Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет15/23
Дата31.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#18532
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

                            ИС BestProfi©

 

 



 

29 


 

5) мамандар бойынша даярлау сапасына кадрлар талдау;

 

6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жӛнінде нақты ұсынымдар.



 

154.  МАК  тӛрағасының  есебіне  жоғары  білім  бағдарламасын  оқып  бітірген,  білім 

ұйымының  басшысы  қол  қойып,  берілген  дипломның  нӛмірі,  тегі,  аты,  әкесінің  аты 

кӛрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.

 

4.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушыларды  үлгерімін  ағымдық  бақылауды, 

аралық аттестаттауды және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібі

 

155.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушылардың  магистратура  мен  докторантура 



оқудағы  жетістіктерін  тексеру  ЖОО  немесе  ғылыми  ұйымдардың  ӛздері  белгілейтін 

бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.

 

156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау 



ЖОО студенттері сияқты тәртіппен жүргізіледі.

 

157.  Магистратура  мен  докторантурада  білім  алушыларды  ағымдық  аттестаттау  оқу 



жұмыс  жоспарына,  академиялық  күнтізбе  мен  кәсіптік  оқу  бағдарламаларына  сай  емтихан 

тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.

 

158.  Аралық  аттестаттаудың  мерзімділігі  мен  ұзақтығы  ЖОО  бекіткен  академиялық 



күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.

 

159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.



 

160.  Емтихандардың  кестесін  құру  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бӛлімдері 

деканатпен бірге офис регистраторына жүктеледі.

 

161.  Емтихан  кестесін  ғылыми  ұйым  директорының  оқу  ісі  жӛніндегі  проректоры 



немесе  орынбасары  бекітеді  және  емтихан  басталғанға  дейінгі  екі  аптадан  кешіктірілмей 

білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.

 

162.  Емтиханға  жіберу  нақты  пән  бойынша  жіберілу  рейтинг  бағасы  анықталатын 



үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.

 

163.  Жіберілу  рейтингінен  оң баға  ала  алмаған  білім  алушылар  қорытынды  бақылауға 



(емтиханға) жіберілмейді.

 

Курстық  жұмыс  (жоба)  тапсырмаған  білім  алушылар  сол  пән  бойынша  емтиханға 



жіберілмейді.

 

164.  Факультет  деканы  (жоғары  оқу  орнынан  кейін  білім  алу  бӛлімінің  бастығы)  кей 



жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) 

білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.

 

Факультет  деканына  (ЖОО-дан  кейінгі  білім  бӛлімінің  бастығы)  аурулығы,  сәбидің 



дүниеге  келуі,  жақын  туыстарының  қайтыс  болуы,  қызметтік  немесе  оқу  іссапарында 

болуына  байланысты  жағдайларды  растайтын  анықтамалар  тапсырылған  жағдайда  жеке 

кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.

 

165. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне ғылыми ұйымның 



немесе  жоғары  оқу  орны  басшысының  бұйрығымен  аппеляцияланатын  пән  бейініне  сай 

біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.

 

166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде ӛткізіледі.



 

Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің жақындылығына байланысты екі және 

одан да кӛп пәндерден кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.

 

167.  ЖОО  (факультет)  емтиханды  ӛткізу  тәртібі  мен  түрін  әр  оқу  пәні  бойынша 



академиялық кезеңнің басталуынан бір ай бұрын белгілейді.

 

168.  Оқу  пәні  бойынша  аралық  аттестаттау  ӛткізу  кезінде  академиялық  кезеңдегі 



емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа 

баллы ескеріледі.

 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

30 


 

169.  Әр  пән  бойынша  емтихан  аяқталғаннан  кейін  білім  алушыларға  қорытынды  баға 

ЖОО студенттеріне қойылатын тәртіп бойынша қойылады.

 

170.  Емтихандық  ведомость  барлық  оқу  кезеңі  бойынша  білім  алушылар  жинаған 



кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.

 

Әрі  қарай  офис  регистратор  емтихандық  ведомосты  сәйкес  келетін  факультет 



деканатына (институт директораты) тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосы 

негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.

 

171. Білім алушылар барлық емтихандар жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және 



оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырулары қажет.

 

172.  Білім  алушылар  қосымша  оқу  түрлерінің  пәндері  бойынша  да  емтихан  тапсыра 



алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.

 

173.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағаны  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  білім  алушы  пән 



бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында  кӛрсетілген  барлық  оқу  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып, 

емтиханға жіберілу рұқсатын алып, қорытынды бақылау тапсыруы тиіс.

 

174.  Қорытынды  бақылаудан  алынған  қанағаттанарлық  бағаны  жоғарылату  үшін  осы 



аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

Қорытынды бақылаудың оң бағаны қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағына 



сәйкес анықталады.

 

175.  Қорытынды  бақылаудың  нәтижесімен  келіспеген  білім  алушы  емтиханнан  кейін 



(келесі күні) аппеляцияға беруге құқығы бар.

 

176.  Пән  бағдарламасын  толық  орындаған  білім  алушы  емтиханға  келмеген  жағдайда 



емтихандық ведомосттағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.

 

Дәлелді  себептерге  байланысты  келмеген  жағдайда  факультет  деканының  ӛкімімен 



емтихан  тапсырудың  жеке  кестесі  белгіленеді.  Дәлелді  себептері  болмаған  жағдайда 

«қанағаттанарлықсыз»  бағасы  қойылып,  осы  Ереженің  173-тармағына  сәйкес  емтиханды 

қайта тапсырады.

 

177. Транскриптке студенттің барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған 



емтихан нәтижелері де жазылады.

 

178.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялардың  қорытындысының 



негізінде  жоғары  оқу  орны  басшысының  бұйрығымен  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

алушыларды  курстан  курсқа  кӛшіру  жүзеге  асырылады.  Осы  мақсатқа  сәйкес  кӛшіру  балы 

белгіленеді.

 

178-1.  Курстың  бағдарламасын  толық  кӛлемде  орындаған,  бірақ  ең  тӛменгі  кӛшіру 



балын ала алмаған білім алушыларға ӛз үлгерімінің орташа балын кӛтеру мақсатында жазғы 

семестрде  ақылы  негізде  жекелеген  пәндерді  қайта  оқуға  және  сол  пәндер  бойынша  қайта 

емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

 

179. Емтихан қорытындылары және емтихан сессиясы (аралық аттестация) аяқталғаннан 



кейін  оқу  процесін  жақсарту  жӛніндегі  ұсыныстары  кафедра,  деканат  (директорат)  және 

жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады.

 

180.  Жоғары  оқу  орнынан  немесе  ғылыми  ұйымнан  шығарылған  тұлғаға  білімі 



аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.

 

181.  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 



істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы 

жүйесі  комитетінің,  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  жӛніндегі  агенттіктің,  Қазақстан  Республикасы  Тӛтенше  жағдайлар  жӛніндегі 

министрліктің  ведомстволық  бағынысты  жоғары  оқу  орындарының  білім  алушылары  үшін 

осы  Ереженің  173,  174,  178-тармақтарының  нормалары  тиісті  мемлекеттік  органдармен 

келісіледі.

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау