Өз денсаулығына қарым-қатынасы



жүктеу 0,66 Mb.
Дата08.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#18648
  • Ғылыми жоба тақырыбы:
  • "Мектеп оқушыларының
  • өз денсаулығына
  • қарым-қатынасы"
  • Ғылыми жетекшісі: ҚМУ б.ғ.к Г. Назарова
  • Пән мұғалімі: М. Айдарова
  • Орындаған: №110 мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы
  • Абдрашит Ақмаржан
  • №110 мектеп-лицейінің «11» сынып оқушысы Әбдрашит Ақмаржанның «Мектеп оқушыларының өз денсаулықтарына қарым-қатынасы» тақырыбында дайындалған ғылыми жұмысына
  • П І К І Р
  • Соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жастардың өз денсаулықтарына жауапсыз қарым-қатынастарының дәйектері алаңдатарлық жағдайға жеткен. Адамның денсаулыққа жауапсыз қарым-қатынасы оның валеологиялық мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Қоғамдағы осы мәселені дұрыс шешу жолдарының бірі үздіксіз білім беру жүйесінде жастардың валеологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда оқушының тақырыбы көкейкесті мәселелердің бірі.
  • Оқушы, тақырыпты зерттеу логикасына сәйкес ғылыми жұмыстың бірінші тарауында, ғылыми әдебиеттерге, зерттеулерге, жинақталған тәжiрибелерге талдау жасап, денсаулыққа дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық негізін айқындап, оқушылардың денсаулыққа салауатты қарым қатынастарының мазмұндық құрылымы дұрыс анықтаған.
  • Ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми аппараты талапқа сәйкес жүйеленіп, зерттеу жұмысының мазмұны ғылыми-теориялық негізделуімен, өзара байланысты әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, нәтижелері және қорытындыларының зерттеу тақырыбының мақсат, міндетке сәйкестілгімен құнды.
  • Зерттеу жұмысын белгілі талаптар шеңберінде бағалай отырып, өз деңгейінде орындалған деп баға бере аламыз.
  • Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
  • аға оқытушысы, п.ғ.к.: Назарова Г.А
  • Аннотация
  • Берілген ғылыми жұмыста негізгі екі бөлім қарастырылған.
  • 1.Теориялық бөлім
  • 2.Тәжірибелік бөлім.
  • Теориялық бөлімде денсаулықты басқарудың теориялық негізі – салауаттану ғылымы жөнінде және оқушылардың өз денсаулығына салауатты қарым- қатынасының үлгісі қарастырылған.
  • Тәжірибелік бөлімде мектеп оқушыларының (9 сынып оқушылары бойынша) денсаулықтары және өз денсаулықтарына қарым-қатынасын анықтау тәжірибесі мен тәжірибенің нәтижесі беріледі.
  • Сонымен қатар, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымша тіркелген.
  • КІРІСПЕ
  • Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы Заңға сәйкес (1997 ж. 19. 05, 56 бап) республикамыздың әрбір азаматы өздерінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына ұқыпты қарауға және осы заңды ұстануға міндетті [1].
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және оны сақтауға деген Конституциялық құқығын іске асыру мақсатында «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы (1998 ж. 18.06, № 38969 ж.) бекітілді. Бағдарлама азаматтардың денсаулық жағдайларын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы мемлекет басшысының жарлығына сәйкес әзірленген және онда «Халықтың саулығы дегеніміз – ел қауіпсіздігінің өркендеуі мен өркениетінің басты өлшемі», - деп нақты атап көрсетіліп, маңызды екі ұстаным негізделеді. Біріншіден, өз азаматтарының денсаулық жағдайы үшін, әр адамның медициналық қызметке деген заңды құқығын қамтамасыз етуге бағытталған нақтылы, әрі тиімді шаралардың қолданылуы үшін мемлекеттің өзі жауап береді. Екіншіден, денсаулығын нығайтуға әр адам өзі мүдделі болуы тиіс [2].
  • Еліміздің өтпелі кезеңінде туындаған әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дағдарыстарға байланысты халық арасында психикалық күйзелістер етек алды. Соның ішінде, күйзелістік әсерлерге біршама сезімтал балалар психикасы бүгінгі күні алаңдатарлық жағдайға жеткен. Экологиялық кері әсерлер, әлеуметтік қолайсыз жағдайлар, жанұядағы, мектептегі шиеленіс тудырып отырған көріністер адамның ақыл-ой кемістігі мен еңбекке жарамсыздығына әкеп тірейтін шектен тыс психоэмоциялық күйзелістерге себеп болып отыр.
  • Осы факторлардан өзге, баса көңіл аударуды қажет ететін, балалардың өз денсаулықтарына деген жауапсыз қарым-қатынастарын көрсететін нақты дәйектерді атауға болады. Жеке адамның өз денсаулығына қарым-қатынасы өмір салттың ең басты бөлшектерінің бірін құрайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша (эксперименттік мектептердің оқушыларына жүргізген сауалнама нәтижелері) жасөспірімдердің 40 пайыздан астамы темекі тартады, 39 пайыздағы деңгейлері ішімдікті пайдаланып, 17 пайызға дейінгілер есірткелік заттардың дәмін татады, 41 пайызға жуығы жыныстық қатынасқа ерте тәуелді болған. Осыған байланысты жіңішке аурулары, соның ішінде ИТНС (СПИД) саны он есеге өскен. Кәмілетке толмағандар арасында туу және түсік тастау саны жоғары деңгейде көрініп келеді [3].
  • Мектеп оқушыларының өз денсаулықтарына деген жауапсыз қарым– қатынасын айқындайтын дәйектер біздің өзіміздің мектептің оқушыларының денсаулыққа қарым– қатынасын айқындау қызығушылық тудырды.
  • Осы негізде біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп оқушыларының өз денсаулығына қарым-қатынасы (9 сынып оқушылары бойынша)» деп тұжырымдауымызға негіз болды.
  • Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының өз денсаулығына қарым-қатынасын тәжірибелік жұмыста анықтау.
  • Зерттеудің нысаны: 7-10 сынып оқушыларының өмір салты
  • Зерттеу пәні: 7-10 сынып оқушыларының өз денсаулығына қарым-қатынасы
  • Зерттеудің міндеттері:
  • -денсаулықты бақылаудың теориялық негіздерін анықтау;
  • - денсаулыққа қарым қатынасты анықтау әдістерін жүйелеу;
  • - 9 сынып оқушыларының өз денсаулығына қарым-қатынасын тәжірибелік жұмыста анықтау;
  • Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
  • - мектеп сынып оқушыларының өз денсаулығына қарым-қатынасы анықталды;
  • Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
  • - 9 сынып оқушыларының өз денсаулығына қарым-қатынасы анықтау әдістемесі жасалды;
  • Зерттеу базасы. Жаңақорған ауданы №110 мектеп - лицейі
  • Салауаттану
  • Анықтамалар сараптамасы негізінде, валеология мәдениет жүйесінде денсаулықты басқару үрдісінің тұтас ғылыми бейнесін құрайтын білімдердің жиынтығын білдіреді деп тұжырымдалады (Сурет 2 ).
  • Антропология
  • Саногенез
  • Валеософия
  • Валеометрия
  • Валеоүйлестіру
  • Адам жөніндегі ілім
  • Организмнің аурумен күресу тетігі мен шамасы жөніндегі ілім
  • Денсаулық даналығы туралы ғылым
  • Денсаулық өлшемі туралы ғылым
  • Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы ғылым
  • Салауаттанудың негізін құрайтын білімдер саласы
  • Денсаулықты бірінші байлық деп түсінуі
  • Тазалық сақтайтын
  • Аурудың бірінші белгісінде бірден дәрігерге бару, кеңес алу
  • Салауаттанудан теориялық білімінің болуы
  • Өз денсаулығы үшін алаңдауы
  • Дұрыс тамақтана білуі
  • Дене шынықтырумен айналысуы
  • Темекі шекпеуі
  • Өз денсаулығына салауатты қарым қатынастағы оқушының үлгісі
  • Кесте 2- «Дене шынықтырумен айналысасыз ба?» сұрағы бойынша берілген жауаптардың нәтижесі
  • Жауаптар
  • %
  • 1. Арнайы спорт секцияларында немесе үйде белсенді жаттығулар жасаумен жүйелі айналысамын.
  • 7
  • 16,2
  • 2. Тек дене шынықтыру сабағында ғана айналысамын.
  • 19
  • 44,2
  • 3. Дене шынықтырумен ешқандай да айналыспаймын
  • 17
  • 39,6
  • Кесте 3 - «Сіз темекі шегесіз бе?» деген сұраққа берілген жауаптардың нәтижесі
  • Жауаптары
  • Ер бала (барлығы 18)
  • Қыз бала (барлығы25)
  • саны
  • %
  • саны
  • %
  • 1.Мен ешқашан темекі шекпегенмін.
  • 8
  • 44.4
  • 100 %
  • 2. Мен тек құрамында қара майы мен никотині аз темекілерді шегемін
  • 7
  • 38.9
  • -
  • -
  • 3.Мен таңдамай қолым-да барын пайдаланамын.
  • 3
  • 16.7
  • -
  • -
  • Жауаптар
  • Оқушылардың саны
  • %
  • 1.Күнделікті әртүрлі тамақтарды ішуді қадағалаймын (жемістер мен көкөністер, ірі тартылған ұннан жасалған нан, бүтін дәндерден дайындалған ботқа, сүт өнімдері бұршақ тұқымдылар және т.б.) Тұздың мөлшерін және майлар мен холестерин мөлшерін шектеймін
  • 6
  • 14
  • 2. Көңіл-күйіме байланысты (қарным ашып тұрғанымен көңіл-күйім болмаса тамақтан-баймын; көңіл күйім жақсы болса, тойғаныма қарамай тамақтанамын)
  • 13
  • 30.2
  • 3. Тамақ талғамаймын
  • 24
  • 55,8
  • Кесте 4 - «Тәулігіне қанша уақытыңыз ұйқыға кетеді?» деген сұраққа берілген жауаптың нәтижесі
  • Жауаптар
  • Оқушылардың саны
  • %
  • 6 сағаттан кем
  • 24
  • 55,8
  • 6-7 сағат
  • 12
  • 28
  • 8 -9 сағат
  • 7
  • 16.2
  • Кесте 5 - Эксперименттің басында «Тәулігіне қанша уақытты таза ауада серуендеуге арнайсың?»
  • сұрағына берілген жауаптардың нәтижесі
  • Жауаптар
  • Оқушылардың саны
  • %
  • 1 сағаттан аз
  • 24
  • 55,8
  • 1-1,5 сағат
  • 13
  • 30.2
  • 2 сағаттан кем емес
  • 6
  • 13,9
  • Кесте 6- Оқушылардың ұстанатын өмір салттары деңгейлерінің нәтижесі
  • Деңгейлері
  • Оқушылардың саны
  • %
  • Жеткіліксіз (төменгі)
  • 20
  • 46.5
  • Жеткілікті (орташа)
  • 12
  • 27.9
  • Қажетті (жоғары)
  • 8
  • 18,6
  • Кесте 7 – 9 сынып оқушыларының валеологиялық сауаттылықтарының деңгейін
  • диагностикалық зерттеу жұмысының нәтижесі
  • Деңгейлері
  • Оқушылардың саны
  • %
  • Жеткіліксіз (төменгі)
  • 18
  • 41.8
  • Жеткілікті (орташа)
  • 16
  • 37.2
  • Қажетті (жоғары)
  • 9
  • 21
  • Кесте 8 – Оқушылардың тұлғаның денсаулықты бағалаулары мен өз
  • денсаулықтарына алаңдаушылықтары деңгейлерінің шкаласы
  • деңгейлері
  • Оқушылардың саны
  • %
  • Жеткіліксіз (төменгі)
  • 10
  • 23.2
  • Жеткілікті (орташа)
  • 18
  • 41.9
  • Қажетті (жоғары)
  • 15
  • 34.9
  • Кесте 9 – 9 сынып оқушыларын өз денсаулықтарына
  • салауатты қарым қатынастарының деңгейлері бойынша жіктеу
  • денсаулықты бағалаулары мен өз денсаулықтарына алаңдаушылықтарының деңгейлері
  • Оқушылардың саны
  • %
  • Жеткіліксіз (төменгі)
  • 22
  • 51.2
  • Жеткілікті (орташа)
  • 12
  • 27.9
  • Қажетті (жоғары)
  • 9
  • 20.9
  • Қорытынды мен ұсыныстар
  • «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген маңызды екі ұстанымының екіншісі, денсаулығын нығайтуға әр адам өзі мүдделі болуы тиіс деген ұстанымы тұрғысынан ой тұжырымдасақ, арнайы жүргізген зерттеу барысы, 9 сынып оқушыларының өз денсаулықтарын салауатты негізде басқара білуге дайындықтарының өте төмен екендігін айқындап отыр. Сондықтан, 9 сынып оқушыларының өздерінің іс-әрекеттері мен денсаулықтарына қарым-қатынастарын қайта қарап, мақсатқа сәйкес өзгертулеріне мүмкіндік беретін, мәселенің шешуші факторларының бірі валеологиялық мәдениет, оқушыоны қабылдаушы және оның шығармашысы тұрғысынан тәрбиеленуі керек.
  • Оқушылардың өз денсаулықтарына салауатты қарым қатынасын қалыптастыруды жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар айтамыз:
  • 1. Пәнаралық байланыстар арқылы салауаттану ғылымының негіздерін оқыту керек.
  • 2. Оқу-тәрбие үрдісінде денсаулықты сақтау және нығайту минуттарын күн тәртібінде ұйымдастырып отыру тиімді.
  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • 1 «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы» Заң. – Алматы, 1997. 19.05, 56 бап.
  • 2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өнуі, қауіпсіздігі және әл-аухатының артуы» //Егеменді Қазақстан. – 1998. 1 наурыз.
  • 3. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы, 1998. 18.06, № 38969.
  • 4. //Егеменді Қазақстан газеті. – 2001. - 15 наурыз.
  • 5. Брехман И.И. Валеология- наука о здоровье. – 2 изд. доп., прераб. – М.: Физкультура и спорт, 1990. – 208 с.
  • Амосов Н.М. Чтобы стать здоровым, очень важно быть счастливым //Здоровье детей. –1995. – № 11-12, - С.14.
  • Сәтбаева Х.Қ. және т.б. Валеология //Валеология. 2000. № 4. 37-46 бб.
  • Лисицын Ю.П. Образ жизни и здоровье населения. – М., 1982. - 40 с.
  • Сәтбаева Х.Қ. Валеология – денсаулық туралы ғылым. //Валеология. Дене шынықтыру. Спорт. - 2000. - № 5- 6. – 3-4 бб.
  • Мұстафина Т.К. Валеология негіздері // Валеология. Дене шынықтыру. Спорт. – 2002. – №7. – 10-22 б.
  • Березовская Р.А. Отношение к здоровью //В кн. Практикаум по психологии здоровья. – М., 2005. – 351с.
  • Хоруженко К.М. Культурология: Структурно-логические схемы. М.: Изд – во ВЛАДОС – ПРЕСС, 2003. – 336 с.
  • Вайнер Э.Н. Валеология. - 2-е изд., - М., 2002. – 416 с.
  • Торохова Е.И. Валеология: Словарь справочник. – М., 2002. – 344 с.
  • Мордвинцева И.Ю. Формирование валеологической грамотности у старшеклассников (на примере естественно-гуманитарных дисциплин): дис.к.п.н. – Тараз, 2003. – 165 с.
  • Акбашев Т. Всеобщая валеограмотность: шаг первый //Народное образование. – 1995. - № 5. - С. 107-112.
  • Сулейменова С.Н. Формирование валеологической образованности школьников средствами физического воспитания: автореф. … к.п.н. – Шымкент, 2002. – 30 с.
  • Джуринский А.Н. История педагогики: Учебное пособие для студентов педвузов. – М.: Гуманитарный изд. центр ВЛАДОС, 1999. - 432 с.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау