Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет11/23
Дата31.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#18532
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

                            ИС BestProfi©

 

 



 

21 


 

41.  Оқудың  барлық  нысандарына  бірдей  пәндердің  оқу  бағдарламасында  бекітілген 

жұмыс және жеке оқу жоспарына сәйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады.

 

42.  Студенттер  пәндердің  қосымша  оқу  түрлері  бойынша  емтихан  тапсыра  алады, 



олардың  тапсыру  нәтижелері  емтихан  ведомосына,  сынақ  кітапшасына  және  транскриптке 

жазылады (әскери дайындықтан басқасы).

 

43.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағасын  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  студент  келесі 



академиялық  кезеңдерінің  бірінде  немесе  жазғы  семестрде  сол  пән  бойынша  оқу  жұмыс 

жоспарында  қарастырылған  барлық  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып,  рұқсат  алады  және 

қорытынды бақылау тапсырады.

 

Мұндай  жағдайда  студент  белгіленген  тәртіп  бойынша  оқу  пәніне  жазылу  рәсімінен 



қайта ӛтеді.

 

44.  Егер  студент  оқу  бағдарламасын  толық  кӛлемде  орындай  отырып,  емтиханға 



келмесе,  емтихан  ведомосындағы  оның  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  деген  жазу 

жазылады.  Студенттің  дәлелді  себептері  болған  жағдайда  факультет  деканының  ӛкімімен 

оған  емтихан  тапсырудың  жеке  кестесі  бекітіледі.  Емтиханға  келмеуінің  дәлелді  себептері 

болмаған жағдайда  «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы 

Ереженің 43-тармағы бойынша жүзеге асырылады.

 

45.  Қорытынды  бақылаудың  бағасымен  келіспейтін  студент  (докторант,  магистрант) 



емтихан ӛткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға береді.

 

46.  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  емтихан  сессиясы  кезеңіне  (аралық  аттестаттау) 



апелляцияланатын  пәндерге  мамандығы  сәйкес  келетін  оқытушылардан  апелляциялық 

комиссия құрылады.

 

47.  Апелляция  нәтижелері  хаттамамен  ресімделеді  және  оның  негізінде  қосымша 



емтихан ведомосы толтырылады.

 

48. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр 



нәтижелерін  есепке  ала  отырып,  студенттің  оқу  жетістіктері  деңгейінің  ортасалмақ  бағасы 

болатын ӛту балын есептейді.

 

49.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялардың  қорытындысының 



негізінде студенттерді курстан курсқа кӛшіру жүзеге асырылады.

 

50. Курстан курсқа кӛшіру үшін ӛту балының тӛменгі деңгейінің кӛлемін ЖОО-ның ӛзі 



белгілейді.

 

51. Ең тӛменгі ӛту балын алған студенттер факультет деканының (институт директоры, 



жоғары оқу орнынан кейінгі бӛлімінің) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен 

келесі курсқа кӛшіріледі.

 

52. Ең тӛменгі ӛту балын ала алмаған студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.



 

53. Курс бағдарламасын толығымен ӛтіп, белгіленген ӛту балының ең тӛменгі деңгейіне 

жете  алмаған  студентке  ӛзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)  жоғарылатуы  үшін  жазғы 

семестрде  белгілі  бір  пәндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  «Қазақстан  тарихы» 

пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден 

қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

 

54.  Қайта  тапсырылған  емтиханнан  қанағаттанарлық  нәтиже  кӛрсетілген  жағдайда 



қорытынды  баға  қайта  есептеліп,  емтихандық  ведомость  пен  сынақ  кітапшасына  және 

транскриптке толтырылады.

 

Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.



 

55. Транскрипке студенттің қайта тапсырылған емтихандардың оң нәтижелері мен қоса 

барлық қорытынды бағалары жазылады.

 

56.  Оқу  курсына  қайта  қалдырылған  студент  бұрын  қабылданған  жеке  оқу  жоспары 



немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

22 


 

57. Ӛту балының жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент 

сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

 

58.  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 



істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы 

жүйесі  комитетінің,  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  жӛніндегі  агенттіктің,  Қазақстан  Республикасы  Тӛтенше  жағдайлар  жӛніндегі 

министрліктің  ведомстволық  бағынысты  жоғары  оқу  орындарының  білім  алушылары  үшін 

осы  Ереженің  39,  43,  52,  53,  54,  56  және  57-тармақтарының  нормалары  тиісті  мемлекеттік 

органдармен келісіледі.

 

59. Академиялық қарызы бар пәндер келесі семестрде ӛтілетін пәндер үшін пререквизит 



алды болмауы тиіс.

 

60.  Емтихандар  сессиясының  қорытындысы  бойынша  (қысқы  және  жазғы)  және  оқу 



үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан 

кейін  кафедра,  деканат  (директорат)  мәжілістерінде,  ЖОО  Кеңесінде  талқылануға 

ұсынылады.

 

61.  Жоғарғы  оқу  орны  емтихандық  сессиялардың  (қысқы  және  жазғы)  қорытындысы 



бойынша  білім  саласындағы  ӛкілетті  органға  осы  Ереженің  2-қосымшаға  сәйкес  нысанда 

электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.

 

62. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.



 

63.  Емтихан  сессиясын  ойдағыдай  аяқтаған  сырттай  оқу  бӛлімі  студенттеріне  келесі 

емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.

 

Шақыру-анықтамаларын  беру  мен  сырттай  оқу  бӛлімі  студенттерінің  емтихан 



сессиясына қатысуы ЖОО-да қатаң есепке алынады.

 

64.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтихан  академиялық  күнтізбеге 



сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде ӛткізіледі.

 

65.  Барлық  бакалавр  мамандығындағы  ЖОО  студенттері  «Қазақстан  тарихы»  пәні 



бойынша  оны  оқып  аяқтағаннан  кейін  сол  академиялық  кезеңде  мемлекеттік  емтихан 

тапсырады.

 

66. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) 



білім  базасында  жеделдете  оқыту  мерзімінде  білім  алатын  студенттер  «Қазақстан  тарихы» 

пәнін оқуға және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.

 

67.  Қысқартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  жоғары  кәсіптік  білім  базасында 



жеделдете  оқыту  мерзімінде  білім  алатын  студенттер  «Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқымайды 

және мемлекеттік емтихан тапсырмайды.

 

68.  Мемлекеттік  емтиханға  дайындықты  факультет  деканатымен  (институт 



директоратымен)  және  оқу  бӛлімімен  (оқу-әдістемелік  басқармасымен)  бірлесе  отырып, 

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі – кафедра) ӛткізеді.

 

69.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтиханды  ӛткізу  үшін  кафедра 



оқудың  барлық  нысаны  мен  мамандықтары  үшін  бірыңғай  оқу  жұмыс  бағдарламасын,  оқу 

жұмыс жоспарын аталған пән бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.

 

70.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтихан  тапсыру  оқу  жұмыс 



бағдарламасына сәйкес ауызша, жазбаша және тест түрінде жүзеге асырылады.

 

71.  Мемлекеттік  емтиханды  ӛткізу  түрі  ЖОО-ның  Ғылыми  кеңесінің  шешімімен 



анықталады.

 

72.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтиханды  қабылдау  үшін 



құрамында  декан  факультет  (директор  институт)  тӛрағасы  мен  мүшелері  бар  Мемлекеттік 

емтихан коммисиясы (бұдан әрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.

 

73.  МЕК  тӛрағасының  кандидатурасы  ағымдағы  оқу  жылының  1-қарашасынан 



кешіктірілмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау