың  фотосуреттерін  тек  ата-аналарының  келісімі  бойынша  пайдалануға 

кепілдік  береді.  Егер  ата-ана  баланың  фотосуреті  немесе  бала  және  отбасы  туралы  ақпараттың   

білім  беру  мақсатында  мектепішілік  шараларда  пайдаланылғанын  қаламайтын  болса,  онда  бұл 

жөнінде сынып жетекшісіне жазбаша түрде хабарлауы тиіс. 

 

 

Балаларды тасымалдау 



Білім беру қоры мектептері балаларды тасымалдау қызметін (мектепке және үйге)  көрсетпейді. 

 



Жаңа студенттердің түсу жарнасы 

 

Ата-ана  кіріс  жарнасын  оқушыға  сәйкес  сыныптағы  орынның  бекітілгендігін  растау  үшін   



мектеппен  жасалатын  екі  жақты  келісімшартқа      қол  қойылғанға  дейін  (түскені  туралы 

хабарланған  соң)  төлейді.  Кіріс  жарнасы  мектептің  білім  беру  ортасын  ары  қарай  жақсарту 

мақсатында  пайдаланылады.  Жарна  бір  мәртелік  және  қайтарылмайтын  болып табылады. 

 

Төлемақыны дер кезінде төлемеу. 

Білім беру қоры  мектептері  оқуға  төленетін  төлемақыны  дер  кезінде  төлемеген  жағдайда 

оқушыны  сабақтан  шеттету,  емтихан  тапсыруға  жібермеу,  үлгерім  туралы  есеп, диплом, 

сертификат сияқты құжаттарды бермеу құқығын өзіне қалдырады

 

Төлемақыны төлеу жағдайы 

Орнықтырылған төлемақы төлеу жағдайы оқу жылы барысында әрекет етеді. 

1.   Түсу тестілеу ақысы мектептің бухгалтериясы кассасына төленеді. 

2.   Қор бұйрығымен орнықтырылған тарифтер Білім беру қорының Бас офисінде төленеді. 

3.   Балабақшаға  оқуға  төлемақы  төлеу  әр  тоқсан  сайын  01.08.18,  01.11.18,  01.02.19 

және 01.05.19  мерзіміне дейін  жүзеге асырылады. 

4.   Мектепте  оқуға  төлемақы  төлеу  15.08.18  (жылдық  тарифтен  50%)  және  15.12.18 

(50%) мерзіміне дейін  жүзеге асырылады. 

5.   

«Нұрсұлтан  Назарбаев  Білім  беру  Қоры»  ҚҚ  жүйесіндегі  балабақшалар  мен 



мектептерде  бірнеше  баласы   оқып  жүрген  отбасыларға  екінші  баласының  оқу 

төлемақысына  5%,   үшінші  және  одан  кейінгі  балаларының  оқу  төлемақысына  10% 

жеңілдік беріледі.

 

6.   Студент  оқудан  шығарылған  жағдайда  оның  оқуына  төленген  төлемақыны  кері қайтару 



жүзеге асырылмайды. 

7.  Егер ата-ананың бірі ҚР азаматы болатын болса, онда оқуға төлемақы Қазақстан азаматтарына 

қарастырылған тариф бойынша жүргізіледі. 

8.  Шетел    азаматтарының    балаларына    оқу    төлемақысы    Қордың    есепшотына  (қосымшаны  

қараңыз)  теңгемен  немесе    төлемақы  жүргізілген  күні  ҚР  Ұлттық банкі орнықтырған курс 

бойынша шетелдік валютада (Евро, АҚШ доллары) жүргізіледі. 



Оқу төлемақысы төмендегілерді қамтиды: 

- IB емтихандары мен  модерациялар; 

- оқулықтарды сатып алу және үлестірмелі материалдарды дайындау; 

-   мектептің   міндетті   бағдарламасына   қамтылған   сыныптан   тыс   әрекеттерді 

ұйымдастыру; 

- оқушылардың тамақтануы; 

- медициналық қызмет көрсету; 

- оқу саяхаттары; 

- саяхаттар кезіндегі тасымалдау қызметі. 

Оқу төлемақысына кірмейтіндер: 

- түсу тестілеуі; 

-  түсу жарнасы; 

- IGCSE бағдарламасы бойынша емтихандар; 

- мектептің міндетті бағдарламасына кіргізілмеген сыныптан тыс әрекеттер; 

- мектеп киім үлгісі; 



- кеңсе тауарлары. 

жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау