82
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
үстінде, бұл жоба бойынша оның авторлары мен адвокаттар қоғамдастығының арасында бірдей көзқарас
жоқ
101
.
Мемлекеттік заңгерлік бюроларды құрудың қарсыластары (негізінен, бұл адвокаттар) мемлекеттік
қызметшілер ретінде жұмыс істейтін бюро заңгерлері адвокаттар сияқты тәуелсіз болмайды, сондықтан
бұл бастамадан бюрократтық машақаттан және адамдарға пайдасы жоқ қыруар? ақша қаражатының
жұмсалуынан өзге ештеңе де шықпайды деп санайды. Адвокаттардың пікірінше, мемлекеттік шенеунік
басқа шенеунік зәбір? көрсеткен адамды ешқашан да қорғамайды. Сондықтан, олардың ойынша, бұл
мақсатқа бөлінетін қаражатты адвокаттар қауымдастығының органдарына бөлу ақылға қонымдырақ
болады, қорғаушылар заңгерлік көмекке мұқтаж адамдарға сауатты әрі ұқыпты көмек береді. Олар
тегін заңгерлік көмек жүйесін жеке мемлекеттік құрылым түрінде емес, жергілікті жерлердегі әділет
департаменттерінің құрамындағы бөлімдер немес қызметтер түрінде құруды ұсынып отыр. Олардың
пікірінше, бұл үй-жайларға, көлікке, басқа да ұйымдық шығыстар мен шаруашылық мұқтаждықтарына
жаңадан шығындануды қажет етпейді. Құрамы жағынан оларда адам саны аз болуға және олар тегін
заңгерлік көмек көрсету үшін үміткерлерді іріктеуге, ал содан соң адвокаттар алқасымен, заңгерлік
фирмалармен немесе жеке практикасын жүргізетін заңгерлермен осындай көмек көрсету жөнінде шарт
жасасуға тиіс
102
.
Қырғызстанда 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек туралы» заң
қолданысқа енгізілді, оның мақсаты мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек жүйесінің арнайы басқару
органын – Қырғызстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік
көмек жүйесі жөніндегі ұлттық кеңесті, сондай-ақ бұл үдерістерге адвокаттар қоғамдастығын қатысуға
ниеттеу жүйесін құру арқылы тегін заңгерлік көмектің берілуін және қол жетімді болуын қамтамасыз ету
болып табылады.
Бұл саладағы осыған ұқсас өзгерістер
Болгария, Латвия, Польша, Словакия, Чех Республикасы,
Эстонияда
103
және кейбір басқа елдерде болды.
Аталған елдердің қаржыландырылатын заңгерлік көмек туралы заңдары мен жүйелерін біріктіретін ортақ
нәрсе:
•
тегін заңгерлік көмек беру жүйесін басқару – бұл, әдетте, Әділет министрлігінің жанынан
құрылатын бюджеттік органдар. Бірақ басқа үлгілер де бар (мысалы, Словенияда тегін кәсіпқой
заңгерлік көмек қызметі сот жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ал Әділет министрлігі соттардың
бұл саладағы қызметін реттейді);
•
тегін заңгерлік көмек берудің өлшемдері: (1) әділсот мүдделері, 2) қаржылық өлшем айқындалды
(мысалы, адамның кіріс деңгейі немесе (және) мүлкінің бар-жоғы және кейбір басқалары);
•
тегін заңгерлік көмекке мұқтаж адамның қаржылық жағдайы тексеріледі, яғни мүліктік шегі және
мұқтаждықтың
шегі айқындалады;
101 Қараңыз: Ямшанов Б. Адвокаттар кедейлерге тегін заңгерлік көмек беру жобасына өз ұсыныстарын енгізеді // Российская газета. 2010. 2 ақпан.
102 Ол да сонда.
103 Қараңыз: 2002 жылдың желтоқсанынан кейін, Әділсотқа жету жөніндегі Бірінші Еуропалық Форумнан кейін өткен кезеңнің ішіндегі Орталық
және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек саласындағы жаңа заңнамалық ережелер мен бастамалар // www.pili.org..
IV Тарау
83
•
заңгерлік
көмек көлемінің
104
мемлекет бөлетін бюджетке
байланысты болатындығы;
•
заңгерлік көмектің сапасын бақылау уәкілетті органға ғана емес, сондай-ақ адвокаттардың кәсіби
бірлестіктеріне жүктелген;
•
барлық елдерде тегін заңгерлік көмек жүйесін басқаруда және тегін заңгерлік көмек саласындағы
саясатты әзірлеуде басты рөл Әділет министрлігіне берілген. Сондай-ақ адвокаттар алқалары да
маңызды рөл атқарады: олар не осындай көмек береді немесе көмекті де береді?, тегін заңгерлік
көмек беруді басқарумен де айналысады, сондай-ақ қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге
асырады
105
;
•
елдердің көпшілігінде қаржыландырылатын заңгерлік көмек алу құқығы жоқ тұлғаларда ғана бар.
Дегенмен кейбір елдерде мұндай құқық кейбір заңды тұлғаларға да берілген (айталық, Эстонияда
тегін заңгерлік көмек алу құқығын сондай-ақ заңды тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдар да пай-
далана алады; Франция мен Италияда коммерциялық емес
ұйымдардың осындай құқығы бар
106
).
•
берілетін заңгерлік көмектің жоғары деңгейде болуы туралы талап қаржыландыру деңгейінің
жоғары болуын міндетті түрде
қажет етеді
107
;
•
заңгерлік көмек
берудің көлеміне екінші жолғы, сондай-ақ бастапқы заңгерлік көмек те кіреді.
Аталған елдерде қаржыландырылатын заңгерлік көмек берудің тәжірибесі оны ұйымдастыру, бақылау
және үйлестіру жөніндегі барлық функцияларды құқықтық мәртебесінің өзіндік ерекшілігі тәуелсіздігі
болып табылатын бір органда шоғырландырғанда ғана оның тиімді болатынын көрсетіп отыр. Шетел-
дерде заңгерлік көмекті басқарудың кең тараған тетіктері комиссиялар, бюролар, кеңестер, орталықтар
болып табылады, олар тегін заңгерлік көмек беру мәселелері жөніндегі әкімшілік (басқару) функцияла-
рын жүзеге асырады. Бұл құрылымдар әдетте мемлекеттік болады және көбінесе Әділет министрлігіне
қарайды. Қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсетуге қатыстырылатын субъектілер қатары алуан
түрлі
болғанымен, әртүрлі елдерде әдетте мына үлгілерді бөліп көрсетеді:
1)
Келісімшарт негізіндегі үлгі (judicare үлгісі) – бұл жүйеде арнаулы мемлекеттік орган адвокатпен,
заңгерлік фирмамен істердің белгілі бір саны бойынша немесе істердің белгілі бір санаттары
бойынша заңгерлік көмек беру туралы шарт (келісімшарт) жасасады, олар үшін мемлекеттік
бюджеттің есебінен ақы төленеді. Мұндай үлгі Австрия, Англия мен Уэльс, Австралия, Норвегия,
Нидерланды, Шотландия, Швеция, Канадада және АҚШ-тың кейбір штаттарында қолданылады
108
.
Бұл үлгінің екі түрі бар:
а) Таза түрдегі
judicare үлгісінің (
pure judicare») мәні мынада: адвокаттар өздері берген
заңгерлік қызметтері үшін мемлекет төлейтін ақыны жергілікті әкімшіліктер не адвокаттар
алқалары немесе басқа ұйым арқылы алады. Кейбір жағдайларда соттар тегін заңгерлік көмек
104 Тегін заңгерлік көмектің берілуі барлық жағдайда абсолютті бола бермейді: кейбір елдерде (мысалы, Венгрия, Литва, Словенияда және кейбір
басқа елдерде) адам соттың үкімімен кінәлі деп танылғаннан кейін, оған мемлекетке сот шығындарын өтеу, соның ішінде тағайындалған
адвокатқа қаламақы төлеу міндеті жүктелуі мүмкін.
105 Әділсотқа жету жөніндегі Еуропалық Форум. Бірінші бөлім. Будапешт, 2002. 7-бет.
106 Тегін заңгерлік көмек көрсету саласындағы халықаралық тәжірибе. М.: «Қоғамдық мүдделер құқығы»
институты, 13-бет.
107
Әділсотқа жету жөніндегі Еуропалық форум. Бесінші бөлім. Будапешт, 2002. 455-бет.
108 Сапалы заңгерлік көмек. Бағалау және бақылау әдіснамасы М.: «Қоғамдық мүдделер құқығы» институты (PILI), 2008. 7-бет.