ИС BestProfi©
31
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ӛткізу
тәртібі
182. Жоғары оқу орнында немесе ғылыми ұйымда білім алушыларды қорытынды
аттестаттау академиялық күнтізбесі мен мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарында
қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық)
диссертация қорғау түрінде ӛткізіледі.
183. Қорытынды аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай
оқу үрдісін аяқтаған магистранттар мен докторанттар жіберіледі.
184. Бітіруші курстың білім алушылар жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және
оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден ӛткізілместен оқу курсын қайта
оқуға қалдырылады.
185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу білім алушыларға үшін
ЖОО немесе ғылыми ұйым Мемлекеттік аттестациялық комиссия (М
АК
) құрады.
186. Жоғары оқу орнының жетекшісі М
АК
тӛрағасына кандидатураларды 1 қарашаға
дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:
магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс
істемеуі;
докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс
істемеуі.
187. М
АК
құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді:
магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар
(бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақ шығаратын
мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар);
докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар.
188. МАК-тың сандық құрамын білім және ғылым ұйымы дербес айқындап, жоғары оқу
орны басшысының бұйрығымен бекітіліп 31-ші желтоқсаннан кешіктірмей 1 күнтізбелік
жыл бойы қолданыста болады.
189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО немесе
ғылыми ұйым бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестация басталуынан 2
апта бұрын МАК-қа тапсырылады.
190. Мамандық бойынша кешендік емтиханға магистратура мен докторантураның
кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттері кіреді.
191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша ӛткізіледі: ауызша емтихан,
жазбаша жұмыс, пәндердің оқу бағдарламасы бойынша бекітілген пәндерден тест.
192. Кешенді емтиханның бағдарламасы ӛткізілу нысанына және тапсырма мазмұны
жоғары оқу орынмен немесе ғылыми ұйыммен осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу
бағдарламасына сай жасалады.
193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындары
және ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және
тестілеудің ӛткізілу технологиясын ӛздері әзірлейді.
194. Кешенді емтихан:
магистрлік диссертацияны қорғауға дейін бір ай бұрын;
докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін үш ай бұрын қабылданады.
ИС BestProfi©
32
195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы
бойынша осы Ереженің 8-қосымшаға сай белгіленген нысандағы хаттамамен рәсімделеді.
МАК отырысының хаттамасын шығарушы кафедраның оқу-кӛмекші қызметкерлерінің
ӛкілі арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.
196. Кешенді емтихан тест түрінде ӛткен жағдайда жеке хаттама рәсімдеуге емтихандық
ведомость негіз болады.
197. Алынған бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға
рұқсат етілмейді.
197-1. Магистратураның және докторантураның кешенді емтиханын тапсыру
қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы факультет деканы мен кафедра
меңгерушісінің ұсынысы негізінде магистрантты және докторантты қорытынды аттестаттау
аяқталғаннан кейін және/немесе академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылы аяқталғаннан
кейін он жұмыс күні ішінде магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы
бұйрықты бекітеді.
Бұл ретте магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықта
«магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсыныммен» немесе «магистрлік және
докторлық диссертацияны қорғауға ұсынымсыз» деген жазу кӛрсетіледі.
198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан ӛткізілгеннен
кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға беруге болады.
199. Апелляция ӛткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған
мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия
құрылады.
200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен
ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ №
_______ хаттамамен қайта қаралды _____ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған
қатысқан МАК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.
201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант
білім білім немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен оқудан шығарылып, тұлғаға
білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада
қорытынды аттестация кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық
жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертация қорғауға жіберу ЖОО МАК тӛрағасының
ұсынуы негізінде немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.
204. Диссертациялық жұмыстарды тексеру авторға және пайдаланған кӛздеріне сілтеме
жасамай жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасы және докторантурасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін
докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан ӛтеді. Осы мақсатта біліктілігі
(ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың бейініне
сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы тағайындалады.
205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес
бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі.
Магистрлік диссертацияларды қорғау М
АК
-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес
мүшелерінің қатысуымен ӛткізіледі.
Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет.
Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін М
АК
-тың алдында 15 минуттық
баяндамамен сӛз сӛйлейді.