Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: “Күз кереметі” Мақсаты



жүктеу 0,52 Mb.
бет4/6
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#20946
1   2   3   4   5   6

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Көбелек ” Ж.Смақов

Мақсаты: Өлеңді жаттап, есте сақтау қабілетін нығайту. Жәндіктерді айырып атай білуге үйретуді жалғастыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: көктесін,қаңқыз,
Көрнекіліктер: Автордың портреті,көктемнің және жәндіктердің суреттері,


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балаларға үнтаспаны қосып тыңдату.

-Балалар,бұл ненің дыбысы естілді?

Балалар: көбелектің дыбысы.

-Ия,дұрыс айтасыңдар.Бұл- көбелек.

- Көбелектер қай мезгілде ұша бастайды?

Балалар: көктем мезгілде.

-Бүгін ауа-райы қандай болады?

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Фонетикалық жаттығулар


- кө-кө-кө-көбелек
- үл-үл-үл-қызыл гүл
- ыз-ыз-қыз-қанқыз

Тақпақты оқу. Ж.Смақов

Мысалы: «Көбелек»
Гүлдер, гүлдер көктесін,
Көбелектер көп келсін.
Ақ қанатты көбелек,
Ауламыздан кетпесін.
Көбелек-ау, көбелек,
Ауламызға келе кет.

4.Сергіту сәті:

Ұзын мұрты құмырсқа,

Келе жатыр алысқа.

Алды допты қолыңа,

Қойды допты жолыңа.

Оңға қаралы,солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

5.Дидақтикалық ойын: “Жәндіктерді ата”.

Мақсаты: Жәндіктердің түрлерін тап,ажыратуға дағдыландыру.

6.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

7.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)


  • 8.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

9.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ не туралы болды?

-Қандай жәндіктерді білеміз?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Үнтаспаны тыңдайды.

тақпақты тыңдайды.

сергіту сәтін бірге жасайды.

Жәндіктерді атайды.
Тақпақты жаттайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.










Күтілетін нәтиже:

Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Жәндіктерді түрлерін ажырата алуды игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;

Күні _____

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Жазғытұры ” А.Құнанбаев

Мақсаты: Өлеңді жаттап,табиғаттағы өзгерістерді салыстыра білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: қыстың сызы, жайраңдасып,елжірер-жалбаңдасар,масатыдай.
Көрнекіліктер: Автордың портреті,жаз мезгілінің суреттері.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балаларға жұмбақ жасыру.

Мысалы: Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз).

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сөздік жұмыс жүргізу:

қыстың сызы-

елжіреу-мейірімділік дегенді білдіреді.

жайраңдасып-жаны жадырап отырған кезі мағынада айтылған.

жалбаңдасар-
Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Тақпақты оқу. А.Құнанбаев

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
4.Сергіту сәті:

Жел улейді у-у


Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду

5.Дидақтикалық ойын: “Жаз мезгілді тап”

Мақсаты: Жаз мезгілдің ерекшеліктерін ажыратып,әңгімелеуді үйрету.

6.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

7.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)


  • 8.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

9.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ не туралы болды?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақты шешеді.

Жаңа сөздермен танысады


тақпақты тыңдайды.

сергіту сәтін бірге жасайды.

Тақпақты жаттайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.










Күтілетін нәтиже:

Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Жаз мезгілінің құбылыстарын ажырата алуды игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Төрт түлік мал»

Мақсаты: Балаларды үй жануарлармен таныстырып, түсініктерін тереңдету, олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға,үй жануарлардың төлдерін атауды үйрету.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,ой-қозғау, сұрақ-жауап, ойын,

Көрнекілік: үй жануарларының суреті, төлдер суреті,жайлау көрінісі


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

жағымды

жағымсыз

I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер жасау.

Мысалы: Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

2. Балалармен әңгімелесу.

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Күзде ауа райы қандай болады?

-Аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

3.Үнтаспаны қосу.

-Балалар,бұл ненің дыбысы естіледі?

-Қандай жануарлардың дыбысын естідіңдер?

-жылқы,сиыр,қой,дейді балалар.

-Олар бізде қандай жануарлар: үй жануарлары ма,әлде жабайы жануарлар?

4. Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Балалар ,бүгін біз тіл дамыту сабағында үй жануарлар жайында әңгімелесеміз.

-Үй жануарлардың ішінен біз төрт түлік малға ерекше тоқталамыз.

-Төрт түлік мал дегеніміз, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

-Суретпен жұмыс жасау.Жануарларды атау.

-Жылқы,сыр,қой,ешкі,ит,мысық.

-Төлдерін атау.

-Жылқының баласын-құлыншақ дейміз,

-Сиырдың баласын-бұзау дейміз.

-Қойдың баласын-қозы дейміз.

-Ешкінің баласын –лақ дейміз.

-Иттің баласын-күшік дейміз.

-Мысықтың баласын-мысықпай дейміз.

5. а).Дидактикалық ойын: Үй жануарларды тауып,қоршап сыз.

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары жайында түсініктерін кеңейту.

б).Дидактикалық ойын: Үй жануарлардың төлдерін тауып,қос.Мақсаты:үй жануарлардың төлдерін бір-бірінен ажырата алуды үйрету.

6.Сергіту сәті: Ал,балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары-төмен қарасақ,

Қолымызды созамыз.

Жел сияқты қалықтап,

Белімізді жазамыз.

Отырамыз,тұрамыз

Бір тынығып аламыз.

7.Жұмбақтар шешу.

Мысалы: а)Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.( Қой).

б) Екі айнасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр).

в)Туа сап жүріп кеткен,

Енесін қуып кеткен. (Жылқы).

8.Дидактикалық ойын: Жануарлардың суретін құрастырып жинау.

Мақсаты: Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.

9. Төрт түлік малдың пайдасы жайлы әңгімелеу.

-Балалар,осы төрт түлік мал -Халқымыздың байлығы да берекесі де осы малдар боп саналады. Адамға пайдасы өте көп.Балалар осы малдар адамға не береді?

-балалар: сүт,ет,жүн береді.

-Түйенің сүтінен не жасайды?

-балалар: шұбат.

-Жылқының сүтінен не жасайды?

Балалар: қымыз.

-Сиыр,қойдың,ешкінің сүтінен не жасайды?

Балалаар: май, құрт, айран,ірімшік.

-Қойдың,ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды?

Балалар: жіп,киім тоқиды,көрпе жасайды.

-Дұрыс айтасыңдар,адамдар да оларға көп қамқорлық жасайды. Оларды бағады, шөп,жем,су береді,көптеген күтім жасайды.Үй жануарлар өздері күн көре алмайды.

10.Төрт түлік мал туралы мақал мәтел айту.

а) Ат-адамның қанаты.

б) Сиырдың сүті тілінде.

в)Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.

11.Қорытындылау. Балалар,бүгін бізде қандай сабақ болды? Сабақта не жайында әңгімелстік Балаларды бағалау,мадақтау.



Өлең шумағын қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді

Үнтаспаны тыңдайды,ненің

дыбысы екенін айтады.

Жаңа тақырыппен танысады.

Төлдерді атайды.


Дидақтикалық ойынға қатысады.


Сергіту сәтін жасайды


Жұмбақтың шешемін табады.
Жануардың бейнесін құрастырп жинайды.

Төрт түлік малдың пайдасы туралы әңгімелейді.


Мақал-мәтелдерді қайталайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала үй жануарларды танып білуі тиіс;

Игеру: Төрт түлік малдың төлдерін бір-бірінен ажыратып, атауларын атап игерілуі тиіс;

Меңгеру: Бала төрт түлік малдың пайдасысын меңгерілуі тиіс;


Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Біздің топтағы гүлдер»

Мақсаты: Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту.Бөлме өсімдіктерін далада және бақшада өсетін гүлдерден айыра білуге үйрету.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,ой-қозғау, сұрақ-жауап, ойын,

Көрнекілік: бөлме гүлдері мен дала гүлдердің суреттері.


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

жағымды

жағымсыз

I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер жасау.

Мысалы: Алақанды ашайық


Күнің шуағын салайық
Таза ауадан салайық
Мейрімділік шоғын салайық
Жүрек жылуын салайық
Жиналған жылу шуағын
Қонақтарға шашайық .

2. Балалармен әңгімелесу.

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Бүгін ауа райы қандай болады?

-Аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

3. Жаңа тақырыпты хабарлау.

- Балалар барлығымыз топтағы гүлдермен амандасайық.


- Неліктен адамдар бөлме гүлдерін өсіреді?
- Гүлдер бөлменің ауасын тазартып, кейбір ауруларды емдеуге өте пайдалы, тіпті олар үйді де әсемдейді.
- Ал, адамдар бөлме гүлін қалай күтіп-баптайды білесіңдер ме?

-Біздің топта қандай гүлдер бар?

Балалар:хлорофитум,колеус,папоротник,фиалка,бальзмин,т.б
Балалар мына үстел үстіндегі кактустың сабағын, бұтағын, жапырағын көрсетіңдерші.
- Кактус ыстық шөл далада өседі. Ол кішкене бөшкеге ұқсайды. Мыналар бұның сабағы және бұтағы. Кактустың жапырақтары инелерге айналған. Кактустар гүлдейді, гүлі өте әдемі болады.
- Қалай ойлайсыңдар, кактус инелерімен қандай жануарға ұқсайды?
- Балалардың жауабы: Кірпіге ұқсайды.

4.Сергіту сәті: Ал,балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары-төмен қарасақ,

Қолымызды созамыз.

Жел сияқты қалықтап,

Белімізді жазамыз.

Отырамыз,тұрамыз

Бір тынығып аламыз.

5.Дидактикалық ойын: Бөлме өсімдіктерді ата.

Мақсаты: Бөлме өсімдіктерді ажыратып,

атауларын атауды үйрету.

6 .Балалар,бүгін бізде қандай сабақ болды? Сабақта не жайында әңгімелстік?Балаларды бағалау,мадақтау


Өлең шумағын қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді


Сергіту сәтін жасайды


Дидақтикалық ойынға қатысады.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Бөлме гүлдерді танып білуі ;

Игеру:Бөлме гүлдерді бір-бірінен ажыратып алуды игерілуі;

Меңгеру: Бөлме гүлдердің адамға тигізер пайдасының маңызын меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Үй жиһаздары ”

Мақсаты: Үй жиһаздарын , бұйымдарды танып,дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: сандық.
Көрнекіліктер: жиһаздардың суреттері


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балалармен әңгімелесу.

-Жылдың қай мезгілі?

-Аптада неше күн бар?

-Бүгін ауа-райы қандай?

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Балалар,біз қайда тұрамыз?

-Қандай үйде тұрамыз?

-Сендер өздерің нешінші қабатта,нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?

-Үйде қандай бөлмелер болады?

4.Дидактикалық ойын: Қай бөлмеде қандай зат тұрады?

Шарты: Бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.

- Мына екі сурет бірі киіз үй, екінші көп қабатты үй –қайсысында тұрғың келеді?Бала өзі қалауымен әңгімелеп

береді.

Топтағы қазақ бұрышындағы жиһаздарды көріп тамашалайық.

-Қандай үй жиһаздарын көріп тұрсыңдар?

-Қанша ыдыстар бар екен?

-Онымен әжелер не істеп отыр?

5.Сергіту сәтті:

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

6. Осы жердегі заттар туралы жұмбақ жасырайын,соны шешіңдер.

1.Кіруге адам батпайды,

Суға салса жатпайды.

Ішіне кірген заттарды,

Аман-есен сақтайды. Сандық.

2. Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Көйлегі көк, қарны тоқ. Жастық.

3. Кішкене ұлым бар,

Кірген –шыққан сүйеді. Кесе.

4.Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. Киіз үй.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өтік?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

сергіту сәтін бірге жасайды.

Жұмбақтарды шешеді.








Күтілетін нәтиже:

Білу:Үй жиһаздарды танып білуі;

Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;

Меңгеру:Үй жиһаздардың не үшін қажет екенін айтып меңгерілуі;


Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Күзгі ормандағы саңырауқұлақтар ”

Мақсаты: Саңырауқұлақтар тақырыбына бойынша білімдерін жетілдіру.Дыбыстарды дұрыс қабылдап,анық жеткізе білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: орманның және саңырауқұлақтың суреттері.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейміз үлкенге!



2.Балаларға жұмбақ жасыру.

Өз қалпағын жасынан


Тастамайды басынан (саңырауқұлақ)
Балалар шешуін табады.
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.Сурет бойынша әңгімелеу.

Балаларға саңырауқұлақтардың суреттерін көрсетіп,талдау. Жейтін және жеуге жарамайтын саңырауқұлақтарды бір-бірімен салыстыру,айырмашылықтарын атау.
- Ал, саңыруқұлақ жөнінде не білесіңдер?
- Саңырауқұлақ орманда, талдардың түбінде өседі. Оның басында қалпағы бар.
- Жарайсыңдар, балалар! Біз осындай өсімдіктерді аялап, қорғап жүруіміз керек екен.
Ойын: «Тез құрастыр»
Балалар суреттерді тез құрастырып ойнайды.

4.Сергіту сәтті:

Серуендеуге шығамыз.


Шулы жерден шырақтап,
Орман, тауға барамыз.
Жайнап тұрған қырлардан,

Саңырауқұлақ теріп аламыз,


Орнымызға барамыз.

5.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өтік?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

сергіту сәтін бірге жасайды.









Күтілетін нәтиже:

Білу:Саңырауқұлақты танып білуі;

Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілу;

Меңгеру:Саңырауқұлақтың қайсысын жеуге болатынын айтып меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Біздің сүйікті балабақша”

Мақсаты: Өз балабақшасы жайлы түсініктерін тереңдету.Модульдік технологияның тәсілдерін тиімді қолдану арқылы балалардың тілдерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Балабақшаның және ойыншықтардың суреттері,карточкалар .


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер.

Тәрбиеші балалармен бірге «Бала,бала,баламыз» өлеңін бірігіп айтады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

2.Әңгімелесу

- Балалар, бүгін сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелесеміз.

Біздер балабақшада әдепті, қамқор, ұқыпты, мейірімді, тату болуға үйреніп, көптеген достар таптық. Тәрбиеші апайымыздын көмегімен ән салап, би билеп, сурет салуға үйрендік. Айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстық . Сондықтан « Балабақша – өз үйіміз»» деп біз айта аламыз.

-Қалай ойлайсыңдар, «Балабақша» деген атау не үшін 

берілген .

Балалардың жауаптары :

-«Балабақша» бұл – әдемі атау . Бақшада жас жеміс ағаштары өссе , балабақшада Отанымыздың жас ұландары , сендер өсіп , жақсылыққа , достыққа , әдептілікке үйрендіңдер .

Әңгімелеу.

Балабақшада

Балабақшасында балалар

Іні , әпке , аға бар .

Ойыншықтар мол онда,

Машина , арба , шана бар.

 Жазатұғын тақта бар ,

Кісінейтін <ат> та бар .

Үйретеді тақпақ та ,

Жаңылыспай жаттап ал.


  • Балабақшада не үйренесіңдер ?

  • Сендерге балабақша несімен ұнайды ? ( Балалардың жауаптары.)

3.Дәйексөз

Тәрбиеші балаларға «Сәбиіңмін сенің , балабақшам менің» деген Е.Ашықбаевтың өлең жолдарын сабақтың дәйексөз ретінде түсіндіреді .

4.Тыныштық сәті

-Балалар, денелерінді түзу ұстап , бастарыңды жоғары көтеріп , ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады . Ауаны терең жұтып , еркін тыныс алыңдар . Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап , бақытқа , махаббат пен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер . Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады .

5.Дидактикалық ойын:Балабақша бізді неге уйретеді ?

Балалар шеңбер бойымен тұрып , бастаушы допты бір балаға лақтырып , <Балабақша бізді неге үйретеді ?> деп сұрақ қояды.

Допты ұстаған бала жауап айтады .

Күтілетін жауаптар .

-татулыққа ;

-достыққа ;

-мейірімділікке ;

-бірлікке ;

-ұйымшылдыққа ;

-сыйластыққа ;

-сүйіспеншілікке ;

-жақсылыққа .

6.Сергіту сәті:

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау .

Біз кішкентай баламыз ,

Өсіп , өніп толамыз .

Күнге қарай талпынып ,

Көпке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз ,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып , бір тұрып ,

Жаттығулар жасаймыз .

7.Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады .

Мен балабақшамды , өз тобымды , апайымды жаксы көремін .

Балабақша мені жақсылыққа үйретті .

8.Қорытындылайық

-Балалар , біз балабақшада жақсылыққа , ұйымшылдыққа , сыйластыққа , достыққа , татулыққа үйрендік .

-Балабақшада кімдер жұмыс істейді?

-Балабақша бөлмелері қалай аталады?

-Аулада тазалық сақтау үшін не істеу керек?

Жүректен журекке

Балалар шеңберге тұрып төмендегі Н.Айтовтың өлең жолдарын қайталайды :

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз .

Бірге ішеміз асты да ,

Бірге сайран құрамыз .


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Әңгімені тыңдайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Дидактикалық ойын ойнайды.

Сергіту сәтін орындайды.









Күтілетін нәтиже:

Білу: Балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегі жайлы білуі;

Игеру: Балабақша жайлы білімді игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;

Күні _____



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау