Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы



жүктеу 2,36 Mb.
бет22/25
Дата21.12.2019
өлшемі2,36 Mb.
#24754
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Бағалау шкаласы

Пайызбен бағалау

Әріптік бағалау

Балмен бағалау

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Минимум өту балы



0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Термодинамика

Мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы
Біліктілігі: Мұнайды, газды, химиялық компоненттерді өңдеу технологы

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны
беті

1.

Түсіндірме жазба

312

2.

Курстың мазмұны

313

3.

Оқыту әдістері

317

4.

Оқыту ресурстары

318

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

318

6.

Курсты бағалау жүйесі

318


1. Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім бағдарламасы техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).

«Термодинамика» пәні студенттерді жылу мен температура, фазалық өлшеу, калориметрия, газ заңдары, термодинамика заңдары, булануды есептеу, жылулық қозғалтқыштар және термодинамиканың негізгі циклдары сияқты ұғымдармен таныстырады.

Модульдердің жалпы саны: 15

Сағаттар саны: 80

Кредиттер саны: 3.0

«Термодинамика» пәнінің эксперименттік білім бағдарламасы білім беру ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу негізі болып табылады.

Жұмыстық білім бағдарламасын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының жұмыс берушілер мен жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін аймақтық компонентін енгізу бөлігінде бағдарламалық материалды зерделеу реттілігіне негізделген өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жаңа оқыту технологияларын, электрондық оқу құралын, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекті құралдар пайдалану, түрлі нысандарды, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.

Табысты меңгеру үшін бағдарлама теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық семинарлармен кезектестіруді қарастырады.

«Физика» пәнімен пән аралық ықпалдасу студенттерде мамандық ауқымында зерделенетін пәнді, болашақ еңбек қызметін тұтастай қабылдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді, түрлі білім бағдарламаларының өзара байланысын мойындауға көмектеседі.


2. Курс мазмұны
Модуль 1. Механика негіздеріне шолу
Оқыту нәтижелері:

Механиканың негізгі түсініктерін пайдаланып, негізгі есептерді анықтау және жүргізу..


Модуль тапсырмалары:

1.1. Сызықтық жылдамдық пен үдеудің негізгі ұғымдарын пайдаланып,

анықтау және есептеу жүргізу.

1.2. Массаға, күшке және салмаққа есептеу жүргізу және анықтау.

1.3. Жұмыс, қуат және энергияға есептеу жүргізу және анықтау.

1.4. Ньютонның үш қозғалыс заңын айту және түсіндіру.


Модуль 2. Жылулық энергия
Оқыту нәтижелері:

Жылу ағыны бойынша терминдерді анықтау және негізгі есептеу жүргізу.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Жылуға, температураға және ішкі энергияға анықтама беру.

2.2. Термодинамиканың екінші заңын айту.

2.3. Қоспаларды қосып, жылулық балансы бойынша қарапайым есептеу

жүргізу.

2.4. Қоспаларды қосып, жылулық балансы бойынша қарапайым есептеу

жүргізу.

2.5. Қарапайым калориметрді сипаттау және есептеу жүргізу.


Модуль 3. Күйінің өзгеруі
Оқыту нәтижелері:

Заттар күйінің өзгеруіне қатысатын термодинамиканы түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Жылуға, температураға және ішкі энергияға анықтама беру

3.2. Заттың қату температурасына, балқу температурасына және қайнау

температурасына қысым мен еру әсерін сипаттау.

3.3. Күй алмасуына қатысатын жылу мен температураны есептеу.
Модуль 4. Калориметрия және қоспалар температурасы
Результат обучения

Аппаратты (калориметр) талқылау және заттардың қоспалары бойынша есептеу жүргізу.



Модуль тапсырмалары:

4.1. Аппарат (калориметр) құрылысын сипаттау.

4.2. Аппарат (калориметр) функциясын сипаттау.

4.3. Студент келесі белгісіздермен есеп шығара алады: қоспада заттар

массасы, қоспаның соңғы температурасы, заттың меншікті жылу

сыйымдылығы және қоспа құрамы.


Модуль 5. Калориметриялық бомба
Оқыту нәтижелері:

Калориметриялық бомбаны талқылау және отынның жылу шығарғыштығын есептеу.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Калориметриялық бомбаның құрылысын сипаттау.

5.2. Калориметиялық бомба функциясын сипаттау.

5.3. Отынның белгілі бір мөлшерін жаққан кезде қанша жылу бөлінетіні

бойынша есептеу жүргізу.
Модуль 6. Газ заңдары
Оқыту нәтижелері:

Идеал газ заңдарын, сонымен қатар адиабаттық, изотермиялық және политроптық процестерді талқылау.


Модуль тапсырмалары:

6.1. Бойль заңына және Чарлз заңына анықтама беру және осы заңдарды

газдың жалпы заңына біріктіру.

6.2. Бойль заңын, Чарлз заңын және газдың жалпы заңын газдар бойынша

есеп шығару үшін пайдалану.

6.3. Газ тұрақтысының сипатын анықтау және тұрақтыны есептеуде

қолданыңыз.

6.4. Изотермиялық, адиабаттық және политроптық процестерді анықтау; осы

процестерді графиктік түрде беріңіз.

6.5. Изотермиялық, адиабаттық және политроптық процестер бойынша

есептер шығару.
Модуль 7. Газдың сығылуы мен кеңеюі
Оқыту нәтижелері:

Берілген модульдің сәтті аяқталуы бойынша студент жабық жүйеде идеал газдың сығылуы мен кеңеюі бойынша есептеу жүргізе алады.


Модуль тапсырмалары:

7.1. Жазықтықтар бойынша жұмысты көрсету (күш-қашықтық және қысым-

көлем).

7.2. Ординаталар ортасы ережесін және жоғары математиканың қажетті



формулаларын пайдаланып, қисық астындағы аудан ретінде жасалған

жұмыс бойынша есептеу жүргізу.

7.3. Изотермиялық, адиабаттық және политроптық кеңею және сығылу

процестері кезінде істелген жұмысты есептеу.


Модуль 8. Термодинамиканың Бірінші Заңы
Оқыту нәтижелері:

Термодинамиканың Бірінші Заңын ашық және жабық жүйелерге қолдану.


Модуль тапсырмалары:

8.1. Жүйе шекараларын анықтау.

8.2. Термодинамиканың Бірінші Заңына сөзбен және формуламен анықтама

беру.


8.3. «Ішкі энергия», «орын ауыстыру энергиясы» және «энтальпия»

терминдеріне анықтама беру.

8.4. Көлем, масса, жылу ағыны және жұмыс бойынша дәл есептеу жүргізу.

8.5. Ашық және жабық жүйелерге қолданылған термодинамиканың Бірінші

Заңы енетін дәл есептеу жүргізу.
Модуль 9. Бу кестелері I
Оқыту нәтижелері:

Су мен су буы үшін белгілі энтальпияны, қысымды және температураны түрлі қысымның үш деңгейінде пайдаланып, қарапайым есептеулер жүргізу.


Модуль тапсырмалары:

9.1. Жасырын жылуды, байқалатын жылуды, энтальпияны, фазалық

өзгерулерді және құрғақтық бөлігін талқылау.

9.2. Бірінші принциптерден белгілі энтальпияны есептеу.

9.3. Қаныққан қысым мен температураның қатынасын талқылау.

9.4. Анықтама ретінде үштік нүктені талқылау.

9.5. Жылу берілу бойынша қарапайым есептеу жүргізу.
Модуль 10. Бц кестелері II
Оқыту нәтижелері:

Ішкі энергия қысымын, температураны, энтальпияны, көлемін және шамаларын анықтау үшін қатты қызу және қанығу бу кестелерін пайдалану. Студент осы деректерді пайдаланып, термодинамика бойынша есептер шығара алады.



Модуль тапсырмалары:

10.1. Өзіндік энтальпия және өзіндік көлем шамаларын табу үшін қатты

қыздыру бу кестелерін пайдалану.

10.2. Өзіндік ішкі энтальпия және өзіндік көлем шамаларын анықтау үшін

қатты қыздыру бу кестелерін пайдалану.

10.3. Бу кестелерінің шамалары арасын түсіндіру.

10.4. Бу кестелері деректерін пайдаланып, термодинамика жүйелеріне

қатысты есептеу жүргізу.


Модуль 11. Буды дроссельдеу процесі
Оқыту нәтижелері:

Дроссельдеу процесін сипаттау, бу құрғақтығы бөлігін анықтау үшін пайдаланылатын жабдықты сипаттау, сонымен қатар қажетті есептеулер жүргізу.


Модуль тапсырмалары:

11.1. Дроссельдеуден кейін бу күйін анықтау.

11.2. Дроссельдеу калориметрін салу және сипаттау.

11.3. Дроссельдеу калориметрін және бөліну калориметрін салу және

сипаттау.

11.4. Калориметр нәтижелерін пайдаланып, бу құрғақтығы үлесін анықтау.

11.5. Бу мен шығынның (ағын жылдамдығы) берілген жылдамдығы үшін бу

өткізгіш өлшемін есептеу.


Модуль 12. Кеңейтілген жұмыс және газдағы және газдан шығатын жылулық ағын
Оқыту нәтижелері:

Газдағы және газдан шығатын жұмысты және жылу ағынын есептеу үшін түрлі әдістерді пайдалану.


Модуль тапсырмалары:

12.1. Термодинамикалық процестер кезінде жасалған жұмыс көлемін

есептеуге арналған түрлі формулаларды пайдалану.

12.2. Газдың негізгі жылу сыйымдылығын анықтау және есептеуде

пайдалану.

12.3. Ішкі энергия және газ энтальпиясы тұжырымдамасын анықтау және

есептеу.

12.4. Жылу сыйымдылық пен газдың өзіне тән тұрақтысының қатынасы

енетін есептеу жүргізу.

Модуль 13. Кеңейтілген газ процесінде қатынастар
Оқыту нәтижелері:

Кеңейтіліп алынған қатынастарды пайдаланып, есептеулер жүргізу.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Температура мен қысым, температура мен көлем арасында тікелей

байланыстарды пайдаланып есептеу жүргізу.

13.2. Изотермиялық, адиабаттық және политроптық процестер де ішкі

энергияда жылуды, жұмысты және өзгерісті байланыстыру.

13.3. Алынған формулаларды политроптық процестерде жылу ағынын

есептеу үшін пайдалану.

13.4. Алынған формулаларды политроптық процестерде жылу ағынын

есептеу үшін пайдалану.
Модуль 14. Жылулық қозғалтқыштар циклдеріне кіріспе
Оқыту нәтижелері:

Жылулық қозғалтқыштардың жалпы циклін сипаттау және жылулық қозғалтқыш циклдері бойынша негізгі есептеулер жүргізу.


Модуль тапсырмалары

14.1. Рәсімдердің термодинамикалық циклін анықтау.

14.2. Термодинамиканың Бірінші Заңын жылулық қозғалтқыштар циклдеріне

қолдану.

14.3. Жылулық қозғалтқыштың идеал циклінің тиімділігін есептеу.

14.4. Карно, Отто, Дизель және Брейтон циклдерін қысым-көлем

жазықтығында суреттеу.
Модуль 15. Практикалық жылулық қозғалтқыштарға кіріспе
Оқыту нәтижелері:

Практикалық жылулық қозғалтқыштар қуатымен айналысатын негізгі есептеулер жүргізу.


Модуль тапсырмалары:

15.1. Екі тактілі және төрт тактілі іштей жану қозғалтқыштары үшін

операциялар циклін сипаттау.

15.2. Қозғалтқыштар индикаторы диаграммасын пайдаланып, орташа тиімді

қысымды және нұсқалған қуатты есептеу.

15.3. Қозғалтқыштардың тежегіш қуатын және механикалық ПӘК есептеу.


3. Оқыту әдістері:

  • Класта талқылау

  • Дәріс

  • Практикум



4. Оқыту ресурстары:

  • Электрондық оқулықтар

  • Үлестірме материал

  • Бу кестелері

  • Газдың негізгі заңдары

  • Қажетті жабдықтар


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Химелблау, Химиялық инжинирингтегі негізгі принциптер және

есептеулер, ISBN978-0-13-234660-3 (Himmelblau. Basic Principles and

Calculations in Chemical Engineering. ISBN978-0-13-234660-3)


6. Курстың бағалау жүйесі
Бақылау жұмыстары 20%

Аралық емтихан 30%

Қорытынды емтихан 30%

Зертханалық жұмыс 20%

Барлығы 100%
Бағалау шкаласы


Пайызбен бағалау

Әріптік бағалау

Балмен бағалау

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Минимум өту балы



0-49

F

0.0

жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау