Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет11/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70

 
25 
 
маңызды  қабілеттер  қажеттігіне  тоқталады.  Сонымен  қатар,  ол  мұғалімнің 
педагогикалық әдеп, пәнге деген қабілеттілігі, адамдарды сендіру қабілеттілігі, 
шығармашылық жұмысқа қабілеттілігі, педагогикалық жағдаяттарды тез түсіну 
және  ӛзін  онда  икемді  ұстау,  оқушыларды  ынталандыру  қабілеттілігі,  еңбек 
нәтижелерін  алдын  ала  болжау  қабілеттілігі  сияқты  ең  маңызды  кәсіби-
тұлғалық ерекшеліктерін бӛліп кӛрсетеді [42, с. 8]. 
Болашақ  мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби-педагогикалық  бағыттылығын 
қалыптастыру  жӛнінде  В.А.Сластенин  болашақ  мұғалім-тәрбиешіге  оқу 
жоспарының  кәсіби-педагогикалық  пәндері  арнайы  және  жалпы  білім  беретін 
болса,  мектеп  жұмысына  студенттерді  кәсіби  бағдарлау  тек  педагогика, 
психология,  әдістеме  сабақтарында  және  педагогикалық  практика  үдерісінде 
жүзеге  асырылса,  онда  қарастырылған  даярлық  толық  мәнді  қамтамасыз 
етілмейтінін айтқан болатын [43, с. 141]. 
Болашақ мамандарды даярлау тарихында Ю.К.Васильев, У.Н.Нишаналиев, 
К.Ә.Дүйсенбаев,  т.б.  педагог  ғалымдардың  еңбектерінің  ӛзіндік  орны  бар. 
Ю.К.Васильевтің  зерттеуіне  байланысты  мектеп  оқушыларын  оқыту  үшін 
мұғалімнің  ӛзінің  сол  бағыт  бойынша  дайындығы  болуы  тиіс  [44,  с.  102]: 
біріншіден,  мұғалімнің  жеке  басының  пәнді  оқыту  бойынша  дайындығы; 
екіншіден,  мұғалімнің  кәсіби  (психологиялық-педагогикалық  пәндер  циклі 
бойынша)  дайындығы.  Мұғалімнің  бұл  даярлық  мәселесі  педагогикалық 
жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады және даярлықтың құраушыларын 
жетілдіру үшін ӛткен тарихтан құнды іс-тәжірибелері негізге алынады. 
Ю.К.Васильев ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы жазған еңбегінде, болашақ 
тарих  пәні  мұғалімдерінің  физика,  еңбек  және  сызу,  еңбек  және  физика  пәні 
мұғалімдеріне  қарағанда  политехникалық  даярлығы  тӛмен  болып  келу 
себептерін  анықтаған.  Тарих  және  қоғамтану  мұғалімдерінің  ӛндіріс 
негіздерімен таныс болуы, халық шаруашылығы құрылымын, ӛндіруші күштің 
даму  тарихын,  халық  шаруашылығына  мамандардың  қажеттілігін  білуі  қажет 
және  олар  оқушыларға  еңбек  тәрбиесі  мен  кәсіптік  бағдар  беру  міндеттерін 
сәтті шешу үшін қажет деп біледі [44, с. 143]. 
Ғалым  «Тарих,  қоғамтану  және  тәрбие  жұмысының  әдістемесі» 
мамандығы оқу жоспарына: 
- ғылыми циклге «Ғылым және техника тарихы» (осы бӛлім студенттеріне 
түсінікті түрде) арнайы курсын енгізуді
-  жалпытехникалық  және  экономикалық  даярлығын  жүзеге  асыру  үшін 
мақсатты  түрде  екі  арнайы  курсты  енгізуді:  «Ғылыми-техникалық  және 
әлеуметтік  прогресс  және  дамыған  социалистік  ӛндіріс»,  «Социалистік  халық 
шаруашылығының экономикасы және ұйымдастыру»; 
-  студенттердің  практикалық  даярлығы  үшін  сыныптан  тыс  жұмыстар 
бойынша  практикум  енгізуді  (кӛрнекі  құралдарды,  қоғамға  пайдалы  еңбектің 
түрлерін дайындау бойынша жұмысты орындауды назарға ала отырып) ұсынды 
[44, с.116]. 
Т.Т.Тұрлығұл  ӛзінің  зерттеуінде  [79,  б.  33]  Қазақстан  тарихын  оқытуда 
тӛмендегі проблемалардың орын алғандығын атап кӛрсетеді: 


 
26 
 
1)1920-1930  жж.  аралығында  тарих  пәнінің  білімдік,  тәрбиелік  маңызын 
дұрыс бағаламай, оның оқу жоспарынан шығарылуын; 
2)  1930-1940  жж.  аралығында  ұзақ  уақыт  КСРО  тарихының  тӛменгі 
сыныптарда (8-ге дейін) пән ретінде оқытылмауын
3)  1917-1958  жж.  аралығында  одақтас  республикалар  мектептерінде  сол 
елге аты берілген ұлттың тарихын оқытуға жол берілмеуін
4)  1958-1989  жж.  КСРО  халықтары  тарихының  мектептің  оқу  жоспарына 
ендірілгенімен, оны оқытуға қажетті жағдайдың жасалмауын. 
Бұл  мәселелер  ӛз  кезегінде  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярлауда 
дұрыс бағдар алуға мүмкіндік бермеді. 
1980-90 жж. елімізде жаппай орта білім беру саласында біршама жұмыстар 
жүргізілді.  Соның  бірі  оқуға  6  жастан  бастап  алу  мәселесі  еді.  Мұның  соңғы 
кезде,  қазақ  халқының  экономикалық-әлеуметтік  даму  ерекшеліктеріне  орай 
тиімсіз болып отырғаны байқала бастады. Жаппай орта білім беруге кӛшу заңы 
бойынша мұғалімдер ұжымы, кӛп жағдайда кӛз бояушылыққа салынып, пайыз 
қуалап,  шәкірттерге  сапасыз  білім  беруге  «тӛселіп»  алды.  Оқудың  ӛмірден 
алшақтануынан  мектеп  бітірушілердің  кӛпшілігі  теориялық  білімді  күнделікті 
ӛмірде қолдана алмайтын халге келді, олар жаттамалы жалған оқуға бой ұрды. 
Ал  мұның  ӛзі  елімізде  оқу-ағарту  жүйесін  қайта  құруды,  мектеп  реформасын 
жасауды,  оқуды  ӛмірмен  байланыстыруды,  оқушылардың  білімді  ӛз  бетімен 
іздене дербес игеруіне, сӛйтіп білім негіздерін жергілікті жердің экономикалық, 
экологиялық,  этнопедагогикалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  меңгертуге 
баса  кӛңіл  бӛлуді,  білім  негіздерін  демократиялық,  интеграциялық 
принциптерге  орайлас  әр  баланың  жеке  дара  ерекшеліктері  мен  қабілеттерін 
ескере отырып, оқытып тәрбиелеуді талап етті. Осы жайттар ұлт мектептерінің 
жаңа  бағдарламаларынан  елеулі  орын  алды.  Лицей,  гимназия,  колледж, 
медреселер  ашу  сияқты  мектептің  жаңа  түрлері  ұйымдастырылуда.  Осы 
мектептерде  оқытылатын  пәндердің  бағдарламалары  мен  оқу-әдістемелік 
құралдарын  жасау  күн  тәртібіндегі  басты  мәселелердің  бірі  ретінде 
қарастырылды [89, б.132-140]. 
1984  ж.  бастау  алған  білім  беру  реформасы  ХХ  ғ.  90-жылдарындағы 
еліміздегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  ӛзгеруіне  байланысты 
аяқталмай қалды. Оның ішінде мектепті мекеменің қамқорлыққа алуы, мектеп 
кооперативтерінің  жұмысы,  ӛндірістік  цехтардағы  жұмыс,  т.б.  қысқартылды 
немесе толықтай ӛз жұмысын тоқтатты. 
Мектеп реформасының негізгі бағыттарында былай деп жазылған (1984 ж.) 
«Болашақ  мұғалімдерге,  тәрбиешілерге  ең  осы  заманғы  білім  мен  жақсы 
практикалық  даярлық  беру  керек».  Жоғары  оқу  орындарында  педагогтарды 
даярлауды жетілдірудің негізгі жолдары да белгіленген [99]. 
Н.В.Кузьминаның еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық 
құрылымына  сипаттама  беріледі.  Ол  барлық  студенттің  педагогикалық 
мамандыққа  бағыттылығын  және  педагогикалық  іскерлігін  қалыптастыруды 
педагогикалық  меңгерудің  маңызды  міндеттерінің  бірінен  санайды.  Сонымен 
қатар  маман  дайындаудың  тиімділігін  арттыру  үшін  студенттерді  болашақ 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау