Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет13/23
Дата31.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#18532
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

                            ИС BestProfi©

 

 



 

25 


 

профессорлар,  доценттер  мен  оқытушылар  арасынан,  орта  мектептің  тәжірибелі 

мұғалімдерінен, 

ӛндірістегі 

жоғары  білікті 

мамандардан 

МАК 

тӛрағаларының 



кандидатураларын ұсынады.

 

105.  МАК  жұмысына  қатысушы  мамандар  бейіні  ғылыми  немесе  академиялық 



дәрежелерінің немесе базалы білімінің (диплом бойынша) сәйкестілігімен анықталады.

 

Ұсынысқа  ғылыми  немесе  академиялық  дәрежелер  туралы  немесе  базалық  білімі 



туралы тиісті құжаттардың кӛшірмелері қоса берілуі тиіс.

 

106.  МАК  тӛрағасы  ағымдағы  оқу  жылының  20-желтоқсанына  дейін  уәкілетті  орган 



бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.

 

107.  МАК  құрамына  оның  мүшелері  құқығымен:  факультет  деканы  (институт 



директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.

 

МАК-тың  басқа  мүшелері  бітіруші  мамандардың  тиісті  бейініне  сәйкес  келетін 



профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.

 

108.  МЕК  сандық  құрамын  мамандық  бойынша  бітіріп  шығатын  студенттердің 



контингентіне  сәйкес  жоғары  оқу  орны  ӛз  бетінше  белгілейді  және  ЖОО  басшысының 

бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсанан кешіктірмей бекітіп және күнтізбелік жыл бойына 

әрекет етеді.

 

109. МАК-тың құзырына тӛмендегілер кіреді:



 

1)  жоғары  білім  мамандықтары  үшін  МЖМБС  белгілеген  талаптарға  сай  бітіруші 

мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

 

2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау;



 

3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;

 

4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;



 

5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

 

110.  МАК  жұмысының  кестесін  офис  регистратор  құрады,  жұмыс  кестесін  ЖОО 



басшысы  бекітеді  және  мемлекеттік  аттестациялау  комиссиясының  жұмысы  басталуына 

дейін екі аптадан кешіктірмей барлығының назарына жеткізіледі.

 

111.  МАК  отырысының  ұзақтығы  күніне  6  академиялық  сағаттан  аспауы  тиіс.  Осыған 



байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты 

қорғауға 7-10 адам жіберіледі.

 

111-1.  Мамандықтар  бойынша  тестілеу  нысанында  мемлекеттік  емтиханды  тапсыру 



кезінде академиялық лекке (немесе топқа) ӛткізіледі.

 

112.  Диплом  жұмысы  (жобасы)  қорғалуына  дейін  бес  күннен  кешіктірілмей  МАК-қа 



мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1)  диплом  жұмысы  (жобасы)  ғылыми  жетекшісінің  «қорғауға  жіберіледі»  немесе 



«қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;

 

2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі («ӛте жақсы», 



«жақсы»,  «қанағаттанарлық»  немесе  «қанағаттанарлықсыз»)  және  бағалар  кӛрсетілген 

дәлелденген  қорытындысы  және  тиісті  мамандығы  бойынша  бакалавр  академиялық 

дәрежесін және/немесе біліктілігін беру туралы рецензия.

 

113.  Дипломдық  жұмыстарды  (жобаларды)  плагиаттық  мәніне  қатысты  тексеру  тиісті 



деканаттармен жүргізіледі.

 

114.  МАК-қа  сондай-ақ  орындалған  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  және 



практикалық  құндылықтарын  сипаттайтын  басқа  да  материалдар,  ресми  емес  пікірлер, 

диплом  жұмысының  (жобаның)  бейіні  бойынша  практикалық  қызметті  жүзеге  асыратын 

ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе 

актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарий және тағы сол сияқты басқа да материалдар 

ұсынылуы мүмкін.

 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

26 


 

115.  Ғылыми  жетекшісінің  оң  пікірі  және  қорғауға  ұсынылатын  жұмыс  бейініне  сай 

келетін  маман  тарапынан  бір  рецензиясы  болғанда  студент  диплом  жұмысын  (жобасын) 

қорғауға  шыға  алады.  Рецензияда  бағалары  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі  бойынша 

бағаланады.

 

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» жағымсыз қорытынды берген жағдайда, 



білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды.

 

Білім алушы, рецензенттің оңды қорытындысындағы сияқты, жағымсыз қорытындысы 



жағдайында да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алады.

 

116. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне 



сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.

 

117.  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшісі  ЖОО  басшысының 



бұйрығымен тақырыптың атауы кӛрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.

 

Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен 



жұмыс  орны,  лауазымы  және  білімі  мамандығы  бойынша  ғылыми  немесе  академиялық 

дәрежесі,  жоғары  білім  туралы  дипломы  бойынша  базалық  білімі  кӛрсетілген  бітіруші 

кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

 

118. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: 



ауызша,  жазбаша,  олардың  кәсіптік  оқу  бағдарламаларының  кӛлемі  бойынша  тестілеу 

(кешенді тестілеу) нысандарында ӛткізіледі.

 

119.  Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  аталған  кешенді  емтиханға  енгізілген 



пәндердің  оқу  бағдарламалары  негізінде  ЖОО-ның  әзірлеген  бағдарламалары  бойынша 

ӛткізіледі.

 

Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  бағдарламасы  ЖОО  (факультеттің)  Ғылыми 



кеңесінің шешімімен бекітіледі.

 

120. Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен 



жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес  әзірленген  оқу 

жұмыс бағдарламалары бойынша ӛткізіледі.

 

121. ЖОО ӛздігінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және 



олардың  (ашық,  жабық,  біріктірілген  тест)  түрлерін,  тестілеуді  ӛткізу  технологиясын 

әзірлейді және бекітеді.

 

122.  Диплом  жұмысын  қорғау  М



АК

-тың  ашық  отырысында  оның  мүшелерінің 

жартысынан кӛбі қатысқан жағдайда қорғалады.

 

123. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 



50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға М

АК

 алдында дипломдық жұмысты қорғау үшін 



15 минут уақыт беріледі.

 

124.  Мемлекеттік  емтихан  мен  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың  нәтижелері 



бойынша  студенттердің  білімін  бағалаудың  балдық-рейтингтік  жүйесі  бойынша  баға 

қойылады.  Бұл  жағдайда  білім  алушының  теориялық,  ғылыми  және  практикалық 

дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.

 

125.  Мемлекеттік  емтихан  тапсыру  және  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың 



нәтижелері  олар  ӛткізілген  күні  М

АК

  отырысының  хаттамасына  қол  қойылған  соң 



жарияланады.

 

126. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.



 

127.  МАК  отырысының  хаттамалары  осы  Ереженің  4  -6-қосымшаларға  сәйкес  МАК 

жұмысы  басталғанға  дейін  А4  форматында  жеке  кітапшада  нӛмірленіп,  бумаланады  және 

оқу бӛлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мӛрімен бекітіледі.

 

128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік 



емтихан тест түрінде ӛткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау