Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет9/23
Дата31.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#18532
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

                            ИС BestProfi©

 

 



 

17 


 

39.  Қорытынды  аттестаттауды  ӛткізу  жӛніндегі  комиссия  тӛрағасының  есебінде:  білім 

алушылардың  аталған  кәсібі  (мамандығы)  бойынша  даярлық  деңгейі;  білім  алушылардың 

емтиханда  анықталған  біліміне  сипаттама;  пәндердің  жекелеген  сұрақтары  бойынша  білім 

алушылардың  дайындығында  кездесетін  кемшіліктер;  техникалық  және  кәсіптік,  орта 

білімнен  кейінгі  білім  беру  кәсіптері  (мамандықтары)  бойынша  білікті  кадрлардың 

даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар кӛрсетіледі.

 

40.  Комиссия  тӛрағасы  немесе  оның  орынбасары  педагогикалық  кеңеске  комиссия 



жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.

 

Қазақстан Республикасы

 

Білім және ғылым министрінің

 

2008 жылғы 18 наурыздағы

 

N 125 бұйрығымен

 

бекітілген

 

Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау, 

аралық және қорытынды аттестаттау ӛткізудің Типтік ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

 1.  Осы  Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  үлгерімін  ағымдық  бақылау,  аралық 



және  қорытынды  аттестаттау  ӛткізудің  Типтік  ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже)  «Білім  туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 

19

-тармақшасына сәйкес әзірленген және 



меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында 

студенттердің үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды ӛткізу 

тәртібін анықтайды.

 

2.  Үлгерімді  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  білім 



алушылардың мемлекеттік кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті стандартын 

игеру дәрежесін анықтау мақсатында ӛткізіледі.

 

3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:



 

1)  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  балдың  рейтингтік  әріптік  жүйесі  -  халықаралық 

практикада  қабылданған  әріптік  жүйеге  сәйкес  келетін  және  білім  алушылардың  рейтінгін 

белгілеуге мүмкіндігін беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;

 

2)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  –  студентердің  білім  деңгейіне  сәйкес 



мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  кӛзделген  пәннің  оқу 

бағдарламасының  сапасын  бағалау  және  оқытудың  теоретикалық  курсын  бітіргеннен 

практикадан ӛткеннен кейін ӛткізілетін рәсім.

 

3)  білім  алушыларды  аралық  аттестаттау  -  білім  алушылардың  бір  оқу  пәнін  оны 



зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бӛлігінің немесе бүкіл кӛлемінің мазмұнын меңгеру сапасын 

бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

 

4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге 



сәйкес  оқытушылар  ӛткізетін  аудиториялық  және  аудиториялардан  тыс  сабақтарда 

студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

 

5)  транскрипт  (Transcript)  –  білімді  бағалаудың  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі 



бойынша  кредиттері  мен  бағалары  кӛрсетілген  тиісті  кезеңде  ӛтілген  пәндердің  тізбесі  бар 

белгіленген нысандағы құжат;

 

6) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер 



мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

 

7)  Офис  регистратор  –  білім  алушылардың  барлық  оқу  жетістіктерін  тіркеумен 



шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның 

академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін тұлға;

 

8)  межелік  бақылау  –    бір  оқу  пәнінің  ірі  бӛлімін  (модулін)  аяқтағанда  білім 



алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

18 


 

9)  оқу  үлгерімінің  орташа  бал  –    Таңдаған  бағдарлама  бойынша  оқушының  бір  оқу 

жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа бал (Grade Point Average - GРА) – аралық 

аттестацияның  пәндері  бойынша  балдық  бағаның  кредиттік  және  сандық  эвивалеттік 

қатынасы ретінде қабылданады;

 

10) емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.



 

2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды және 

аралық аттестаттауды ӛткізу тәртібі

 

4.  Студенттердің  оқу  жетістіктерін  тексеру  жоғары  оқу  орны  (бұдан  әрі  –  ЖОО)  ӛзі 



дербес  анықтайтын  бақылау  мен  аттестаттаудың  әр  түрлі  нысандары  арқылы  жүзеге 

асырылады.

 

5. Студенттердің (білім алушылардың) оқудағы жетістіктері  әріптік балдық-рейтингтік 



жүйе  бойынша  жоғары  оқу  орындарында  білімді  бақылау  және  бағалау  бойынша 

мемлекеттік  жалпыға  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  бағаланады,  оны  дәстүрлі  бағалау 

шкаласына аудару осы Ереженің 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

 

6. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша ӛткізіліп, 



аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау 

бағасы  (жіберілу  рейтингінің  бағасы)  аудиториялық  сабақтардағы  ағымдық  бақылау  мен 

межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

 

7. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған 



тапсырмалары  (күнделікті  сабақтардағы  жауап,  үй  тапсырмаларын  тапсыру,  студенттің 

ӛзіндік жұмыс (бұдан әрі - СӚЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, 

үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық 

бағалардың орта арифметикалық бағамы ескеріле отырып есептеледі.

 

Осындай  әдіс  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  кезеңінде  білім  алушылардың  оқу 



жетістіктерін бағалау кезінде қолданылады.

 

8.    Кешкі  бӛлімде  оқитын  студенттер  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  осы  Ереженің  6-



тармақшасына ұқсас жүргізіледі.

 

9.  Сырттай  бӛлімде  оқитын  студенттер  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  оқу-емтихан 



сессиялары  басталғанға  дейін  де,  сол  кезеңде  де  жүзеге  асырылады,  ол  академиялық 

күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

 

Бұл  ретте  сырттай  бӛлімде  оқитын  студент  оқу-емтихан  сессиялары  басталғанға  дейін 



барлық  түрдегі  бақылау  және  есептеу-графикалық  жұмыстарды,  курстық  жұмыстарды 

(жобаларды),  сондай-ақ  үй  тапсырмаларының  жекелеген  түрлерін,  СӚЖ,  пәндерді  оқыту 

бағдарламасына сәйкес межелік бақылауды тапсырады.

 

10.  Күндізгі,  кешкі  және  сырттай  бӛлімдерде  оқитын  студенттер  біртұтас  кәсіптік  оқу 



бағдарламасы  бойынша  пәндерді  бірдей  кӛлемде  оқиды.  Пәндерді  оқытудың  тақырыптық 

жоспарларында  ӛзгешеліктер  болады,  ол  оқудың  түрлі  нысандары  үшін  оқытушылардың 

студенттермен  байланысты  жұмыстарының  түрлі  кӛлемінде  кӛрініс  табады.  Бұл  ретте 

сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80 пайызға дейінгі  кӛлемін ӛз бетінше 

игеруіне рұқсат етіледі.

 

11.  Межелік  бақылау  бір  академиялық  кезең  аралығында,  бір  оқу  пәні  шеңберінде 



кемінде  екі  рет  ӛткізіледі.    Кӛлемі  бір  кредитті  құрайтын  оқу  пәндері  ерекшелік  ретінде 

алынады, олар бойынша межелік бақылау санын ЖОО дербес айқындайды.

 

12.  ЖОО-да  студенттерді  аралық  аттестаттау  оқу  жұмыс  жоспарына,  академиялық 



күнтізбеге  және  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  білім  беру  стандарттары  негізінде 

әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

13.  Студенттерді  аралық  аттестаттау  емтихан  тапсыру  және  сараланған  сынақ  түрінде 



ӛткізіледі.

 

14.  Студенттердің  аралық  аттестаттауын  ұйымдастыру  мен  ӛткізу  офис  регистраторға 



жүктеледі.

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау