Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды


-тақырып: Қ.Жұбанов және қазақ тілі дыбыстарының жіктелімі туралы. Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі буын жүйесі еңбегі



жүктеу 112,5 Kb.
бет6/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

2-тақырып: Қ.Жұбанов және қазақ тілі дыбыстарының жіктелімі туралы. Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі буын жүйесі еңбегі.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбанов тіл дыбыстарының фонетикалық ерекшеліктеріне қарай жіктеуі,
2. Қазақ тілі дыбыстарының жіктелімі туралы.
3. Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі буын жүйесі еңбегі.
4. Қ.Жұбановтың буынды құрамындағы дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай бөлуі.
Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов - тіл дыбыстарының фонетикалық ерекшеліктеріне қарай жіктелуі, дыбыстау, фонация, есту аппараттары туралы да алғашқы зерттеушілердің бірі. Қ.Жұбанов дауысты дыбыстарды дыбыстау түріне қарай толық дауыстылар( а/ә, е, о/ө), келте дауыстылар ( ы, і, ұ, ү), қосынды дауыстылар ( ұу/үу, ый/ій) деп үшке бөледі Егіздің бір сыңарының дыбысы тек салдыр болады да, бір сыңарының дыбысында сол салдырға болар-болмас үн қосылған болады. Үнді-үнсіз деп дауыссыздарды естілу ерекшелігіне қарай қарама-қарсы қойған. Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстарды дыбысының созымды-созымсыздығына қарай үздікті(қ, к, ғ, г, т, д, п, б) үздіксіз (ш, ж, с, з) үздіксіз, үнді( ғ, г, д, б, ж, з), үнсіз (қ, к, т, п, ш, с) деген топтарға бөледі.
Қ.Жұбанов он тоғыз дыбыстың он екісін дауыссыз, қалған жетеуін сонор дыбыстар деп, бөлек-бөлек қарастырған. «Дауыссыз дыбыстың бәрі де егіз болады. Егіздің бір сыңарының дыбысы тек салдыр болады да, бір сыңарының дыбысында сол салдырға болар-болмас үн қосылған болады. Дыбысы тек салдыр болып шығатын сыңарын үнсіз дауыссыз дейміз. Дыбысында салдырға үн аралас болатын сыңарын үнді дейміз», - дейді.
Буын теориясы фонетикадағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Қазақ тіл білімі тарихында буын типологиясы туралы алғашқыларың бірі болып пікір айтып, зерттеу жүргізген Қ.Жұбанов болып табылады. «Сөзді бөліп-бөліп айту керек болғанда үйірі-үйіріменен бөлсе, дыбыстары өзгермейді. Үйірін бұзып бөлсе, омыртқаны буынсыз жерден бөлгендегідей болып, сөздің дыбыстарының бірі үзіліп, біріне артық дыбыс қосылып, қалпы бұзылады», - дейді Қ.Жұбанов. Демек, буынның жігін таба білу буын теориясының басты қажеттілігі екендігін де ғалым ерекше атап көрсеткен. Ол буынға мынандай анықтама береді: «Сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз» Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі буынды құрамындағы дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай алтыға бөледі: 1. Жалаң буын, немесе (ДЫ); 2. Ашық буын, немесе (Дз/Ср+Ды); 3. Жеңіл тұйық буын, немесе (Ды+Дз/Ср); 4. Жеңіл бітеу буын, немесе (Дз/Ср+Ды +Дз/Ср); 5. Ауыр тұйық буын, немесе (Ды + Ср + Дз); 6. Ауыр бітеу буын, немесе (Дз/Ср+Ды +Ср+ Дз); Қ.Жұбанов бір буында екі дауыссыз қатар келсе, айтылуы ауырлап, естілуі кемитінін, ал екі дауыссыз қатар келмей, араларында дауысты дыбысты кірістірсе, айтылуы да, естілуі де жеңілдейтінін ескерте келіп, «ауыр буын», «жеңіл буын» деген аттары осы жағдайға байланысты аталғандығын айтады.
Әдебиеттер:
1. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2. Жұбанова М.Қ. Ұлттық дидактика мен тәрбие тағылымы мәселелері. /Жұбанов зерттеулері негізінде / - Алматы : Арыс, 2016. - 240 б.
3.Сұлтан Ж. И. Тілтанымның бүгінгі бағыттары және Жұбановтану проблемалары: Оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. –178 б.
Өткізу форматы: дәріс сабағында топтық жұмыс жасалады, топқа тапсырма беріліп, постер қорғалады, балық қаңқасы арқылы қорытынды жасалады

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау