Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет10/23
Дата31.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#18532
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

                            ИС BestProfi©

 

 



 

19 


 

15.  Аралық  аттестаттау  нәтижесі  бойынша  офис  регистратор  студенттердің 

академиялық рейтингілерін құрастырады.

 

16.  Емтихандар  кестеге  сәйкес  тапсырылады  және  пәннің  барлық  кәсіптік  оқу 



бағдарламасы бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және 

академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды кӛздейді.

 

17.  Сараланған  сынақтар  студенттердің  зертханалық  және  есептеу-графикалық 



тапсырмаларды,  курстық  жұмыстарды  (жобаларды)  ойдағыдай  орындағандығын,  сондай-ақ 

олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан ӛткендігін тексеру 

нысаны болып табылады.

 

Сараланған  сынақтар  балдық-рейтингтік  бағалау  жүйесіне  сәйкес  қойылады  және  сол 



жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда кӛшіру балына есептеуде ескеріледі.

 

18. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бӛлінеді.



 

ЖОО-да  қабылданған  академиялық  кезеңге  (триместр,  тоқсан)  байланысты  аралық 

емтихан сессиялар да болуы мүмкін.

 

Оқу  жылының  аяғына  қарай  емтихан  сессиясының  қорытындысы  негізінде  ЖОО 



басшысының бұйрығымен студенттердің келесі курсқа кӛшірілуі жүзеге асады.

 

19. Емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы оқудың күндізгі нысаны үшін 



мамандықтың  оқу  жұмыс  жоспары  және  ЖОО-ның  ғылыми  кеңесінде  бекітілген 

академиялық күнтізбе бойынша анықталады.

 

Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы және олардың кезеңдері мен саны 



ЖОО-ның кеңесінде бекітіледі.

 

20.  Офис  регистратор  оқудың  барлық  нысандары  үшін  емтихандар  кестесін  тиісті 



факультеттің  деканатымен  бірлесе  отырып  жасайды,  оқу  ісі  жӛніндегі  проректор  бекітеді 

және ол студенттер мен оқытушыларға емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.

 

21.  Емтиханды  ӛткізу  үшін  біліктіліктері  сол  пәннің  бейініне  сәйкес  келетін  және, 



әдеттегідей  сол  академиялық  топта  (толқында)  оқыту  сабақтарын  ӛткізбеген  алдыңғы 

қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады.

 

22. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан ӛткізу рәсіміне қатыспайтын 



тұлғалар жіберілмейді.

 

23. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы 



ӛкімінде студенттің аты-жӛні, курсы, мамандығы және академиялық тобы кӛрсетіледі.

 

24. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады.



 

1)  бірінші  кезеңде  факультет  деканының  (институт  директоры)  жалпы  шешімімен  оқу 

ақысын  толық  тӛлеген,  пререквизиттер  бойынша  академиялық  қарызы  жоқ,  академиялық 

демалыста  немесе  ұзақ  мерзімді  емделуде  жоқ  студенттердің  сессияға  жіберілуі  жүзеге 

асырылады;

 

2)  екінші  кезеңде  тиісті  пән  бойынша  үлгерімнің  ағымдағы  және  межелік  бақылау 



қорытындысымен  анықталатын  рейтинг  бағасы  негізінде  емтиханға  автоматты  түрде 

жіберілу  жүзеге  асырылады.  Аталған  рұқсат  беру  әрбір  студенттің  тегінің  қарама-қарсы 

тұсына қойылған тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге асырылады.

 

25.  Аталған  пән  бойынша  рұқсатнама  рейтингісінде  оң  бағасы  жоқ  студенттер 



қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

 

Курстық  жұмыстарын  (жобаларын)  тапсырмаған  студенттер  тиісті  пән  бойынша 



емтиханға жіберілмейді.

 

26. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы 



жағдайына,  қызметтік  себептерге  байланысты)  студентке  емтиханды  жеке  кесте  бойынша 

тапсыруға рұқсат бере алады.  Факультет деканына (институт ректорына) аурулығы, сәбидің 

дүниеге  келуі,  жақын  туыстарының  қайтыс  болуы,  қызметтік  немесе  оқу  іссапарында 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

20 


 

болуына  байланысты  жағдайларды  растайтын  анықтамалар  тапсырылған  жағдайда 

емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.

 

27.  Сырттай  бӛлім  студенттерінің  пән  бойынша  емтиханға  жіберілуі  күндізгі  бӛлім 



студенттерінің емтиханға жіберілу тәртібі секілді жүзеге асырылады.

 

28. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде ӛткізіледі. Ауызша түрде бір 



күнде  екі  немесе  одан  кӛп  емтихан  тапсыруға  рұқсат  етілмейді.  Тест  нысаны  кезінде  екі 

немесе одан да кӛп пәндердің бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, емтихан 

кешенді түрде ӛтуі де мүмкін.

 

29.  Әрбір  оқу  пәні  бойынша  емтиханды  ӛткізудің  нысандары  мен  тәртібі  ЖОО-ның 



(факультет)  Ғылыми  кеңесімен  академиялық  кезең  басталғаннан  бастап  бір  ай  мерзімнен 

кешіктірілмей белгіленеді.

 

30. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы 



тиіс.

 

31.  Емтихан  кезінде  студенттер  пәннің  оқу  бағдарламасын  және  емтихан 



қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық әдебиетті пайдалана алады.

 

32.  Қорытынды  бақылау  ӛткізу  үшін  офис  регистратор  тарапынан  емтихан 



қабылдаушыға студенттердің академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингі 

кӛрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.

 

33.  Оқу  пәні  бойынша  аралық  аттестаттау  ӛткізу  кезінде  емтиханда  алған  бағасы  мен 



академиялық  кезең  ішіндегі  үлгерімнің  ағымдық  бақылаудағы  бағалануының  орташа  балы 

есептеледі.

 

34. Емтиханда студенттің үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі 



бойынша бағаланады.

 

Оңды баға (А-, А «ӛте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») 



оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер 

саны  кӛрсетіліп  жазылады.  «Қанағаттанарлықсыз»  F  бағасы  тек  емтихан  ведомостына  ғана 

жазылады.

 

35. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы 



болып табылатын қорытынды баға қойылады.

 

36. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды 



бақылау бағалары кіреді.

 

Ағымдық  үлгерім  бақылауының  бағасы  (жіберілу  рейтингі)  пән  бойынша  қорытынды 



бағаның  кемінде  60  %-ын  құрайды  және  емтихан  бағасы  пән  бойынша  қорытынды 

бағасының кемінде 30 %-ын құрайды.

 

37.  Оң  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  белгіленген  кредит  санымен  игерілген 



кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.

 

38.  Студент  қорытынды  бақылаудан  (емтиханнан)  «қанағаттанарлық-сыз»  деген  баға 



алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

 

39. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны кӛтеру мақсатында қайта тапсыруға 



рұқсат етілмейді.

 

Қорытынды  аттестаттаудың  оң  бағасын  қайта  тапсыру  осы  Ереженің  43-тармағымен 



белгіленеді.

 

40. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық 



білім алушылардың кредиттер санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.

 

Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына (институт 



директоратына)  жібереді.  Деканатта  әрбір  оқу  пәнінің  емтихан  ведомосы  негізінде  аралық 

аттестаттау бойынша жинақ ведомосы толтырылады.

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау