Мотивациялық - қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері.
- Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын . Қәне , бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық . Біз – біріміздің қолымыздан ұстап , бәріміз бірге : «Қайырлы таң , балалар!» дейік.
Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң , балалар !» тақпағынан үзінді оқиды:
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты,
Қайырлы таң , балалар !
Аман Отан – панамыз,
Аман ата – анамыз,
Қайырлы таң , балалар !
Өткен оқу іс - әрекетінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді естеріңе түсіріңдер.
- Сендер бұдан басқа қандай тәулік мезгілін білесіңдер?
|
Шаттық шеңберіне тұрады.
Бәрі бірге: «Қайырлы таң!» - дейді .
Тақпақты мұқият тыңдайды .
- Күндіз туралы әңгімеледік
Таңертең туралы білеміз.
|
Ұйымдастырушы-лық- ізденістік
|
«Бұл қай кезде болады ?» ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 3–оқу іс-әрекеті ,
1 – тапсыра.
Педагог балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып , әңгімелеп береді .
Сұрақтармен жұмыс :
Бұл қай мезгіл туралы әңгімеледік .
Біз кешке не істейміз ?
Суреттен нені көріп тұрсыңдар ?
Бұл уақыттың қай мезгілінде болады ?
«Үлкен – кішкентай» ойыны.
(3- оқу іс - әрекеті , 2 – тапсырма)
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
«Отқа қойсаң елпілдеп .
Быж – быж етіп тұншығар .
Тақиясы селкілдеп ,
Танауынан су шығар» .
-Балалар , жұмбақ не туралы ?
Балалардың назарын бірнеше шәйнектің салынған суретіне аударады .
Педагог сұрақтар қояды :
Шәйнектер бірдей ме , әлде әртүрлі ме ?
Олар қандай ?
Педагог :
Балалар , сол қолдарыңның үлкен саусағын (бас бармақ ) үлкен шәйнекке , кішкентай саусақтарыңды «шынашақ) кішкентай шәйнекке қойыңдар.
Ал кеселер бірдей ме ?
Педагог енді балалардан оң қолдарының үлкен саусағын үлкен кесеге , кішкентай саусағын кішкентай кесеге қоюды сұрайды.
Педагог үлкен шәйнекті үлкен кесемен , ал кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсырады.
Сөздік жұмыс : кеш , үлкен , кішкентай.
«Үлкен – кіші» . Сергіту минуты.
Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді : «алдымен мен кішкентай боламын» деп , отырады. «Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып , қолын жоғары созады.
«Бір – көп» дидактикалық жаттығуы.
( 3 – оқу іс - әрекеті , 3 – тапсырма.)
Педагог балалардан суретте бір – бірден тұрған ойыншықтарды атауын және қоршап сызуларын тапсырады.
Содан соң педагог балалардан көп заттарды атап көрсетулерін өтінеді. Жеке жұмыс жүргізеді .
|
Балалар өлеңді , әңгімені тыңдайды .
Кешкі мезгіл туралы.
Ұйықтауға дайындаламыз .
Суреттен көргендерін айтады .
-Ұйықтауға дайындалып жатыр .
- Кешке .
Балалар жұмбақты тыңдайды .
Шәйнек туралы.
Балалар суретке мұқият қарайды .
-Шәйнектер әртүрлі.
- Үлкен және кішкентай шәйнектер.
Балалар тапсырманы орындайды.
-Олар да әртүрлі : үлкен кесе және кішкентай кесе.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар сызық арқылы қосады .
Қайталайды : кеш , үлкен , кішкентай .
Тізелерін бүгіп отырады .
Тұрып , қолдарын жоғары көтереді.
Балалар бір – бірден салынған ойыншықтарды атайды және қоршап сызады : 1 ат , 1 піл ,
1 машина.
- Доп , текше , аю көп.
|