Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет36/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103

84
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
алуға құқығы бар адамдарды мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек беру жөніндегі 
бағдарламаға қатысатын адвокаттарға жібереді. Мұндай жағдайларда адвокаттар өздерінің 
есепхатын тексеріп, содан кейін төлеу үшін сотқа ұсынады. Бюджет қаражатынан төлеу нақты 
заңгерлік қызмет үшін (мысалы, екі жақты келісім бойынша ажырасу үшін бекітілген сома), 
немесе әр сағатына, немесе көрсетілетін қызметтің ұзақтығына қарамастан оның ең жоғары 
төлемі  есепке  алынып  жүзеге  асырылады
109
.  Шетелдердің  тәжірибесі  көрсетіп  отырғандай, 
мұндай үлгі адвокат бекітілген еңбекақы алатын үлгіден әлдеқайда қымбат
110
.
б)
   «Кезекші адвокат» (duty counsel) үлгісінде адвокаттар жартылай мөлшер бойынша жұмыс 
істейді және тегін заңгерлік көмек беруді қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда, олардың 
көрсеткен  заңгерлік  көмегіне  адвокаттың  қорғаушы  немесе  өкіл  ретінде  қатысқан  әр  күні 
үшін ақы төленеді. 
 
Келісімшарт  негізіндегі үлгі  заңгерлік  емханалармен  толықтырылуы  мүмкін,  сонда  жоғары  оқу 
орындарының студенттері мен жас түлектері аға әріптестерінің жетекшілігімен заңгерлік көмек 
көрсетеді. Шет елдерде сондай-ақ сақтандыру сұлбасы да көзделеді. Сақтандыру оқиғасы орын 
алғанда, яғни заңға сәйкес сақтандырылған адам заңгерлік көмекке құқық алатын мән-жайлар 
басталғанда, оған заңгерлік көмек тегін беріледі. Бұл кезде адвокаттың көрсеткен қызметі үшін 
келісім  бойынша  жұмыс  істейтін  адвокаттардың  қызметіне  ақы  төлеудің  орташа  тарифтеріне 
негізделген есеппен заңгерлік сақтандыру қорынан ақы төленеді.
2)  
«Көпшілік (қоғамдық, мемлекеттік) қорғаушы» үлгісі мемлекеттің немесе заңгерлік көмек жүйесін 
басқаратын органның заңгерлік көмек жеткізушіні – аумақтық қағида бойынша кеңестер жүйесін 
(бюро, кеңестер, қызметтер, орталықтар, комиссиялар және т.б.) құруымен сипатталады, мұның өзі 
халықтың тұрмысы нашар санаттарына заңгерлік көмек көрсетілу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Бұл кеңестердегі жұмыс, әдетте, мынадай сұлба бойынша құрылған: кезекші қызметкер-заңгер 
туындаған құқықтық проблеманың сипатын айқындау үшін заңгерлік көмек сұраған клиентпен 
алғаш рет сұхбат жүргізеді. Ол күрделі болмаған жағдайда заңгерлік көмек құқықтық ақпарат 
беру  немесе  кеңестеме  беру,  немесе  өтініш  иесін  аталған  проблеманы  бюро  заңгерлерінің 
қатысуынсыз шешуге болатын органға немесе ұйымға жіберу жолымен бірден көрсетілуі мүмкін. 
Проблеманы шешу үшін неғұрлым көп уақыт қажет болатын жағдайда, клиент құқықтың белгілі бір 
саласы бойынша маманданатын кеңсенің нақты заңгеріне жіберіледі
111
. Мұндай үлгі Ұлыбритания 
мен  Уэльсте,  АҚШ,  Израиль,  Шотландия,  Литва,  Ресей,  Украинада  және  басқа  елдерде  жұмыс 
істейді. 
3)  
«Еx оfficio» үлгісі, бұл жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуші органдар (прокурор, тергеуші, по-
Еx оfficio» үлгісі, бұл жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуші органдар (прокурор, тергеуші, по-
, бұл жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуші органдар (прокурор, тергеуші, по-
лиция, сот) арқылы мемлекет адамға заңгерлік көмек беру үшін адвокаттардың кәсіби ұйымдары 
арқылы қорғаушыны немесе өкілді тағайындайды және оның жұмысына мемлекеттік бюджеттің 
қаражатынан  төлейді.  Клиентурасы  жоқ  немесе  адвокаттар  қоғамдастығына  енді  ғана  кірген, 
немесе  адвокаттардың  саны  заңгерлік  көмекке  нарықтық  сұраныстан  асатын  аймақтарда 
адвокаттық  қызметін  жүзеге  асыратын  адвокаттардың  белгілі  бір  бөлігі  үшін  осындай  істерге 
109  Ол да сонда.
110  Әділсотқа жету жөніндегі Еуропалық форум. Бесінші бөлім. Будапешт, 2002. 526-бет.
111  Ол да сонда. 9-бет.


IV Тарау 
85
тағайындау олардың табысының негізгі көзі болып табылады. Ауқымды клиентурасы бар және 
соның нәтижесінде әрқашан жұмыспен қамтылған жоғары білікті адвокаттарға келсек, олардың 
басым  бөлігі  әдетте  мұндай  істерді  жүргізбейді.  Бұл  үлгі  бұрынғы  кеңестік  мемлекеттердің 
көпшілігіне  (соның  ішінде  Қазақстанға  да)  және  Орталық  және  Шығыс  Еуропаның  бұрынғы 
социалистік елдеріне тән.
4)  
Аралас үлгі – бұл жүйеде жоғарыда аталған алғашқы екі үлгі мен басқа да үлгілердің элементтері 
үйлескен: тегін заңгерлік көмек беру тәуелсіз мемлекеттік ұйым – бюро, кеңестер, қызметтер, 
орталықтар және т.б. арқылы жүзеге асырылады (яғни жария қорғаушы үлгісі), жекелеген істер 
бойынша  жасалған  шарттың  негізінде  жеке  практикасы  бар  заңгерлер  қатыстырылады  (яғни 
келісімшарт  үлгісі),  сондай-ақ  басқа  үлгісілер  (заңгерлік  емханалар,  «pro  bono»  үлгілері
 (яғни 
заңгерлік көмекті ақысыз көрсету), пара-заңгерлер және үлгілердің басқа түрлері қолданылады.
Көптеген елдерде аралас үлгі қолданылады. Сарапшылар мұны былай деп түсіндіреді: «қарама-қарсы 
үлгінің артықшылықтарын пайдаланбастан белгілі бір үлгіні жақтап, соны ғана пайдаланудың салдарынан 
заңгерлік  көмек  жүйесі  жол  бермеуге  болатын  көптеген  проблемаға  тап  болады. 
Judicarе  үлгісімен 
ғана немесе штаттағы заңгерлер үлгісімен ғана шектелген заңгерлік көмек жүйесін басқару жөніндегі 
орган басқа үлгінің артықшылықтары мен оқылықтардың орнын толтыратын мүмкіндіктеріне тиісті көңіл 
бөлмей, барлық кемшіліктерге тап болып отырады. 
… Үлгілердің  үйлесімі –  бұл  әл-ауқаты  азаматтарды  заңгерлік  қызметтермен  қамтамасыз  ету  үшін  ең 
жақсы таңдау»
112

112  Сапалы заңгерлік көмек. Бағалау және бақылау әдіснамасы. М.: «Қоғамдық мүдделер құқығы» институты (PILI), 2008. 11-бет.


ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
86
Қорытынды
Осы басылымда жарық көрген зерттеулер тегін заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетеді. 
Қазіргі кезде қандай да болмасын жағдайда кез-келген азаматтың сотқа жүгініп, өзінің құқығын сотта 
қорғауға мүмкіндігі жоқ. Орын алған проблемаларды саралай отырып, тек сарапшылар қауымдастығы 
мен азаматтық қоғам өкілдерінің күш-жігерімен қатар, осы саладағы жағдайды өзгертуге бағытталған 
мемлекеттік бастамаларды да ерекше көрсеткен жөн. Атап айтқанда, 2010 жылдан бастап 2020 жылға 
дейінгі  Қазақстан  Ресубликасының  құқықтық  саясат  тұжырымдамасында  тегін  заң  көмегін  көрсететін 
адвокаттардың еңбегіне ақы төле жүйесін өзгерту мәселесі қарастырылған. Осы зерттеудің нәтижелері 
мұндай жүйе біртұтас әрі ашық болуы қажеттігін көрсетеді. 
Білікті  заң  көмегін  алу  құқығы  Демократиялық  қоғамның  іргелі  негіздерінің  кепілі  болып  табылады. 
Осындай көмек көрсетудің тиімді түрде ұйымдастырылуының нәтижесіне әрбір азаматтың қауіпсіздігі 
мен амандығы кіріптар болады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 
тармағымен қарастырылған тегін және білікті заң көмегін алу құқығын жүзеге асыру мемлекеттік органдар, 
заңгер-ғалымдар және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе әрекет етуі арқылы жасалуы мүмкін.


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау