33
Аталған стандартта бітіруші түлекке қойылатын негізгі талаптар айқын
кӛрсетілді, олар: «нені білуі тиіс», «нені орындауы тиіс», т.б.
Соңғы жылдары ЖОО болашақ мамандар даярлауда кӛптеген
интербелсенді әдістер қолданылуда. Осы бағытта зерттеу жұмыстары да кең
кӛлемде
жүргізілді.
Солардың
қатарына,
Е.В.Романовтың
[116],
С.А.Жолдасбекованың [117], т.б. зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады.
Аталған ғалымдардың жұмыстарында «Жобалау әдісіне» басымдық беріледі.
Сондай-ақ педагог ғалымдар жоба әдісін қолданудың әдістемесін қарастырады.
Жобалау әдісі - студенттің ӛзіндік мақсатты бағдарланған зерттеу іс-
әрекеті [117, б. 157-160]. Зерттеушілік оқу сипатына тән болып табылады және
оны ұйымдастыру кезінде ғылымдағы жалпы қабылданған таным әдістері
қолданылады. Жалпы ғылыми әдістерге қатыстылары: ұқсастық, байқау және
тәжірибе, талдау және жинақтау, индукция және дедукция, абстракциялау,
нақтылау. Бұл әдістерді бір сабақтың шеңберінде оқу зерттеуді ұйымдастыру
кезінде білім мазмұнын ашуда қолдануға болады. Жоба әдісі қазіргі кезде
болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда да кеңінен қолданылуда, оның ішінде
кәсіби пәндер бойынша және тарихты оқыту жӛнінде.
Жобалау әдісімен жүзеге асырылған сабақ жаңа материалдарды меңгеру,
оқу тапсырмаларын шешуде дағдыны ӛңдеу және сабақты бекіту болуы мүмкін.
Ғылыми таным әдістерін іріктеу сабақтың нақты мазмұнына байланысты, оқу
зерттеуде пайдаланылады.
Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу және талдау кӛптеген
ғалымдардың қызығушылықтары кәсіби даярлықтың түрлі бағыттарын
қалыптастыру мәселесін қарастырғандығын кӛрсетеді [45, 98, 100, 116, 117]:
- гуманитарлық (В.А.Сластенин, Е.Н.Шиянова және т.б.);
- рухани (Б.З.Вульфов, М.М.Мукомбаева, Н.Е.Шуркова және т.б.);
-
коммуникативтік
(В.С.Грехнев,
В.А.Кан-Калик,
О.О.Киселева,
Т.Н.Левашова, А.В.Мудрик, Б.Кенджаева және т.б.);
- кәсіби (И.Ф.Исаев, Н.Д.Хмель, А.А. Молдажанова және т.б.);
- әдіснамалық (Е.В.Бережнова, В.Э.Тамарин, В.В.Краевский және т.б.);
- адамгершілік–эстетикалық (Э.А.Гришин, Н.Б.Крылова, Е.Г.Силяева,
С.А.Ұзақбаева, Д.С.Яковлева және т.б.);
- этнопедагогикалық (К.Ж.Қожахметова, Қ.Бӛлеев, С.Қалиев, т.б.)
- психологиялық (Қ.Жарықбаев, М.И.Лукьянова, Ф.Ш.Мухаметзянова
және т.б.);
- зерттеушілік (Ш.Таубаева және т.б.);
- кәсіби, арнайы құзыреттілік (Е.В. Андриенко, Б.Барсай, Ю.В. Варданян,
Б.Т. Кенжебеков, В.И. Журавлев, Т.В. Новикова, Н.Ф. Талызина);
- педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі (А.А. Орлов, И.Я.
Фастовец, С.Т. Каргин);
- педагогикалық шығармашылық мәні (В.Н. Андреев, Ю.Н. Кулюткин,
В.И. Загвязинский, М.М. Поташник);
34
- педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негізі (Л.С. Выготский,
В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, т.б.) еңбектерінде ғылыми
негізде тұжырымдалған.
Мұғалімдердің жеке тұлғалық және маңызды кәсіби сапаларын
қалыптастыру (В.А. Сластенин, Л.Ф. Спирин, Н.Д. Хмель, Э.А. Гришин, Ф.Н.
Гоноболин және т.б.), студенттердің кәсіби педагогикалық бағытының тәрбиесі
мен дамуы, оқу-тәрбие үдерісіндегі болашақ мұғалімнің іс-әрекет жүйесі мен
педагогикалық практика кезіндегі мамандыққа қызығушылығы мен бейімділігі
(Б.Р. Айтмамбетова, В.Г. Максимов, А.Ф. Мененко және т.б.) мәселелері
ғылыми зерттеулерде қарастырылған.
Білім беру мен оқытудағы дидактикалық талаптар мен принциптер,
әдіснамалық мәселелер кӛптеген педагог ғалымдардың (М.Н.Скаткин,
И.Я.Лернер, В.В.Краевский, Ю.К.Бабанский, В.С.Леднев, А.В.Хуторской және
т.б.) зерттеулерінде кеңінен қарастылған. Н.В.Андреевская, В.Н.Бернадский,
А.А.Вагин, Н.Г.Дайри, С.А.Ежова, Е.Е.Вяземский, Т.Тұрлығұл, Х.Тұрсұн,
А.Журасова сынды ғалымдардың еңбектерінде тарихты оқытудың әдістемесі
тарихи білімді тереңдетудің құралы ретінде зерттелген. Ғалымдардың еңбектері
оқытуды, оның ішінде тарихты оқытудың теориялық мәселелерін және
әдістемесін жан-жақты қамтыған. Бұл еңбектер ӛз кезегінде болашақ тарих
мұғалімдерін даярлауда оқу-әдістемелік құрал ретінде қолданылуда.
Болашақ мамандарды даярлауға және олардың даярлығына қойылатын
талаптар күшеюде. Солардың бірі ретінде кәсіби білім беру стандарты
мазмұнындағы талаптарды мысалыға айтуға болады. 2010 жылы бекітілген
және іске қосылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартында білім бакалаврының білім деңгейіне қойылатын
талаптар: «түсінігі болуы тиіс», «білуі тиіс», «біліктілігі болуы тиіс», «дағдысы
болуы тиіс», «құзыретті болуы тиіс» деген сӛз тіркестерімен берілген. Сондай-
ақ, білім бакалаврының құзыреттілігіне қойылатын талаптар белгіленген, олар:
түйінді құзыреттер (қалыптастырушы, жүйелеуші, зерттеушілік); пәндік
(коммуникативті, технологиялық, бақылаушы), арнайы (бағдарламалық,
пәнаралық, әлеуметтік, дамытушы, креативтік, ұйымдастырушы-әдістемелік)
[118]. Бұл құзыреттіліктер - ӛмірдегі мәселелер мен жағдайларды шешуде іс -
әрекеттің сапалы, табысты ӛтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген
білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан осы
тұрғыдан алғанда жоғары оқу орындарында болашақ тарих мұғалімдерінің
құзыреттіліктерін қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Жоғары оқу орындарында болашақ тарих мұғалімдеріне «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқыту олардың пәндік білімдерімен қатар, құзыреттілігінің
құндылық қатынастар құраушыларын қалыптастыруға бағытталады. «Мәңгілік
Ел» идеясына негізделген құндылықтардың арасында «Қазақстанның
тәуелсіздігі және Астана», қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен
келісім, зайырлы қоғам және жоғары руханият, тарихтың, мәдениет пен тілдің
ортақтығы сияқты құндылықтарға түсіндірме беру, олардың ара-жігін
айқындап, педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асыруда тарих мұғалімдерінің
Достарыңызбен бөлісу: |