Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: “Күз кереметі” Мақсаты



жүктеу 0,52 Mb.
бет5/6
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#20946
1   2   3   4   5   6

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Жазғы орманға саяхат ”

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету.Жабайы аңдар туралы білімдерін бекіту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: орманның және саңырауқұлақтың суреттері.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер.

Табиғатты қолдай біл


Аң құсын да қорғай жүр
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз
Табиғат бөлек демеңіз
Сол үшін жауап береміз.
Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған екен?
- Табиғат туралы.
- Балалар, табиғат дегеніміз не екен?
Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп.

Олай болса бүгінгі тіл дамыту оқу іс - әрекетінде біз сендермен саяхатқа аттанамыз.



2.Жаңа тақырыпты хабарлау. Сурет бойынша әңгімелеу.
- Жабайы аңдар қайда болады?
- Орманда
- Балалар қараңдаршы мынау қандай аң?
- Қасқыр
(Бұл сұр түсті қасқыр деп аталады)
- Балалар, қасқыр неге ұқсайды?
- Итке
- Тамаша!
Тік құлақ, қара ауыз овчарка итіне ұқсас екен.Қандай итке ұқсайды екен?
- Құлағы қандай пішінге ұқсас деп ойлайсыңдар?
- үшбұрыш
- Қасқыр - күшті, батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң.
- Ал аяқтары ұзын болады екен?
Олар далада қоректенеді: жан - жануарлармен, құстармен. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды.
Ал мынау қандай аң екен?
- аю
- Түсі қандай екен?
- Сұр
- Бұл қоңыр аю деп аталады.
Қасқырға қарағанда аю үлкен бе кіші ме?
- Үлкен
- Аю икемсіз жыртқыш аң.
- Аюлардың қорегі: судан балық аулап, жидек теріп, және құстарды аулап жейді. Аюдың терісі, еті бағалы емдік қасиеттері бар деп есептеледі. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады.
Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі?!
Бұл қандай аң екен?
- Түлкі
- Түлкінің түсі қандай?
- Қызыл
Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба қысқа ма?
- Ұзын және сүйріктеу(қайталау)
Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді.
Ал мынау қандай аң екен?
- Жолбарыс
- Жолбарыс неге ұқсайды екен?
- Мысыққа
- Жолбарыс та өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі. Түсі қандай екен?
- Сұры және қара жолақтары бар. Ал жолбарыстың құйрығында қандай айырмашылық бар екен?
- Ұзын
- Жолбарыс жан - жануарлардың, аңдардың етімен қоректенеді.
Ал енді, балалар, мынау қандай аң екен?
- Арыстан.
Арыстанның басы денесіне қарағанда қандай екен?
- Үлкен
- Арыстанды ертегілерде, аңыздарда не деп атайды?
- Аң патшасы
«Аң патшасы» ол - аңдардың үлкені, мықтысы дегенді білдіреді. Ол да жан - жануардың етімен қоректенеді.
Ал ,балалар, осы торда тұрған кезде бұл аңдар немен қоректенеді?
Оларды адамдар тамақтандырады. Сендер аңдардың алдарында тұрған ыдыстарды көрдіңдер ме? Сол ыдыстармен тамақ береді, күтіп бағады, ауырса емдейді. Олардың арнайы адамдары болады.
(Балалар топқа келеді)
Балалар сендер қайда бардыңдар?
- Орманға бардық?
- Онда қандай аңдарды көрдіңдер?
3.Жұмбақ жасыру:
а) Өзі бір қу
Жүрген жері айқай мен шу. /түлкі/
б )Сұр түсті
Ақсиған көп тісті. /қасқыр/
в) Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады. /аю/
4.Дидактикалық ойын:«Әуеніне сәйкес қимылын тап»
Ойын шарты: аю, түлкі, қасқыр, бетперделерін киген балалар әрқайсысы өздерінің әуендеріне сәйкес қимылын салады.
5.Қорытындылау :
Балалар, бүгін бізде қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Біз қайда болдық?
- Онда нелермен таныстық?
- Жабайы аңдармен
- Сендерге оқу іс- әрекеті ұнады ма?
- Иә
- Балалар, сендерге көп - көп рахмет!

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сурет бойынша әңгімелейді.


Сурақтарға жауап береді.

Жұмбақтың шешімін табаы.

Дидактикалық ойын ойнайды.










Күтілетін нәтиже:
Білуі : Аңдарды бір - бірінен ажырата білу;

Игеру:Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;


Меңгеруі: Жабайы аңдар туралы толық мағлұматты меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “ Қазақстан-көп ұлтты мемлекет”

Мақсаты: Балаларға патриоттық тәрбие бере отырып,тілдерін дамытып,сөздік қорларын молайту.Грамматикалық тұлғада анық сөйлеуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Астананың көрікті жерлердің ,Қазақстанның қалаларының,Президенттің суреттері,


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер.

Мысалы:Табиғатым тамаша ,

Көз тоймайды қараса ,

Табиғатты аялап,,

Жүрейінші жараса ,

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман – есен болайық ,

Бейбітшілікті қалайық. 
2.Балалармен әңгімелесу.

- Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

- Қазақстан.

- Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?

- Астана. - Біздің ұлтымыз қандай?

- Қазақ - Біз қандай тілде сөйлейміз?

- Қазақ тілінде.

Тәрбиеші: Балалар мынау кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.

Олар:Орыстар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. 
- Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі.

Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз. - Әнұран, елтаңба, көк ту.

- Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев. Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.

-Қазақстан Мемлекетіміз барлық елдермен жақсы қарым-қатынас жасайды.

- Балалар Астанаға барғандарың бар ма?

- Онда не көрдіңдер?

- Зарина мен Астанаға бардым.

Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

3.Сергіту сәтті:

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

4.Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік.

Балалар тақпақ айтады.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өтік?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

сергіту сәтін бірге жасайды.
Әнұранды айтады.








Күтілетін нәтиже:

Білу:Қазақстан Республикасын танып білуі;

Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;

Меңгеру:Өз елі туралы білімді меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “ Отан туралы тақпақ,мақал-мәтел”

Мақсаты: Отан туралы тақпақ,мақал-мәтелдер жаттап блімдерін кеңейту.Дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: суреттер,.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер. Е.Өтетілеуовтің Отан деген өлеін айту.

Мысалы: Отан деген –атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел!

2.Балалармен әңгімлесу.

-Балалар,мен бүгінгі сабақты мына сөздерден бастағым келеді: Мен Отанымды сүйемін,

Отаным-мақтанышым.

-Бүгін біз сендермен Отан жайлы әңгімелесеміз.

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдатылады.

-Әр адамның өз Отаны болады.Отан-ол біздің туған жеріміз,тұратын жеріміз,отбасымыз.Біздің еліміз өте бай, өте әдемі.Біз Отанымыз-Қазақстан.

3. Балаларға Сенің Отаның өлеңін оқып беру.

Мысалы: Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың ,бауырың,

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

4.Ойын: “Жылы сөздер”.

Балалар шеңберге тұрып,Отан туралы жақсы,жағымды сөздер айтады.

Мысалы: Менің Отаным өте сұлу.

Менің Отаным өте әдемі.

Менің Отанымда өте ақылды адамдар тұрады.

5.Отан туралы мақал-мәтелдер.



    • Отан елдің анасы, 
      Ел ердің анасы.

    • Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. 

    • Отан от басынан басталады. 

    • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.  

    • Отансыздың оты жанбайды.

    • Отан үшін еңбек етсең 
      халқыңның сүйген ұлы боласың.

6.Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгін сабақта не жайында әңгімелестік?

- Отан деген не?Біз сендермен қандай елде тұрамыз?

Жүректен-жүрекке.

Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарды қайталайды.

Отанды бәрі анасындай,

Қастерлейді бағалап,

Өйткені ,Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.

Бағалау:- Өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


Йтады.

Өлеңді тыңдайды

Жылы сөздер айтады.
Мақал-мәтелдерді жаттайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Өз Отанын танып білуі;

Игеру: Отан туралы түсінікті түсініп игерілуі;

Меңгеру: Отан туралы тақпақ ,мақал –мәтелді жаттап меңгерілуі;


Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “ Қар қандай”

Мақсаты: Мазмұнды сурет бойынша әңгімелеуге ,қиялдауға болатын оқиғаларды аңғаруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс:жапалақтап, қар түршіктері.

Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Жылулық шеңбері: Жұмбақ жасыру:

...Жапалақтап жауды,

Жердің бетін жабады.

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнеки,кім табады?

-Дұрыс айтасыңдар ,бұл жұмбақтың шешуі:қар.

-Қар қай кезде жауады?

-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Сендер қалай ойлайсыңдар,қар қандай болады?

2.Жаңа тақырып:

-Қардың қандай болатыны туралы табиғаттағы басқа тіршілік иелерінің ойларың білгілерің келе ме?Олай болса мен сендерге М.Гайдың Қар қандай ертегісін оқып берейін.


  • Мәтінді оқу.

Мысалы: Бірде құстар дауласады, олар қардың,кәдімгі қардың қандай болатынын анықтай түседі.Ұшып жүріп сұрақ қояды?

-Қар қандай болушы еді?

-Алтындай жарқырап тұрады,-деп жауап береді таң.

-Көгілдір түсті,- дейді мұнтаздай таза аспан.

-Тастай суық,-деп жауап береді үйрек,тұмсығын қанатының астына тыға түсе.

-Жып-жылы шығар,-деп жауап қатады тауық.

-Жеп-жеіңл!Сондай жеңіл!-деп шу етеді жел.

-Сондай ауыр!Кереметтей ауыр!- деп күрсінеді ағаш бұтақтары.

-Күмістей ,әрине!-деп күлімсірейді аспандағы сұлу да сымбатты ай.

Жер-көкті шарлаған құстар алуан түрлі жауаптар естиді,бірақ олар әртүрлі болып шығады.



  • Мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелеседі.

Сұрақтар қою:

-Ертегіде не туралы айтылған?

-Құстар нені анықтамақшы болды?

-Қалай ойлайсыңдар, құстардың естіген жауаптары неге әртүрлі болды?

Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасау керектігі туралы айтып әңгімелеу.Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсете отырып, ертегіні 2 рет оқып беру.

Сурет бойынша мәтінді 4-5 балаға бір-бірін жалғастырып айтқызу.

3.Дидактикалық ойын: “Сөзді жалғастыр”.

Әр балаға қағаздан қиылған қар түйіршіктерін таратып береді.

-Қолдарындағы әдемі қар түйіршіктеріне қарай отырып, қардың қандай екендігі туралы сөздер ойлап көріңдер.

4.Сергіту сәті:

Қалықтап қар жауды,

Жел соғып,қар түйіршіктері ұшты.

Жел басылды,

Қар түйіршігі жерге қондық.

5. “Қыс” сөзіне дыбыстық талдау.Бір бала тақтада, қалған балалар алдарындағы қызыл,көк түсті дөңгелектерді пайдаланып орындарында отырып орындайды.

-Қыс сөзінде қанша дыбыс бар?

-Дауысты дыбысты ата.Дауыссыз дыбыстарды ата.

-Қанша буын бар?Неге?

6.Дидактикалық ойын: “Сөзді өзгерт”

-Қыс деген сөздегі соңғы /с/ дыбысын алып тастап,орнына /з/ дыбысын қойсақ қандай сөз болады?

Балалар: қыз дейді.

Тәрбиеші балаларға с дыбысына аяқталатын сөздерді айтады,балалар с дыбысының орнына з дыбысын қойып,сөзді өзгертіп айтады.

Мысалы: Жас-

Қас-


Түс-

Сөздік жұмыс жүргізу.

7.Қорытындылау.-Мәтін қалай аталады?

-Мәтінде не тураы айтылған?

Сабаққа жақсы қатысып,жауап беріп отырған балаларды мадақтау.


Өлең шумағын айтады.

Жұмбақты шешеді.


Мәтінді тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Дидактикалық ойын ойнайды.

Сергіту сәтін жасайды.


Сөзге дыбыстық талдау жасайды.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Сөзге дыбыстық талдау жасай білу;

Игеру: Сурет мағынасын,оның мазмұны мен атауы арасындағы өзара байланысын игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастырып меңгерілуі;


Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тілдамыту

Тақырыбы: “Қысқы киімдер”

Ма Мақсаты: Қысқы киімдер жайлы балалардың түсініктерін тереңдету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнеккілік: Отбасы мүшелерінің суреттері:ата,әже,ана,ата,аға,қарындасы.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер:

Арайлап атқан таңға сәлем!


Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

2.Балалармен әңгімелесу:

-Бүгін ауа –райы қандай?

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?

3.Жұмбақ жасыру.

Мысалы: а)Іші-егіс, сырты- тегіс. (Тон)
б). Аузы біреу бес құдық,
Қыста күні байлатам, бесеуіне бес құрық.

(Қолғап)

4.Жаңа тақырып хабарлау :

-Бүгінгі біздің тақырыбымыздың тақырқыбы-Қысқы киімдер.

Сурет бойынша жұмыс:Әңгіме құрып айтады.

Балалар киім түрлерін атап береді.Мысалы: малақай- құлағы бар жылы баскиім,құлақшын.

-Қыс мезгілінде қандац киімдер киеміз?


Сөздік жұмыс жүргізу:

Пима- жүннен басылған қысқы аяқкиім.

Тон- иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік-іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.

Сөйлем,сөз тіркестер құру.

-Ішік,қолғап сөздеріне сөйлем құрастыру.

-Мына сұрақтарға жауап беріңдер.Қандай тон? Қандай етік?

-Қалың тон,қалың етік.

-Тон,етік сөздері жуан естіле ме,әлде жіңішке естіледі?

5.Дидактикалық ойын: Қай мезгілде киеміз?

Шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығын айтады.

6.Қорытындылау.

-Бүгін сабақта не өттік?

-Қандай қысқы киімдерді білеміз?

Балаларды бағалау,мадақтау.


өлең жолдарын айтады.

Жұмбақты шешеді.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Сөздік жұмыс жасайды.

Сөйлем құрастырады.

Ойын ойнайды.









Күтілетін нәтиже:

Білу: Қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктерін білуі ;

Игеру :Қысқы киімдерді атап игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Менің атам мен әжем”

Мақсаты: Туыстық қарым-қатынасты білуі және оларды дұрыс атай білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: нағашы ата, нағажы әже,немере

Көрнекіліктер: отбасы мүшелернің сюжеттік суреттер.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


  1. 1.Балалар дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайды.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейміз үлкенге!

2.Балалармен әңгімелесу.

-Отбасы деген не?



- Бір үйде қандай адамдар тұрады?

- Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады.

- Оларды атаңдар?

- Атасы, әжесі, анасы, әкесі, және оның балалары.

- Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар- отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.

2. Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс.

Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу.

  • Отбасы мүшелері қайда тұрады?

  • Отбасы мүшелері бірге,бір үйде тұрады.

  • Олар қалай тұрады?

  • Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.

Сөздік жұмыс жүргізу:

Нағашы ата- анасының әкесі,

Нағашы апа- анасының анасы.

Немере- ұл-қыздарынан туған бала.

3.Дидактикалық ойын: “Ойлан ,тап”.Мақсаты: Баланың ойлау, қабылдау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Педагог адамның сыртқы бейнесін, мінезін сипаттайды, ал бала кім туралы айтып жатқанын тауып алуы тиіс.

Мысалы:

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды,

бау-бақшаны баптайды.Немерелерін жақсы көреді.Ол кім?

  • - Ата,-дейді балалаар.

  • Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер?

  • Өзі мейірімді, әрқашанда бауырсақты

  • пісереді,ірімшігі,қант-кәмпиті дайын. Ол кім?

  • - Әже,-дейді балалар.

4.Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.



5.Дидактикалық ойын: “Отбасы мүшелерін ата”

Мақсаты:Отбасы мүшелері жайлы түсініктерді қалыптастыру.

6.Сабақты қорытындылау.

- Отбасы мүшелерін атаңдар.

- Отбасы мшелері бір-бірімен қалай тұрады?

Бағалау: Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Суретпен жұмыс жасайды.


Сөздік жұмыс жасайды.

Дидактикалық ойынға қатысады.

Сергіту сәтін орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.

Сабақты қорытынды-

лайды.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Отбасы мүшелерін танып білуі тиіс;

Игеру : Отбасы мүшелерін атап игерілуі тиіс;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды меңгерілуі тиіс;

Күні _____



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау