Техникалық тапсырма «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы Жобаны басқару тобының Басшы-үйлестірушісі Кіріспе



жүктеу 56,5 Kb.
Дата06.02.2020
өлшемі56,5 Kb.
#28369


Техникалық тапсырма

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы
Жобаны басқару тобының Басшы-үйлестірушісі
Кіріспе

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) мақсаты жұмыспен қамту және нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары саласында нәтижелерді арттыру және техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру мекемелерінде даярлау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыру болып табылатын «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырады.


Басқару құрылымы мен іске асыру тетіктері

Жобаны басқару тобы (ЖБТ) ЕХӘҚМ қасынан жобаны іске асыру үшін конкурстық негізде (заңнамада белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген техникалық тапсырмаларға сәйкес) құрылады және жобаны жалпы басқару үшін жоба шеңберінде қаржыландырылатын болады.

ЖБТ құрамына конкурстық комиссияның шешімімен іріктеліп алынған түрлі бағыттағы мамандар мен консультанттар кіреді, олар Қарыз туралы келісімнің шарттарын, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ХҚДБ талаптарын сақтауға, Жобаны іске асырумен байланыстыбарлық мәселелерді

үйлестіруге жауап береді.

жоба бенефициарларын, жұмыс берушілер мен жеке секторөкілдерін, басқа донорлар мен әріптестерді, сондай-ақ Дүниежүзілік банкті тарту;

мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру мен қарыз алуды қосқанда, қаржылық басқару;

Жобашеңберінде жабдықтарды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу;

шоттарды жүргізу мен қаржыландыруды пайдалану бойынша жыл сайынғы аудиторлық тексерулерді ұйымдастыруды қоса алғанда, бухгалтерлік есепке алу мен аудитті жүргізу;

жоғары тұрған басшылық пен Дүниежүзілік банкке Жобаның орындалуы бойынша мониторинг пен есептілік.

Жобаның Басшы-үйлестірушісі Жоба бойынша барлық мамандардың/консультанттардың қызметін жалпы басқарады, ЕХӘҚМ-нің еңбек және әлеуметтік әріптестік және халықты жұмыспен қамту департаменттерінің директорларына есеп береді және ЕХӘҚМ-де жобаны үйлестіруге және жобаны іске асыруға қатысатын басқа қатысушылар алдында жауап береді.


Жұмыс көлемі

Жобаны басқару тобының Басшы-үйлестірушісі мынадай қызметтерді орындайды:



  1. Қарыз туралы келісімде, Жобаны бағалау туралы құжатта, Қоршаған ортаны басқару жөніндегі жоспарда, Дүниежүзілік Банктің Сатып алу жөніндегі нұсқауында және Жобаның Операциялық нұсқауында көрсетілген талаптар мен рәсімдерге сәйкес Жобаны басқаруды жүзеге асырады;

  2. ЖБТ мамандарыныңжұмысынбақылайды;

  3. ЕХӘҚМ, Дүниежүзілік Банктің жобалық командасының, Жобаның жұмыс комитетінің және басқа да мүдделі тұлғалардың арасындағы байланыстырушы буын ретінде іс-қимыл жасайды.


Жобаны басқару тобының Басшы-үйлестірушісінің нақты міндеттері мыналарды қамтиды, алайда олармен шектелмейді:

  1. Басқару:

    1. Жобаны жалпы басқару;

    2. қаржылық басқару;

    3. персоналды басқару (ЖБТ штатын, мамандарды, консультанттарды жалдауды, еңбек өнімділігін басқару);

    4. ЖБТ жұмыс істеуі;

    5. Министрліктің басшылары және қызметкерлерімен, мүдделі ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, барлық іске асыру жоспарларын соңғы әзірлеуді үйлестіруге жауап беру; жобалар бойынша жоспарлау/есеп берудің өзгеріп отыратын жағдайлары мен талаптарына сәйкес жоспарларды үнемі жаңартып отыру; бюджетті құрастыру мақсатында ұсынылатын жылдық жоспармен қоса (ереже бойынша келесі күнтізбелік жылға мамыр айында), бюджетті жасау үшін жылдық жоспарды үнемі ұсынып отыру;

    6. ЖБТ қызметкерлерімен тығыз ынтымақтастықта Жоба шеңберіндегі кез келген техникалық көмек көрсету қызметін басқару мен бақылауды клиент атынан қадағалау; Техникалық көмек (ТК) мердігері келісім шартта көзделген барлық нәтижелерге өз уақытында қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін үнемі техникалық мамандардың есептерін жинау; жасалған келісім шарттар мен қол жеткізілген нәтижелердің шеңберінде жоғары басшылыққа жұмыстардың барысы туралы тұрақты түрде есептер ұсынуды үйлестіру;

    7. консультант өзінің негізгі міндетіне кіретін техникалық мәселелермен байланысты ЕХӘҚМ, БҒМ және ҰКП қызметкерлерінің әлеуетін жетілдіруге жауапты. Консультант басшысына осы мәселе бойынша өз міндетінің бір бөлігі ретінде үнемі есеп беріп отыруға тиіс.

  1. Үйлестіру және Байланыс:

мүдделі тараптармен, үкіметтік органдармен және Банкпен жұмысты үйлестіру;


  1. Заңды келісімдер мен төлем:

    1. келіссөздер жүргізу және қатысатын мекемелермен және ұйымдармен келісім туралы Меморандумдарға қол қою;

    2. Жобаның шеңберінде барлық келісімшарттарға қол қою (жұмыстар, қызметтер, жабдықтарды жеткізу және т.б.);

  2. Есептілік:

жұмыстардың орындалуы туралы есептер:

әрбір 6 ай сайынғы;

ортамерзімдік кезеңге;

қорытынды есеп;

қажет болған жағдайда басқа да есептер.
Біліктілік талаптары:


  1. жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім, магистр, PhD, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесінің болуы басымдық болып табылады;

  2. білім беру/кадрларды даярлау ұйымдарында және Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларында стратегиялық жоспарлау және инвестициялық менеджмент салаларындағы басшылық лауазымдарында кемінде 5 (бес) жыл тәжірибесінің болуы;

  3. Ұлтттық біліктілік жүйе (ҰБЖ) немесе кадрларды даярлау мен жұмыспен қамту саласында жұмыс тәжірибесі мен халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық;

  4. халықаралық конференцияларды, семинарларды және тағы басқаларды ұйымдастыру тәжірибесінің болғаны жақсы;

  5. құқықтық, институционалдық, шарттық және қаржылық мәселелер мен процестерге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің мекемелерінің талаптарын жақсы білуі;

  6. Дүниежүзілік банктің, сондай-ақ басқа да халықаралық даму ұйымдарының сатып алудың операциялық қағидалары мен рәсімдерін жақсы білуі қосымша артықшылық болып табылады;

  7. пайдаланушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office, Internet Explorer);

  8. жақсы ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылар, іскерлік қарым-қатынас пен хат алмасудың тиімді дағдылары және презентациялық дағдылар,командада жұмыс істей білу және міндеттерді шешуге бағыттылық;

  9. ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеруі құпталады.


Есептерді дайындау:

  1. Жобаның Басшы-үйлестірушісі Жобаның шеңберінде іске асырылатын іс-шараларға қатысты ЕХӘҚМ мен Дүниежүзілік банкке есеп береді;

  2. өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының үкіметтік органдары және Дүниежүзілік банк қызметкерлерімен, Жобаның жергілікті және халықаралық консультанттарымен, Жобаға тартылған мемлекеттік және жеке мекемелермен және ұйымдармен бірлесіп кеңеседі, жұмыс істейтін болады;

  3. Жобаның Басшы-үйлестірушісі өз міндеттерін келісімшарт шарттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, еңбек заңнамасына, тағы да басқа заңнамалық актілерге, Дүниежүзілік банк ережелері мен рәсімдеріне сәйкес орындайды.


Келісімшарттың ұзақтығы:

Келісімшарттың ұзақтығы 6 (алты) айсынақ мерзімімен 3 (үш) жылды құрайды.

Техникалық тапсырмаға ЕХӘҚМ және Дүниежүзілік банктің келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Қазақстанның өңірлеріне және шетелге Жобаның қызметіне қатысты мәселелермен іссапарларғажіберілуі мүмкін.



Жобаның Басшы-үйлестірушісітапсырманы орындау үшін компьютері, телефоны, Интернеті және электрондық поштасы бар Астана қаласындағы ЖБТ офисінде орналасатын болады.


жүктеу 56,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау