27
кәсіби іс-әрекетінің құрылымына икемдей отырып, мұғалім тұлғасын
қалыптастыру
үдерісін
қарастырады.
Педагогикалық
қабілетке
ол
педагогикалық байқампаздық, педагогикалық қиял, педагогикалық такт, назар
аударып, кӛңіл қою және талапшылдықты жатқызады [100].
Психологиялық–педагогикалық және арнайы даярлық мектеп мұғалімі
ретінде жан – жақты қалыптасуға жағдай жасайды.
Педагогика тарихы мен педагогикалық - психологиялық еңбектерге
жасаған тарихи шолу болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесі жан -
жақты қарастырылғанын байқатады. Белгілі педагог Ю.К.Бабанский мұғалімнің
кәсіптік маңызды және жеке тұлғалық қасиеттерін үш топқа бӛліп
қарастырады:
1. Жеке тұлғалық қасиеттері.
2. Оқу іс - әрекетіне байланысты қасиеті.
3. Мұғалімнің тәрбие жұмыстарына байланысты сапасы [101].
Осы орайда қоғамның жаңаша даму жағдайларында, білім беруде,
танымдық әрекеттерге бейімделе отырып, ӛзіндік білім алуға, ӛз жолын дұрыс
таңдап, оң шешім қабылдай алатын, тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күн
тәртібіндегі ең ӛзекті мәселе болып тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанды
әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам»
атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтік жаңғырту барлық салаларды,
оның ішінде білім беруді де қайта құруды талап ете келе, еліміз бен қоғамды
дамытуға жаңа серпін береді [102] – деп атап кӛрсеткен.
Болашақ тарих пәні мұғалімдерін даярлауда Т.Т.Тұрлығұлдың зерттеу
жұмысындағы анықталған басым бағыттар ЖОО маман даярлаудың бағдары -
«Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі» пәнінің даму эволюциясы
болды [79, б. 13]:
1) 1930-1940 жж. КСРО тарихы құрамында Қазақстан тарихының жеке
материалдары сол пән әдістемесімен оқытылды;
2) 1959-1989 жж. оқытылғанда тарих пәнінің оқыту әдістемесін
пайдаланумен қатар ӛзіндік: КСРО және Қазақ КСР тарихы материалдарын
қатар оқыту, яғни аралас сабақ, екі курс материалдарын органикалық
байланыстыру жолдары, курсішілік байланыстардың әдістемелік жолдары,
қорытып-қайталау сабақтарының жаңа типтері, ӛз ӛлкесі тарихын оқыту,
сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды байланыстыру сияқты оқыту
формалары мен әдіс, тәсілдері қалыптаса бастады;
3) ХХ ғасырдың 90-жылдары пәннің әдістемесі біраз жетіліп, «Мектепте
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі» пән болып қалыптасуы жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бӛлігі
болып отырған жағдайда және демократиялық құқықты мемлекетті құруға бел
байлаған кезеңде ғылымды теориялық жағынан негіздеудің қажеттілігі арта
түсті. Әсіресе, қоғамдық ғылымдардың, сонымен қатар педагогика ғылымының
құрылымдық бӛлігі, дидактиканың әдіснамалық және әлеуметтік мәнін
28
арттыру, жеке адамның тұлғалық қалыптасуы міндеттерін болжап білу мәселесі
айқын қойылуы тиіс.
Бұл тұрғыда, еліміздің жоғары мектеп жүйесі Болон үдерісінің идеяларын
толығымен қабылдап, ӛзінің мазмұны мен болашағын осы үдеріспен
байланыстыруы жоғары оқу орындарының жұмысына елеулі ӛзгерістер енгізуді
талап етеді [103].
Бұл мәселелерді шешуді құзыретті маман даярлаумен байланысты
қарастыруға болады. Н.В. Кузьмина құзыреттілікті жеке тұлғаның қасиеттері
ретінде қарастырады. Оның пікірінше құзыреттіліктің бес түрі бар:
1. Оқытатын пән бойынша арнайы және кәсіби құзыреттілік.
2. Оқушылардың білім, біліктерін қалыптастыру тәсілдері бағытындағы
әдістемелік құзыреттілік.
3. Қарым – қатынас аясындағы әлеуметтік – психологиялық құзыреттілік.
4. Оқушылардың ынтасы, қабілеті аймағындағы дифференциалды-
психологиялық құзыреттілік.
5. Тұлғаның ӛзінің және ӛзіндік іс-әрекетінің жетістіктері мен кемшіліктері
айналасындағы аутопсихологиялық құзыреттілік [104].
Білім беру мазмұнын дұрыс бағамдау және маман даярлауды жүзеге асыру
үшін В.А.Сластенин білім беру саласындағы, әлемдік мәдени қозғалыстағы
оның тарихи заңдылықтары мен этноаймақтық ерекшеліктерді және оларды
жүзеге асыру формаларын, үдерісін айқын елестету қажет ұдеп біледі [105].
Оның себебі, қазіргі кезде білім беруге деген талаптың күшеюінен туындауда.
Батыстың дамыған елдерінде білім алушыларда құзыреттіліктерді, оларда
пайда болатын интеграциялау икемділігін қалыптастыру, білімді әртүрлі
ӛмірлік жағдайларға кӛшіре білу және қолдану міндеттері туралы мәселелер
орын алуда. Бүгінгі күні оларда негізгі құзыреттіліктер айқындалып, алғаш рет
Европа Кеңесі сарапшылары 1996 ж. білім беру мәселелері бойынша
«Европалық жобада алғаш ұсынылған тұғырлық құзыреттіліктерді оқу
үдерісінде қалыптастыру идеясы жүзеге асырылды» [106].
Зерттеулерге сәйкес, біздің ойымызша, әдістемелік даярлық - құзыреттілік
құраушысы болып табылады. Себебі, құзыреттілік білімдік, іс-әрекеттік және
жеке тұлғалық сападан тұрады. Іс-әрекеттік саланы әдістемелік дайындық
құрайды. Тарих пәні мұғалімінің ӛзіндік ерекшеліктері де бар және ол
құзыреттілік құраушыларында ӛзіндік басымдықпен кӛрініс табады. Оның
негізгілері тарихи білімдік сала мен жеке тұлғалық сапалық кӛрсеткіштерде
айқын кӛрінеді. Ол жӛнінде тӛмендегі мазмұндаулардан кӛруге болады.
Болашақ тарих мұғалімінің бойына танымдық және елжандылық
қасиеттерді сіңіру үшін халқымыздың басынан ӛткен оқиғалары мен
құбылыстарын, тарихи тұлғалардың қызметтерін айтып, түсіндіру танымдық
тұрғыда қажетті іс. Ал, тарихшы маман аталған тарихи оқиғаларға,
құбылыстарға, үдерістерге, тұлғалардың қызметі мен ең қарапайым дәйектерге
баға беруде, тұжырым жасауда тарих философиясының әдіс-тәсілдеріне
жүгінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |