Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: “Күз кереметі” Мақсаты



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/6
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#20946
1   2   3   4   5   6

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Мамандықтың бәрі жақсы”

Мақсаты: Мамандық түрлері түрлері жалпы түсінік беру.Сурет бойынша “Мен кім боламын?” Деген тақырыпқа әңгіме құрастыру. Ата анасының мамандығы туралы не білетіндерін ортаға салуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: ғарышкер

Көрнекіліктер: түрлі мамандық иелері туралы суреттер.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.Мысалы:

Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз,күлеміз,айналадағы дүниені танып білеміз.

-Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әр түрлі мамандық иесі болу үшін ақылды,білімді, тәрбиелі болу керек.

2 Жұмбақ шешкізу.

Кірпіштен сарай,үй салады,

Ол адам кім болады?

  • Құрылысшы,-дейді балалар.

Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып,мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.

  • Сөздік жұмыс жүргізу.

Мысалы: Ғарышкер- ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.

3.Дидактикалық ойын: Кім болам?

Шарты: балалар үлкендердің бала күндеріне кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін,ойларын ортаға салады.

4.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық.

Солға-солға түзу тұр,

Оңға-оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Бойымызды күш жинап,

Бір дем алайық.

5.Дидактикалық ойын: “Мамандықты ата”

Мақсаты:Мамандық жайлы баланың түсініктерін кеңейту.

  • Балалар суреттерге қарап, мамандық иелерін атайды.

  • Төмендегідей сұрақтар қойылады:

  • Ғарышкер не істейді?-Полиция не істейді?

  • Дәрігер не істейді?

  • Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

6.Сабақты қорытындылау.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақ шешеді.

Дидактикалық ойын ойнайды.


Сергіту сәтін жасайды.

Дидактикалық ойынға қатысады.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала мамандық иелерін танып білуі тиіс;

Игеру : Мамандық иелерін атап игерілуі тиіс;

Меңгеру: Мамандықтың қаңдай еңбек ететінін әңгімелеп меңгерілуі тиіс;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Түлкі мен бөдене”

Мақсаты: Ертегі мазмұнын өз қиялымен баяндауға,диалогті сөйлеуге үйрету.Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жыртып,бұлтартып.

Көрнекіліктер: түлкі мен бөдененің суреті.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.Мысалы:

Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз,күлеміз,айналадағы дүниені танып білеміз.

Балалар,біреу есік тарсылдатып тұр.Кәне,ашып қарайық.

-Балалар, бізге хат келді.Ішінде не жазылған екенін көрейік.Бірақ,алдымен бізге жұмбақ шешеу керек.

Мысалы: Қырда жүрер ол жыртып,

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын? Түлкі.

-балалар жұмбақты шешеді.

- Балалар,ал енді хатты ашып оқыйық.

Бұл хатта ертегі жазылған.

2.Сөздік жұмыс жүргізу:

Жүрегі тас төбесіне шықты-шошынды дегенді білдіреді.

Шек-сілесі- қатты күлу мағынаны білдіреді.

3.Балаларға ертегі оқып беру.

Суреттер бойынша ертегінің мазмұнын ашып түсіндіру. Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

-Ертегі қалай аталады?

- Түлкі бөденеге не деп айтты?

- Бөдене түлкіні қалай күлдіртті?

- Түлкі бөденеге тағы не айтты?

-Бөдене түлкіні қалай қорқытты?

-Түлкі бөденеге не істеді?

4.Дидактикалық ойын: “Ненің құйрығы?”

Мақсаты: Ненің құйрығы екенін балаларды ажырата алуды үйрету.

5.Дос туралы мақал-мәтелдер жаттау.

1.Дос –егіз,дұшпан сегіз.

2.Достың орны төр,

Дұшпанның орны-көр.

3.Досы көптің жаны семіреді,

Асы көптің сәні семіреді.

6.Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін сабақта қандай ертегімен таныстық?

-Түлкі мен бөдененің арасында қандай жағдай болды?

Бағалау: - досын бағалау.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақ шешеді.

Жаңа сөзбен танысады.

Сергіту сәтін жасайды.

Дидактикалық ойынға қатысады.


Мақал-мәтел қайталайды.
Сабақты қорытындылайды.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала ертегінің мазмұнын білуі тиіс;

Игеру : Диалогті сөйлеу дағдыларын игерілуі тиіс;

Меңгеру: Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі тиіс;


Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Қысқы еңбек”

Мақсаты: Белгілі тақырып бойынша өз ойын байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: қарды күреу, қар тоқтату.

Көрнекіліктер: қыстың суреті мен қысқы құралдардың суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.Мысалы:

Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз,күлеміз,айналадағы дүниені танып білеміз.

2.Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.

Мысалы: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыста ауа-рай қандай болады?

  • Қыстың күні адамдар қалай киінеді?

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

- Сурет бойынша әңгімелеу.Қысқы еңбек түрлерімен таныстыру және кімдер атқаратынын айтып түсіндіру.

- Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау,ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату әдісі қолданылады.

Қар тоқтату- топырақта ылғалдық біршама қорын жинап,егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.

3.Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Шыршадай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

4.Сурет бойынша “Қысқы еңбек тақырыбына әңгіме құрастыру”.

5.Дидактикалық ойын: “Артығын тап”

Шарты: Суреттен еңбек құралдарды тауып,оларды қоршап сызу.

6.Сабақты қорытындылау

Бағалау: - досын бағалау.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сөзбен танысады.
Сергіту сәтін жасайды.

Сурет бойынша әңгіме құрастыра- ды.


Сабақты қорытындылайды.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Қыс мезгілін білуі тиіс;

Игеру : Қысқы құралдарды игерілуі тиіс;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі тиіс;


Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Байқоңыр-ғарыш аймағы”

Мақсаты: Ғарыш және ғарышкер мамандығы жайлы түсінік беру.Халқымыздың мақтанышы,батыр ұлдарымыз жайлы білімдерін кеңейту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: айлақ,күн жүйесі,ғаламшар.

Көрнекіліктер: суреттер



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балалар шаттық шеңберде тұрады. “Ғарыш әткеншегі” ойынын ойнату. Шарты: Ортада бір бала Күн болып тұрады.Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар ,мысалы: Жер,Сатурн,Уран,Меркурий,т.б. болады.Көңілді музыка әуенімен балалар “Күнді” айнала жүреді.

Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.

Мысалы: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

  • Аптаның қай күні?

2.Жаңа тақырыпты хабарлау.

- Байқоңыр-ғарыш алаңы (айлағы).

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан.Байқоңырдан 1961ж.12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин Восток ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.Айды,Марсты және Шолпанды зертеуге арналған аппараттары бар зымырандар да Байқоңырда аттандырылды.

1991ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ баласы ғарышкері Т.Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет зерттеу жұмыстарын жүргізді.

3.Сөздік жұмыс жүргізу.

Айлақ- ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.

Ғарыш- аспан әлемі,космос.

Ғаламшар-Күнді айналатын ,Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.

Күн- әлемге жарық,қызу беріп тұратын жұлдыз.Оның жүйесінде Жер,Марс,Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.

4.Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

5. Пікірталас өткізуге арналған сұрақ.

-Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

- Зымыраның суретін салу.

6.Сабақты қорытындылау

Бағалау: - досын бағалау.

Ойын ойнайды.

Сұраққа жауап береді.

Тәрбиешіні тыңдайды.
Тыңдайды.

Қимылдарды қайталайды.










Күтілетін нәтиже: Білу:Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшырылатындын білу ;

Игеру : Білімді,денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын игерілуі тиіс;

Меңгеру:Ғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білуді меңгеру. ;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Көктемгі еңбек”

Мақсаты: Ауыл еңбегі туралы білімдерін толықтыру.Топтастыру стратегиясын пайдаланып,сөздік қорларын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: егінші,малшы,диқан,шопан,жылқышы,т.б

Көрнекіліктер: суреттер



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Қуанамын мен де,

Қуанамын сен де.

Оянады достарым,

Мен қаламын қарайлап.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Аптаның қай күні?

2.Педагогтің түсіндіруі.

- Адам баласы еңбек арқылы дамып жетіледі.Еңбек ету арқылы көпетегне белестерді бағындыра алады. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады.Еңбектің көптеген түрі бар,соның бірі- көктемгі еңбек.

-Балаларға ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің суреттерін көрсету,

-Бағыттаушы сұрақтар қою:

1.Суретте не бейнеленген?

2.Адамдар немен айналысып жүр?

3.Олар машинаның қай түрімен жұмыс жасап жатыр?

4.Не жинап жүр?

Әр түрлі іс-әрекеттегі адамдардың әрқайсысының өздерінің мамандықтары бар екенін түсіндіру. Мысалы: егінші, диқан, шопан,жылқышы,т.б.

3.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Ауылшарушылық өнімдерімен тек қана ауыл емес, қаланы да қамтамасыз ететінін айтып өту.Мысалы: ет,сүт,астық,жеміс-жидектер,көкөністер,т.б.Табиғатты қорғау бағытындағы еңбек түрлеріне ,ауланы тазалау, арықты аршу, ағаш түптерін әктеу және т.б айта аламыз.

4.Еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттау.

1. Еңбек-түбі береке.

2.Еңбек етсең,ерінбеі,

Тояды қарның тілінбей.

3.Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

5.Сабақты қорытындылау

Бағалау: - досын бағалау.

Өлең шумағын айтады.

Сұраққа жауап береді.


Тәрбиешіні тыңдайды.

Қимылдарды қайталайды.

Мақал-мәтелді қайталап айтады.








Күтілетін нәтиже: Білу: Көктемгі еңбек түрінің айырмашылығын білуі;

Игеру : Табиғатты қорғау жұмыстарының дағдыларын игерілуі ;

Меңгеру: Ауыл еңбегі туралы білімдерін меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Хош келдің Наурыз!”

Мақсаты: Наурыз мерекесі жайлы білімдерін кеңейту.Мазмұнды суреттерді қолданып, балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Наурыз, уыз, ұршық т.б

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру



III. Рефлексия

1.Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай берсін қаламыз.

2.Балалармен әңгімелесу.

- Біздің тұратын қаламыз қалай аталады?

-Қазақстан республикасының - астанасы қай қала?

- Қандай ұлттар тұрады?

-Қандай мерекелерді білесіңдер?

Жақында Наурыз мерекесі болады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі- “ Нау”- жаңа, “руз”- күн деген сөздерінен алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.

Наурыз- бақыттың бастамасы, ұлылықтық ұйтқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі,өмірге нұр сыйлаған ,сезімге гүл сыйлаған ,халық қастерлейтін күн.

3.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Балалардың алдына Наурыз мерекесі туралы суреттер (киіз үй,от,қазан,әже)

- Суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Адамдардың көңіл-күйлері қандай?

- Не істеп жатыр?

-Ауа-райы қандай?

4.Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

5.Жұмбақ жасыру.

1. Дәмді –дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)

2. Төрт бұрышты ,бір ауызды (Сандық)

3.Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.( Таба нан)

6. Сұрақтар қою.

- Балалар,сендер ұлттық –дәстүр деген не екенін білесіңдер ме?Халқымызда мынадай сөз бар.

Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады “надан” деп.

Қазір ,мына сан жалыған асықтарды аласыңдар.Бұл жай асық емес, сиқырлы асық. Асықтар мына сұраққа жауап беріңдер,-дейді.

  • Жеті атаңды атап бер.

  • Ұлттық ойындарды ата.

  • Қандай ұлттық тойларды білесің?

  • Ұлттық киімдерді ата.

  • Ұлттық тағамды ата.

Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап толықтырылады.

  • Наурыз күні не пісіріледі?

  • Наурыз көжеге қандай дән салынады?

7.Сабақты қорытындылау

Бағалау:өз-өзін бағалау түрі;

- досын бағалау.

Өлең жолдарын қайталайды.


Сұраққа жауап береді.

Тәрбиешіні тыңдайды.


Сурет бойынша әңгіме құрастырады.


Сергіту сәтін орындайды.

Жұмбақты шешеді.

Сұрақтарға жауап береді.








Күтілетін нәтиже:

Білу:Наурыз жыл басы екенін білуі тиіс;

Игеру :Наурыздың көктем мерекесі екенін игерілуі ;

Меңгеру:Наурызда бүкіл табиғат оянып,тазалық жұмыстары жүргізілетінін меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Көктем келді”

Мақсаты: Көктем құбылыстары жайлы білімдерін кеңейту.Тірек-сызбаларды қолдана отырып, балалардың тілдерін нығайту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: бәйшешек,жауқазын

Көрнекіліктер:құстардың,көктем мезгілінің суреті,үлестрмелі заттар



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Қуанамын мен де,

Қуанамын сен де.

Оянады достарым,

Мен қаламын қарайлап.

2.Балалармен әңгімелесу.

-Балалар, бүгін қай күн?

- Кеше қай күн болды?

- Ертең қандай күн болады?

-Бүгін ауа-райы қандай болады?

-Табиғат өзгерістерін атайық. (күн шығады,жаңбыр жауады,бұлтты болады,жел,түнде жұлдыздар шығады)

Ақ қар еріп,су көбейіп,

Сай салаға толады.

Гүл бәйшешек толады.

Бұл қай кезде болады?

  • Көктем екенін қалай білдіңдер?

  • Жерде,далада қандай өзгерістер болады?

  • Көктемде алғашқы қандай құстар ұшып келеді?

(Бозторғай, қарлығаш,су құстары, аққа, қаз)

3.Сурет бойынша әңгімелеу,сұрақтар қою.

4.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

5.Сабақты қорытындылау.Балалар,бүгін тіл дамыту сабағында біз не жайлы әңгімелестік?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- досын бағалау.

Өлең шумағын айтады.

Сұраққа жауап береді.


Тәрбиешіні тыңдайды.

Қимылдарды қайталайды









Күтілетін нәтиже: Білу: Көктемгі еңбек түрінің айырмашылығын білуі;

Игеру : Табиғатты қорғау жұмыстарының дағдыларын игерілуі ;

Меңгеру: Ауыл еңбегі туралы білімдерін меңгерілуі;

Күні _____ Білім беру саласы: Қатынас



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау