Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет13/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70

 
29 
 
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге тарих ғылымының дамуына жаңа 
мүмкіндіктер ашылды. Мәселен, тарихтың бір ғана философиялық әдіснамасы 
саналып келген маркстік формациялық теориядан бас тартып, жаңа теориялық-
әдіснамалық  ізденістер  қолға  алынды.  Қазақстан  тарихына  қатысты  деректер 
қоры  мен  дәйектер  кӛптеп  жинақталғанымен,  оны  фактологиялық  деңгейден 
терең  талдаулар  мен  тұжырымдар  беретін  теориялық  деңгейге  кӛтеру  міндеті 
туындады.  Бұл  қажеттілік  жоғары  оқу  орындарындағы  болашақ  тарихшы 
маманның  тарихи  білімінің  ғылыми  дүниетаныммен  ұштасуынан,  тарихи 
пайымдауларындағы  әдіснамалық  бағытын  айқындауға  деген  зәруліктен  келіп 
шығады. Болашақ тарихшы маманның әдіснамалық бағытын анықтауға әлемдік 
тарих  философиясының  жетістіктері  ұсынған  үлгілермен  қатар,  қазақ  тарихи 
санасында  айқындалып,  кӛптеген  тарихи  шығармаларды  дүниеге  әкелген 
дәстүрлі философиялық әдіснамаларды қолдану ұлттық ерекшелігімізді, ойлау 
жалғастығымызды қамтамасыз етеді. 
Қазақстанда тарихи білім берудің қазіргі кезеңдегі үлгісінің қалыптасуына 
соңғы кезде қоғамның жаңаруындағы тенденциялар да әсер етпей қоймады. Ол 
тенденциялардың қатарына: 
- тарихи ӛткен ӛмірді айқындаудағы әдіснаманың алуан түрлілігінің енуі; 
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлану; 
- ұлттың тӛл мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, тарихи сананы 
жаңғырту және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Осылардан келіп тарихи 
үдерісті  түсіну  қажеттілігі  туындайды.  Бұл  қажеттілікті  ӛтеуде  болашақ 
тарихшы маманның кәсіби тұлғасының ұлттық тарихи-философиялық мұраның 
негізінде қалыптасуының мәні зор [107, б. 237]. 
Тарихи  ойдың  алдында  тұрған  «біз  кібмбіз,  қайдан  шықтық,  қайда 
барамыз?»  деген  дүниетанымдық  сұрақтарға  жауап  іздеу  бүгінгі  қоғамдық 
сананың  әлеуметтік  құрылымы  мен  оны  қалыптастырушы  ұстындардың 
ӛзгерісі  жағдайында  да  күн  тәртібінен  түскен  жоқ.  Ол  дәстүрлі  тарихи  ойдың 
жаңғырығы  ретінде  жалғасын  тауып  келе  жатқан  дүниетанымдық  мәселе.Ал, 
осы орайда тарих мазмұнын оқытуда басшылыққа алынатын әдіснама мәселесін 
қарастырудың маңызы жоғары. 
Тарих  ғылымындағы  зерттеу  тәсілдері  мен  жолдары,  яғни  әдіснама 
математикадағыдай  дайын  формула  емес,  ол  ӛзін  теориялық  жағынан 
жетілдіруді  және  үздіксіз  ізденістер  арқылы  қалыптастырып,  дамытуды  талап 
етеді. Сондықтан кеңестік кезеңдегі «Тарих – таптар күресі» деген принциптен 
әлдеқайда  ауқымды,  жалпыадамзаттық  құндылықтарға,  саяси-әлеуметтік, 
ұлттық-этностық  кӛзқарастарға  негізделген  «Тарих  –  адам  қызметі» 
ұстанымына негізделген әдіснамалық бағытты таңдауымыз орынды [108, б. 17-
18] деп білеміз.   
Институционалды  түрде  кеңестік  уақытта  қалыптасқан  қазақ  тарих 
ғылымы бір ғана ғылыми әдіснама шеңберінен шыға алмады. Тарихи ӛткен шақ 
әлеуметтік  тарих  призмасымен  қарастырылғандықтан  да  тарих  ғылымы 
экономикалық  фактілерге  баса  мән  берген  тұлғасыз,  нәрсіз  ғылымға  айналды. 


 
30 
 
Содан  да  зерттеулерде  тарихи  үдерістер  мен  оқиғалар  еркін  талқыланбады, 
қарапайым тарихи шындық ашылмады [109]. 
Кеңестер  Одағының  ыдырауынан  кейін  Қазақстанда  тоқсаныншы 
жылдардың алғашқы жартысы тек саяси емес, әлеуметтік, мәдени және ғылыми 
салаларда  хаостық  кезеңді  ӛткерді.  Саяси  биліктің  ауысуымен  мемлекеттің 
барлық құрылымдары ӛзгерді және жаңа үдеріске бейімделу жүзеге асты. Яғни, 
бір  мезетте  жаңа  жүйе  пайда  болған  жоқ.  Жүйенің  ауысуы  мен  қоғамның 
ӛзгеруі  соған  сәйкес  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  тарих  түсінігі  мен 
идеологияны  жаңадан  түзуді  қажет  етті.  Жаңадан  қалыптасқан  мемлекеттегі 
тұлғаға  берілетін  тарихи  білімінен  мемлекеттік  биліктің  мақсаттарын,  даму 
болашағын анықтауға болады [110, б. 221]. 
Тaрихты  оқыту  қaндaй  жағдай  болғaндa  дa  әдіснaмaлық  негізде  жүзеге 
aсырылaды.  Әдіснaмa  дегенімізді  ғылыми  тaным  әдістері  туралы  ілім;  кез 
келген  ғылымдa  қолдaнылaтын  әдістердің  жиынтығы;  теориялық  және 
практикалық  іс-әрекетті  ұйымдастырудың  және  құрудың  қағидалары  мен 
тәсілдерінің  жүйесі  деп  қaбылдaймыз.  Оның  үстіне,  ғылым  әдіснaмaсы 
тaнымның  ұстaнымдaры,  құрaлдaры  және  шындықтың  тәжірибелік  ӛзгеруі 
туралы  ілім  екендігін  ескерер  болсақ,  білімнің  құрылымын  философиялық, 
жалпығылыми,  нақты-ғылыми  және  технологиялық  тӛрт  деңгейге  бӛліп 
қарастырамыз. Бұл жерде философиялық деңгейдің мaзмұны жалпы ғылымның 
категориялды  құрылымы  мен  танымның  жалпы  ұстанымдарынан,  ал  жалпы 
ғылыми  әдіснама  барлық  немесе  кӛптеген  ғылыми  пәндерге  қолданылатын 
теориялық  тұжырымдамадан,  нақты-ғылыми  әдіснaмa  aрнaйы  ғылыми 
пәндерде  қолдaнылaтын  зерттеудің  ұстaнымдары  мен  әдістері  жиынтығын, 
нaқты-ғылыми  әдіснaмa  ғылыми  тaнымға  қатысты  aйырықшa  мәселелерден, 
технологиялық деңгей зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрaйды.  
Тәуелсіз  Қазақстанның  білім  жүйесінде  Отан  тарихын  тереңдетіп  оқыту 
уақыт талабы. 1989-1990 оқу жылынан бастап республика мектептерінде жаңа 
дербес  пән  –  Қазақстан  тарихы  оқытыла  бастады.  1991-1992  жж.  жаңа  оқу 
жоспарына  сәйкес  тарих  факультеттерінде  Қазақстан  тарихын  оқыту  қолға 
алынды. Қазақстан тарихы 1992 ж. бастап әр түрлі дәрежедегі оқу орындарында 
кең  түрде  оқытыла  бастады,  ЖОО  білім  алушылардың  отандық  тарихтан 
емтихан  тапсыруының  міндетті  болуы  Қазақстан  тарихы  пәнінің  мәртебесін 
кӛтерді. Алайда, ХХ ғ. 90-жылдарының басында Қазақстан тарихының оқытылу 
жайы,  яғни  оқу  бағдарламалары,  оқулықтар,  Қазақстан  тарихын  оқыту 
әдістемесі,  ұйымдастыру  формалары,  әдістері  талапқа  сай  емес  еді. 
Республиканың  аға  буын  тарихшылары  баспасӛз  бетінде  бұл  мәселені  алғаш 
кӛтерді. Профессор Ж.Қасымбаев «Қазақ тарихын оқыту қағажу қала бере ме? 
[53,  б.  6]  деген  мақаласында  Қазақстан  тарихын  оқытуды  ӛз  деңгейіне  кӛтеру 
үшін: 
1. Қазақстан тарихын мектепте оқытуды жолға қою; 
2. Тарихшы мамандарды даярлау; 
3. Ұстаздың мұқтаждығына кӛңіл аудару; 
4. Тӛл тарихымызбен ұрпақ тәрбиелеу қажеттігін алға тартады.  


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау