Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет5/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
1-тақырып: Кіріспе. Қ.Жұбановтың өмірі мен ғылыми педагогикалық қызметі туралы. Қ.Жұбановтың фонетика саласындағы еңбектері.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. «Жұбановтану» пәнінің зерттеу нысаны және зерттелуі туралы.
2. Қ.Жұбановтың өмірі мен ғылыми педагогикалық қызметі.
3. Қ.Жұбановтың фонетика саласындағы еңбектері.
4. «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығының фонетика бөлімі


Дәріс тезисі
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, қазақ лингвистикасының теориялық негізін салушылардың бірі, ғалым Қ. Жұбановтың туған-өскен ортасы, білім алған оқу орындары, ғылыми, педагогтық және қоғамдық қызметі туралы. Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда қазіргі Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келді. Алғашқыда Оспан ишанның мешітінде араб тілін үйреніп, ауыл мектебінде білім алған. Екі кластық Жұрын мектебінде, Орынбор қаласындағы «Хұсайния» медресесінде, Күйікқаладағы (Елек қаласы) екі кластық орыс училищесінде оқыған. Ауылдық мектептің мұғалімі, Темір болыстық совдепінің хатшысы, төрағасы, Темір әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде халық бақылаушысы, Темір уездік халық ағарту бөлімінде, Ақтөбедегі губерниялық халық ағарту бөлімінде инспектор-методисі қызметін атқарған. Петербургте Енукидзе атындағы тірі шығыс тілдері институтының тілші-түрколог дипломын алуы, КСРО Ғылым академиясының тіл және ойлау институтының (қазіргі «тіл білімі институты») академик Н.Я.Марр басқаратын «Яфетидологиялық семинардың» аспиранты болуы туралы. Алматы ҚазПИ-де түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы кафедрасына ғылыми қызметкер, профессор болуы.
Қ.Жұбанов 1933 жылғы «Политехникалы мектеп» журналында жарияланған «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар» атты еңбегінің бірінші бөлімінде қазақ тілінің фонетикасы туралы өзінің ғылыми тұжырымдарын баяндады. Қазақ тілінің ғылым жолымен зерттеліп, тіліміздің ішкі заңдылығын жете білуде ғалымның «Буын жігін қалай табуға болады?» , «К постановке исследования истории фонетики казахского языка”, «Қосар ма, дара ма?», «Әліппеміз бұқарашыл болсын», «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы», «Қосар ма, дара ма?», «К проекту реформы казахского алфавита», «Проект казахского алфавита», «К пересмотру казахской орфографии», « К проекту реформы казахского алфавита», «Проект изменений орфографии и алфавита казахского языка», «Қазақ тілінің жоғарғы курсынан лекциялар» атты еңбектері, 1936 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығының фонетика бөлімі де қазақ фонетикасы тарихындағы жаңалықтардың бірі болды.
Әдебиеттер:
1.Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, Халықаралық басылым. –Алматы:Ұлттық аударма бюросы, 2018. -608 б.
2. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау