Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет34/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103

80
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
• 
азаматтық істер бойынша заңгерлік көмектің тиісті түрде берілуін қамтамасыз ету
92
, сондай-ақ әр 
елдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кейбір басқа себептер.
Бұл елдерде қолға алынған шаралар арқылы 
тегін заңгерлік көмек алу құқығының қолданылу аясы 
елеулі түрде кеңейтілді: қылмыстық қана емес, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша
сонымен қатар аталған істер бойынша өндірістің бүкіл уақытында ғана емес, сондай-ақ соттан тыс про-
цедураларда.
Айталық,  барлық  бұрынғы  КСРО  республикаларының  ғана  емес,  Орталық  және  Шығыс  Еуропадағы 
социализм  елдерінің  ішінде  бірінші  елге  айналған 
Литвада  2000  жылы  «Мемлекет  кепілдік  беретін 
заңгерлік  көмек  туралы»  заң  қабылданды,  оған  сәйкес  қоғамдық  адвокаттар  кеңсесі  ұлттық  желісінің 
мемлекеттік қаржыландыру жүйесі құрылды. Заңда тегін заңгерлік көмекке сөзсіз құқығы бар адамдардың 
санаты қарастырылған (бұлар – әлеуметтік жағынан әлсіз топтар және мүмкіндіктері шектеулі адамдар); 
алғашқы, екінші жолғы заңгерлік көмекті және қоғамдық мекемелердің заңгерлік көмек беруін көздейтін 
ережелер енгізілді. Бұл елде бастапқы заңгерлік көмек барлық өтініш иелеріне олардың қаржы жағдайына 
қарамастан беріледі, ал екінші жолғы заңгерлік көмек алудың мүмкіндігі өтініш берушінің табысының 
деңгейі  мен  мүлкіне  қатысты  екі  талапқа  сәйкестігіне  тәуелді
93
.  Қоғамдық  адвокаттар  қызметтері 
қаржыландырылатын ұлттық заңгерлік көмек жүйесінің негізі болып табылады. Литвада заңгерлік көмек 
берудің аралас үлгісі жұмыс істейді, оған қоғамдық адвокаттар, жеке практикасын жүргізетін ex oficio 
адвокаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жанындағы бастапқы заңгерлік көмек бөлімдері 
(бұл бөлім екі органға - әділет департаментіне және жергілікті өзін-өзі басқару органының әкімшісіне 
бағынады) және университеттердің жанындағы заңгерлік емханалар кіреді. Мысалы, Вильнюс қаласында 
5 қоғамдық адвокаттар қызметі, 14 бастапқы заңгерлік көмек бөлімі, Вильнюс университетінің заңгерлік 
емханасы жұмыс істейді.
2000  жылы 
Венгрия  Үкіметі  әлеуметтік  жағдайы  нашар  адамдарға  сапалы  құқықтық  кеңестеме  беру 
және олардың мүдделерінде заңгерлік өкілдік ету жүйесін құру жөніндегі бағдарламаны бекітті. 2003 
жылы  Тегін  заңгерлік  көмек  туралы  заң  қабылданды,  ал  2004  жылы  Тегін  заңгерлік  көмек  жөніндегі 
үлгілік бағдарлама жүзеге асырыла бастады, ол тағайындалған қоғамдық адвокаттар жүзеге асыратын 
заңгерлік қорғау үлгісін әзірлеуге бағытталған. Тегін заңгерлік көмек жүйесінің сапасын бақылау және 
оның қамтамасыз етілуі үшін жауапкершілік тегін заңгерлік көмек жөніндегі үлгілік кеңеске жүктелген
94

Адвокаттар,  заңгерлік  фирмалар,  үкіметтік  емес  ұйымдар,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  және 
университеттер  жанындағы  заңгерлік  емханалар  заңда  белгіленген  рәсімге  сәйкес  тіркелген  болса, 
олардың  тегін  заңгерлік  көмек  көрсетуіне  құқық  берілген.  Осы  орайда,  үкіметтік  емес  ұйымдар  мен 
университеттердің заңгерлік емханалары тегін заңгерлік көмек беру үшін мемлекеттен қаржыландыру 
алуға құқылы.
Молдовада  2003  жылдан  бастап  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  саласында  реформа  жүргізу 
жұмысы  қолға  алынды,  соның  нәтижесінде  2006  жылы  «Сорос-Молдова»  Қоры  Бағдарламасының 
қолдауымен Кишинев қаласында пилоттық Қоғамдық қорғаушылар бюросы құрылды. 2008 жылы «Мем-
92 
Әділсотқа жету жөніндегі Еуропалық Форум. Бірінші бөлім. Будапешт, 2002 жылғы 5–7 желтоқсан. Форум материалдары. Будапешт, 2003. 4-бет.
93 
Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. Материалдар мен құжаттар жинағы / Ред. Резниченко Л. Буда-
пешт, 2004. 17, 67-69, 133, 709–721-беттер.
94 
Балаж Тот. Венгриядағы тегін заңгерлік көмек жөніндегі үлгілік бағдарлама // Әділсотқа жету жөніндегі Екінші Еуропалық Форумның материал-
дары. Будапешт, 2005 (24-25 ақпан).


IV Тарау 
81
лекет кепілдік беретін құқықтық жәрдем туралы» заң қабылданды, онда алғышқы құқықтық жәрдемнің 
және білікті заңгерлік көмектің берілуі қарастырылған. Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек беру 
жүйесін басқару Әділет министрлігіне, адвокаттар алқаларына және Мемлекет кепілдік беретін Заңгерлік 
көмек жөніндегі ұлттық кеңеске және оның аумақтық бюроларына жүктелген, оларда орташа есеппен 
20-ға  жуық  қоғамдық  адвокат  жұмыс  істейді.  Мемлекет  кепілдік  беретін  Заңгерлік  көмек  жөніндегі 
ұлттық кеңестің аумақтық бюроларының жұмыс істеуі туралы 30.07.2008 жылғы № 15  ережеге сәйкес, 
әр аумақтық бюро мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмектің білікті, жедел және бастапқы заңгерлік 
көмек сияқты түрлерін қамтамасыз етеді.
Аумақтық  бюроға  жұмысқа  қабылдау  Ұлттық  кеңес  ұйымдастыратын  конкурстың  негізінде  жүзеге 
асырылады. Білікті және жедел заңгерлік көмекті қоғамдық адвокаттар тізіміне кіргізілген адвокаттар 
немесе өтініш бойынша заңгерлік көмек көрсететін адвокаттар береді. Бастапқы заңгерлік көмекті тиісті 
тізімге кіргізілген пара-заңгерлердің және қоғамдық бірлестіктердің беру мүмкіндігі көзделген. Аумақтық 
бюро қоғамдық адвокаттармен, өтініш бойынша заңгерлік көмек көрсететін адвокаттармен және білікті 
заңгерлік көмек беруге құқығы бар қоғамдық бірлестіктермен шарттар жасасады. Аумақтық бюро аталған 
тұлғалардың  заңгерлік  көмегіне  сыйақыны  олардың  есептерін  алып,  тексергеннен  кейін,  мемлекет 
кепілдік беретін заңгерлік көмектің нысандарының, саны мен сапасының негізінде Ұлттық кеңес бекіткен 
тарифтерге сәйкес төлейді. 
Аумақтық бюроларда келісімшарт негізінде жұмыс істейтін адвокаттар бекітілген еңбекақы алады.
Украинада 1999 жылдан бері мемлекеттік және муниципалдық адвокатура туралы мәселе талқылануда, 
мұны  адвокаттар  қоғамдастығы  адвокатураның  тәуелсіздігіне  қол  сұғушылық  деп  бағалады
95
.  Солай 
болғанымен,  2006  жылы  ел  Президенті  Украинадағы  Құқықтық  жәрдем  жүйесін  қалыптастырудың 
тұжырымдамасын бекітті, онда алғашқы және екінші жолғы құқықтық жәрдем жүйесін құру көзделген. 
Бұл  жүйені  басқару  Украинаның  Әділет  министрлігі  мен  Министрлер  Кабинетіне  есеп  беретін 
мамандандырылған  органға  жүктелді
96
.  Қазіргі  уақытта  Украинада  қылмыстық  істер  бойынша  тегін 
құқықтық жәрдем беру жөніндегі үш тәжірибелік кеңсе құрылған
97

Ресейде  2005  жылы  мемлекеттік  заңгерлік  бюролар  арқылы  қаржыландырылатын  көмек  көрсету 
үлгісі  сынақтан  өткізіле  бастады
98
.  Бұл  үлгі  бойынша  тұтынушыларға  заңгерлік  көмекті  тікелей  бюро 
қызметкерлерінің, сондай-ақ шарттың негізінде бюроға шақырылған адвокаттардың беруі көзделген
99

Аталған бюролар елдің 10 өңірінде мемлекеттік мекемелер нысанында құрылды. Олар әл-ауқаты төмен 
азаматтарға,  сондай-ақ  азаматтардың  жеке  санаттарына  тегін  заңгерлік  көмек  беретін  еді.  Төрт  жыл 
өткеннен кейін аталған бюролардың жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды
100
. Қазіргі уақытта 
Ресейде азаматтарға тегін заңгерлік көмек берудің мемлекеттік жүйесі туралы заңның жобасы талқылану 
95 
Қараңыз: Александрова И. Украина: мемлекеттік адвокатура туралы пікірталас // Адвокат. 1999. № 6. 90–92-беттер.
96 
Қараңыз: Украина Президентінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 509/2006 Жарлығы.
97 
Вагина Н. Украина: полиция учаскесіндегі заңгерлік көмек алу құқығы туралы есеп: құқық, практика, міндеттер мен шешімдер // «Заңгерлік 
көмек – күш-жігерді біріктіру» жобасы шеңберіндегі адвокатқа ерте кезеңде қол жеткізу жөніндегі кездесудің материалдары. София, қазан, 
2009. 
98 
Қараңыз: РФ Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тегін заңгерлік көмек берудің мемлекеттік жүйесін құру 
бойынша эксперимент жүргізу туралы» № 534 Қаулысы.
99 
Сапалы заңгерлік көмек. Бағалау мен бақылау әдіснамасы. М., 2008. 152–153-беттер.
100  РФ Үкіметінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттік заңгерлік бюролар туралы» № 1029 Қаулысы // Российская газета. 2009. 15 қаңтар.


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау