Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы



жүктеу 2,36 Mb.
бет2/25
Дата21.12.2019
өлшемі2,36 Mb.
#24754
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • дистилляцияың екі қосарлы және көп компонентті жүйесінде болатын мәселелерді шешу;

  • абсорбция принциптерін сипаттау және осы принциптерді нақты мәселелерді шешуге қолдану;

  • сілтісіздендіру бойынша білімін көрсету;

  • сұйықтықтық экстракция жүйелерінің сұйықтығы бойынша білімін көрсету.

45/1.5

Массаны тасымалдау. Модуль 1. Дистилляция

Модуль 2. Абсорбция

Модуль 3. Құрғақ зат – Сұйықтықпен жұмыс

Модуль 4. Сұйықтық – Сұйықтықпен жұмыс






Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • әзірлеу: Буль функциясы көрсеткіші және импульстер жиілігінің таралуы;

  • құбырларды орналастыру және бақылап-өлшеу аппаратурасының орналасу сызбасын әзірлеу, Буль функциясының көрсеткіші, импульстер жиілігінің таралуы;

  • жабдық пен құбыр өлшемін есептеу;

  • зауыт өнімділігі және жылдық көлемі негізінде есептеулер жүргізу;

  • жобаның әмбебаптығын анықтау;

  • зауытты әзірлеу үшін өндірістік процесті модельдеуді беру.




120/ 6.0

Химиялық процесс

Әзірлеме I.

Модуль 1. Процесс диаграммаларын әзірлеу (Буль функциясының көрсеткіші/ импульстер жиілігінің таралуы)

Модуль 2. Аспаптық қамтамасыз ету бойынша процесті және диаграмманы жобалау (Құбырларды орналастыру және бақылап-өлшеу аппаратурасының орналасу сызбасы)

Модуль 3. Технологиялық жабдықтау бойынша ерекше құжатты әзірлеу

Модуль 4. Технологиялық жабдықты бағалау және эксплуатация-лық шығындар

Модуль 5. Экономикалық бағалау жүргізу

Модуль 6. Өндірістік процесті модельдеу /Процесс әзірлеу бойынша жоба





Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • жұмыс процесінде ол байланыста болатын химиялық заттарды қауіпсіз пайдалану және нақты талдауларды анықтау үшін зертханалық талдау да, сондай-ақ тікелей аналитикалық әдістерді де пайдалану қажеттігін түсіну;

  • сынамаларды іріктеу және талдаудың іргелі принциптерін, сәйкес стандарттар мен нәтижелердің ақиқаттығын тексеру шараларын қолдану;

  • жарық табиғат, электрмагниттік спектрді сипаттау, жарықтың жобалық, модельдік/сұлбалық құралдарды, өлшегіш аспаптармен, спектрофотометрия өлшегіш аспаптарымен қалай өзара әрекеттесетінін білу;

  • жарықтың жұтылу нәтижесін және оның затпен өзара әрекетін түсіну;

  • сәулеленуді жұту және молекулалар мен атомдарға шығарудың негізін қалаушы принциптерді және осы процестер сандық талдауда қалай пайдаланылатынын талқылау;

  • тиімді, сапалы және сандық талдау үшін эксперименттік айнымалыларды оңтайландыруға сүйене отырып, терминологиямен және бөліну теориясымен танысу;

  • электр-аналитикалық химияның жалпы негіздерін, жеке алғанда, pH-факторы және ион-селективтік электродтар (ИСЭ) өлшемдерімен байланысты принциптерін, құрылысын және тәсілдерін білу;

  • кәдімгі өндірістік жағдайларда пайдаланылатын өнеркәсіптік аналитикалық аспаптарды калибрлеу белгілі бір жағдай үшін сәйкес аппаратураны таңдай алады.

95/ 6.0

Аналитикалық және технологиялық бақылап-өлшеу аспаптары

Модуль 1. Жұмысты қауіпсіз атқару әдістемесі және этикалық тәртіп нормалары

Модуль 2. Сандық талдау үшін үлгілер мен стандарттар

Модуль 3 Электрмагниттік сәулелену қасиеттері және оптикалық спектроскопияға арналған аспаптар

Модуль 4. Спектрофотометрия-ға кіріспе

Модуль 5. Атомдық спектроскопияға кіріспе

Модуль 6. Хроматографияға кіріспе

Модуль 7. Электр-аналитикалық химия – Потенциометрия

Модуль 8. Аналитикалық өлшенетін өнеркәсіптік бақылап-өлшеу аспаптары





Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • зауыт қондырғыларында жылу берілуін есептеу;

  • жылу берілуін және есептеу коэффициенттерін пайдалана отырып, жылу алмасу құрылғыларының өнімділігін анықтау.




65 / 3.0

Жылу беру.

Модуль 1. Жылу беру механизмдері

Модуль 2. Жылу алмасу құрылғыларының өнімділігін бағалау





Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • идеал және идеал емес газ қатынасы енетін идеал газ күйінің теңдеу мәселелерін шешу;

  • ашық және жабық жүйелер үшін термодинамиканың Бірінші заңын қолдану;

  • ашық және жабық жүйелер үшін термодинамиканың Екінші заңын қолдану;

  • бір, екі және үш компонентті жүйелердің мәселелерін шешу;

  • қоспа ерітінділерінің және осмотикалық қысымның қату және қайнаудағы тиімді нүктелерін есептеу;

  • реакциялар жылдамдығына есептеу жүргізу;

  • беттік тартылуды, адсорбцияны және катализдік процестерді анықтау және сипаттау.

80/ 3.0

Физикалық химия және термодинамика.

Модуль 1. Газдардың қасиеттері

Модуль 2. Бірінші заң

Модуль 3. Екінші заң

Модуль 4.Тепе-теңдік

Модуль 5. Коллигативтік қасиеттері

Модуль 6. Химиялық кинетика

Модуль 7. Беттік химия







Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • табиғи газ өндірісінде және қайта өңдеуде калибрлеу және бірлесіп әзірлеу принциптерін қолдану;

  • жабдықты мұнай өндірісімен және қайта өндірумен байланыстыру;

  • мұнай мен оның өнімдері арасында байланыс орнату;

  • целлюлоза-қағаз өнеркәсібі бұйымдарының өндірісі мен қайта өңдеуін жабдықпен байланыстыру.




30/1.5

Өнеркәсіпте қолдану.

Модуль 1. Табиғи газды қайта өңдеу

Модуль 2. Мұнайды қайта өңдеу

Модуль 3. Мұнай өнімдері – Процесті сипаттау

Модуль 4. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі – Процесті сипаттау





Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • жергілікті шағын өнеркәсіп салалары, кіші инженер-технологқа арналған техникалық жобаны көрсете отырып, бірден бірге қызмет етеді. Берілген жоба студентті кәсіптік тәжірибемен қамтиды

100/ 6.0

Техникалық жобалар.

Модуль 1. Өндірістік мәндегі техникалық жоба








Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • кері байланыспен басқарудың тұйықталған жүйесі қалай құралғынын білу, оның басты компоненттерін анықтау және Халықаралық Стандарттар Қауымдастығы сызбасының белгісін пайдаланған дұрыс;

  • автоматтандырудың өнеркәсіпке қатысты маңыздылығын сипаттау;

  • кері байланыспен басқарудың басты тұйықталған жүйелерін және төрт басты бөлігін сипаттау;

  • сұлбаны пайдаланып, кері байланыстағы контурды және оның динамикасын түсіндіру;

  • қысымды өлшеу бойынша түрлі техникалық талаптардың әрекет ету принциптері мен шектеулерін сипаттау;

  • бірнеше негізгі өлшегіш аспаптарды, калибрлеуге арналған шараларды түсіндіру;

  • манометрлер әрекетін және қолданылуын сипаттау;

  • өнеркәсіптегі өлшегіштер осал келетін қатерлерді талқылау;

  • пневматикалық және электрондық қадаға жұмысының негізгі принциптерін талқылау;

  • қалтқылық барботаждық жүйелердің, диафрагмалық рамаларды және деңгейді өлшеумен және басқарумен байланысты деңгейлер релесін қолдануды және орнатуды талқылау;

  • электр сыйымдылық, өткізгіштік, масса, сәулелену, ультрадыбыс әдістері және термиялық әдістер арқылы деңгей өлшегішті қолдануды талқылау;

  • өлшегіш диафрагмалар мақсатын талқылау және ең көп таралған пайдаланылатын түрлерін сипаттау;

  • шығын өлшегіш диафрагмасын орнатуды сипаттау;

  • дәл және жөндеуді талап етпейтін жұмысты қамтамасыз ету үшін екіншілік элементтерді орнату бойынша талаптарды көрсету;

  • өлшегіш диафрагмалардан айырмасы қысымның құбылуын өлшейтін шығын өлшегіштің негізгі жұмысын сипаттау;

  • камералық шығын өлшегіштер мен түрлі ротаметрлер әрекетін қысқаша түсіндіру;

  • түрлі стандартты шығын өлшегіштер әрекетінің негізгі принципін талқылау;

  • температураны өлшеу үшін кең таралған құрылғылардың негізгі әрекет ету принципі мен қолданылуын сипаттау;

  • клапандық корпустың әр түрлерін сипаттау және клапандық корпустың қай типі белгілі бір құрылғы үшін ең қолайлы екенін анықтау;

  • клапанның (жетектің) типтік механизмі компоненттерін сипаттау, олардың алуан түрлерін санау және белгілі бір құрылғы үшін сәйкес жетек таңдау;

  • клапандардың орындау механизмдері үшін қажетті қосымша аспаптарды санау, олардың функцияларын сипаттау және олардың әрекетін түсіндіру;

  • неге реттеуші клапанды есептеу маңызды болып табалатынын сипаттау және жеке шығын жабдығы үшін талап етілетін реттеуші клапан өлшемін анықтау;

  • екі позициялық басқарудың басты жүйесіне жататын принциптер мен терминдерді талқылау және пневматикалық екі позициялық реттегіш әрекетін түсіндіру;

  • пропорционал реттегіш принципін және үш режимді реттегішті басқарудың негізгі терминдерін түсіндіру;

  • автоматты – қолмен берілетін құрылғылардың принциптерін, функцияларын және жұмысын түсіндіру;

  • пропорционал, автоматты түрде таңдалған және екі ауқымды басқару теориясын талқылау, тұйықталған басқару жүйесіне жататын әрбір теорияның өзара әрекеттесуі және әрбір әдісті практикалық қолдану;

  • кері байланыстағы каскадтық басқару теориясын сипаттау, әрқайсының тұйықталған басқару жүйесі шегінде өзара әрекеттесуі және әрбір әдісті практикалық қолдану;

  • электрондық және пневматикалық жабдықты салыстыру, олар типтік өнеркәсіптік басқару жүйелерінде қолданылады;

  • түрлі өлшеу және басқару әдістерінде электроника қалай қолданылатынын талқылау;

  • ЭЕМ өнеркәсіптік бақылауды басқаруда қандай роль атқаратынын түсіндіру, компьютер компонентін және құрылымын түсіндіру және ЭЕМ байланысты терминологияны пайдалану;

  • технологиялық процестерді басқару үшін ЭЕМ жүйелерінің (консолінің) басты жұмыс компоненттерін сипаттау және компьютерді басқарудың типтік консолі үшін аппараттық және бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптарды сипаттау. Студент диспетчерлік бақылаудың және деректерді жинаудың қарапайым жүйесін, жүйенің басты компоненттерін және түйіндер арасында коммуникациялардың сәйкес түрлерін сипаттайды.

65/3.0

Өлшеу және Басқару.

Модуль 1. Сызбалардың өлшегіш белгілері

Модуль 2. Технологиялық өлшеуге кіріспе

Модуль 3. Өнеркәсіпке қатысты автоматтандыру маңызын сипаттау

Модуль 4. Кері байланыстағы контур және оның динамикасы

Модуль 5. Қысымды өлшеу бойынша техникалық талаптар

Модуль 6. Негізгі өлшегіш аспаптарды калибрлеу

Модуль 7. Қысымды өлшеу

Модуль 8. Өлшегіштерді қорғау

Модуль 9. Қадағаның негізгі принциптері

Модуль 10. Деңгей өлшегіш

Модуль 11. Деңгей өлшегіш II

Модуль 12. Деңгей өлшегіш– өлшегіш диафрагмалар

Модуль 13. Шығын өлшегіш – өлшегіш диафрагманы орнату

Модуль 14. Шығын өлшегіш – шығын өлшегіш диафрагмасын бергіш орнату Модуль 15. Қысымның құбылуын өлшейтін шығын өлшегіш

Модуль 16. Камералық және басқа шығын өлшегіштер

Модуль 17. Шығынды өлшеу – тахометриялық шығын өлшегіштер

Модуль 18. Температураны өлшеуге арналған құрылғылар

Модуль 19. Реттеуші клапан

Модуль 20. Клапандардың орындаушы механизмдері

Модуль 21. Реттеуші клапанның орындаушы механизмінің қосымша жабдығы

Модуль 22. Реттеуші клапанды есептеу

Модуль 23. Пневматикалық реттегіштер I – Екі позициялық басқару жүйесі

Модуль 24 Пневматикалық реттегіштер II – пропорционал реттеу

Модуль 25. Автоматты – қолмен берілетін құрылғылар

Модуль 26. Технологиялық процесті басқару стратегиясына кіріспе I

Модуль 27. Технологиялық процесті басқару стратегиясына кіріспе II

Модуль 28. Электрондық және пневматикалық басқару жүйелері

Модуль 29. Электрондық өлшегіш аспаптар

Модуль 30. Технологиялық процестерді басқаруды ЭЕМ I.

Модуль 31. Технологиялық процестерді басқаруды ЭЕМ II





Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • электрэнергетикалық жүйелерге энергетикалық принциптерді қолдану;

  • электр жүйесінің төрт негізгі шамасын түсіндіру; энергия берілудің электрлік принциптеріне байланысты потенциалдар айырмасы, кедергі, ток күші және қуат;

  • негізгі электр көздерін талдау;

  • элементтер мен тізбектердің кернеу мен токтарының қатынасын талдау;

  • элементтер немесе тізбектер жағдайын анықтау және заңдар мен теоремаларды дәлелдеу үшін омметрлер, вольтметрлер, амперметрлер мен осциллографтар қолдану;

  • параллель немесе бірізді қосылған электр компоненттері өнімділігіне жататын релеванттық электрлік әсерлерді зерделеу;

  • ток әсерін және электрмагниттік тізбектерді зерделеу;

  • қарсы фазаның үш негізгі қасиеттері арасындағы айырманы анықтау;

  • тұрақты және айнымалы ток жүйелерінде қарсы фазаның әсерін зерделеу;

  • айнымалы ток жүйелерінде электр құрылғыларының пайдалы әсер коэффициентіне жататын электр әсерлерін зерделеу;

  • тұрақты ток жүйелерінде кедергі, индукциялық және сыйымдылық әсерін зерделеу;

  • қарапайым тізбекте жартылай өткізгіш элементтер әрекетін зерделеу;

  • генераторлар/альтернаторлар жұмысын сипаттау;

  • трансформаторлар жұмысын сипаттау;

  • электрқозғалтқыш жұмысын сипаттау;

  • тізбек жұмысын сипаттауға арналған электр сұлбасын түсіндіру;

  • электр жабдығын шектеудіалдын ала ұйғаратын негізгі факторларды анықтау;

  • электр жабдығының қауіпсіз жұмысы;

  • электрэнергетикада ресурстарды сақтау принципін қолдану.

75/3.0

Электротехника принциптері. Модуль 1. Электрэнергетика-лық жүйе

Модуль 2. Электр жүйесінің негізгі шамалары

Модуль 3. Көздері

Модуль 4. Элементтер мен тізбектердің заңдары мен қатынастары

Модуль 5. Өлшегіш аспаптар, омметрлер, вольтметрлер, амперметрлер және осциллографтар

Модуль 6. Конфигурациялар: параллель және бірізді қосылыстар

Модуль 7. Ток әрекеті және электр магниттік тізбектер

Модуль 8. Тізбектің және элементтің қасиеті

Модуль 9. Қасиеттердің әсері

Модуль 10. Айнымалы ток жүйелері және электр құрылғыларының пайдалы әсер коэффициенті

Модуль 11. Тұрақты ток жүйесі және электр құрылғыларының пайдалы әсер коэффициенті

Модуль 12. Жартылай өткізгіш элементтер

Модуль 13. Генераторлар/альтернаторлар жұмысы

Модуль 14. Трансформаторлар

Модуль 15. Электр қозғалтқыштар жұмысы

Модуль 16. Электр сұлбалары

Модуль 17. Жабдықты қолдану

Модуль 18. Электржабдығының жұмысы

Модуль 19. Электр энергиясының құны және принципі





Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • материалдарды таңдау үшін пайдаланылатын сынау әдістемесін түсіндіру, олар ерекше қолданбалы инженерия үшін ең үздік түрде сай келеді;

  • құрылысының көрінерлік нәтижесі болып табылатын материалдардың негізгі технологиялық қасиеттерін болжау;

  • фазалық диаграммалар тұжырымдамасын темір-көміртегі фазалық тепе-теңдік диаграммасына қолдану;

  • термиялық өңдеу принциптерін түсіндіру;

  • темір қорытуды пайдалануды түсіндіру;

  • түсті металл мен болатты пайдалануды салыстыру;

  • полимерлерді, керамиканы және композитті қосқанда, металл емес материалдарды анықтау;

  • бұзбайтын тексеру әдістерін анықтау;

  • курстың барлық материалын және сәтсіз талдау әдістерін пайдалану арқылы коррозияның құралдық компоненттеріне әсерін орнату;

  • құбырда коррозияны болжау және қатер аймағын бекіту үшін бағдарламалардың коммерциялық пакетін (коррозиялық сағаттар) пайдалану.

30/1.5

Материалдар.

Модуль 1. Материалдар сипаттамасы

Модуль 2. Металл құрылымы

Модуль 3. Фазалық тепе-теңдік диаграммасы (күй диаграммасы) темір-көміртегі

Модуль 4. Болатты термиялық өңдеу

Модуль 5. Темір қорытпасы

Модуль 6. Түсті металл қорытпасы

Модуль 7. Металл емес материалдар

Модуль 8. Бұзбайтын тексеру әдісі

Модуль 9. Коррозия әсері және басқару әдістері



Модуль 10. Құбырларда ықтимал коррозияға талдау




Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы заңды талқылау;

  • коммуникациялар жұмыс алаңында қауіпсіздікке қаншалық тиімді үлес енгізуі мүмкін екенін көрсету;

  • жұмыс алаңында Қатер дәрежесін бақылау берілген учаскеде операцияның барлық шекарасын қалай қамтитынын және берілген бақылау қалай тиімді денсаулық пен қауіпсіздік бағдарламасының бөлінбес бөлшегі болып табылатынын сипаттау;

  • жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды, іріктеуді және күтуді сипаттау;

  • жұмыс алаңында медициналық тексеруге арналған рәсімдерді сипаттау және тексеруді орындау барысында оқиғалар ықтитмалдығын бағалау;

  • оқиға, тергеу және талдау есептілігінің мақсаты және пайдасын көрсету;

  • төтенше шаралардың/Төтенше жағдайларды жоспарлау базалық конструкциясының қажеттілігін мойындау;

  • жұмыс орнында (WHMIS) пайдаланылатын қауіпті материалдар туралы Ақпараттық жүйенің маңыздылығын және оның қосымшасын түсіндіру;

  • жұмыс орнында (WHMIS) пайдаланылатын қауіпті материалдар туралы Ақпараттық жүйенің таңбалау маңызын талқылау және оларды жұмыс орнында қолдану;

  • WHMIS (MSDS) материалдар қауіпсіздігі бойынша анықтамалық деректер және оларды жұмыс орнында қолдану;

  • материалдар мен жабдық қозғалысы арқылы жүргізілетін статистикалық электрді талқылау;

  • түрлі өрт жіктеуін сипаттау және өрт сөндіргіштің қай түрі өрттің әр түріне қолданарлық екенін сипаттау.

  • баллондарда газды қауіпсіз қолдану рәсімдерін сипаттау;

  • бөлме ішіне ену бойынша рәсімдерді немесе тұйықталған кеңістікте қауіпсіз жұмыс рәсімдерін сипаттау;

  • қоршаған ортаның түрлі элементтері арасында өзара әрекеттесуді және өзара байланысты сипаттау;

  • қоршаған орта туралы Заңдағы жақын арадағы өзгерістер жұмыс орындарына және персонал міндеттеріне қалай әсер еткенін сипаттау;

  • сұйық қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

  • газдар мен булардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

  • біздің тірлігімізде топырақтың шешуші ролін сипаттау;

  • ауаны ірі өнеркәсіптік көздермен ластандыруды бақылау мақсатында пайдаланылатын түрлі әдістермен жабдықты сипаттау;

  • шамадан тыс шуылдың әсерін түсіндіру және оны бақылау әдістері;

  • ауаны ластағыштар табиғатын және көзін және ғимараттарда, объектілерде және үйде болатын адамдардың денсаулығына поенциалдық әсерін сипаттау;

  • жабдықтың бұзылған жұмысының нәтижесі болып табылуы мүмкін қоршаған ортаға зиянды әсерлердің әр түрлерін және жолға қою салдарынан жабдықты тазарту сапасы артатын бұзылуларды азайту немесе болдырмау бойынша әдістерді сипаттау;

  • қауіпті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс жүргізу және лайықты жолға қоюды сипаттау;

  • қауіпті өнімдерді тасымалдау туралы заң талаптарын және оны жұмыс орнында пайдаланылатын өнімдер мен материалдарға қолдану тәсілдерін түсіндіру. Сонымен қатар сіз қауіпті өнімдерді класы, сауда атауы, БҰҰ номері бойынша анықтай білуіңіз керек

45/1.5

Қауіпсіздік және қоршаған орта. Модуль 1. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында заңмен танысу

Модуль 2. Коммуникациялар және қауіпсіздік

Модуль 3. Қатер дәрежесін бақылау

Модуль 4. Жеке қорғаныш құралдары

Модуль 5. Құрылыс алаңында инспекция

Модуль 6. Оқиға туралы баяндама. Тергеу және Талдау

Модуль 7. Көмек көрсету бойынша Төтенше шаралармен танысу/ Төтенше жағдайларды жоспарлау

Модуль 8. WHMIS 1-бөлім Жіктеу

Модуль 9. WHMIS 2-бөлім Бақыланатын өнімдерді маркалау.

Модуль 10. Материалдар қауіпсіздігі бойынша анықтамалық деректер WHMIS WHMIS

Модуль 11. Статистикалық электрмен танысу

Модуль 12. Өрт қауіпсіздігі

Модуль 13. Газды пайдалану және сақтау

Модуль 14. Тұйықталған кеңістікке ену

Модуль 15. Қоршаған ортамен танысу

Модуль 16. Қоршаған орта туралы Заң

Модуль 17. Сұйықтықтың қоршаған ортаға потенциалдық әсері

Модуль 18. Булардың қоршаған ортаға потенциалдық әсері

Модуль 19. Топырақ: Қоршаған ортаның шешуші компоненті

Модуль 20. Қоршаған орта күйін бақылау жабдығы

Модуль 21. Шуылдың қоршаған ортаға потенциалдық әсері

Модуль 22. Бөлмедегі ауа ортасының сапасы

Модуль 23. Жұмыста тазартқыш жабдықтың жаңылысу салдарынан қоршаған ортаға зиянды әсері

Модуль 24. Қауіпті қалдықтармен жұмыс

Модуль 25. Қауіпті өнімдерді тасымалдау – Көрініс





Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:

  • қарастырылатын заңның негізгі ережелерін ойға ала отырып, бекітілген нормаларды сақтауға кепілдік беру ниетімен бақытсыз жағдайлар, өлім-жітім, қоршаған ортаға келтірілген залал қаупін минимумға жеткізу және жауапкершілік;

  • жылыстау кезінде қолданылған қауіпсіз әрекеттерді сипаттау;

  • технологиялық процесс қаупін талдай отырып, 5 технологиялық әдістердің басымдығы мен кемшіліктерін қарастыру және анықтау;

  • құралдармен реттеу түсінігін алу. Қауіпті қалдықтар мен оларды қайта өңдеуді басқару бағдарламалары бойынша менеджерлер үшін нұсқаулықты қалай пайдалану (Альбертте қоршаған ортаны қорғау және қолданыстағы қалдықтарды бақылау нормаларын жақсарту). Сонымен қатар өнімнің экологиялық басымдығын бағалау үшін өнімнің өмірлік циклін аналитикалық есептеуді пайдаланыңыз;

  • өрт қауіпсіздігі, қорғау және бақылау негіздері ұғымын көрнекті етіп көрсету;

  • электр техникалық ережелер мен нормалар өндірісті потенциалдық өртке және қауіпсіздік қаупіне сәйкес жіктейтінін айту;

  • өлшемдері бойынша шектелген алаңға ену үшін қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық және негізгі талаптарын түсіндіру және пайдалану.

30/1.5


жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау