ИС BestProfi©
27
129. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына
бекітілген МАК хатшысы толтырады
130. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда
анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК
мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған
мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол ӛз пікірін хаттамаға жазуға және ӛзі
қол қоюға құқығы бар.
Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру сондай-ақ
студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні кӛрсетіледі.
131. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау мемлекеттік емтихан бағалары туралы,
сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе және мемлекеттік
үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына
қатысушылардың кӛпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы
қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК тӛрағасының дауысы шешуші
болып табылады.
132. Хаттамаға МАК-тың тӛрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
133. Қазақстан Республикасы «Мұрағат және мұрағат ұлттық қоры туралы» заңына
сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.
134. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген
студент МАК тӛрағасының атына ӛтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты
ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (жобаны)
осы МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғауына болады.
135. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау
ӛткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.
136. Апелляция ӛткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған
мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия
құрылады.
137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы
қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________
№ _________ хаттамамен қайта қаралды _______ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған
МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.
138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға
алғаннан кейін қарастырылмайды.
139. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және
дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
140. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды
қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды
аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
141. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген
жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға
ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-ның бұл шешімі мәжіліс
хаттамасына жазылады.
142. Қорытынды аттестаттаудан ӛтпеген тұлғалар бір жыл ӛткеннен кейін, қорытынды
аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта
қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы ӛтініш жазады.
143. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының
бұйрығымен ресімделеді.
144.
Қайта
қорытынды
аттестаттау
алдыңғы
қорытынды
аттестаттаудан
қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана ӛткізіледі.
ИС BestProfi©
28
145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына
енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу
жоспарымен белгіленеді.
146. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі
аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-
дан шығарылады.
147. Қорытынды аттестаттаудан ӛткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын
меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі
және/немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік
үлгідегі диплом дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде
қосымшасымен ақысыз беріледі.
147-1. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру білім беру ұйымы
басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап
он күн мерзімнен кешіктірмей МАК тӛрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының
басшысы бекітеді.
147-2. Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет
деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан ӛтпеген білім алушыларды оқудан
шығару туралы бұйрықты бекітеді.
148. Дипломға қосымша студенттің оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама
негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған
кӛлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық
жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде
толтырылады.
Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша кӛлемі кредит және академиялық сағат
түрінде кӛрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар
жазылады.
149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «ӛте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы»
деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең
мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «ӛте жақсы» деген бағаға тапсырған
білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
150. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған
студент осы Ереженің 149-тармағында кӛрсетілген талаптарды орындағанына қарамастан
үздік диплом алу құқығынан айырылады.
151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның тӛрағасы есеп жасайды және екі апта
мерзім ішінде ЖОО-ның басшысына тапсырады. МАК тӛрағасының есебі ЖОО ғылыми
кеңесінің немесе (факультет кеңесінің) отырысында талқыланады және бекітіледі.
152. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім
ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген
мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыс қорғау нәтижелерін ұсынады.
153. МАК тӛрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.
Кестеде осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген кӛрсеткіштер белгіленеді.
МАК тӛрағасы есебінің түсіндірме жазбасында тӛмендегілер кӛрсетіледі:
1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
2) диплом жұмысының (жобаның) орындалу сапасы;
3) диплом жұмысын (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның,
техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және ӛндірістің талабына сәйкестігі;
4) білім алушыларды мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты,
жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері;