Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: “Күз кереметі” Мақсаты



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/6
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#20946
1   2   3   4   5   6

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Ақылды затттар”

Мақсаты: Тұрмыстық техника туралы білімдерін кеңейту.Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі жайлы түсінік беру.Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: факс,сәлемдеме.

Көрнекіліктер:байланыс құралдардың суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Армысың ,асыл күн!

Армысың,көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

2.Балалармен әңгімелесу.

- Балалар,бүгін ауа-рай қандай?

- Аптаның қай күні?

3.Жұмбақтар жасыру.

Мысалы: Кино менен концертті,

Үйде қойып беремін,

Жаңалығын бар елдің,

Өз көзіммен көремін. (Теледидар)

4.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Байланыс құралдары жайлы түсінік беру.

5.Сөздік жұмыс:

Факс-фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құралы.

Сәлемдеме- пошта арқылы жіберілген сәлем-сауқат.

-Телефон,факс,хат,құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет.Компьютер де байланыс қызметі түрлеріне жатады.Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі.Қазіргі кезде мектептер де балабақшалар да компьютермен қамтамасыз етілген.

Пошта-хат,телеграмма,ақша,газет-журнал,сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері –хат, телеграмма, т.б. қабылдаушы-операторлар , хат тасушылар жұмыс істейді.

6.Сергіту сәті.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап аламыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы ссергіп қаламыз.

7.Дидактикалық ойын: “Телефон”

Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір-бірімен сөйлеседі. Мысалы:

-Сәлеметсің бе, Алма?

Сәлеметсің бе, Аружан?

-Ертен мен анамен хайуанаттар бағына барамын.

-Сен бізбен барасың ба?

-Анам рұқсат берсе, барамын.......

7.Сабақты қорытындылау.Балалар,бүгін тіл дамыту сабағында біз не жайлы әңгімелестік?

Сұрақтар қою:

1.Байланыс қызметінің түрлерін ата.

2.Компьютер байланыс құралына жата ма?

3.Сәлемдемемен не жіберуге болады?

4.Құттықтау хаттарын кімдерге және не үшін жазады?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- досын бағалау.

Өлең жолдарын қайталайды.

Сұрақтарға жауап берді.

Жұмбақ шешеді.

Компьютер, телефон сияқты байланыс құралдары туралы білетіндерін айтады.


Қимылдарды қайталайды.

Ойын ойнайды








Күтілетін нәтиже:

Білу: Әрбір байланыс құралдарының қызметін білуі тиіс;

Игеру : Байланыс қызмет түрлерін игерілуі тиіс ;

Меңгеру:Олармен қалай жұмыс істеу керектігін меңгерілуі тиіс;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Зообаққа саяхат”

Мақсаты:Зообақ туралы түсінік беру,жаабйы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.Дыбыстарды дұрыс,анық айтуға үйрету..

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: бөлтірік

Көрнекіліктер: аңдар,ойыншықтар,суреттер.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Қуанамын мен де,

Қуанамын сен де.

Оянады достарым,

Мен қаламын қарайлап.

2.Балаларға Хайуанаттар бағы атты әңгіме оқып беру.

Сұрақтар қою:

-Әңгіме не туралы айтылған?

- Айнұр қайда барды? Кіммен барды?

- Көкесі Айнұрдың басынан сипап не деді?

- Ал, сендер зообаққа бардыңдар ма?

-Онда не көрдіңдер? Кім барды?

Енді ,біз бүгін бәріміз достарымызбен зообаққа саяхатқа шығайық.Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар,құстардың үні.Бәрі бізді күтіп тұрғандай бәрімізге мейірлене қарайды. Өйткені олар біледі. Біз олапды жақсы көретінімізді ,сезеді.

Әрқайсың асықпай бақылаңдар,топқа барғанда кейін алған әсерімізді әңгімелесеміз.

- Қараңдаршы ,мыналар нелер? Қасқырлар екен ә? Олардың түсі сұр болады екен? Баласын – бөлтірік ,-дейді.

-Қояндарға қараңдар “Бұлар үй қояндары” болады.Өзі әр нәрседен үркіп,қорқып тұрады.

- Ал,мынау –аюлар.Аюлар қоңыр,ақ түсті екен. Қасындағы кішкентай баласы қонжық деп аталады.

-Піл,жолбарыс,маймыл ,керіктер,т,б.аңдардың барлығын да не деп айтамыз?

Балалар, осы аңдарды орманға іздеп барсақ көрер ме едік. Жоқ,бәрін бір жерге жинап қойған ,сондықтан бұл жерді “зообақ” деп атайды.

- Зообақта тағы құстар,аңдар,балықтар,т.б. өмір сүреді екен.Күнделікті уақытылы тамағы беріліп, айналасын тазартып қарап отыратын адамдар да бар.

Енді тобымызға қайтайық.Жолда көргенімізді әңгімелеп қайтайық.

3.Дидактикалық ойын: “Зообаққа орналастыр”.Шарты: Аңдарды өз торларына орналастыру.

4.Сабақты қорытындылау.

-Балалар,біз бүгін қайда бардық?

-Қандай аңдарды көрдік?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- досын бағалау.

Өлең жолдарын қайталайды.

Сұрақтарға жауап берді.

Ойын ойнайды









Күтілетін нәтиже: Білу: Зообақ не екенін білуі ;

Игеру : Зообақтағы аңдарды бір-бірінен ажырата алуды игерілуі;

Меңгеру:Жануарларға қамқорлық жасауды меңгерілуі;

Күні _____



Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Жаңа жыл келеді”

Мақсаты: Дыбыстарды анық айтуға үйрету.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Модульдік технологиясын қолданып сөздік қорларын нығайту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жылыстап,ақ күміс

Көрнекіліктер:жаңа жылдың суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


  1. Балаларды шеңберге тұрғызу.

Мысалы: Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

2.Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.

-Жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгін ауа –райы қандай?

-Қыста ауа-райы қандай болады?

-Қыста қандай мерекелер болады?

Жаңа сөздермен жұмыс жасау.

Мысалы: Жылыстап- жақындап келетінін білдіреді;

Ақ күміс- ақ түсті білдіреді;

3.Тақпақты оқу. Жаңа жыл келеді.

Мысалы: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Өлең де әзір, ән әзір,

Кел,Жаңа жыл, біздерге,

Кел ,Жаңа жыл,Жаңа жыл!

4.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

5.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)


  • 6.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

7.Сабақты қортындылау.

- Жаңа жыл –ол қандай мереке?

-Жаңа жылда балалар кімнен сыйлық күтеді?

- Адамдар қандай тағамдар жасайды?

Бағалау: өз-өзін бағалау.



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сөздермен танысады.

Тақпақты тыңдайды.


Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.


Тақпақты жаттайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Жаңа жыл мерекесін білуі

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;

Меңгеру: Жаңа жыл туралы білімдерін меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Менің елім-Қазақстан”

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту,әңгіме құрастыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жылыстап,ақ күміс

Көрнекіліктер: тудың,елтаңбаның ,Астананың көрікті жерлерінің суреттері,т.б.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбері:

  Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,

  Бір-бірімізге жақындасып,

  Бақыт, күлкі сыйлайық.

  Жүректі біз ашайық,

  Бақыт нұрын шашайық.

  Барлық жақсы тілекті,

 Сіздерге біз арнайық.

- Балалар, бүгін мен балабақшаға келе жатқанда, хат тасушыны көрдім, хат тасушы маған хат берді. Ол хатты бізге көрші мемлекет Ресейден жіберіпті, кәне қазір мен сендерге оқып берейін. Балалар Бұл хатты Ресейдің балалары орыс тілінде жазыпты, ал сендерге мен аударып беремін.

..........Балалар, мына хатта біздің  көрші мемлекеттік балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты, және біздің Қазақстан Республикасы жайында не білетініміз туралы айтып бергендерімізді сұрайды.

Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не?

Балалар: Отан деген еліміз, жеріміз, отбасымыз, Отан деген – Қазақстан Республикасы, Отан дегеніміз-Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз.

Тақпақ айту.

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отанана, Отан- үлкен,

Қазақстан - туған ел.

- Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

- Балалар, енді барлықтарын назарларыңды мына Қазақстан Республикасының картасына аударыңдар.

 - Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.


  • Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Балалар: Астана қаласы.

  • Дұрыс. Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім ?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Өте жақсы балалар. Ал біздің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 22 жыл болды.

- Өте жақсы, дұрыс балалар.

Балалар, айтыңдаршы сендер қандай  Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер?

Балалар: Ән ұран, ту, елтаңба.

- Өте жақсы. Ал ендеше ән ұранымызды айтайық.

- Балалар өз тілек айтылған жүрекшелерін картаға жапсырады.

Мысалы:

Еліміз аман болсын!



  Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

  Көк туымыз биік болсын!

   Аспанымыз ашық болсын!

- Міне, балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған Қазақстан Республикасының картасын біз көрші  мемлекет Ресей балаларына сыйлыққа жібереміз. Осы картадан ақ түсінеді Қазақстан Республикасы қандай бай көрікті, тату мемлекет екенін. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.  

  Сабақты қорытындылау.



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.










Күтілетін нәтиже: Білу: Қазақстан Республика елін танып білуі;

Игеру: Қазақстан Республика туралы білімді игерілуі;Меңгеру: Өз елі туралы шағын әңгіме айтып меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Су әлеміне саяхат”

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтуәңгіме құрастыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жылыстап,ақ күміс

Көрнекіліктер: тудың,елтаңбаның ,Астананың көрікті жерлерінің суреттері,т.б.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру


III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер жасау.

Тәрбиеші сөзі - Балалар, мен сендерді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын... Мен барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.
«Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен Бас иеміз біз»,- деп айтып жылы сөздер айтатын түсіндіру. Енді орнымызға отырып «бейнетаспаға» назар аударамыз.
Өткен оқу іс - әрекетіндегі тақырыбымыз «шалқан» ертегісін қайталау. Бүгін сендерді «Су» тақырыбымен таныстырамын.
Су суреттерін бейнетаспадан көрсетіп, таныстырдым.
Балаларға су туралы түсіндіріп, Бейне таспа арқылы балаларға әңгімелету. Су туралы «видио» көрсету. Суды үнемдеп таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Сусыз адамдар өмір сүре алмайды.
Сергіту жаттығу.

Күн шықты,
Жел тұрды
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды.
Найзағай шарт етті.
Біз бұға қалдық.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
(Ойын шарты: «Күн ашылды» дегенде әр түрлі қимылдар жасайды. «жаңбыр жауды» дегенде тығылады.)
Балалар, бүгін біздер қандай тақырыппен таныстық? (қорыту, бекіту)
Су біздің үйімізге қалай келеді, не арқылы?
(Мадақтау арқылы бағалау)



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Жаңа тақырыппен танысады.


Сергіту сәтін жасайды.









Күтілетін нәтиже:

Білу: Су туралы білімді игерілуі;

Игеру: Судың қасиеттірін игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгімлеуді меңгерілуі;


Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Анаға сыйлаймыз”

Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, анаға деген мейірімділікті бала бойына қалыптастыру. Тірек-сызба қолдану арқылы өлеңді жылдам жаттап алуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: гүл ектік,құлпыртып.

Көрнекіліктер:көктемнің, гүлдердің суреттер,



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1. Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағейбіт күн,

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын, іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

2.Балаларға үнтаспа қосып тыңдату.

-Балалар, бұл ненің дыбысы естіледі?

балалар: құстардың дыбысы естіледі.

- Ия,дұрыс айтасыңдар. Құстар қай мезгілде жылы жақтан бізге ұшып келе бастайды?

- балалар: Көктем мезгілінде ұшып келеді.

- Дұрыс айтасыңдар.

-Ендеше, қазір бізде қандай жыл мезгілі?

- Көктемде табиғат қандай болады?

- Бүгін ауа –райы қандай?

- Көктемде қар не істейді?

Балалар: қар ериді,табиғат оянады,құстар ұшып келеді, күн жарқырап, жаңбыр жауады.

2.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сөздік жұмыс:

Құлпыртып – жарқырау,жайнау мағынада;

Гүл ектік - гүлді отырғызу дегенді білдіреді.

Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Тақпақты оқу. А.Бақтыгереева

Мысалы: «Анаға сыйлаймыз»
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.

3.Сергіту сәті: Күркіреді күн-күн,

Терезелер шың-шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек –шелек көп-көп.

4.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

5.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)

  • 6.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазіл жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ кім жайында айтылған?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Үнтаспаны тыңдайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.


Тақпақты жаттайды.








Күтілетін нәтиже: Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Қыс” А.Құнанбаев

Мақсаты: Шығарманың мазмұнын түсіндіріп, жатқа үйрету.Модульдік технологияның тиімді тәсілдерін қолданып салыстыра білуге ұйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Соқыр,мылқау,сықырлап,үскірік

Көрнекіліктер: Автордың портреті,қыстың суреттері,



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


  1. Балаларды шеңберге тұрғызу. Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады

«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
« Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.

2.Балаларға жұмбақ жасыру.

Қар жауады,


Күн тез батады,
Бұл қай кезде болады? (Қыста).

Бетінен суық сүйеді,

Қыста жер бетін басады,
Ерніне суық тиеді.(Аяз)

Жазда сайға қарай қашады. (Қар)

Тікен, тікен тік пісте
Қысы- жазы бір түсте.(Шырша)

Балаларға сұрақ-жауап қою.

-Қай мезгілде қар жауады?
- Қай мезгілде аяз терезеге ою салады?
- Балалар, қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде біз қандай мейрамды қарсы аламыз?
- Жаңа жыл мейрамын.

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сөздік жұмыс:

Соқыр,мылқау,сықырлап,үскірік сөздердің мағынасын түсіндіру.



Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Тақпақты оқу. А.Құнанбаев

Мысалы:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,


Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
4.Сергіту сәті:

Көкке қарай шығамыз


Шанамызбен
Төмен қарай құлдилап,
Біз сырғанақ тебеміз.

5.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

6.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)

  • 7.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

8.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазіл жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ кім жайында айтылған?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Жұмбақтарды шешеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

тақпақты тыңдайды.


сергіту сәтін бірге жасайды.

Тақпақты жаттайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;


Күні _____



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау