Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “Күз кереметі”
Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін Жеміс бағында суреті бойынша әңгіме құрастыруды үйрету.Жемістердің аттарын атап, ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Ерте күз,қара күз,алтын күз
Көрнекіліктер:суреттер,карточкалар
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Тәрбиеші балаларды «Армысың көк аспан» атты шаттық шеңберге тұрғызады.
Мысалы:Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым!
2.Тәрбиеші жұмбақ жасырудан бастайды
Қызыл, сары, кемелер
Су бетінде қалқиды
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды
Ол не?
Балалардың назарын даладағы көрініске аударып, сұрақтар қойылады.
- Қазір қай мезгіл?
- Күз екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Тәрбиеші күздің үш кезеңге бөлінетінін айтып түсіндіреді.
Ерте күз, алтын күз, қара күз
1) Ерте күз – күздің басталуы.
2) Ал алтын күз деп неге айтамыз?
3) Қара күз деп атайтын себебі:
ағаштардағы жапырақтың бәрі түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды.
3.Суретпен жұмыс: «Күз туралы»
Суретке балалар ат қояды.
- Екі үш бала суретке қарап, неге алтын күз, ерте күз, қара күз деп аталғанын әңгімелейді.
Тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды, толықтырады.
- Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады?
- Ал, егер күн бұлтты болса қандай сөздерді қолданамыз?
4.Тәрбиеші М.Жылқайдаровтың «Күз» деген өлеңін оқып береді.
- Бұл өлеңнің авторы кім?
- Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеген?
- Алтын күз қамбаға нелерді толтырды?
5.Сергіту сәті: «Алтын күз» әнімен жасалады
- Тәрбиеші «күз» өлеңін 2 рет оқиды.
- Балалар түсінгендерін айтып береді
6.Ойын: «Ненің жапырағы»
Балалардың жауабы
- Жапырақ
- Күз мезгілі
Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша
- Жапырақтың бәрі сарғайып, алтындай сары күйге енеді
Сондықтан «алтын күз»
- Балалардың жауабы
- аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза
- күн түнеріп тұр, аспанды сұр бұлт қаптаған, суық жаңбыр сіркіреп жауып тұр.
Балалардың жауабы
- Алма, өрікті қамбаға толтырды.
- балалар жинаған жапырақтарын ажыратады
(түсін, пішінін) айтады
7.Сабақты қорытындылау
- Неге бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп атайды?
бағалау,мадақтау.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақ шешеді
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Сөздік жұмыс жасайды.
Суретпен жұмыс жасайды.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бала Күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білуі;
Игеру: Күз туралы әңгіме құрастыруды игерілуі;
Меңгеру: Бала жемістердің атауларын және оларды ажырата алуды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “Жабайы аңдар”
Мақсаты: Ертегі мазмұнын сурет бойынша әңгімелету.Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту және олардың тіршілігін сипаттап айтуға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Жабайы аңдар, бөлтірік, мыршай ,миығынан күлу.
Көрнекіліктер:суреттер
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Балаларды шеңберге тұрғызу:
Мысалы: Қуанамын мен де,
Қуанамын сен де.
Оянады достарым,
Мен қаламын қарайлап.
Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
Неліктен жабайы аңдар дейміз?
Мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдатылады.
Балаларға жабайы аң – қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі.Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететендігі де айтылады.
Қасқыр, түлкі, қоян,т.б аңдардың балаларын қалай деп атайды?
-Қасқырдың баласын-бөлтірік.Қоянның баласы-көжек.Түлкінің баласы-мыршай дейді.Аюдың баласы-қонжық.Жолбарыстың баласы- шөнжік.Арыстанның баласы- абдан.
2. Тапқыр қоян ертегісін оқу.
-Ертегіні мәнерлеп оқу.
3.Сөздік жұмыс жүргізу.
Миығынан күлу-езу тарту, мұртынан күлу.
Сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
Сұрақ-жауап арқылы балалардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.
Жабайы,аңдар деген сөздердің жуан,жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлу.
4.Жұмбақтар шешкізу.
Мысалы:
1.Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине. (кірпі)
2.Аузы бейне, шалғы орақ,
Шөп емес,бірақ малды орады. (Қасқыр)
3.Өзіне болған қорған- орман,
Ішінде бар, бір аң қорбаң-қорбаң. (Аю)
4.Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
Балалар жұмбақтарды шешеді.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп – теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
5.Дидактикалық ойын: “Жабайы аңдарды тауып қоршап сыз”.Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету,оларды ажырата алуды үйрету.
6.Оқу іс –әрекетін қорытындылау.-Балалар, бүгін сабақ не жайында әңгімелестік? Қандай жабайы аңдарды білеміз?
Бағалау,мадақтау.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
Аңдардың балаларын атайды.
Ертегіні тыңдайды.
Жаңа сөздермен танысады.
Балалар жұмбақтарды шешеді.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бала жабайы аңдарды білуі тиіс.
Игеру:Бала жабайы аңдардың мекені мен қоректенуі жайлы игеруі тиіс;
Меңгеру: Бала ертегіні жоспар бойынша мазмұнын айтуды меңгерілуі тиіс.
Күні _____айы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “Туған Өлкем”
Мақсаты: Балаларды тақпақ жаттап үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: бөбек,береке.
Көрнекіліктер:суреттер
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1. Балаларды шеңберге тұрғызу:
Мысалы: Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағейбіт күн,
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын, іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
-Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.
-Жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа –райы қандай?
-Жаңа тақырыпты хабарлау.
-Жаңа сөздермен жұмыс жасау.
Мысалы: Бөбек- кішкентай сәбиді айтады;
Берекем-қуаныш сезімді білдіреді.
2.Тақпақты оқу. Н.Жанаев
Мысалы: Өзең-көлім- өз өлкем,
Бал-бөбегің –мен ертең!
Елім,жерім,кең мекен
Әңмен, жырмен тербетем!
Бұлағың нәр-
Шөлдесем!
Қазақстан жаннатым!
Туған Отан берекем!
Менің Өлкем тамаша.
3.Сергіту сәті: Жан-жағына қарады
Қабағын бір түйді де
Шашын жөндеп тарады.
Сағаттың тіліндей оңға бір.
4.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)
5.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.
6.Сабақты қорытындылау.
Бағалау: өз-өзін бағалау.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тақпақты тыңдайды.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бала Туған Өлке жайлы білуі тиіс;
Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игеруі тиіс;
Меңгеру: Туған Өлке туралы білімдерін меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “Бақшада”
Мақсаты: Бақшада тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.Көкөністердің аттарын ажырату,сол арқылы сөздік қорын байыту. Көкөністерді түсіне, түріне қарай салыстыруға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Қызанақ, орамжапырақ.
Көрнекіліктер:суреттер,көкөністер мен жемістердің мульяжі.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс- әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1. Балаларды шеңберге тұрғызу:
Мысалы: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң,балалар!
2. -Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.
-Жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Балаларға бір ыдысқа көкөністердің ,бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып көрсетіп сұрақ қою.
- Ыдыстағы заттарды бір ауызбен қалай атайды?
- Көкөністерге не жатады?
Балалардың жауабы: қияр,қызанақ,қияр,т.б
Көкөністер қайда өседі?
-Жемістерге не жатады?
-Алма, алмұрт, шабдалы,өрік,т.б
-олар қайда өседі?
- Бау-бақшада өседі.
-Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те аатады. Бау-бақша – жеміс-жидек, ,көкөніс егілген жер. Бау –бақша әр үйдің айналасында болады.
3.Сөздік жұмыс жүргізу.
Орамжапырақ- бақшада өсетін көкөніс түрі.
Қызанақ- қызыл түсті көкөніс.
4.Суретпен жұмыс.Бақшада тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.
-5.Жұмбақтар шешу. 1. Көк ала лағым
Көгалда жатып семірді.
2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкініғ
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
Шешулері: қарбыз, сәбіз.
Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма?әлде көкөніске жата ма?
Балалардың жауабы: көкөніске жатады.
6. Сергіту сәті: Жел соғады гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс,
Жаңбыр басылады,
Күн ашылады.
7. Дидактикалық ойын: “Сиқырлы қоржын”
Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы,қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.
Мысалы: алма-тәтті, домалақ, түсі – қызыл,сары;
Сәбіз- қатты, сопақша, түсі тоқ сары;
Жаңылтпаш жаттау.
Алма теріп балақайлар,
Алақайлар,
Талапайлар.
8.Сабақты қорытындылау.
– Осы көкөністер мен жемістердің адамға пайдасы зор.Оларды күтіп баптасақ, көп өнім аламыз.
Бағалау: досын бағалау.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Көкөністерді атайды.
Жемістерді атайды.
Сөздік жұмыс жасайды.
Әңгіме құрастырады.
Жұмбақтарды шешеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Жаңылтпаш
ты жаттайды.
Сабақты қорытынды
лайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бала жемістер мен көкөністерді білуі тиіс;
Игеру :Олардың аталуы, , қайда өсетіні, құрамындағы кездесетін дәрумендері жайлы игерілуі тиіс;
Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “Отбасы”
Мақсаты: Отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыруға, отбасы мүшелерін ажырата білуге ,сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: нағашы ата, нағажы әже,немере.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелернің сюжеттік суреттер.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс- әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Балалар дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайды.
Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
-Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң!Қайырлы Күн!
- Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
-Енді бір- бірімізге жылы сөз айтайық.
Мысалы: сен әдемісің,сұлусың, денің сау болсын;
-Ал сендер үйлерінде бір-бірлеріңе қандай жақсы сөз айтасыңдар?
- Қайырлы таң, әкетайым,анашым!
- Қайырлы күн , асыл әжем,аташым!
- Бір үйде қандай адамдар тұрады?
- Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады.
- Оларды атаңдар?
- Атасы, әжесі, анасы, әкесі, және оның балалары.
- Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар- отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.
2. Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс.
Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Отбасы мүшелері қайда тұрады?
Отбасы мүшелері бірге,бір үйде тұрады.
Олар қалай тұрады?
Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.
Сөздік жұмыс жүргізу:
Нағашы ата- анасының әкесі,
Нағашы апа- анасының анасы.
Немере- ұл-қыздарынан туған бала.
3.Дидактикалық ойын: “Ойлан ,тап”.Мақсаты: Баланың ойлау, қабылдау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Педагог адамның сыртқы бейнесін, мінезін сипаттайды, ал бала кім туралы айтып жатқанын тауып алуы тиіс.
Мысалы:
Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды,
бау-бақшаны баптайды.Немерелерін жақсы көреді.Ол кім?
- Ата,-дейді балалаар.
Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер?
Өзі мейірімді, әрқашанда бауырсақты
пісереді,ірімшігі,қант-кәмпиті дайын. Ол кім?
- Әже,-дейді балалар.
4.Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздiжазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.
5.Дидактикалық ойын: “Отбасы мүшелерін ата”
Мақсаты:Отбасы мүшелері жайлы түсініктерді қалыптастыру.
6.Сабақты қорытындылау.
- Отбасы мүшелерін атаңдар.
- Отбасы мшелері бір-бірімен қалай тұрады?
Бағалау: Тәрбиеші бағалайды.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Суретпен жұмыс жасайды.
Сөздік жұмыс жасайды.
Дидактикалық ойынға қатысады.
Сергіту сәтін орындайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Сабақты қорытынды-
лайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Отбасы мүшелерін танып білуі тиіс;
Игеру : Отбасы мүшелерін атап игерілуі тиіс;
Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды меңгерілуі тиіс;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “Нан қайдан келеді?” М. Етекбаев.
Мақсаты: Ертегі мазмұны арқылы нанды қадірлеуге баулу. Модульдік технологияның тиімді тәсілдерін қолдана отырып, балалардың тілдік қорларын нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Наубайхана, Наубайшы, Диірмен,комбайн
Көрнекіліктер: нанның түрлері, бидай,комбайн, диірменнің суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Балаларды шеңберге тұрғызу:
Мысалы: Таң атады арайлап,
Оянады бар аймақ.
Оянады достарым,
Таңның атқан күніне.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде ауа-райы қандай болады?
-Аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Аптада 7 күн бар.
Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдлер.
- Нанды неден пісереді?
-Ұнды қалай жасайды?(Балалардың жауаптары тыңдаты-
лады).
-Мынау- бидай масағы, сабағы, мұртшалары.егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады.Наубайханада осы аппақ ұнға, тұз, су,ашытқы араластырып,қамыр илеп, нан пісереді.
2. Сөздік жұмыс жүргізу.
Наубайхана- нан пісіретін,нан жабатын орын.
Наубайшы- наубайханада нан пісіретін адам.
Диірмен- дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.
Комбайн-әр ауан дақылдарды жинап, бастыруға арналаған машина.
3. Жұмбақ шешу.
Қыр басында әрқилы,
Сары теңіз толқиды. Егін.
Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?
Диқан – егін шаруашылығымен айналысатын адам.
Диқан көктемде егістікке егін- бидай, қарабидай, арпа, жүгері,сұлы,т.б егеді. Оны жаздай күтіп –баптайды, Күзде егін даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп,тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жіберді.Элеватор- бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады.Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады.Ұнды наубайхана жөнелтеді. Найбайханада наубайшылар әр түрлі нана пісіреді.Ыстық нан ,ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды,ұнды сатып аламыз.анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш,т.б пісіреді.
4.Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай,(қолдарын жоғары көтеріп тербеледі)
Басын иіп аққудай.(бастарын иеді).
Трактор мен комбайн(қолдарын алға созып,комбайнды жүргізеді).
Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).
5.М.Етекбаевтың “Нан қайдан келеді?” Ертегісін оқу.
Балаларға ертегіні бөлім-бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қою.
Сурет арқылы ертегінің мазмұнын балаларға ашып түсіндіру.
6.Қорытындылау.
-Тышқанды қандай сұрақ мазалады?
- Нан қайдан келеді?
- Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?
Нан – байлық ,нан береке деп халқымыз бекер айтпаған.
Міне, көрдіңдер ме, қаншама адам еңбек етеді.Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Бағалау: Тәрбиеші бағалайды.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
.
Сөздік жұмыс жасайды.
Жұмбақты шешеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Ертегімен танысады,суретпен жұмыс жасайды.
Сабақты қорытындылайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бала нан туралы білуі тиіс;
Игеру : Нанның қайдан шығатынын игерілуі тиіс;
Меңгеру:Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі тиіс;
Күні _____
Достарыңызбен бөлісу: |